Емді тоқтату алдында дозаны біртіндеп төмендету ұсынылады, емді күрт тоқтатуға болмайды.
Егер пациенттер емнің тиімсіздігін байқаса немесе Эйрбуфо™ Форспиро®, препаратының ең жоғары ұсынылған дозасынан арттырса оларға дәрігерге қаралуы керек. Бронх демікпесі немесе ӨСОА бақылаудың кенеттен және үдемелі күшеюі өмірге үлкен қауіп төндіреді, сондықтан пациент дереу медициналық тексерілуден өтуі керек. Осындай жағдайда кортикостероидтармен емді, мысалы, оральді кортикостероидтар курсы немесе инфекция болған жағдайда антибиотиктермен емдеуді күшейту қажеттігін қарастыру керек.
Пациенттерге өзінің құтқарушы ингаляторын - немесе Эйрбуфо™ Форспиро® (Эйрбуфо™ Форспиро® демеуші және емді жеңілдететін препарат ретінде қолданатын бронх демікпесі бар пациенттер үшін), немесе жеке жылдам әсер ететін бронходилататорды (Эйрбуфо™ Форспиро® тек демеуші ем ретінде қолданатын барлық пациенттер үшін) әрдайым өзімен бірге ұстау керектігі туралы ескерту керек.
Пациенттерге Эйрбуфо™ Форспиро® препаратының демеуші дозасын симптомдар болмағанның өзінде рецептке сай қолдану керектігі туралы ескерту керек. Эйрбуфо™ Форспиро® препаратын мысалы, дене жүктемесі алдында профилактикалық қолдану зерттелген жоқ. Эйрбуфо™ Форспиро® препаратының тыныс алуды жеңілдететін ингаляциясын бронх демікпесінің симптомдарына жауап ретінде жасау керек, бұл арада ол мысалы, дене жүктемесі алдында, ұдайы профилактикалық қолдануға арналмаған. Бұндай жағдай үшін жеке жылдам әсер ететін бронходилататорды қарастыру керек.
Бронх демікпесінің симптомдарын бақылауға қол жеткізгеннен кейін ғана, Эйрбуфо™ Форспиро® препаратының дозасын біртіндеп төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады. Пациенттерді дозаны төмендету барысында ұдайы тексеріп тұру маңызды. Эйрбуфо™ Форспиро® препаратының ең төмен тиімді дозасын қолдану керек.
Пациенттерге аурудың өршуінде немесе бронх демікпесінің елеулі, немесе ауру барысының күрт нашарлауында Эйрбуфо™ Форспиро® препаратымен емді алғаш бастауға болмайды.
Эйрбуфо™ Форспиро® препаратымен емдеу кезінде бронх демікпесімен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстар және өршулер пайда болуы мүмкін.
Пациенттерге емді жалғастыру керек, бірақ емді бастағаннан кейін егер бронх демікпесінің симптомдары бақыланбаса немесе жай-күйі нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуі керек.
Ингаляциялық емнің басқа түрлеріндегі сияқты доза қабылдағаннан кейін ысқырып дем алу мен ентігу күшеюі болатын парадоксальді бронх түйілуінің даму қаупі бар. Егер пациентте парадоксальді бронх түйілуі пайда болса, Эйрбуфо™ Форспиро® препаратын қабылдауды дереу тоқтату, пациентті қарап тексеру және қажет болғанда баламалы ем тағайындау керек. Парадоксальді бронх түйілуі жылдам әсер ететін ингаляциялық бронходилататорларға жауап береді және ол дереу емделуі тиіс. Ингаляциялық кортикостероидтарды кез келген қолдану жағдайында жүйелі салдарлары, әсіресе ұзақ мерзімді уақытқа тағайындалатын жоғары дозаларда туындауы мүмкін. Пероральді кортикостероидтарды қабылдаудағыға қарағанда бұл салдарлардың ингаляциялық емде болу ықтималдығы аз. Болуы мүмкін жүйелі әсерлеріне Кушинг синдромы, кушингоидты симптомдар, адренальді супрессия, балалар мен жасөспірімдерде бойдың өсуінің іркілуі, сүйектердің минеральді тығыздығының төмендеуі, катаракта және глаукома және сирек жағдайларда психомоторлық аса жоғары белсенділікті қоса, бірқатар психологиялық немесе мінез-құлық бұзылулары, ұйқының бұзылуы, депрессия немесе озбырлану (әсіресе балаларда) жатады.
Ұзақ уақыт бойы препаратты жоғары дозаларды қабылдайтын, қатарлас остеопороздың дамуының қауіп факторы бар пациенттерде сүйек тіндерінің тығыздығына әлеуетті әсерін қарастыру керек. Жоғарырақ дозаларда Эйрбуфо™ Форспиро® препаратының әсері туралы ақпарат жоқ.
Егер алдындағы жүйелі глюкокортикостероидтармен ем салдарынан бүйрекүсті безі функциясы бұзылса, пациенттерді Эйрбуфо™ Форспиро® препаратымен емге ауыстырғанда сақтық шараларын ұстану керек.
Ингаляциялық будесонидпен емнің артықшылығы әдетте оральді стероидтың қажеттілігін төмендетеді, әйтсе де оральді стероидтардан ауысатын пациенттер ұзақ уақыт бойы бүйрек үсті безі қыртысы қорының төмендеу қаупінде қала береді. Қалпына келуі оральді стероидтармен емді тоқтатқаннан кейін ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, сондықтан ингаляциялық будесонидке ауысатын, оральді стероидтармен емге тәуелді пациенттер, ұзақ уақыт бойы бүйрек үсті безі қыртысы қорының төмендеу қаупінде қала береді. Осындай жағдайда "гипоталамус - гипофиз – бүйрек үсті безі қыртысы" функциясын ұдайы қадағалап отыру керек.
Ингаляциялық кортикостероидтардың, әсіресе ұсынылған дозадан жоғары дозаларымен ұзақ уақыт емдеу, бүйрек үсті безі қыртысы функциясының клиникалық елеулі бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ауыр инфекция және жоспарлы операциялар секілді стресс жағдайларында кортикостероидтармен қосымша жүйелі емдеуді қарастыру керек. Стероидтардың дозасын жылдам төмендету бүйрек үсті безі қыртысы функциясының жедел жеткіліксіздігіне түрткі болуы мүмкін. Бүйрек үсті безі қыртысы функциясының жедел жеткіліксіздігінде байқалуы мүмкін симптомдар мен белгілер, біршама айқын болмауы мүмкін, әйтсе де оларға анорексия, іштің ауыруы, салмақты жоғалту, шаршау, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, сананың төмен деңгейі, ұстамалар, гипотония және гипогликемия жатуы мүмкін. Қосымша жүйелі стероидтармен немесе ингаляциялық будесонидпен емді дереу тоқтатуға болмайды. Оральді препараттарды қабылдаудан Эйрбуфо™ Форспиро® препаратына ауысқанда ринит, экзема, буындар мен бұлшықеттер ауыруы секілді аллергиялық немесе артрит симптомдарының пайда болуына әкелуі мүмкін стероидтардың жалпы төмен жүйелі әсері байқалады. Бұндай жағдайларда спецификалық ем бастау керек. Егер жекелеген жағдайларда шаршау, бас ауыруы, жүрек айнуы және құсу секілді симптомдар пайда болса, глюкокортикостероидтардың жалпы жеткіліксіздігі әсеріне күдік туындайды. Осындай жағдайларда кейде оральді глюкокортикостероидтар дозасын уақытша жоғарылату талап етіледі.
Ауыз-жұтқыншақ кандидозының инфекциясы қаупін өте аз ету үшін пациент дозамен тыныс алудан кейін ауыз қуысын сумен дұрыстап шаюы керектігі туралы нұсқаулықпен танысуы керек. Орофарингеальді кандидоз пайда болған жағдайда пациенттер ауыз қуысын ингаляциядан кейін сумен жуып-шаюы керек.
Итраконазолмен, ритонавирмен немесе басқа CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде емдеуден аулақ болу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, өзара әрекеттесетін препараттарды қабылдау аралығы барынша ұзақ болуы тиіс. CYP3A4 күшті тежегіштерін қабылдайтын пациенттер үшін Эйрбуфо™ Форспиро® препаратымен демеуші және жеңілдететін ем жүргізу ұсынылмайды.
Кобицистатты қоса, CYP3A тежегіштерімен біріктірілім жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупін жоғарылатады. Біріктірілімді тек егер болжамды пайдасы кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің потенциалды даму қаупінен астам болса ғана қабылдауға болады.
Эйрбуфо™ Форспиро® препаратын тиреотоксикозбен, феохромоцитомамен, қант диабетімен, емделмеген гипокалиемиямен, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиямен, идиопатиялық (клапанастылық) аортальді стенозбен, ауыр гипертензиямен, аневризмамен немесе жүректің ишемиялық ауруы, тахиаритмия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі секілді басқа да ауыр жүрек-қантамырлық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
QT аралығының ұзаруы бар пациенттерді емдеуде сақтықты ұстану керек. Формотерол QT-аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін.
Өкпе туберкулезінің белсенді немесе белсенді емес түрі бар, тыныс жолдарының зеңдік және вирусты инфекциясы бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероид препараттарының қажеттігі мен дозаларын ескеру керек.
β2-адренорецепторлар агонистерінің жоғары дозаларымен емдеуде өмірге әлеуетті қауіпті гипокалиемия дамуы мүмкін. β2-адренорецепторлар агонистерінің болжамды гипокалиемиялық әсері β2-адренорецепторлар агонистерімен емді гипокалиемияны туындатуы мүмкін немесе гипокалиемиялық әсерді күшейтетін дәрілік заттармен, мысалы, ксантиндер туындыларымен, стероидтармен және диуретиктермен бір мезгілде емдеуде күшеюі мүмкін. Тұрақсыз бронх демікпесінде құтқарушы бронходилататорларды ұдайы қолданбаған жағдайда, осыған байланысты қаупі гипоксиямен күшеюі мүмкін болғандықтан жедел ауыр бронх демікпесінде, сондай-ақ гипокалиемия қаупі жоғарылайтын басқа жағдайларда ерекше сақ болу керек. Осы жағдайларда қан сарысуында калий деңгейін қадағалау ұсынылады.
β2-адренорецепторларының барлық агонистері үшін секілді қант диабетімен науқастарда қандағы глюкоза концентрациясын қосымша бақылау ұсынылады.
Эйрбуфо™ Форспиро® құрамында лактоза моногидраты (<4.4 мг/ингаляция) бар. Әдетте бұндай мөлшер лактоза жағымсыздығынан зардап шегетін адамдарда проблемалар туындатпайды. Қосымша зат лактозаның құрамында сүт ақуыздарының аздаған мөлшері бар, олар аллергиялық реакция туындатуы мүмкін.
Педиатриялық топ
Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ ем қабылдайтын балалардың бойының өсуін ұдайы бақылау ұсынылады. Өсуі баяулаған жағдайда, бронх демікпесі ағымын тиімді қадағалауды сақтауды қамтамасыз ететін ингаляциялық кортикостероид дозасын төмендету мақсатында емдеу сызбасын мүмкіндігінше минимальді дозаға дейін қайта қарастыру ұсынылады. Кортикостероидтармен емнің артықшылығы мен бойды өсірмейтін болжамды қаупін мұқият таразылау керек. Бұдан бөлек, пациентті респираторлық аурулардың балалар маманына жіберу мәселесін қарастыру керек.
ӨСОА бар пациенттердегі пневмония
Ингаляциялық кортикостероидтар алған ӨСОА бар пациенттерде ауруханаға жатқызылуды талап ететін пневмонияны қоса, пневмония жағдайының саны артқаны бақыланды. Стероидтар дозасы ұлғайтылуымен пневмонияның жоғары қаупінің айғағы бар, бірақ бұл барлық зерттеулерде дәлелмен көрсетілмеген.
Ингаляциялық кортикостероидты препараттар арасында пневмония қаупінің шамасында классішілік айырмашылықтың клиникалық айғағы жоқ.
ӨСОА бар пациенттерде пневмония дамуы мүмкіндігіне қатысты дәрігерлер қатаң түрде сақ болуы тиіс, өйткені бұндай инфекциялардың клиникалық ерекшеліктері ӨСОА өршу симптомдарына сәйкес келеді.
ӨСОА бар пациенттерде пневмония даму қаупінің факторларына шылым шегу, жасы, дене салмағының төмен индексі (ДСИ) және ӨСОА ауыр түрі жатады.