Фторхинолонды антибиотиктер
Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе егде адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде; ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек. Бұл пациенттерде фторхинолонды және хинолонды антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы ықтимал сіңір зақымдануының қаупі жоғары.
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қолданғаннан кейін, әсіресе егде пациенттерде аневризма және қолқа қатпарлануының даму қаупі туралы хабарланған. Анамнезінде аневризмасы бар немесе аорта аневризмасы және/немесе қолқа қатпарлануы бар пациенттерде, сондай-ақ аневризманың дамуына және қолқа қатпарлануына бейім басқа қауіп факторлары немесе жай-күйлерінде (мысалы, Марфан синдромы, қантамырлық үлгідегі Элерс-Данло синдромы, Такаясу артерииті, алып жасушалық артериит, Бехчет ауруы, артериялық гипертензия, атеросклероз), фторхинолондарды пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдану және емнің басқа ықтимал нұсқаларын қарастыру керек. Кенеттен іштің, кеуденің немесе арқаның ауыруы пайда болған жағдайда пациенттер дереу шұғыл көмек көрсету бөліміне дәрігерге жүгінуі керек.
Грамоң және анаэробтық қоздырғыштардан туындаған ауыр инфекциялар және аралас инфекциялар
Ципрофлоксацинмен монотерапия грамоң немесе анаэробтық қоздырғыштардан туындауы мүмкін ауыр инфекцияларды емдеуге жарамсыз. Бұндай инфекцияларда, ципрофлоксацин басқа да қолайлы бактерияға қарсы препараттармен бірге қолданылуы тиіс.
Жоғары сезімталдық
Ципрофлоксацинді құрамында хинолон немесе фторхинолон бар препараттарды қолданған кезде бұрын елеулі жағымсыз реакциялар байқалған пациенттерге қолданудан аулақ болу керек. Мұндай пациенттерді ципрофлоксацинмен емдеуді емдеудің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастаған жөн. Тіпті бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін де сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін аллергиялық реакция (анафилаксиялық шок пен анафилактоидты реакцияларды қоса) дамуы мүмкін. Кейбір реакциялар жүрек-қан тамырлары коллапсымен, гипотензиямен/шокпен, құрысулармен, естен танумен, шаншумен, ангионевроздық ісінумен (тілдің, көмейдің, тамақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының обструкциясымен (бронх түйілуі, ентігу және жедел респираторлық дистресс-синдромын қоса), ентігумен, есекжеммен, қышынумен және басқа да күрделі тері реакцияларымен қатар жүрді. Препарат терінің бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдықтың кез-келген басқа белгісі пайда болған кезде тоқтатылады. Аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары адреналинмен емдеуді және басқа да реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде оттегін, сұйықтықтарды вена ішіне енгізуді, антигистаминді препараттарды, кортикостероидтарды, прессорлық аминдерді және егер бұл клиникалық көрсетілсе, өкпені жасанды желдетуді жүргізуді талап етуі мүмкін. Кез келген антибиотикпен ем қабылдайтын пациенттерде елеулі, кейде өліммен аяқталатын жағымсыз әсерлер байқалды, кейбіреулері аса жоғары сезімталдыққа байланысты, ал кейбіреулері шығу тегі белгісіз болған. Олар ауыр болуы мүмкін және әдетте бірнеше дозаны қабылдағаннан кейін пайда болады. Клиникалық көріністерге бір немесе бірнеше белгілер кіруі мүмкін: қызба, бөртпе немесе ауыр дерматологиялық реакциялар (мысалы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы), васкулит, артралгия, миалгия, сарысу құю ауруы, аллергиялық пневмонит, интерстициальді нефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі немесе жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, жедел некроз немесе бауыр жеткіліксіздігі, өліммен аяқталған бауыр некрозы, анемия, гемолитикалық және апластикалық, тромбоцитопения, оның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения және/немесе басқа гематологиялық бұзылулар.
Фотосезімталдық
Тікелей күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәуленің әсерінен ципрофлоксацин қабылдайтын пациенттерде фотосезімталдық реакциялары дамуы мүмкін (орташа айқыннан ауырға дейін). Емдеу кезеңінде пациенттерге тікелей түсетін қарқынды күн сәулесінен немесе ультракүлгін сәулеленуден қорғану керек. Фотоуыттылық дамыған кезде (мысалы, күнге күюге ұқсас терінің реакциясы кезінде) емдеуді тоқтату керек.
Стрептококтық инфекциялар (Streptococcus pneumoniae қоса)
Тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, ципрофлоксацин препараты стрептококтық инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
Гонококкты уретрит, цервицит, эпидидимо-орхит және кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолонға төзімді Neisseria gonorrhoeae түрлерінен туындауы мүмкін. Осылайша, гонококтық уретрит немесе цервицитті емдеу үшін ципрофлоксацинді тек, егер гонококтардың ципрофлоксацинге төзімділігі жоққа шығарылса ғана тағайындау керек. Егер гонококтардың ципрофлоксацинге төзімділігі жоққа шығарылмаса, эпидидимо-орхитті және кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын ципрофлоксацинмен эмпириялық емдеуді бактерияға қарсы басқа қолайлы препаратпен (мысалы, цефалоспоринмен) бірге қолдануға болады. Егер 3 күн емдегеннен соң, клиникалық жақсаруына қол жеткізілмесе, тағайындалған емге түзету енгізу қажет.
Несеп шығару жолдарының инфекциялары
Escherichia coli – бұл несеп шығару жолдарының инфекцияларын туындататын кеңінен таралған қоздырғыш, ол көбінесе фторхинолондар әсеріне сезімтал болмайды. Пременопаузада асқынбаған циститті емдегенде қолданылуы мүмкін ципрофлоксациннің бір реттік дозасы барынша ұзақ емдеуге қарағанда тиімсіз болады. Бұны фторхинолондарға ішек таяқшаларының сезімтал еместігі деңгейінің артуын ескере отырып, назарда ұстау керек.
Құрсақішілік инфекциялар
Операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеуде ципрофлоксациннің тиімділігі туралы шектеулі деректер бар.
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит Ципрофлоксацинмен несеп шығару жолдарының инфекцияларын емдеуді басқа емдеу әдістерін пайдалануға болмайтын жағдайда ғана қолдану керек және ол микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне негізделуі тиіс.
Кристаллурия
Ципрофлоксациндерді қабылдағанда несептің сілтілік реакциясының пайда болуымен байланысты кристаллурия дамуы мүмкін. Несеп концентрациясы жоғарылауының профилактикасы үшін, пациенттердің сұйықтықты жеткілікті қабылдауын қамтамасыз ету қажет. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге доза мен препаратты қабылдау аралықтарын қолда бар нұсқаулықтарға сәйкес түзету қажет.
Көру қабілетінің бұзылуы
Көрудің кез келген бұзылуында немесе көзге кез келген әсер ету жағдайында дереу тәжірибелі окулистке қаралу керек.
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Ципрофлоксацин, басқа фторхинолондар сияқты, құрысуды тудыруы/құрысуға дайындық шегін төмендетуі, бассүйекішілік қысымның жоғарылауын, мидың жалған ісіктерін), треморды және бас айналуын тудыруы мүмкін. Эпилепсиялық статус жағдайлары да байқалды. Ципрофлоксацинді құрысудың дамуына бейім ОЖЖ бұзылған пациенттерде (мысалы, ауыр церебральді артериосклероз, эпилепсия кезінде) немесе құрысуға немесе құрысу дайындығының шегін төмендетуге бейім (белгілі бір дәрілік терапия, бүйрек функциясының бұзылуы кезінде) басқа қауіп факторлары болған кезде сақтықпен қолданған жөн. Құрысулар дамыған жағдайда ципрофлоксацинді қолдануды тоқтатып, шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек.
Психика тарапынан реакциялар
Фторхинолондар уытты психоз, елестеулер, паранойя, депрессия, суицидтік ойлар, мазасыздық, қозу, мазасыздық/күйгелектік, сананың шатасуы, делирий, бағдардан жаңылу, зейін қоюдың бұзылуы, ұйқысыздық, қорқынышты түстер, есте сақтау қабілетінің нашарлауы түрінде психикалық реакцияларды тудыруы мүмкін. Сирек жағдайларда депрессия немесе психоз өз-өзіне қол жұмсау немесе өзін-өзі өлтіру әрекетімен аяқталатын суицидтік ойларға/ниеттерге әкелуі мүмкін, әсіресе анамнезінде депрессия немесе депрессияның қауіп факторлары бар пациенттерде. Бұл реакциялар алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін де дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатып, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.
Шеткергі нейропатия
Цифран препаратын қоса, фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезия мен әлсіздікке алып келетін шағын және/немесе ірі аксондарға әсер ететін, сенсорлық немесе сенсомоторлық аксиальді полинейропатия жағдайлары байқалған. Симптомдар Цифран препаратын қабылдау басталғаннан кейін көп ұзамай туындауы және кейбір пациенттерде қайтымсыз болуы мүмкін. Ауыру, ашыту, шаншу, ұю, әлсіздік, позицияның тұрақсыздығы, діріл сезімі сияқты симптомдар туындаған жағдайда, пациент препаратты қабылдауды тоқтатуы және дәрігерге қаралуы керек.
Тұрақты, өмір сүру сапасын нашарлататын және ықтимал қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде, олардың жасына және бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан, өлімге әкелетін және әлеуетті қайтымсыз, ұзақ (бірнеше ай немесе жыл бойы жалғасатын), организмнің бір немесе бірнеше жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психикалық қызмет) әсер ететін елеулі жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары байқалды. Цифран препаратын қабылдауды кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары кезінде дереу тоқтату керек және пациенттерге өз дәрігеріне жүгіну керектігін айту керек.
Жүрек тарапынан болатын бұзылулар
Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды, QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторалары бар пациенттерге пайдаланғанда сақтық таныту керек, атап айтқанда:
• туа біткен QT аралығының ұзаруы синдромы
• QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA (хинидин, прокаинамид) және III класты препараттар (амиодарон, соталол), үшциклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
• түзетілмеген электролиттік теңгерімсіздік (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
• жүрек аурулары (мысалы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығына әсер ететін препараттарға анағұрлым сезімтал. Сол себепті, бұл топтағы адамдарға Цифран препаратын қоса, фторхинолондарды пайдаланғанда сақтық таныту керек.
Интраабдоминальді инфекциялар
Операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеген кезде Цифран препаратының тиімділігі туралы деректер шектеулі.
Саяхатшылар диареясы
Препараттың таңдалуы барған елдегі қоздырғыштардың Цифран препаратына төзімділігі туралы ақпаратқа негізделуі тиіс. Цифран препаратын саяхатшылар диареясының профилактикасы үшін қолдануға болмайды.
Асқазан-ішек жолы
Ципрофлоксацинмен емдеу кезеңінде немесе ем аяқталғаннан кейін, соның ішінде, бірнеше аптадан соң Clostridium difficile-мен байланысты ауыр және ұзаққа созылатын диареяның дамуы антибиотиктерді қолданумен байланысты колитті (кейде өмірге қауіп төндіретін, өлімге соқтыруы мүмкін) білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда ем дереу тоқтатылуы тиіс және тиісті ем тағайындау қажет. Ішек перистальтикасын азайтатын препараттарды бұл жағдайларда қолдануға болмайды.
Дисгликемия
Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, гипогликемияны, гипергликемияны қоса, әдетте пероральді гипогликемиялық препаратпен (мысалы, глибенкламидпен) немесе инсулинмен тиісті ем алатын диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы туралы хабарланған. Гипогликемияның ауыр жағдайлары комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Қант диабеті бар барлық пациенттерге қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау қажет. Егер гипогликемиялық реакция дамыған болса, препаратты қабылдауды тоқтатып, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.
Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Ципрофлоксацинді қолданғанда, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде гемолиздік реакциялар байқалған. Мұндай пациенттерге Цифран препаратын қолдануға болмайды және оны тек пайда/қауіп арақатынасы оң болған жағдайда ғана және гемолиз белгілерін тұрақты бақылағанда ғана тағайындауға болады.
Төзімділік
Микробқа қарсы әсер ету ауқымы кең басқа дәрілер сияқты, Цифран препаратын ұзақ уақыт қолдану, әсіресе, нозокомиальді инфекцияларды және/немесе Staphylococcus және Pseudomonas туғызған инфекцияларды емдеген кезде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне және суперинфекцияға алып келуі мүмкін.
Сүйектер мен буындардың инфекциялары
Ауру қоздырғышының сезімталдық нәтижелеріне байланысты Цифран препаратын басқа да бактерияға қарсы препараттармен бірге қолдануға болады.
Тендинит және сіңірдің үзілуі
Цифран препараты анамнезінде хинолондарды қабылдаудан кейін дамыған сіңір аурулары бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс. Өте сирек жағдайларда аталған препаратқа қоздырғыштың сезімталдығы болған жағдайда және пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, препаратты ауыр инфекциялары бар пациенттерге, әсіресе, стандартты ем тиімсіз болған жағдайда тағайындауға болады. Тендинит және сіңірдің үзілуі (көбінесе ахиллов), кейде екі жақты, ципрофлоксацинді емдеудің алғашқы 48 сағатында немесе терапия аяқталғаннан кейін қолданғанда дамуы мүмкін, терапия аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде осы жағдайлардың дамуымен жағдайлар байқалған жоқ. бірнеше ай ішінде осы жағдайлардың дамуымен жағдайлар байқалған жоқ. Бүйрек, жүрек немесе өкпе трансплантациясынан кейін бір мезгілде кортикостероидтарды қабылдаған егде жастағы пациенттерде тендопатия қаупі жоғары. Жасы мен кортикостероидтарды қабылдаудан басқа, сіңірлердің үзілу қаупін арттыратын факторларға ауыр дене жүктемесі, бүйрек жеткіліксіздігі және ревматоидты артрит сияқты сіңір аурулары жатады. Тендинит және сіңірлердің үзілуі жоғарыда аталған қауіп факторлары болмаған кезде фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде де байқалды. Тендиниттің алғашқы белгілері (мысалы, ауырсынып ісіну, қабыну) пайда болған кезде Цифран препаратымен емдеуді тоқтату керек. Сонымен қатар, сақ болу және осы аяқ-қолдың тыныштық күйін сақтау керек.
Гравис миастениясының өршуі
Фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгегіш белсенділікке ие және миастениясы бар (өліммен аяқталуы мүмкін) пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін, оларды анамнезінде миастениясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Бауыр / өт жолдары / ұйқы безі
Ципрофлоксациндерді қолданғанда некроздық гепатит пен өмірге қауіп төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігі дамыған сирек жағдайлар байқалған. Бауыр ауруларының кез келген белгілері мен симптомдары (соның ішінде, анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну, іш ауыруы) пайда болған жағдайда ем дереу тоқтатылуы тиіс. Трансаминазалар, сілтілі фосфатаза немесе холестаздық сарғаю деңгейінің жоғарылауы, әсіресе бауыр зақымдалған пациенттерде байқалуы мүмкін.
P450 цитохромы
Ципрофлоксацин CYP1A2 бәсеңдетеді және сондықтан осы ферментпен (мысалы, теофиллин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетин, аголамелатин) метаболизденетін қатар жүретін заттардың сарысуда концентрацияларының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Демек, осы дәрілерді ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттер артық дозаланудың клиникалық белгілерінің пайда болуына мұқият бақылаудан өтуі тиіс және сарысуда осы дәрілердің концентрациясының анықталуы (мысалы, теофиллин, метилксантиндер, кофеин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетин, агомелатин, золпидем) қажет болуы мүмкін. Ципрофлоксацин мен тизанидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.
Метотрексат
Ципрофлоксацинді метотрексатпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Клиникалық зерттеу нәтижелеріне әсері
Ципрофлоксациннің Mycobacterium tuberculosis (in-vitro) әсері Цифран препаратын қабылдаған пациенттердің сынамаларында бактериологиялық зерттеудің жалған-теріс нәтижелерін беруі мүмкін.
Басқа спецификалық ауыр инфекциялар
Басқа емдеу әдістері қолданылмайтын жағдайда немесе әдеттегі емнен бас тартқаннан кейін ципрофлоксацинді микробиологиялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес тағайындау қажет, басқа ауыр инфекцияларды емдеуді пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін, қолданыстағы ұлттық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізу қажет. Ципрофлоксацинді жоғарыда атап көрсетілген ауыр инфекциялардан басқа жағдайда қолдану зерттелмегендіктен, сақтық таныту ұсынылады.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ципрофлоксацин организмнен негізінен, өзгеріссіз күйде бүйрек арқылы шығарылады, алайда ол сондай-ақ, өт арқылы және ішектің ішіндегісімен де (метаболизм үдерісінен өткеннен кейін) шығарылуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, әсіресе, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі кезінде ципрофлоксациннің организмде жинақталуы салдарынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін төмендету үшін дозаны түзету қажет.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге доза аурудың ауырлығына және креатинин клиренсіне сәйкес тағайындалуы тиіс. Егде жастағы пациенттер фторхинолондардың QT аралығына әсер етуіне барынша сезімтал, сондықтан Цифран препаратын қолданған кезде сақтық таныту керек.
Балалар мен жасөспірімдер
Цифран препаратын 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде тағайындағанда, ұсынылған доза мен қабылдау реттілігін сақтау қажет. Емді балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі бар мамандар ғана тағайындауы керек. Буындармен және/немесе айналасындағы тіндермен байланысты реакцияларды қоса, жағымсыз реакциялар жиілігінің артқаны байқалды. Ципрофлоксацин ақсақтықты, шеміршектің зақымдануын, шеміршек эрозиясын туғызуы мүмкін, сирек жағдайларда, буындардың артропатиясын туғызады. 1-17 жас аралығындағыларда ципрофлоксацин препаратын қабылдаумен байланысты болуы мүмкін буын ауруларының жиілігі 7,2%-ды құрағаны анықталды. Препаратты қабылдаумен байланысты буын ауруларының жиілігі бір жылда кейінгі бақылауларда 9,0%-ды құраған. Балаларға ем тағайындаудың алдында пайда/қауіп арақатынасына бағалау жүргізу қажет.
Сібір жарасының өкпедегі түрі
Ципрофлоксацинді адамға қолдану, in-vitro сезімталдық зерттеулері деректеріне, жануарларға жүргізілген эксперименттік деректерге және адамға қолданудың шектеулі деректеріне негізделуі тиіс. Емдеуші дәрігерлер күйдіргіні емдеу жөніндегі ұлттық нұсқаулықтарды басшылыққа алуы тиіс.
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары
Клиникалық сынақтарға 5–17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыстырылды. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі айтарлықтай шектеулі.
Аневризма және қолқаның қатпарлануы
Фторхинолондарды қолданғаннан кейін, әсіресе егде жастағы адамдарда аневризманың және аортаның қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды клапандардың регургитациясының жоғары қаупі туралы хабарламалар келіп түсті. Фторхинолондарды қабылдағаннан кейін кейде үзілумен (оның ішінде өліммен аяқталумен) асқынған аневризманың және қолқа қатпарлануының, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясының/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелген. Осылайша, фторхинолондарды пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және анамнезінде/отбасылық анамнезінде аневризмасы немесе жүрек клапандарының туа біткен кемістігі бар пациенттерде, аневризмасы және/немесе қолқа қатпарлануы немесе анамнезінде жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі диагнозы бар пациенттерде емдеудің басқа нұсқаларын қарағаннан кейін ғана қолдану керек.
(мысалы, Тернер синдромы, гипертензия, ревматоидты артрит, атеросклероз), сондай-ақ аневризма мен аорта қатпарлануы (мысалы, Такаясу артерииті немесе ірі жасушалы артериит сияқты тамыр аурулары немесе атеросклероз немесе Шегрен синдромы), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит). Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризманың және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ үзілу қаупі артуы мүмкін. Кенеттен ентігу пайда болған, алғаш рет жүрек соғысы пайда болған, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған жағдайда пациенттерге дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Натрий
Цифран препаратының құрамында бір дозада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, натрийсіз болып саналады.
Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға ескерту.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім жаста қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат психомоторлы реакциялар жылдамдығын төмендетеді, бұны көлік құралдарын басқару кезінде және зейін қоюды қажет ететін механизмдермен жұмыс істегенде ескеру қажет.