ИТП емі
Ағзалар жүйесінің класы — Жиілігі — Жағымсыз реакция
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Өте жиі — Назофарингит♦, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары♦
Жиі — Фарингит, тұмау, ауыз қуысының герпесі, пневмония, синусит, тонзиллит, тыныс жолдарының инфекциялары, гингивит
Жиі емес — Тері инфекциялары
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі емес — Ішектің ректосигмоидты бөлігінің обыры
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, тромбоцитопения, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, лейкоциттер деңгейінің төмендеуі
Жиі емес — Анизоцитоз, гемолиздік анемия, миелоцитоз, таяқшалы-ядролы нейтрофилдер деңгейінің жоғарылауы, миелоциттер болуы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Жоғары сезімталдық
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Жиі — Гипокалиемия, тәбеттің төмендеуі, қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес — Анорексия, подагра, гипокальциемия
Психика бұзылулары — Жиі — Ұйқының бұзылуы, депрессия
Жиі емес — Апатия, көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Парестезия, гипестезия, ұйқышылдық, бас сақинасы
Жиі емес — Тремор, тепе-теңдік бұзылуы, сезімталдық бұзылысы, гемипарез, аурасы бар бас сақинасы, шеткері нейропатия, шеткері сенсорлы нейропатия, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, уытты нейропатия, тамырлық бас айналуы
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Көздің құрғауы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің ауыруы, көру өткірлігінің төмендеуі
Жиі емес — Көз бұршағының бұлыңғырлануы, астигматизм, кортикальді катаракта, көз жасының көп ағуы, торқабыққа қан құйылу, ретинальді пигментті эпителиопатия, көру қабілетінің бұзылуы, көру өткірлігін тексеру нәтижелерінің қалып шегінен ауытқуы, блефарит, құрғақ кератоконъюнктивит
Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар — Жиі — Құлақтың ауыруы, вертиго
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Тахикардия, жедел миокард инфарктісі, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, цианоз, синустық тахикардия, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
Тамырлар тарапынан бұзылулар — Жиі — Терең веналар тромбозы, гематома, беттің және дененің жоғарғы жартысының ысынып кетуі
Жиі емес — Эмболия, беткейлік веналар тромбофлебиті, гиперемия
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Жөтел♦
Жиі — Орофарингеальді ауыру, ринорея♦
Жиі емес — Өкпе артериясы эмболиясы, өкпе инфарктісі, мұрынның жайсыздануы, жұтқыншақтың ауыз бөлігінде сулы бөртпелер түзілуі, мұрын қойнауларының аурулары, ұйқы кезіндегі апноэ синдромы
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Жүрек айну, диарея♦
Жиі — Ойық жаралы стоматит, тіс ауыруы♦, құсу, іштің ауыруы♦, ауыздан қан кету, метеоризм * Өте жиі ИТП бар балаларда
Жиі емес — Ауыз кеберсуі, глоссодиния, іш аумағындағы сезімталдық, нәжіс түсінің өзгеруі, тамақтан улану, жиілеген дефекация, қан құсу, ауыз қуысының жайсыздануы
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы†
Жиі — Аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы†, гипербилирубинемия, бауыр функциясының бұзылуы
Жиі емес — Холестаз, бауырдың ошақты зақымдануы, гепатит, бауырдың дәрілік зақымдануы
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар — Жиі — Бөртпе, алопеция, қатты терлеп кету, жайылған қышыну, петехиялық қан құйылу
Жиі емес — Есекжем, дерматоз, суық тер, эритема, меланоз, пигментацияның бұзылуы, тері түсінің өзгеруі, терінің қабыршақтануы
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Арқаның ауыруы
Жиі — Миалгия, бұлшықеттердің түйілуі, қаңқа-бұлшықет ауырулары, сүйектердің ауыруы, омыртқаның ауыруы
Жиі емес — Бұлшықет әлсіздігі
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі — Протеинурия, қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігімен тромбоздық микроангиопатия
Жиі емес — Бүйрек жеткіліксіздігі, лейкоцитурия, жегілік нефрит, никтурия, қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы, несептегі ақуыз-креатинин қатынасының артуы
Жыныс мүшелері және сүт безі тарапынан бұзылулар — Жиі — Меноррагия
Жалпы бұзылыстар және препарат енгізген жердегі бұзылулар — Жиі — Қызба, кеуде қуысының ауыруы, астения *Өте жиі ИТП бар балаларда
Жиі емес — Ысыну сезімі, тамыр тесілген жерден қан кету, үрейді сезіну, жараның қабынуы, жалпы дімкәстану сезімі, бөгде денені сезіну
Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері — Жиі — Қанда сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес — Қанда альбумин деңгейінің жоғарылауы, қанда жалпы ақуыздың артуы, қанда альбумин төмендеуі, несепте pH төмендеуі
Жарақаттар, уланулар және емшалар асқынулары — Жиі емес — Күнге күю
♦ Қосымша жағымсыз реакциялар балалардағы (1 жастан 17 жасқа дейін) зерттеулерде байқалды.
† Аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы жиілігі аз болса да бір мезгілде болуы мүмкін.
‡ Қолдану дұрыс болатын терминдермен топтық термин: бүйректің жедел жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігі.
С гепатиті вирусы бар пациенттер қауымында (элтромбопаг интерферонмен және рибавиринмен біріктірілімде)
Ағзалар жүйесінің класы — Жиілігі — Қолайсыз реакция
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Жиі — Несеп шығару жолдарының инфекциялары, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, бронхит, назофарингит, тұмау, ауыз қуысы герпесі
Жиі емес — Гастроэнтерит, фарингит
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса) — Жиі — Бауырдың қатерлі жаңа түзілімі
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Анемия
Жиі — Лимфопения
Жиі емес — Гемолиздік анемия
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Тәбеттің төмендеуі
Жиі — Гипергликемия, дене салмағынан шамадан тыс айрылу
Психика бұзылулары — Жиі — Депрессия, үрей сезімі, ұйқының бұзылуы
Жиі емес — Сананың шатасуы, қозу
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Бас ауыру
Жиі — Бас айналу, зейін қоюдың бұзылуы, дәм сезудің бұзылуы, бауыр энцефалопатиясы, мәңгіру, есте сақтаудың нашарлауы, парестезия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Катаракта, торқабық астына экссудат жиналуы, көздің құрғауы, ақ қабықтың сарғаюы, торқабыққа қан құйылу
Жиі — Вертиго
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиі — Жүректің жиі соғуы
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Жөтел
Жиі — Ентігу, орофарингеальді ауыру, дене жүктемесі кезінде ентігу, ылғалды жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Жүрек айну, диарея
Жиі — Құсу, асцит, іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлімдерінің ауыруы, диспепсия, ауыздың құрғауы, іш қату, іштің кебуі, тіс ауыруы, стоматит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, геморрой, іштің жайсыздану сезімі, өңеш веналарының варикозды кеңеюі
Жиі емес — Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету, гастрит, афтозды стоматит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі — Гипербилирубинемия, сарғаю, бауырдың дәрілік зақымдануы
Жиі емес — Қақпа венасының тромбозы, бауыр жеткіліксіздігі
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Қышыну
Жиі — Бөртпе, терінің құрғауы, экзема, қышынулы бөртпе, эритема, қатты терлеп кету, жайылған қышыну, алопеция
Жиі емес — Терінің зақымдануы, тері түсінің өзгеруі, тері гиперпигментациясы, түнгі тершеңдік
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Миалгия
Жиі — Артралгия, бұлшықеттердің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, қаңқа-бұлшықет ауыруы, сүйектердің ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Бүйрек жеткіліксіздігімен тромбоздық микроангиопатия*, дизурия
Жалпы бұзылыстар және препарат енгізген жердегі бұзылулар — Өте жиі — Қызба, қатты қажу, тұмау тәрізді ауру, астения, қалтырау
Жиі — Ашушаңдық, ауыру, жалпы дімкәстану сезімі, препаратты енгізген жердегі реакция, кеуденің экстракардиальді ауыруы, ісінуге бейімділік, шеткері ісінулер
Жиі емес — Инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы бөртпе, кеуде қуысы аумағындағы жайсыздық
Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері — Жиі — Қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі, қанда лейкоциттер деңгейінің төмендеуі, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, қанда нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі, халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының (ІБТУ) ұзаруы, қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қанда альбумин деңгейінің төмендеуі
Жиі емес — Электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
† Қолдану дұрыс болатын терминдермен топтық термин: олигурия, бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек функциясының бұзылуы
ААТ бар пациенттер қауымында
Ағзалар жүйесінің класы — Жиілігі — Жағымсыз реакция
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Нейтропения, көкбауыр инфарктісі
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар — Жиі — Темірмен қатты қанығу, тәбеттің төмендеуі, гипогликемия, тәбеттің артуы
Психика бұзылулары — Жиі — Үрей сезімі, депрессия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Бас ауыру, бас айналу
Жиі — Синкопе
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Жиі — Көздің құрғауы, катаракта, ақ қабықтың сарғаюы, бұлыңғыр көру, көру өткірлігінің төмендеуі, шыны тәрізді денеде жүзіп жүретін тұмандану
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Жөтел, орофарингеальді ауыру, ринорея
Жиі — Мұрынан қан кету
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Диарея, жүрек айну, қызылиектер қанағыштығы, іштің ауыруы
Жиі — Ауыздың шырышты қабығында сулы бөртпелер түзілуі, ауыз қуысының ауыруы, құсу, іштің жайсыздану сезімі, іш қату, іштің кебуі, дисфагия, нәжіс түсінің өзгеруі, тілдің ісіп кетуі, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
Жиі — Қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы (гипербилирубинемия), сарғаю
Белгісіз — Бауырдың дәрілік зақымдануы* * ИТП және СГВ бар пациенттерде бауырдың дәрілік зақымдану жағдайлары хабарланды
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Петехиялық қан құйылулар, бөртпе, қышыну, есекжем, терінің зақымдануы, макулезді бөртпе
Белгісіз — Тері түсінің өзгеруі, терінің гиперпигментациясы
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Өте жиі — Артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі
Жиі — Арқаның ауыруы, миалгия, сүйектердің ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі — Хроматурия
Жалпы бұзылыстар және препарат енгізген жердегі бұзылулар — Өте жиі — Шаршау, қызба, қалтырау
Жиі — Астения, шеткері ісінулер, жалпы дімкәстану сезімі
Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері — Жиі — Қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
Күдік тудыратын жағымсыз реакциялар туралы есептілік
Жағымсыз реакциялар туралы есептілік Эльпаг препаратының пайдасы мен қаупін әріқарай бағалау үшін өте маңызды, осыған орай, компания медицина қызметкерлерінен барлық күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде хабарлауды өтінеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz