АБС кезінде Элонва® препаратымен емдеуді бедеулікті емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізу керек.
Дозалау режимі
Репродуктивті жастағы әйелдерді емдеу кезінде Элонва® препаратының дозасы дене салмағы мен жасқа байланысты таңдалады.
36 жасқа дейінгі және дене салмағы ≤ 60 кг болатын әйелдерге ұсынылатын доза бір рет 100 мкг құрайды.
Дене салмағы > 60 кг (жасына қарамастан) және 36 жастан асқан және дене салмағы ≥ 50 кг болатын әйелдерге ұсынылатын доза бір рет 150 мкг құрайды.
Дене салмағы 50 кг аз 36 жастан асқан әйелдерге препаратты қолдану зерттелмеген.
1-кесте.
Дене салмағы
50 кг аз — 50 – 60 кг — 60 кг жоғары
Жасы — 36 жас және одан кіші — 100 мкг — 100 мкг — 150 мкг
36 жастан асқан — Зерттелмеген — 150 мкг — 150 мкг
Элонва® препаратының ұсынылған дозалары тек стимуляцияның 5-ші немесе 6-күнінен бастап қолданылатын гонадотропин-рилизинг-гормон (ГнРГ) антагонистімен біріктірілімде емдеу схемаларына арнап белгіленген.
Стимуляцияның 1-күні
Элонва® препаратын бір рет тері астына (дұрысырақ іш терісінің астына) етеккір циклінің ерте фолликулярлық кезеңінде енгізеді.
Стимуляцияның 5-ші немесе 6-күні
ГнРГ антагонистімен емдеуді анабездердің стимуляцияға жауабына байланысты, яғни өсіп келе жатқан фолликулдардың саны мен өлшеміне байланысты, стимуляцияның 5-ші немесе 6-күні бастау керек. Сондай-ақ, қан сарысуындағы эстрадиол деңгейін параллель анықтау қажет болуы мүмкін. ГнРГ антагонисті лютеиндеуіш гормон (ЛГ) деңгейінің мерзімінен бұрын өсуінің алдын алу үшін қолданылады.
Стимуляцияның 8-күні
Элонва® препаратын енгізгеннен кейін 7 күн өткен соң (стимуляцияның 1-күні) емдеуді адамның хориондық гонадотропинінің (АХГ) триггерлік дозасын (3 фолликул ≥ 17 мм) енгізу үшін критерийлерге сәйкес келетін фолликулдардың белгілі бір өлшемдеріне қол жеткізілгенге дейін күнделікті түрде (р)ФСГ инъекциялау арқылы жалғастыруға болады. Тәуліктік (р)ФСГ дозасы анабездердің жауабына байланысты, оны стимуляцияның 5-6-күнінен бастап тұрақты ультрадыбыстық диагностикамен мониторингтеу керек. Егер жауап қалыпты болса, онда ұсынылатын тәуліктік доза 150 ХБ құрайды. Анабездердің жауабына байланысты АХГ тағайындау күнінде (р)ФСГ тағайындамауға болады. Әдетте, фолликулдардың жеткілікті дамуына емнің 9-күніне қарай қол жеткізіледі (емдеу кезеңі – 6 күннен 18 күнге дейін).
3 фолликулдың өлшемі ≥ 17 мм жеткенде, ұрық жасушасының толықтай жетілуін стимуляциялау үшін сол күні немесе келесі күні 5000-нан 10 000 ХБ дейін бір реттік АХГ инъекциясы тағайындалады. Егер анабездердің стимуляциялауға жауабы шамадан тыс болса, анабездердің гиперстимуляциясы синдромының қаупін барынша азайту үшін «Арнайы нұсқаулар/Анабездің гиперстимуляциясы синдромы (АГС)» бөлімінде сипатталған ұсынымдарды орындаңыз.
Пациенттердің арнайы топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдану бойынша клиникалық деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде корифоллитропин альфаның шығарылу жылдамдығы азаюы мүмкін болғандықтан, Бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерге Элонва® препаратын қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолдану жөнінде мәлімет болмаса да, бауыр ауруларының корифоллитропин альфаны шығаруға әсер ету ықтималдығы аз.
Енгізу әдістері мен жолы
Элонва® препаратын тері астына (т/а) инъекциялауды пациент өз бетінше немесе оның серіктесі, тиісті түрде маманның нұсқаулығын алғаннан кейін, жүзеге асыра алады. Элонва® препаратын өз бетінше енгізуді жеткілікті түрде уәжделген және үйретілген пациент орындау керек, сонымен қатар маманнан кеңес ала алады.
Т/а инъекцияны дайындау және орындау жөніндегі пациенттерге арналған ұсыныстар.
Инесі бар шприцтің компоненттері
Поршень Шприц Ерітінді Шприцтің қалпақшасы — Иненің қалпақшасы Ине Иненің футляры Перфорация
Инъекцияға дайындау
• Элонва® препаратын қолданар алдында қолыңызды сабынмен және сумен жуып, кептіріңіз; терінің бетінен бактерияларды жою мақсатында, инъекция жасалатын жердегі теріні (кіндіктен төмен аумақ) зарарсыздандырғыш ерітіндімен (мысалы, спиртпен) сүртіңіз; болжалды инъекция жасалатын нүктеден 5 см радиустағы теріні зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдеңіз; зарарсыздандырғыш ерітінді кепкенге дейін, кем дегенде 1 минут күтіңіз (1-сурет)
• зарарсыздандырғыш ерітіндінің кебуін күтіп тұрған кезде, перфорация сызығының бойымен иненің қалпақшасын сындырып, инені шығарып алыңыз, иненің қабын шешпеңіз, иненің қабын (ішінде инесі бар) таза, құрғақ бетке қойыңыз және шприцті дайындаңыз (2-сурет)
• шприцті қалпақшасын жоғары қаратып, тік ұстап тұрып, ауа көпіршіктерін жоғары көтеру үшін шприцті саусағыңызбен ақырын шертіңіз (3-сурет)
• шприцті тігінен ұстап тұрып, шприцтің қалпағын сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз (4-сурет)
• шприцті тігінен ұстап тұрып, иненің қалпақшасын (ішінде инесі бар) сағат тілінің бағыты бойынша бұраңыз (5-сурет)
• шприцті тігінен ұстап тұрып, иненің қабын шешіңіз және лақтырып тастаңыз. ИНЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КЕЗДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ! (6-сурет)
• шприцті сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтардың арасында, тігінен ұстап, бас бармақты поршеньге қойыңыз. Иненің ұшында тамшы пайда болатындай поршеньді АБАЙЛАП басыңыз (7-сурет)
• екінші қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен теріні жинап, инені тері қатпарына 90° бұрышпен енгізіңіз; Поршеньді АБАЙЛАП соңына дейін басып, беске дейін санап, ерітіндіні толықтай енгізіңіз (8-сурет)
бас бармақты поршеннен алыңыз, ине автоматты түрде шприцке кіреді және блокталады (9-сурет).
1-сурет 2-сурет 3-сурет
4-сурет 5-сурет 6-сурет
7-сурет 8-сурет 9-сурет
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты осы медициналық емшараны жүргізу бойынша тәжірибесі бар дәрігер немесе медициналық маман тағайындауы тиіс
Дәрілік препаратты (ДП) стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Қауіпсіздік бейіні бойынша қорытындылар
Әйелдерде клиникалық зерттеулерде Элонва® препаратымен емдеу кезіндегі ең жиі кездескен жағымсыз реакциялар: кіші жамбас аймағындағы жайсыздық (6.0%), АГС (4.3%, сондай-ақ “Арнайы сақтандырулар” бөлімін қараңыз), бас ауыру (4.0%), кіші жамбас аймағындағы ауыру (2.9%), жүрек айну (2.3%), шаршағыштық (1.5%) және сүтбездерінің ауырсынуы (1.3%).
Жағымсыз құбылыстардың кестелік тізбесі
Бұл құбылыстар ағзалар жүйелері бойынша және жиілігі бойынша жіктелген. Жиілік келесідей анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1 000, < 1/100); сирек (≥ 1/10 000, < 1/1 000); өте сирек (< 1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Әр топта жиілік бойынша бөлінген жағымсыз құбылыстар олардың ауырлық дәрежесінің кему ретімен көрсетілген.
Жүйе-ағза класы — Жиілігі — Жағымсыз реакциялар
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Белгісіз — Аса жоғары сезімталдық, жергілікті және жалпы реакциялар, оның ішінде бөртпе*
Психикалық бұзылулар — Жиі емес — Көңіл-күйдің өзгеруі
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Бас ауыру Бас айналу
Қантамырлары тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Ысынулар
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Жүрек айну Іштің кебуі, құсу, диарея, іш қату
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Арқаның ауыруы
Жүктілік, босанғаннан кейінгі кезең және перинаталды жағдайлар — Жиі емес — Өздігінен болатын түсік
Репродуктивті жүйе және сүтбездері тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Анабездердің гиперстимуляциясы синдромы (АГС), кіші жамбас аймағындағы ауырсыну және жайсыздық, сүтбездерінің ауырсынуы Анабездің бұратылуы, жатыр қосалқылары аймағының ауырсынуы, мезгілден бұрынғы овуляция, сүтбездерінің ауырсынуы
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар — Жиі Жиі емес — Шаршағыштық Инъекция жасалған жердегі гематома, инъекция жасалған жердің ауыруы, тітіркену
Зерттеулердің деректері — Жиі емес — Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің көтерілуі
Жарақаттар, уыттанулар және емшаралар кезіндегі асқынулар — Жиі емес — Емшара барысында ауырсыну
* Жағымсыз реакциялар препаратты постмаркетингтік қолдану кезінде анықталды.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Сонымен қатар, жатырдан тыс жүктілік және көп ұрықты жүктіліктің даму жағдайлары да байқалған. Бұл жағымсыз реакциялар ҚРТ бағдарламаларын қолданумен немесе кейінгі жүктілікпен байланысты.
Басқа да гонадотропиндер сияқты Элонва® препаратын қолданумен байланысты сирек жағдайларда тромбоэмболия тіркелді.
Егер Сізде іштің ауыруы немесе анабездер гиперстимуляциясының басқа симптомдары болса, тіпті олар инъекциядан бірнеше күн өткен соң пайда болса да, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Егер жағымсыз әсерлердің кез келгені ауыр болса немесе әйел осы нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлерді байқаса, оның емдеуші дәрігерімен кеңесуі керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
немесе
«АНКОР Персонал Центральная Азия» ЖШС
Қазақстан, Алматы қ., Достық даңғылы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 3 қабат, 302С кеңсе
Тел. +7 (727) 291-89-49
Электронды пошта: dpoc.kazakhstan@organon.com