Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Эвика
Әсер етуші зат
Другие препараты для лечения гинекологических заболеваний
Мақсаты
Жүйесіз етеккір циклы кезінде, етеккір алды синдромында
Өндіруші
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 капсуланың құрамында
белсенді заттар
құрғақ экстрактілері:
Үнді сарака қабығының 150.0 мг
Шашақты симплокос қабығының 50.0 мг
Үнді шүйгіншөп тамырларының 50.0 мг
Дәрілік түймедақ гүлдерінің 50.0 мг
Авраамов ағашы жемістерінің 50.0 мг
Катеху пальмасы жемістерінің 50.0 мг
қосымша заттар: тальк
капсула қабығының құрамы: натрий лаурилсульфаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, желатин, тазартылған су, титанның қостотығы, бриллиантты көк №1.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы мен қақпағы көк, «Evica» деген жазуы бар, өлшемі № 0, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде - аморфты қоңыр түсті ұнтақ.
- жүйесіз етеккір циклы кезінде
- етеккір алды синдромында
Кешенді ем құрамында :
- климакстан кейінгі қан кетуде
- лейкореяда, меноррагияда, метроррагияда, аномалиялық қынаптық бөліністе
ЭВИКА – гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған құрылымы гормон емес, әсері оның белсенді компоненттерінің қасиеттеріне негізделген кешенді фитопрепарат.
Үнді сарака құрамында таниндер, катехолдар, стеролдар, кальцийдің органикалық қосылыстары бар, қан тоқтататын, тамырды нығайтқыш және стимуляциялайтын әсері бар. Қан тоқтататын әсері миометрийде тонусты көтермелейтін әсеріне негізделген.
Шашақты симплокос құрамында лотурин, коллотурин және лотуридин алкалоидтары бар, қанды тоқтататын айқын әсерге ие, қабыну инфильтраты және эксудаттың сіңірілуін жеделдетеді.
Үнді шүйгіншөбі құрамында эфир майы, шүйгіншөп қышқылы, катинин бар. Тыныштандыратын және спазмолитикалық қасиеттерге ие, орташа білінетін седативті әсер көрсетеді. Жүйке бұзылыстарында, бас ауырғанда, жүйкелік кардиопатияда, климакста, жатырдың түйілуінде, шаншуларда, қорқыныш және қозу жағдайларында қолданылады.
Дәрілік түймедақ құрамында эфир майы, хамазулен, апегинин, гликозидтер, кумариндер, фитостеролдар, С дәрумені, никотин қышқылы бар. Спазмолитикалық, тыныштандыратын, антисептикалық, орташа ауыруды басатын және қабынуға қарсы – кең ауқымды әсері бар, тіндердің регенерациясына ықпал етеді.
Абраамово ағашы құрамында гликозидтер – агнозид, аукубин, флавоноидтар (кастицин), эфир майлары (цинеол) бар, гормондық теңгерімсіздікті реттеуге ықпал етеді, гиперпролактинемияны басып, лактотропты гормонның етеккір циклы фазасына тежегіш әсерін азайтады.
Катеху пальмасы құрамында алкалоидтар, катехиндер, пиридин және таниндер бар, қынаптан сулы бөлінділер бөлінген кезде тиімді. Стимуляциялайтын, қабынуға қарсы әсері бар; тердің бөлінуін азайтады.
Эвика қабынуға қарсы, сіңіретін, ауыруды басатын және тыныштандыратын әсер береді. Пролактиннің концентрациясын азайтып, етеккір циклы фазасына реттеуші әсер береді. Гормандықі теңгерімсіздікті қалпына келтіруге, ЕАС симптомдарын азайтуға ықпал етеді. Жатыр дисфункциясынан қан кетулерде қанды тоқтататын әсер береді. Ұсынылған емдеу курсынан кейін жатыр қосалқылары аймағындағы қабынулы ауыру симптоматикасының, овориальді - етеккір циклы функциясы бұзылуының басылғаны байқалған.
Дозалау режимі
Ересектер
Лейкореяда - 1 капсуладан күніне 3 рет 14 күн бойы.
Басқа барлық жағдайларда - етеккір кезінде үзіліссіз 1 капсуладан күніне 3 рет, ұсынылатын емдеу курсы 3 ай
Үнемі немесе ұзақ жатырдан қан кетулерде - 2 капсуладан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Ең жоғары бір реттік доза – 2 капсула.
Тәуліктік доза - 6 капсула
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте сирек
- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
- іш қатудың пайда болуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
6TUUhttp://www.ndda.kzUUU6T
Ақпарат жоқ.
Ақпарат жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ақпарат жоқ.
Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеу деректері жоқ.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді
Ақпарат жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.