Өкпе туберкулезіне, тыныс алу жолдарының зеңдік, вирустық немесе бактериялық инфекцияларына, тиреотоксикозға, феохромоцитомаға, қант диабетіне, бақыланбайтын гипокалиемияға, ИГСС (идиопатиялық гипертрофиялық субаорталық стеноз), бақыланбайтын артериялық гипертензияға, аритмияға, ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруына, шығу тегі әртүрлі гипоксияға, катаракта, глаукома, гипотиреоз, остеопороз шалдыққан пациенттерде, жүктілік кезінде және лактация кезінде ерекше сақтық қажет.
Арнайы ескертулер
Препарат ұстамаларды басуға емес, аурудың өршулерін ұзақ уақыт емдеуге және алдын алуға арналған (қысқа әсер ететін ингаляциялық бронходилататорларды қолдану керек).
Препаратты, тіпті ауру симптомдары болмаса да, ұдайы қабылдау керек.
Препаратпен емдеуді күрт тоқтату ұсынылмайды.
Кез келген ингаляциялық глюкокортикостероидтарды (ГКС), әсіресе, жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда жүйелі әсерлері білінуі мүмкін. Емдік әсеріне жеткенде ингаляциялық глюкокортикостероидтар дозасын жүйелі жағымсыз әсерлер дамуын болдырмау үшін ауру ағымы бақыланатын ең төмен тиімді дозасына дейін азайту маңызды.
Ұзақ уақыт бойы ингаляциялық глюкокортикостероидтар алатын балалардың өсу динамикасын ұдайы қадағалау ұсынылады.
Бүйрек үсті бездерінің болжамды жеткіліксіздігімен байланысты, глюкокортикостероидтарды ішке қабылдаған пациенттерді ингаляциялық флутиказонмен емдеуге көшіргенде бүйрек үсті бездері қыртысы функциясының көрсеткіштерін ұдайы бақылау және сақ болу керек. Ингаляциялық флутиказон аясында жүйелі ГКС тоқтатуды біртіндеп жүргізген жөн. Стресс кезеңінде қосымша ГКС қабылдау керек болуы мүмкін.
Егер препаратты сальметеролдың артық дозалануына орай тоқтатуға тура келсе, пациентке тиісінше ГКС орын басу емін тағайындау қажет.
Кейбір пациенттерде дауыстың дөрекілену немесе қарлығуы, ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы (ауыз микозы) пайда болуы мүмкін. Дауыс қарлығуының ауырлығы мен жиілігін Эйртек ингаляциясынан кейін ауызды сумен шаю арқылы азайтуға болады. Симптоматикалық кандидозды, Эйртекпен емдеуді жалғастыра отырып, зеңге қарсы жергілікті препараттармен емдеуге болады.
Пациенттерді жүйелі ГКС қабылдаудан ингаляциялық емге ауыстырғанда да бұрын жүйелі препараттармен басылған аллергиялық реакциялар (соның ішінде, аллергиялық ринит, экзема) көрініс беруі мүмкін.
Гипергликемия
Қандағы глюкозаның жоғарылауы туралы өте сирек хабарламалар бар (4.8 бөл. қараңыз) және бұл қант диабетіне шалдыққан науқастарда препаратты тағайындау кезінде есте ұстаған жөн.
Парадоксальді бронх түйілуі
Басқа да ингаляциялық препараттарды қолданғандағыдай ингаляциядан кейін ентігу мен сырылдың дереу ұлғаюымен парадоксальді бронх түйілуі байқалуы мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуін жылдам әсер ететін бронходилататорлар жақсы кетіреді және бірден емделуі тиіс. Эйртекті дереу тоқтату, пациентті тексеру және қажет болса альтернативті ем тағайындау қажет.
Тремор, жүрек қағуы және бас ауыруы сияқты β2-агонистерімен емдеу кезінде фармакологиялық жағымсыз әсерлер туралы хабарланды, бірақ олар, әдетте, уақытша сипатқа ие және жүйелі ем кезінде төмендейді.
ӨСОА бар пациенттердегі пневмония
Ингаляциялық кортикостероидтар қабылдайтын ӨСОА бар пациенттерде ауруханаға жатқызуды талап ететін пневмонияны қоса, пневмония жиілігінің ұлғаюы байқалды. Стероидтар дозасының ұлғаюымен пневмонияның жоғарғы қаупін растайтын кейбір деректер бар, бірақ бұл барлық зерттеулерде айқын дәлелденбеді.
Ингаляциялық кортикостероидты препараттар арасында пневмония қаупінің шамасында топішілік айырмашылықтар туралы айқын клиникалық деректер жоқ.
Дәрігерлер ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты мұқият болуы тиіс, өйткені мұндай инфекциялардың клиникалық белгілері ӨСОА өршу симптомдарына сай келеді.
ӨСОА бар пациенттерде пневмония даму қаупінің факторлары – шылым шегу, егде жас, дене салмағы индексінің (ДСИ) төмендігі және ӨСОА ауыр формасы болып табылады.
Көрудің бұзылуы
Көрудің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда хабарлануы мүмкін. Егер пациентте бұлыңғыр көру сияқты симптомдар немесе көрудің басқа да бұзылулары пайда болса пациент ықтимал себептерді бағалау үшін офтальмологқа жіберілуі тиіс, оларға катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауру кіруі мүмкін.
Балалар
Флутиказон пропионатының жоғарғы дозаларын (әдетте күніне ≥ 1000 мкг) қабылдайтын балалар мен 16 жасқа толмаған жасөспірімдер үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. Әсіресе, ұзақ мерзімге тағайындалатын жоғарғы дозаларда жүйелі әсерлер туындауы мүмкін. Ықтимал жүйелі әсерлерге Кушинг синдромы, Кушинг белгілері, бүйрек үсті бездерінің супрессиясы, жедел бүйрек үсті бездерінің кризі, балалар мен жасөспірімдердегі өсудің баяулауы және сирек, психомоторлық жоғары белсенділікті, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессияны немесе озбырлықты қоса, бірқатар психологиялық немесе мінез-құлыққа қатысты әсерлер кіреді. Баланы немесе жасөспірімді тыныс алу жүйесін тексеретін балалар маманына жіберу керек.
Ингаляциялық кортикостероидпен ұзақ ем алатын балалардың өсуін ұдайы бақылап отыру ұсынылады. Ингаляциялық кортикостероидтың дозасы демікпені тиімді бақылауға болатын ең төменгі дозаға дейін азайтылуы тиіс.