Эквамер – біріктірілген гипотензивті және гиполипидемиялық препарат. Эквамер препаратының құрамына үш әсер ететін зат – амлодипин, лизиноприл және розувастатин кіреді. Эквамер препаратының әсер ету механизмі әсер ететін заттардың фармакологиялық қасиеттеріне негізделген.
Амлодипин
Амлодипин – дигидропиридин тобынан кальций иондарының кіру тогының тежегіші («баяу» кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисті), кальций иондарының миокардтың тегіс бұлшықет жасушаларына және қантамырларына трансжарғақшалық өтуін бөгейді.
Амлодипиннің гипотензиялық әсерінің механизміне тікелей қантамырлардың тегіс бұлшықеттеріне босаңсытқыш әсері түрткі болады. Амлодипиннің стенокардия көріністерін жеңілдететін нақты механизмі белгісіз, бірақ амлодипин екі механизм арқылы жалпы ишемиялық жүктемені азайтады:
-амлодипин шеткері артериолаларды кеңейтеді, осылайша жалпы шеткері кедергіні (жүктемеден кейінгі) азайтады. Жүректің жиырылу жиілігі тұрақты болып қалатындықтан, бұл миокардтың энергия жұмсауының және оған оттегі қажеттілігінің төмендеуіне алып келеді.
-амлодипиннің әсер ету механизмі қалыпты қан айналымы бар жерлерде де, ишемия аймақтарында да негізгі коронарлық артериялар мен артериолалардың кеңеюін қамтуы мүмкін. Бұл вазоспазмдық стенокардиямен (Принцметал стенокардиясы немесе нұсқалық стенокардия) ауыратын пациенттерде миокардқа оттегінің түсуін арттыруға әкеледі.
Амлодипинді тәулігіне бір рет қабылдау артериялық гипертензиясы бар пациенттерде 24 сағат бойы (пациенттің «жатқан» және «тұрған» қалпында) артериялық қысымның клиникалық маңызды төмендеуіне әкеледі. Әсердің баяу басталуына байланысты артериялық қысымның тез төмендеуі байқалмайды.
Стенокардиямен ауыратын пациенттерде амлодипинді тәулігіне бір рет қабылдау физикалық жүктемені орындау уақытын арттырады, стенокардия ұстамасы мен ST сегментінің депрессиясының дамуын кешіктіреді (1 мм-ге), стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицеринді тұтынуды азайтады.
Амлодипин зат алмасуға немесе қан плазмасы липидтерінің концентрациясына ешқандай жағымсыз әсер етпейді және оны бронх демікпесі, қантты диабет және подагра бар пациенттерді емдеуде қолдануға болады.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
NYHA жіктеуі бойынша II-IV функционалдық классты (ФК) жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемодинамика және физикалық жүктемемен бақыланатын клиникалық зерттеулердің нәтижелері амлодипиннің клиникалық нашарлауға әкелмейтінін көрсетті, мұны физикалық жүктемеге төзімділікті өлшеу, солжақ қарыншаның шығару фракциясы және клиникалық симптоматика нәтижелері дәлелдеді.
Дигоксинмен, диуретиктермен және АӨФ тежегіштерімен ем қабылдаған NYHA жіктеуі бойынша III-IV ФК жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың әсерін бағалаудың плацебо-бақыланатын зерттеуінің (PRAISE) нәтижелері амлодипиннің өлім қаупінің немесе біріктірілген соңғы нүктенің: өлім мен жүрек функциясының жеткіліксіздігінің жоғарылауына әкелмейтінін көрсетті. NYHA жіктеуі бойынша III және IV ФК жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар, клиникалық симптомдарсыз немесе жүректің бастапқы ишемиялық ауруының болуын көрсететін объективті белгілерсіз, AӨФ тежегіштерінің, оймақгүл препараттары мен диуретиктердің тұрақты дозаларын алатын пациенттерге амлодипиннің әсерін зерттеу бойынша ұзақ мерзімді, плацебо-бақыланатын зерттеудің (PRAISE-2) нәтижелері амлодипиннің жүрек-қантамыр ауруларына байланысты өлімнің жалпы көрсеткіштеріне әсер етпейтінін көрсетті. Пациенттердің бұл тобында өкпенің ісінуі жағдайлары жиі тіркелді.
Гипотензивті және гиполипидемиялық препараттардың жүрек ұстамаларының жиілігіне (ALLHAT) әсерін зерттеу
Терапияның жаңа сызбаларын салыстыру мақсатында: амлодипин 2,5-10 мг/тәулік (кальций өзекшелерінің блокаторы) немесе лизиноприл 10-40 мг/тәулік (АӨФ тежегіші), бірінші қатардағы терапия ретінде және жеңіл және орташа артериялық гипертензия кезінде хлорталидон тиазидті диуретик 12,5-25 мг/тәулік «Гипотензивті және гиполипидемиялық препараттардың жүрек ұстамаларының жиілігіне әсерін зерттеу» (ALLHAT) деп аталатын аурушаңдықты және өлімді рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын зерттеу жүргізілді.
55 және одан жоғары жастағы артериялық гипертензиямен ауыратын 33 357 пациенттің барлығы рандомизацияланды және орташа есеппен 4,9 жыл бақылауда болды. Пациенттерде ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) кем дегенде бір қосымша қауіп факторы, оның ішінде анамнезінде миокард инфарктісі немесе инсульт (зерттеуге енгізілгенге дейін >6 ай) немесе атеросклероздық генезді құжатталған басқа ЖҚА (жүрек-қантамыр ауруы) (барлығы 51,5%), 2 типті қантты диабет (36,1%), ХС-ТЖЛП <35 мг/дл (11,6%), электрокардиография немесе эхокардиография негізінде диагноз қойылған солжақ қарыншаның гипертрофиясы (20,9%), зерттеуге енгізілген кезде шылым шегу (21,9%) анықталды.
Бастапқы соңғы нүкте өлімге әкелетін ЖИА немесе өлімге әкелмейтін миокард инфарктісі кешені болды. Амлодипинмен және хлорталидонмен емдеу арасындағы бастапқы соңғы нүктеде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады: салыстырмалы қауіп (СҚ) 0,98; 95% СА [0,90-1,07], p=0,65. Екінші соңғы нүктелер арасында жүрек функциясы жеткіліксіздігінің жиілігі (жүрек-қантамырлық біріктірілген соңғы нүктенің компоненті) амлодипин қабылдаған топта хлорталидон қабылдаған топпен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды (7,7% салыстырғанда 10,2%, СҚ 1,38, 95% СА [1,25–1,52], p <0,001). Бұл жағдайда амлодипинмен емдеу мен хлорталидонмен емдеу арасында жалпы өлімде айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ: СҚ 0,96, 95% СА [0,89-1,02], p=0,20.
Бала жасындағы пациенттер (6 және одан жоғары)
6-17 жас аралығындағы, негізінен қайталама артериялық гипертензиясы бар 268 баланың қатысуымен жүргізілген зерттеуде 2,5 мг және 5,0 мг амлодипинді плацебомен салыстыру амлодипиннің екі дозасы да систолалық артериялық қысымды плацебоға қарағанда едәуір төмендететінін көрсетті. Амлодипиннің екі дозасының арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды болмады.
Амлодипиннің өсуге, жыныстық жетілуге және жалпы дамуға ұзақ мерзімді әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Ересек жаста жүрек-қантамыр себептерінен болатын аурушаңдық және өлімді азайту мақсатында балаларда амлодипинді қолданудың ұзақ мерзімді тиімділігі де анықталған жоқ.
Лизиноприл
Әсер ету механизмі
Лизиноприл пептидилдипептидаза ферментінің тежегіші болып табылады. Ол ангиотензин I тамыртарылтатын пептидке, ангиотензин II айналуын катализдейтін AӨФ-ны тежейді. Ангиотензин II сонымен қатар бүйрек үсті безінің қыртысымен альдостерон секрециясын стимуляциялайды. АӨФ тежелуі ангиотензин II концентрациясының төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде тамыр тарылтатын белсенділік төмендейді және альдостерон секрециясы азаяды. Соңғысы қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Лизиноприл артериялық қысымды төмендететін механизмнің негізінде, ең алдымен, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің тежелуі жатыр деп есептелетіндіктен, лизиноприл тіпті ренин мөлшері төмен артериялық гипертензиясы бар пациенттерде де артериялық қысымды төмендетеді. AӨФ брадикининді бұзатын фермент кининаза II ұқсас. Лизиноприлдің емдік әсерлерінде күшті тамыр кеңейтетін пептид брадикининнің жоғары концентрациясы рөл атқара ма, жоқ па, әлі анықталмаған.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Лизиноприлдің жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезіндегі аурушаңдық пен өлімге әсері лизиноприлдің жоғары дозасын (күніне бір рет 32,5 мг немесе 35 мг) төмен дозамен (күніне бір рет 2,5 мг немесе 5 мг) салыстыру арқылы зерттелді. Зерттеуге 46 айға тең келесі орташа бақылау кезеңімен 3164 пациент қатысты (тірі қалған пациенттер үшін). Лизиноприлдің жоғары дозасы біріктірілген соңғы нүкте бойынша қауіптің 12% төмендеуін қамтамасыз етті: төмен дозамен салыстырғанда барлық себептерден болатын өлім және барлық себептер бойынша ауруханаға жатқызу (p = 0,002) және барлық себептен болатын өлім қаупінің және жүрек-қантамыр аурулары бойынша ауруханаға жатқызудың 8% төмендеуі (p = 0,036). Барлық себептерден болатын өлім қаупінің (8%; p = 0,128) және жүрек-қантамыр себептерінен болатын өлімнің (10%; p = 0,073) төмендеуі байқалды. Ретроспективті талдауда лизиноприлдің жоғары дозаларын қабылдаған пациенттерде жүрек функциясының жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу саны төмен дозаларды қабылдаған пациенттермен салыстырғанда 24% - ға (p = 0,002) азайды. Лизиноприлдің жоғары және төмен дозаларын қабылдаған пациенттерде байқалған симптоматикалық жақсару бірдей болды.
Зерттеу нәтижелері лизиноприлдің жоғары немесе төмен дозаларын қабылдаған пациенттердегі жағымсыз құбылыстардың жалпы бейіндері сипаты жағынан да, сандық параметрлер бойынша да ұқсас екенін көрсетті. Артериялық гипотензия немесе бүйрек функциясының бұзылуы сияқты AТФ тежелуі нәтижесінде туындаған болжамды жағымсыз құбылыстар түзетуге жақсы жауап берді және емдеуді тоқтатуға сирек әкелді. Жөтел төмен дозаны қабылдаған пациенттерге қарағанда лизиноприлдің жоғары дозаларын қабылдаған пациенттерде сирек кездесті.
GISSI-3 зерттеуінде бақылау тобына қатысты 6 апта бойы жеке немесе біріктірілімде қолданылған лизиноприл мен глицерилтринитратының (нитроглицерин) әсерін салыстыру үшін 2x2 факторлық дизайн пайдаланылды. Жедел миокард инфарктісінен кейін 24 сағат ішінде ем қабылдаған 19394 пациентті қамтыған зерттеуде лизиноприл бақылаумен салыстырғанда (2p=0,03) өлім қаупінің статистикалық маңызды 11% төмендеуін қамтамасыз етті. Нитроглицеринді қабылдаған кезде қауіптің төмендеуі статистикалық тұрғыдан маңызды болмады, дегенмен лизиноприл мен нитроглицериннің біріктірілімі бақылаумен салыстырғанда (2p=0,02) өлім қаупінің статистикалық маңызды 17% төмендеуіне әкелді. Егде жастағы адамдар (жасы >70 жас) мен өлім қаупі жоғары пациенттер ретінде алдын ала анықталған әйелдердің қосалқы топтарында біріктірілген соңғы нүктеге қатысты: өлім мен жүрек функциясында айтарлықтай артықшылық байқалды. Барлық пациенттер үшін, сондай-ақ қаупі жоғары қосалқы топтар үшін біріктірілген соңғы нүкте 6 айдан кейін лизиноприл немесе лизиноприл плюс нитроглицеринді 6 апта бойы қабылдаған пациенттерде айтарлықтай жақсарды, бұл лизиноприлдің профилактикалық әсерін көрсетті. Кез келген вазодилатациялық терапияны қолданған кездегі сияқты, лизиноприлмен емдеу кезінде артериялық гипотензияның дамуы мен бүйрек функциясының бұзылуының жоғары жиілігі байқалды, бірақ бұл құбылыстар өлімнің пропорционалды өсуімен қатар жүрмеді.
Артериялық гипертензиямен және микроальбуминуриямен бастапқы нефропатиясы бар 2 типті қантты диабетпен ауыратын пациенттерде лизиноприлді кальций өзекшелерінің блокаторымен салыстырған салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған көп орталықты зерттеуде (N = 335) 12 ай бойы тәулігіне бір рет 10-20 мг лизиноприлді қабылдау систолалық/диастолалық артериялық қысымды 13/10 мм сын.бағ., ал альбуминнің несеппен шығарылуын 40% төмендетті. Артериялық қысымның бірдей төмендеуін тудырған кальций өзекшелерінің блокаторымен салыстырғанда, лизиноприл қабылдаған пациенттерде альбуминнің несеппен шығарылуының айтарлықтай төмендеуі анықталды, бұл гипертензияға қарсы әсерге қосымша, лизиноприлдің АӨФ тежегіш әсері бүйрекке тікелей әсер ету арқылы микроальбуминурияны да төмендететінін көрсетеді.
Лизиноприлмен емдеу гликемияны бақылауға әсер етпейді, бұл гликирленген гемоглобин (HbA1c) деңгейіне айтарлықтай әсердің жоқтығымен расталады.
Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Екі ірі рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуде (ONTARGET [телмисартанды монотерапияда және рамиприлмен бірге қолданғанда соңғы нүктеге жеткенге дейінгі зерттеу] және VA NEPHRON-D [Ардагерлер істері жөніндегі министрлік жүргізетін диабеттік нефропатия кезіндегі зерттеу]) ангиотензин II рецепторларының антагонистімен AӨФ тежегішін бірге қолдану зерттелді.
ONTARGET зерттеуі анамнезінде жүрек-қантамырлар немесе цереброваскулярлық аурулары немесе нысана ағзалардың зақымдану белгілерімен 2 типті қантты диабеті бар пациенттерге жүргізілді. VA NEPHRON-D зерттеуі 2 типті қантты диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге жүргізілді. Бұл зерттеулер бүйрек функциясына және/немесе жүрек-қантамыр жүйесіне және өлімге айтарлықтай қолайлы әсер етпеді, сонымен бірге монотерапиямен салыстырғанда гиперкалиемия, бүйректің жедел зақымдануы және/немесе артериялық гипотензия қаупінің жоғарылауы байқалды.
Ұқсас фармакодинамикалық сипаттамаларды ескере отырып, бұл нәтижелер АӨФ басқа тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының антагонистері үшін де маңызды.
Осыған байланысты диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының антагонистерін бірге қолдану ұсынылмайды.
Сонымен қатар, ALTITUDE (2 типті қантты диабеті бар пациенттерде алискиреннің әсерін зерттеу, мұнда соңғы нүктелер ретінде жүрек-қантамыр жүйесі мен бүйрек функциясына әсері бағаланды) зерттеуі жүргізілді, онда 2 типті қантты диабеті және бүйректің созылмалы ауруы, жүрек-қантамыр аурулары немесе екі ауру да бар пациенттерде стандартты терапияға (АӨФ тежегіші немесе ангиотензин II рецепторларының антагонисті) алискиренді қосудың артықшылықтары тексерілді. Зерттеу жағымсыз нәтижелер қаупінің жоғарылауына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Жүрек-қантамыр себептерінен болатын өлім мен инсульт плацебо тобына қарағанда алискирен қосылған топта әлдеқайда жиі байқалды, сонымен қатар плацебо тобына қарағанда алискирен тобында жағымсыз құбылыстар мен ауыр жағымсыз құбылыстар (гиперкалиемия, артериялық гипотензия және бүйрек функциясының бұзылуы) жиі байқалды.
Балалар мен жасөспірімдер
Клиникалық зерттеуде салмағы 50 кг-дан аз артериялық гипертензияға шалдыққан 6-16 жас аралығындағы 115 бала күніне бір рет 0,625 мг, 2,5 мг немесе 20 мг лизиноприл, ал салмағы 50 кг немесе одан жоғары пациенттер күніне бір рет 1,25 мг; 5 мг немесе 40 мг лизиноприл қабылдады. 2 аптадан кейін күніне бір рет қабылданған лизиноприл артериялық қысымды 1,25 мг-ден жоғары дозада көрінетін, тұрақты гипертензияға қарсы тиімділікпен дозаға тәуелді түрде төмендетті.
Бұл әсер лизиноприлдің орташа және жоғары дозалы топтарына рандомизацияланған пациенттерге қарағанда, плацебо тобына рандомизацияланған пациенттерде көбірек диастолалық артериялық қысым шамамен 9 мм с.б. көтерілген кезде, тоқтату фазасында расталды. Лизиноприлдің дозаға тәуелді гипертензияға қарсы әсері бірнеше демографиялық қосалқы топтарда бірдей болды: жас, Таннер шкаласы бойынша сатылар, жыныс және нәсіл.
Розувастатин
Әсер ету механизмі
Розувастатин - HMG-CoA-редуктазаның селективті және бәсекеге қабілетті тежегіші, 3-гидрокси-3-метилглутарил А коферментін холестериннің ізашары мевалонатқа айналдыратын фермент. Розувастатин әсерінің негізгі нысаны - бауыр, холестерин (ХС) концентрациясын төмендетуге арналған нысана ағза.
Розувастатин бауыр жасушаларының бетіндегі ТТЛП рецепторларының санын көбейтеді, осылайша ТТЛП қармалуы мен катаболизмін арттырады және бауырдағы ТӨТЛП синтезін тежейді, осылайша ТӨТЛП мен ТТЛП жалпы санын азайтады.
Фармакодинамикалық әсерлер
Розувастатин ХС-ТТЛП, жалпы ХС және триглицеридтердің (TГ) жоғары концентрациясын төмендетеді және ХС-ТЖЛП концентрациясын арттырады. Ол сондай-ақ Aпo B (аполипопротеин В), ХС-неТЖЛП, ХС-ТӨТЛП, ТГ-ТӨТЛП концентрациясын төмендетеді және Aпo A‑I концентрациясын арттырады (2-кестені қараңыз). Розувастатин сонымен қатар ХС-ТТЛП/ХС-ТЖЛП, жалпы ХС/ХС-ТЖЛП және ХС-неТЖЛП/ХС-ТЖЛП және Апо В/Апо А-I қатынасын төмендетеді.
2-кесте. Бастапқы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде дозаға тәуелді әсер (IIа және IIb типі) (бастапқы мәндермен салыстырғанда пайыздық өзгерістердің орташа мәндері келтірілген):
Доза — N — ХС-ТТЛП — Жалпы ХС — ХС-ТЖЛП — ТГ — ХС-неТЖЛП — Апо В — Апо А-I
Плацебо — 13 — −7 — −5 — 3 — −3 — −7 — −3 — 0
5 мг — 17 — −45 — −33 — 13 — −35 — −44 — −38 — 4
10 мг — 17 — −52 — −36 — 14 — −10 — −48 — −42 — 4
20 мг — 17 — −55 — −40 — 8 — −23 — −51 — −46 — 5
40 мг — 18 — −63 — −46 — 10 — −28 — −60 — −54 — 0
Емдік әсер розувастатинмен емдеуді бастағаннан кейінгі бірінші аптада пайда болады және емдеудің 2 аптасынан кейін мүмкін болатын ең жоғары деңгейдің 90%-ына жетеді. Ең жоғары емдік әсерге әдетте 4-ші аптада қол жеткізіледі және кейіннен сақталады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Розувастатин нәсіліне, жынысына немесе жасына қарамастан гипертриглицеридемиясы бар немесе онсыз гиперхолестеринемиямен ауыратын ересек пациенттерде, соның ішінде қантты диабеті және отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде тиімді.
III фазаны зерттеулердің жиынтық деректерін талдау кезінде розувастатиннің Еуропалық атеросклерозды зерттеу қоғамының (EAS; 1998) мақсатты мәндеріне сәйкес көрсеткіштерді төмендету мақсатында IIа және IIb типті гиперхолестеринемиямен ауыратын пациенттердің көпшілігін (ХС-ТТЛП орташа бастапқы көрсеткіштері шамамен 4,8 ммоль/л) емдеуде тиімді екендігі көрсетілді; 10 мг дозада розувастатинмен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 80 %-ында EAS (<3 ммоль/л) ұсынған ХС-ТТЛП мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілді.
Үлкен зерттеуде гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 435 пациент күшейтілген титрлеу режимінде 20-дан 80 мг-ға дейінгі дозада розувастатин қабылдады. Барлық дозалар липидтердің концентрациясына және емдік мақсаттарға қол жеткізуге қолайлы әсер етті. 40 мг тәуліктік дозаға дейін титрлегеннен кейін (емдеудің 12 аптасы) ХС-ТТЛП концентрациясы 53% - ға төмендеді. Пациенттердің 33 %-ында EAS (<3 ммоль/л) ұсынған ХС-ТТЛП мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізілді.
Күшейтілген титрлеуді қолдана отырып жүргізілген ашық зерттеуде отбасылық гиперхолестеринемияның гомозиготалы түрі бар 42 пациенттің розувастатинді 20 40 мг дозада енгізуге жауабы бағаланды. Жалпы популяцияда ХС-ТТЛП концентрациясының орташа төмендеуі 22 %-ды құрады.
Пациенттердің шектеулі санын қамтитын клиникалық зерттеулерде розувастатиннің фенофибратпен біріктірілімде қолданған кезде ТГ концентрациясын төмендетуге бағытталған қосымша әсері бар және ниацинмен біріктірілімде қолданған кезде ХС-ТЖЛП концентрациясын жоғарылататыны көрсетілді (4.4- бөлімді қараңыз).
Көп орталықты салыстырмалы жасырын плацебо - бақыланатын клиникалық зерттеуде (METEOR) жүректің ишемиялық ауруы қаупі төмен 45 пен 70 жас аралығындағы 984 пациент (10 жылдан астам уақыт бойы қауіптің Фремингем шкаласы (ҚФШ) бойынша<10%) және ХСТТЛП орташа көрсеткіші 4,0 ммоль / л(154,5 мг / дл), бірақ атеросклероздың субклиникалық түрімен (интима -медиа кешенінің (ИМК) қалыңдығы бойынша анықталады) тәулігіне 40 мг дозада розувастатин немесе 2 жыл бойы плацебо алу үшін рандомизацияланды. Розувастатин күретамырдың 12 аймағында ИМК қалыңдау жылдамдығын айтарлықтай баяулатты, плацебомен салыстырғанда -0,0145 мм/жыл [95% сенімділік аралығы -0,0196, -0,0093; p < 0,0001]. Бастапқы көрсеткіштен салыстырғанда өзгеріс плацебо тобындағы +0,0131 мм/жыл (1,12 %/жыл [p < 0,0001]) өршуімен салыстырғанда розувастатин тобында жылына -0,0014 мм (-0,12%/жыл [сенімсіз]) болды. ИМК қалыңдығының төмендеуі мен жүрек-қантамырлық асқынулардың даму қаупінің төмендеуі арасындағы тікелей корреляция әлі анықталған жоқ. METEOR зерттеуінде зерттелген пациенттер популяциясында жүректің ишемиялық ауруының қаупі төмен болды және бұл популяция 40 мг дозада розувастатинмен емдеу үшін мақсатты популяцияға сәйкес келмейді. Жоғары дозаны (мысалы, 30-40 мг) гиперхолестеринемияның ауыр түрлері және жүрек-қантамыр асқынуларының жоғары қаупі бар пациенттерге ғана тағайындау керек (4.2-бөлімді қараңыз).
Бастапқы профилактика үшін статиндерді қолдану негіздемесін зерттеуде: розувастатинді интервенциялық зерттеу (JUPITER): 17 802 ер (≥50 жас) және әйел (≥60 жас) адамдардың қатысуымен розувастатиннің жүрек-қантамырлық ауыр асқынулардың жиілігіне әсерін бағалау жүргізілді.
Қатысушылар плацебо (n = 8901) немесе розувастатинді тәулігіне бір рет 20 мг дозада (n = 8901) алу үшін рандомизацияланды; қатысушыларды бақылау 2 жыл бойы жалғасты.
Розувастатин тобындағы ХС-ТТЛП концентрациясы плацебо тобымен салыстырғанда 45% - ға (p < 0,001) төмендеді.
Қаупі жоғары және бастапқы балы ҚФШ бойынша >20 % (1558 пациент) пациенттердің қосалқы тобының деректерін ретроспективті талдауда плацебомен салыстырғанда розувастатин тобында жүрек-қантамырлары ауруы, инсульт және миокард инфарктісінен (p = 0,028) болған өлім біріктірілген соңғы нүктенің айтарлықтай төмендеуі байқалды. 1000 пациент-жасқа асқынулардың жиілігіне негізделген тәуекелдің абсолютті төмендеуі 8,8 құрады. Осы жоғары тәуекел тобындағы жалпы өлім өзгеріссіз қалды (p = 0,193). Қаупі жоғары (барлығы 9302 пациент) және қауіпті бағалаудың бастапқы балы ≥5 % (65 жастан асқан пациенттерді қосу үшін экстраполяцияланған) пациенттердің қосалқы тобының деректерін ретроспективті талдауда біріктірілген соңғы нүктенің плацебомен салыстырғанда розувастатин тобында жүрек-қан тамырлары ауруы, инсульт және миокард инфарктісінен болатын өлім (p = 0,0003) айтарлықтай төмендеуі анықталды. 1000 пациент-жасқа асқынулардың жиілігіне негізделген қауіптің абсолютті төмендеуі 5,1 құрады. Осы жоғары қауіп тобындағы жалпы өлім өзгеріссіз қалды (p = 0,076).
JUPITER зерттеуінде розувастатин тобындағы пациенттердің 6,6% және плацебо тобындағы пациенттердің 6,2% жағымсыз құбылыстардың дамуына байланысты емдеуді тоқтатты. Емдеуді тоқтатуға әкелетін ең көп таралған жағымсыз құбылыстарға мыналар жатады: миалгия (розувастатин тобында 0,3%, плацебо тобында 0,2%), іш аймағының ауыруы (розувастатин тобында 0,03%, плацебо тобында 0,02%) және бөртпе (розувастатин тобында 0,02%, плацебо тобында 0,03%). Жиі немесе плацебо тобындағыдай жиілікте байқалған ең жиі байқалған жағымсыз құбылыстар несеп шығару жолдарының инфекциясын (розувастатин тобында 8,7%, плацебо тобында 8,6%), назофарингит (розувастатин тобында 7,6%, плацебо тобында 7,2%), арқаның ауыруы (розувастатин тобында 7,6 %, плацебо тобында 6,9%) және миалгияны (розувастатин тобында 7,6%, плацебо тобында 6,6%) қамтыды.
Балаларда қолдану
Салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, көп орталықты, плацебо бақыланатын 12 апталық зерттеуде (n = 176, 97 ұл және 79 қыз), содан кейін розувастатин дозасын титрлеудің 40 апталық ашық фазасы (n= 173, 96 ұл және 77 қыз), гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен 10-17 жас аралығындағы пациенттер (Таннер шкаласы бойынша II−V саты, қыздар етеккір басталғаннан кейін кем дегенде 1 жыл өткен соң) розувастатинді 12 апта бойы күн сайын 5, 10 немесе 20 мг дозасында немесе плацебо қабылдады, содан кейін барлық пациенттер розувастатинді 40 апта бойы күн сайын қабылдады. Зерттеуге енгізілген кезде пациенттердің шамамен 30%-ы 10-13 жаста болды және шамамен 17, 18, 40 және 25% Таннер шкаласы бойынша сәйкесінше II, III, IV, және V сатыларға сәйкес келді.
Розувастатинмен 5, 10 немесе 20 мг дозада емдегенде, плацебо тобындағы 0,7%-бен салыстырғанда, ХС-ТТЛП концентрациясы 38,3, 44,6 және 50,0% - ға төмендеді.
Тәулігіне 1 рет ең жоғары 20 мг құрайтын мақсатты дозаға дейін титрлеудің 40 апталық ашық кезеңі аяқталғаннан кейін 173 пациенттің 70-і (40,5 %) ХС-ТТЛП концентрациясының 2,8 ммоль/л-ден аз мақсатты мәніне жетті.
Зерттелетін емнің 52 аптасынан кейін бойға, салмаққа, дене салмағының индексіне немесе жыныстық жетілуге әсері анықталмады (4.4-бөлімді қараңыз). Бұл зерттеу (n = 176) сирек кездесетін жағымсыз құбылыстарды салыстыруға арналмаған.
Розувастатин сонымен қатар 6 мен 17 жас аралығындағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 198 бала мен жасөспірімде (88 ұл және 110 қыз, Таннер шкаласы бойынша <II–V саты) мақсатты дозаға дейінгі екі жылдық ашық титрлеу кезеңінде зерттелді. Бастапқы доза барлық пациенттер үшін тәулігіне бір рет ішуге 5 мг құрады. 6 жастан 9 жасқа дейінгі пациенттерге (n = 64) дозаны тәулігіне бір рет ең жоғары 10 мг-ға дейін, ал 10-17 жастағы пациенттерге (n = 134) - тәулігіне бір рет 20 мг ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады.
Розувастатинмен емдеудің 24 айынан кейін ТТЛП холестериннің бастапқы мәнімен салыстырғанда орташа пайыздық төмендеу - 43 %-ды құрады(бастапқы мәні: 236 мг/дл, 24 ай: 133 мг/дл). Әрбір жас тобы үшін ХС-ТТЛП бастапқы мәндерінің орташа пайыздық төмендеуі - 43 % (бастапқы мәні: 234 мг/дл, 24 ай: 124 мг/дл), -45 % (бастапқы көрсеткіші: 234 мг/дл, 24 ай: 124 мг/дл) және -35 % (бастапқы көрсеткіші: 241 мг/дл, 24 ай: 153 мг/дл) сәйкесінше 6-дан <10-ға дейін, 10-нан <14-ке дейін және 14-тен <18 жасқа дейінгі жас тобында.
Розувастатинді 5, 10 және 20 мг дозада қабылдаған пациенттер келесі қайталама липидті және липопротеиндік айнымалыларға қатысты бастапқы деңгеймен салыстырғанда статистикалық маңызды орташа өзгерістерге қол жеткізді: ХС-ТЖЛП, жалпы ХС, ХС-неТЖЛП, ХС-ТТЛП/ХС-ТЖЛП, жалпы ХС/ХС-ТЖЛП, жалпы ХС/ХС-ТЖЛП, ХС-неТЖЛП/ХС-ТЖЛП, Aпo B (аполипопротеин В), Aпo B/Aпo А-1. Бұл өзгерістер липидтер тарапынан емдеуге жауаптың жақсаруына ықпал етті және 2 жыл бойы сақталды.
24 айлық емдеуден кейін бойға, салмаққа, ДСИ немесе жыныстық жетілуге ешқандай әсері анықталған жоқ (4.4-бөлімді қараңыз).
Розувастатин гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 14 бала мен жасөспірімде (6 жастан 17 жасқа дейін) плацебомен салыстырғанда тәулігіне бір рет қабылданатын 20 мг дозамен рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо бақыланатын көп орталықты айқас зерттеуде зерттелді. Зерттеуге диетаның белсенді 4 апталық кіріспе кезеңі кірді, оның барысында пациенттер 10 мг розувастатин алды, бұл айқас емдеу кезеңі, ол плацебомен емдеудің алдыңғы немесе кейінгі 6 апталық кезеңімен 20 мг дозада розувастатинмен емдеудің 6 апталық кезеңінен және барлық пациенттер 20 мг розувастатин қабылдаған 12 апталық демеуші кезеңнен тұрды. Зерттеуге енгізілген эзетимиб немесе аферез қабылдаған пациенттер бұл емдеуді зерттеу барысында жалғастырды.
ХС-ТТЛП статистикалық маңызды (р = 0,005) төмендеуі (22,3 %, 8,4 мг/дл немесе 2,2 ммоль/л) плацебомен салыстырғанда 20 мг дозада розувастатинмен 6 апта емдегеннен кейін байқалды. Жалпы ХС (20,1 %, p = 0,003), ХС-неТЖЛП(22,9 %, p = 0,003) және Апо В (17,1 %, p = 0,024) деңгейінің статистикалық маңызды төмендеуі байқалды. Сондай-ақ, плацебомен салыстырғанда 20 мг дозада розувастатинмен 6 апталық емдеуден кейін жалпы ХС, ХС-ТТЛП/ХС-ТЖЛП, жалпы ХС/ХС-ТЖЛП, ХС-неТЖЛП/ХС-ТЖЛП және Апо В/Апо А-1 концентрацияларында төмендеу байқалды. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде плацебо емінің 6 аптасынан кейін 20 мг дозада розувастатинмен 6 апта емдеуден кейін ХС-ТТЛП концентрациясының төмендеуі үздіксіз терапияның 12 аптасы ішінде сақталды. Бір пациентте дозаны жоғарылатқаннан кейін 40 мг қолдану арқылы 6 апта емдеуден кейін ХС-ТТЛП (8,0 %), жалпы ХС (6,7 %) және ХС-неТЖЛП (7,4 %) одан әрі төмендеуі байқалды. 90 аптаға дейін 20 мг розувастатин қабылдаған осы пациенттердің 9-ында кеңейтілген ашық емдеу кезінде ХС-ТТЛП концентрациясының төмендеуі -12,1% - дан -21,3% - ға дейін сақталды.
Күшейтілген титрлеуді (жоғарыдан қараңыз) қолдана отырып, ашық зерттеуден гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар бағалауға болатын 7 бала мен жасөспірімде (8-ден 17 жасқа дейін) ХС-ТТЛП (21,0%), жалпы ХС (19,2%) және ХС-неТЖЛП (21,0%) концентрациясының төмендеу пайызы бастапқы деңгейден 20 мг дозада розувастатинмен емдеудің 6 аптасынан кейін гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен ауыратын балалар мен жасөспірімдерде жоғарыда аталған зерттеуге сәйкес келді.
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияны, бастапқы біріктірілген (аралас) дислипидемияны емдеген кезде және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуда балалар популяциясының барлық қосалқы топтарында құрамында розувастатин бар референтті дәрілік препаратпен зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен босатты.