Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
50 мг/мл
Саудалық атауы
Элфунат
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний нервной системы другие
Мақсаты
Ми қан айналымының жедел бұзылуларында
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - этилметилгидроксипиридин сукцинаты 50 мг,
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сарғыш ерітінді.
Препарат 18 жастан асқан ересектерде қолданылады:
• ми қан айналымының жедел бұзылуларында;
• бассүйек-ми жарақаттары және бассүйек-ми жарақаттарының салдарында;
• дисциркуляторлық энцефалопатияда (қан айналымының бұзылысы туындатқан ми жұмысының бұзылуы);
• мидың созылмалы ишемиясында (қан айналымының бұзылуы);
• вегетативті дистония синдромында (ішкі ағзалардың функцияларын басқаратын жүйкенің бұзылуынан туындаған жағдай);
• жеңіл (орташа) когнитивті бұзылыстарда (жадының, зейіннің және ақыл-ой қабілетінің төмендеуі);
• невроздық және невроз тәрізді жағдайлар аясындағы үрейлі бұзылыстарда;
• жедел миокард инфарктісінде (бірінші тәуліктен бастап) кешенді ем құрамында;
• әр түрлі сатыдағы бастапқы ашық бұрышты глаукома (көзішілік қысымның жоғарылауы) кезінде, кешенді ем құрамында;
• невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың басым болуымен алкоголизм кезінде абстиненттік синдромның (алкоголь тұтынуды күрт тоқтатқаннан кейін туындайтын шағымдар кешені) көріністерін жою үшін;
• психозға қарсы дәрілермен (психиатриялық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен) жедел уыттану (улану) кезінде;
• құрсақ қуысындағы жедел іріңді-қабынумен жүретін үдерістерінде (жедел некроздық панкреатитте, перитонитте) кешенді ем құрамында.
Әсер ету механизмі
Элфунат препараты антигипоксиялық, жарғақшапротекторлық, ноотропты, құрысуға қарсы және ансиолитикалық әсерге ие, организмнің стреске төзімділігін арттырады. Препарат организмнің негізгі зақымдаушы факторлардың әсеріне, оттегіге тәуелді патологиялық жағдайларға (шок, гипоксия және ишемия, ми қан айналымының бұзылуы,алкогольмен және психозға қарсы препараттармен (нейролептиктермен) уыттану) резистенттілігін арттырады.
Элфунат препараты мидың метаболизмін және мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тромбоциттер агрегациясын азайтады. Гемолиз кезінде қан жасушаларының жарғақшалық құрылымдарын (эритроциттер мен тромбоциттер) тұрақтандырады. Гиполипидемиялық әсері бар, жалпы холестериннің және ТТЛП мөлшерін азайтады.
Жедел панкреатит кезінде ферментативті токсемияны және эндогендік уыттануды азайтады.
Элфунат препаратының әсер ету механизмі оның гипоксияға қарсы, антиоксидантты және жарғақша-протекторлық әсеріне байланысты. Ол липидтердің асқын тотығу процестерін тежейді, супероксиддисмутаза белсенділігін арттырады, липид – ақуыз қатынасын арттырады, жарғақшаның тұтқырлығын азайтады, оның сұйықтығын арттырады. Жарғақшалармен байланысқан ферменттердің (кальцийге тәуелсіз фосфодиэстераза, аденилатциклаза, ацетилхолинэстераза), рецепторлық кешендердің (бензодиазепин, ГАМҚ, ацетилхолин) белсенділігін модуляциялайды, бұл олардың лигандтармен байланысу қабілетін күшейтеді, биожарғақшалардың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуын сақтауға, нейромедиаторлар тасымалдануы мен синапстық берілісін жақсартуға көмектеседі. Препарат мидағы дофамин мөлшерін жоғарылатады. Аэробты гликолиздің компенсаторлық белсенділігі жоғарылауына және АТФ, креатинфосфат мөлшерінің артуымен және митохондрияның энергосинтездеу функциялары белсенділенуімен, жасуша жарғақшаларының тұрақтануымен гипоксия жағдайында Кребс цикліндегі тотығу процестерінің тежелу дәрежесінің төмендеуіне әкеледі. Элфунат препараты ишемиялық миокардтағы метаболизм процестерін қалыпқа келтіреді, некроз аймағын азайтады, миокардтың электрлік белсенділігі мен жиырылуын қалпына келтіреді және жақсартады, сонымен қатар ишемия аймағында коронарлық қан ағымын арттырады, жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде реперфузиялық синдромның әсерін азайтады. Нитропрепараттардың антиангинальді белсенділігін арттырады. Элфунат препараты созылмалы ишемия және гипоксия себептері болып табылатын үдемелі нейропатияда торқабық ганглиозды жасушалары мен көру жүйкесі талшықтары сақталуына ықпалын тигізеді. Көздің өткірлігін арттыра отырып, торқабық пен көру жүйкесінің функционалдық белсенділігін жақсартады.
Дозалау режимі
Препаратты пайдаланудың дозасы мен ұзақтығын дәрігер ауруға және оның ауырлық дәрежесіне байланысты таңдайды. Дәрігер препаратты пайдаланудың қажетті дозасы мен ұзақтығын белгілейді. Сонымен қатар, ауруды емдеу үшін бірнеше дәрілік затты пайдалану қажет болуы мүмкін.
Ересек пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы тиіс.
Препаратты әртүрлі көрсетілімдегі қолдану ерекшеленеді. Төменде препаратты әртүрлі ауруларға қолдану ерекшеліктері берілген.
Ми қан айналымының жедел бұзылуларында Элфунат алғашқы 10-14 күнде 200-500 мг тәулігіне 2-4 рет вена ішіне тамшылатып (тамшылатқышпен), содан кейін бұлшықет ішіне 200-250 мг тәулігіне 2-3 рет 2 апта бойы қолданылады, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Бассүйек-ми жарақаты және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде Элфунат препараты 200-500 мг-ден тәулігіне 2-4 рет 10-15 күн бойы вена ішіне тамшылатып қолданылады, содан кейін препараттың таблетка түріне көшу ұсынылады.
Декомпенсация фазасындағы дисциркуляторлық энцефалопатия кезінде Элфунат препаратын тәулігіне 1-2 рет 200-500 мг дозада вена ішіне 14 күн бойы сорғалатып (препаратты шприц арқылы енгізу) немесе тамшылатып тағайындау керек. Содан кейін келесі 2 апта бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 100-250 мг, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Дисциркуляторлық энцефалопатияның курстық профилактикасы үшін Элфунат препараты бұлшықет ішіне 200-250 мг дозада тәулігіне 2 рет 10-14 күн бойы енгізіледі, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Мидың созылмалы ишемиясы кезінде Элфунат препаратын тәулігіне 1 рет 10 мл (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып баяу 14 күн бойы енгізу керек, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Жеңіл (орташа) когнитивті бұзылыстарда Элфунат препаратын тәулігіне 1 рет 10 мл (500 мг) вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып баяу 14 күн бойы енгізу керек, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Үрейлі бұзылыстарда Элфунат препараты бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг тәуліктік дозада 14-30 күн бойы қолданылады, содан кейін препаратты таблетка түрінде қабылдау ұсынылады.
Жедел миокард инфарктісі кезінде кешенді ем құрамында Элфунат препараты миокард инфарктісінің дәстүрлі емі аясында 14 тәулік ішінде вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізіледі.
Кешенді ем құрамында түрлі сатылардағы ашық бұрышты глаукома кезінде Элфунат препаратын бұлшықет ішіне тәулігіне 100-300 мг, тәулігіне 1-3 рет 14 күн бойы енгізеді.
Абстинентті алкогольдік синдром кезінде Элфунат препаратын 200-500 мг дозада вена ішіне тамшылатып немесе бұлшықет ішіне тәулігіне 2-3 рет 5-7 күн бойы енгізеді.
Жедел уыттану кезінде психозға қарсы дәрілермен Элфунат препаратын вена ішіне тәулігіне 200-500 мг дозада 7-14 күн бойы енгізеді.
Іш қуысының жедел іріңді-қабыну процестерінде (жедел некроздық панкреатит, перитонит) Элфунат препараты операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде бірінші тәулікте тағайындалады. Енгізілетін дозалар аурудың түрі мен ауырлығына, процестің таралуына, клиникалық ағымы нұсқаларына байланысты. Препаратты тоқтату тұрақты оң клиникалық-зертханалық әсерден кейін ғана біртіндеп жүргізілуі тиіс.
Жедел ісінген (интерстициальді) панкреатит кезінде Элфунат препаратын 200-500 мг күніне 3 рет, вена ішіне тамшылатып және бұлшықет ішіне тағайындайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл некроздық панкреатит - 100-200 мг күніне 3 рет вена ішіне тамшылатып және бұлшықет ішіне. Орташа ауырлық дәрежесі – күніне 3 рет 200 мг-ден, вена ішіне тамшылатып. Ағымы ауыр – бірінші тәулікте 800 мг дозада, екі рет енгізу режимінде; одан әрі тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 200-500 мг күніне 2 рет. Ағымы өте ауыр – тәулігіне 800 мг бастапқы дозада шок көріністерін толық жоғалғанға дейін, тәуліктік дозаны біртіндеп төмендете отырып, 300-500 мг жағдайды тұрақтандыру бойынша күніне 2 рет вена ішіне тамшылатып (0,9% натрий хлориді ерітіндісінде).
Енгізу әдісі және жолы
Препарат бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) енгізіледі. Инфузиялық енгізу әдісімен препаратты 100-150 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза (глюкоза) ерітіндісінде сұйылту керек.
Элфунат препараты 5-7 минут бойы баяу сорғалатып, минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен - тамшылатып енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг аспауы керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі
• жедел бауыр жеткіліксіздігі
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек
• анафилаксиялық шок (артериялық қысымның күрт төмендеуі, бозару, аяқ-қолдың салқындауы, сананың жоғалуы болуы мүмкін ауыр аллергиялық реакция)
• ангионевроздық ісіну (тыныс алудың қиындауы, беттің, мойынның, еріннің, тілдің, тамақтың ісінуі)
• есекжем (аллергиялық қышыма бөртпе)
• ұйқышылдық
• бас ауыруы, бас айналуы
• артериялық қысымның төмендеуі (АҚ), АҚ жоғарылауы
• құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы
• кеуде қуысындағы жайсыздық, тыныс алудың қиындауы
• ауыздың құрғауы
• жүрек айнуы
• жағымсыз иіс сезіну, ауыздың темір татуы
• қышыну, бөртпе, гиперемия
• жылуды сезіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұйқышылдық, ұйқысыздық. Егер жоғарыда аталған симтомдар пайда болса, препарат қолдануды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу керек.
Емі: уыттылықтың төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы аз. Емдеу, әдетте, қажет емес, ал симптомдар тәулік ішінде өздігінен жоғалады. Айқын көріністерде демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі.
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Пациент емдеуші дәрігерге не қабылдап жүргенін, жақында қабылдағанын немесе қандай да бір басқа препарттар қабылдауды бастауы мүмкін екенін айтуы керек.
Препаратты емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес толық қолдану қажет.
Егер жақсару болмаса немесе жағдайдың нашарлауы байқалса, пациент дәрігерге қаралуы қажет.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейін қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Жүкті немесе бала емізетін немесе жүктімін деп болжап жүрген немесе жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге препаратты қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препарат мазасыздықты төмендететін кейбір дәрілік заттармен (бензодиазепиндік анксиолитиктер) бір мезгілде қолданғанда, эпилепсияны емдеу үшін (құрысуға қарсы дәрілер, мысалы, карбамазепин), Паркинсон синдромын/ауруын емдеу үшін (паркинсонға қарсы дәрілер, мысалы, леводопа), сондай-ақ стенокардия ұстамаларын емдеу және басу үшін (нитропрепараттар) пайдаланылатын дәрілік заттармен олардың әсерінің ауырлығын күшейтеді.
Препарат этил спиртінің уытты әсерін азайтады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.