Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
0,1%
Саудалық атауы
Элика
Әсер етуші зат
Мометазон
Мақсаты
Кортикостероидтармен емдеуге болатын дерматоздар кезіндегі қабыну құбылыстары және қышыну
Өндіруші
Jamjoom Pharmaceuticals Factory Company
Ел
Саудовская Аравия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - мометазон фуроаты 1 мг,
қосымша зат: цетомакрогал 1000, цетостеарил спирті, хлоркрезол, ақ вазелин, сұйық парафин, пропиленгликоль, натрий дигидрофосфаты, 1М фосфор қышқылы және/немесе 1 М натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік біртекті жұмсақ консистенциялы бөгде қоспаларсыз крем.
• кортикостероидтармен емдеуге болатын дерматоздар кезіндегі қабыну құбылыстары және қышыну
• псориаз (кең таралған түйінді псориаздан басқа)
• атопиялық дерматит, ересектер мен 2 жастан асқан балаларда
Препараттың фармакодинамикалық әсері оның белсенді компоненті - мометазон фуроатымен тікелей байланысты.
Мометазон фуроаты сыртқа қолдануға арналған басқа кортикостероидтар сияқты қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, тамыр тарылтатын әсерге ие.
Әсер ету механизмі
Топикалық стероидтардың қабынуға қарсы әсер ету механизмі жалпы анықталмаған. Алайда, кортикостероидтар липокортиндер деп аталатын А2 тежейтін фосфолипаза протеиндерін белсендіру арқылы әрекет етеді деп болжанады. Арахидон қышқылының шығарылуын басу арқылы простагландиндер мен лейкотриендер сияқты қабынудың белсенді медиаторларының биосинтезін осы протеиндер бақылайды деп болжанады. Арахидон қышқылы А2 фосфолипазасы арқылы фосфолипид жарғақшасынан шығарылады.
Мометазон фуроаты in vitro жағдайында қабыну жағдайын бастауға және қолдауға қатысатын үш қабыну цитокиндерін: интерлейкин 1 (IL-1), интерлейкин 6 (IL - 6) және ісік некрозының факторы – – α (TNF-α) өндірудің күшті тежегіші болып табылады.
Дозалау режимі
Элика кремінің жұқа қабатын терінің зақымдалған жеріне күніне 1 рет жағыңыз. Балаларға, сондай-ақ бетке жергілікті кортикостероидтарды қолдануды тиімді емдік режимдерге көңіл бөле отырып, ең аз мөлшермен шектеу қажет, бұл ретте емдеу ұзақтығының 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолданылады.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Терінің зақымдалған жерлеріне күніне 1 рет жағу керек.
• препараттың белсенді заттарына немесе препараттың қосымша заттарына немесе басқа кортикостероидтарға жоғары сезімталдық
• розацеа
• вульгарис безеуі
• тері атрофиясы
• периоральді дерматит
• перианустық және жыныс ағзасының қышуы
• жөргек бөртпесі
• бактериялық (мысалы, импетиго, пиодермит), вирустық (мысалы, қарапайым герпес, белдемелі герпес және желшешек, қарапайым сүйелдер, жедел кондиломалар, контагиозды моллюсктер), паразиттік және зеңдік (мысалы, кандида немесе дерматофит) инфекциялар
• туберкулез
• мерез
• вакцинациядан кейінгі реакциялар
• 2 жасқа дейінгі балалар
Эликаны жараларда немесе ойық жаралармен жабылған теріде қолдануға болмайды.
Өте сирек
• фолликулит
• күйдіру және қышу түріндегі жергілікті реакциялар
Өте сирек/Жекелеген жағдайларда
• бактериялық инфекциялар, фурункулез
• парестезия
• жанаспалы дерматит, терінің гипопигментациясы, гипертрихоз, тері стриясы, безеу тәрізді бөртпелер, тері атрофиясы
• ауырсыну және препаратты қолдану орнындағы жергілікті реакциялар
Топикалық дерматологиялық кортикостероидтарын қолданудың салдарынан мынадай жергілікті жағымсыз реакциялардың пайда болуы туралы деректер бар:
• терінің құрғауы және тітіркенуі
• дерматит, периоральді дерматит
• тері мацерациясы
• тербөртпе және телеангиоэктазиялар
Белгісіз
- көздің анық көрмеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жергілікті глюкокортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ қолдану гипофизді-бүйрек үсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы мүмкін, бұл бүйрек үсті безі қыртысының қайталанған жеткіліксіздігінің дамуына себеп болуы мүмкін.
Шұғыл іс-шаралар: симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел белгілері әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда, электролиттік теңгерімсіздікті түзету керек. Созылмалы уытты әсер ету кезінде глюкокортикостероидтарды аздап тоқтату ұсынылады.
• ГКС жүйелік әсерінің ықтимал дамуын ескере отырып, Элика препаратын окклюзиялық таңғыштың астында қолдануға, зақымданған терінің, бет терісінің ауқымды аумағында және тері қатпарларында ұзақ уақыт қолдануға тыйым салынады
• бет терісі зақымданған науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек
• жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ уақыт үздіксіз емдеуден аулақ болу керек
• емді кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек
• жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданған кезде (интраназальді, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса алғанда) көру бұзылыстарының пайда болуы мүмкін
Арнайы сақтандырулар
ГКС жүйелік әсерінің ықтимал дамуын ескере отырып, Элика препаратын окклюзиялық таңғыштың астында қолдануға, зақымданған терінің, бет терісінің ауқымды аумағында және тері қатпарларында ұзақ уақыт қолдануға тыйым салынады.
Бет терісі зақымданған науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек.
Жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ уақыт үздіксіз емдеуден аулақ болу керек.
Балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен шектелуі тиіс.
Жергілікті кортикостероидтар псориаз кезінде, оның ішінде төзімділік дамығаннан кейін асқынудың қайталануын, жалпы пустулезді псориаздың және терінің кедергі функциясының нашарлауына байланысты жергілікті немесе жүйелік уыттылықтың даму қаупін қоса алғанда, бірнеше себептермен қауіпті болуы мүмкін. Пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет.
Емді кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек. Ұзақ уақытқа созылған глюкокортикостероидты (ГКС) емдеу кезінде емді кенеттен тоқтату терінің қарқынды түрде қызаруы және күйдіру сезімімен дерматит түрінде көрінетін рикошет синдромының дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды ақырындап, мысалы, оны толық тоқтатар алдында емдеудің интермиттирлеуші сызбасына ауыса отырып жүргізу керек.
Екінші қайтара инфекция қосылған кезде микробқа қарсы емді тағайындау керек. Әсері болмаған жағдайда препаратты тоқтатады.
Препараттың көзге және шырышты қабыққа түсуіне жол бермеу керек.
Элика препараты ашық бұрышты глаукоманың немесе субкапсулалық катарактаның даму қаупіне байланысты офтальмологияда қолдануға арналмаған.
ГКС кейбір тері ауруларының көріністерін өзгерте алатындығын ескерген жөн, бұл диагноз қоюды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, ГКС қолдану жаралардың жазылуының кешеуілдеуіне себеп болуы мүмкін.
Жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданған кезде (интраназальді, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса алғанда) көру бұзылыстарының пайда болуы мүмкін. Егер бұлыңғырланып көру немесе көру қабілетінің басқа бұзылыстары сияқты симптомдар пайда болса, пациенттің көру қабілетінің бұзылуы мүмкін себептерін бағалау үшін офтальмологқа тексерілуі керек, оларға катаракта, глаукома немесе орталық сероздық хориоретинопатия сияқты сирек кездесетін аурулардың кіруі мүмкін, бұл туралы жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған.
Педиатрияда қолдану
2 жасқа дейінгі балаларда препаратты 3 аптадан астам уақыт қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Қауіпсіздік пен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты Элика кремін 2 жасқа толмаған балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Глюкокортикоидтарға негізделген барлық күшті әсер ететін препараттар сияқты, Элика препаратын окклюзиялық таңғыштардың астына ұзақ уақыт бойы терінің үлкен бөліктеріне, сондай-ақ бетке және терінің қатпарларына (қолтық асты және шап аймақтары, сондай-ақ жөргектердің немесе су өткізбейтін іш киімнің астындағы тері аумақтарына) қолданудан аулақ болу керек. Бет терісі зақымданған балаларда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек.
Балаларда беткі ауданы мен дене салмағының арақатынасы ересектерге қарағанда үлкен болғандықтан, оларда гипоталамус-гипофизді-бүйрек үсті безі жүйесі функциясының (ГГБЖ) және жергілікті әсер ететін кез-келген ГКС қолдану кезінде Кушинг синдромының басылуына жоғары бейімділігі анықталды. Кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу балалардың өсуіне және дамуына әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және ең аз қолдану кезеңімен шектелуі тиіс.
Элика препаратының құрамында пропиленгликоль бар, ол терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы, экзема).
Элика препаратын жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. ГКС плацентарлы тосқауыл арқылы өтіп, емшек сүтіне шығарылады. Егер әйел үшін потенциалды пайдасы ана, шарана және бала үшін потенциалды қауіптен асса ғана, жүктілік және лактация кезінде глюкокортикостероидтарды тағайындауға болады.
Шарананың дамуына жағымсыз әсер ету қаупіне байланысты жүктілік кезінде ұзақ уақыт емделуден және үлкен дозаларды қолданудан аулақ болу керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Элика препараты автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсерін тигізбейді.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.