Әсер ету механизмі
Эмтрицитабин – синтетикалық нуклеозид, цитидин аналогы, жасушалық ферменттермен эмтрицитабин 5’-трифосфатқа дейін фосфорланады. Эмтрицитабин 5трифосфат АИТВ-1 кері транскриптазасының (КТ) белсенділігін бәсеңдетеді, дезокситидин 5’-трифосфаты табиғи субстратымен бәсекелесумен және құрылып жатқан вирустық ДНҚ-ға қосылу арқылы тізбектің үзілуіне әкеледі. Эмтрицитабин 5’-трифосфат сүтқоректілердің ДНҚ a-, b-, e-полимеразасының және митохондриялық ДНҚ γ –полимеразасының әлсіз тежегіші болып табылады.
Тенофовир дизопроксил фумараты – бұл циклдік емес нуклеозидтің фосфонатты күрделі диэфирі, аденозин монофосфатының аналогы. Тенофовир дизопроксил фумараты тенофовирге айналу үшін диэфирдің алдын ала гидролизін және тенофовир дифосфатын қалыптастыру үшін жасушалық ферменттермен одан әрі фосфорлануын қажет етеді. Тенофовир дифосфаты АИТВ белсенділігін бәсеңдетіп, дезоксиаденозин 5’-трифосфат табиғи субстратымен бәсекелеседі және ДНҚ-ға қосылғаннан кейін ДНҚ тізбегін үзеді. Тенофовир дифосфаты – бұл сүтқоректілердің ДНҚ a-, b-, e-полимеразасының және митохондриялық ДНҚ γ –полимеразасының әлсіз тежегіші.
Вирусқа қарсы белсенділігі
Эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты
Жасуша өсіріндісінде эмтрицитабин мен тенофовир біріктірілімінің вирусқа қарсы белсенділігі зерттелген біріктірілген зерттеулерде синергиялық вирусқа қарсы әсер байқалды.
Эмтрицитабин
Эмтрицитабиннің АИТВ зертханалық және донор штамдарының вирусқа қарсы белсенділігі лимфобластоидтар жасушаларының колонияларында (MAGI-CCR5 колониялар) және шеткергі қанның мононуклеарлы жасушаларында бағаланды. Тиімді концентрациясының (ТК50) 50 % мәні 0,0013-0,64 мкмоль (0,0003-0,158 мг/мл) шегінде болды. Эмтрицитабин препараттарын кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (абакавир, ламивудин, ставудин, зальцитабин, зидовудин), кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен (делавирдин, ифавиренц, невирапин) және протеаза тежегіштерімен (ампренавир, нельфинавир, ритонавир, саквинавир) біріктірілімін зерттеулерде қосымша синергиялық әсер байқалды. Эмтрицитабин АИТВ-1 A, B, C, D, E, F және G қосалқы типтеріне қатысты жасуша өсіріндісінде вирусқа қарсы белсенді (0,0070,075 мкмоль шегіндегі тиімді концентрация мәні) болды және АИТВ-2 штамында таңдамалы белсенділік (ТК50 мәні 0,007 - 1,5 мкмоль шегінде) көрсетті.
Тенофовир дизопроксил фумараты
Тенофовирдің АИТВ-1 зертханалық және донорлық штамдарына қатысты вирусқа қарсы белсенділігі лимфобластоидтар жасушаларының колонияларында, моноциттер/макрофагтардың ізашар жасушаларында және шеткергі қан лимфоциттерінде бағаланды. Тенофовирдің тиімді концентрациясының мәні 0,048,5 мкмоль шегінде болды. Тенофовир препараттарының кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (абакавир, диданозин, ламивудин, ставудин, зальцитабин, зидовудин), кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен (делавирдин, ифавиренц, невирапин) және протеаза тежегіштерімен (ампренавир, индинавир, нельфинавир, ритонавир, саквинавир) біріктірілімін зерттеулерде қосымша синергиялық әсер байқалды. Тенофовир АИТВ-1 A, B, C, D, E, F, G және О қосалқы типтеріне қатысты жасуша өсіріндісінде вирусқа қарсы белсенді (0,5-2,2 мкмоль шегіндегі ТК50 мәні) болды және АИТВ-2 штамында таңдамалы белсенділік (ТК50 мәні 1,6 мкмоль-ден 4,9 мкмоль дейінгі шекте) көрсетті.
Төзімділігі
Эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты
Жасушалар өсіріндісінен эмтрицитабин мен тенофовир біріктіріліміне сезімталдығы азайған АИТВ-1 штамдары бөлінген. Осы штамдардың генотиптік талдауында вирустық КТ-да M184V/I және/немесе K65R амин қышқылдық алмасулар танылды.
Бұрын ем алмаған пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде 48-аптада АИТВ-1 >400 көшірмесі/мл РНҚ деңгейімен вирусологиялық сәтсіз емделген барлық пациенттерден бөлінген АИТВ штаммдарына немесе препаратты қабылдауды ерте тоқтатқан пациенттерге резистенттілікке талдау жүргізілді. Эмтрицитабин мен ламивудинге төзімділікпен астасқан M184V амин қышқылды алмасулар эмтрицитабин + тенофовир дизопроксил фумараты тобындағы пациенттердің 2/12 (17 %) талдаудан өткізілген штамдарында және зидовудин/ламивудин тобындағы пациенттердің 7/22 (32 %) талдаудан өткізілген штамдарында байқалды. 48 апта бойы зерттегенде бір де бір пациентте стандартты генотиптік талдау кезінде зерттелген АИТВ-да K65R мутацияларының дамуы анықталмаған. K65R мутациясының дамуын бағалау үшін деректер әзірге жеткіліксіз.
Эмтрицитабин
Эмтрицитабинге төзімді АИТВ штамдары жасушалық өсіріндіден және in vivo бөлінді. Осы штамдардың генотиптік талдауы эмтрицитабинге азайған сезімталдықтың АИТВ қоздырғыш генінің мутациясымен астасуын көрсетті, бұл метиониннің валинмен немесе изолейцинмен амин қышқылды алмасуына (M184V/I) әкелді.
Тенофовир дизопроксил фумараты
Жасушалар өсіріндісінен тенофовирге сезімталдығы төмендеген АИТВ-1 штамдары бөлінген. Бұл вирустар КТ-да K65R мутациясын көрсетті және тенофовирге сезімталдықтың 2-4 есе азаюын көрсетті.
Бұрын антиретровирустық ем алмаған пациенттерде тенофовир дизопроксил фумаратының қосалқы тобында 144 апта ішінде K65R мутациясы дамыған 8 пациентте бөлінген штамдарда: емдеудің алғашқы 48 аптасында 7 және 96 аптасында 1 жағдайда. Бұрын антиретровирустық ем алмаған пациенттер: тенофовир дизопроксилі фумаратымен ем сәтсіз болған пациенттерде бөлінген 14/304 (5 %) штамм тенофовирге сезімталдықтың 1-4 есе азаюын көрсетеді (орта есеппен 2,7). Төзімді штамдардың генотиптік талдауы K65R-да амин қышқылды алмасуға әкелген АИТВ-1 КТ генінің мутациясын көрсетті.
Айқаспалы төзімділік
Эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты
Кейбір кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері арасында айқаспалы төзімділік анықталды. Жасушалар өсіріндісінде табылған және эмтрицитабин мен тенофовир үйлестірілімінен туындаған M184V/I және/немесе K65R алмасу, сондай-ақ ламивудинмен немесе эмтрицитабинмен, сондай-ақ абакавирмен немесе диданозинмен біріктірілген тенофовирмен сәтсіз емделген сыналушыларда бөлінген АИТВ-1 штамдарында да байқалды. Сонымен, осы препараттар арасындағы айқаспалы төзімділікті құрамында осы амин қышқылды алмасулардың біреуі немесе екеуі де болатын вирустармен инфекцияланған пациенттерден байқауға болады.
Эмтрицитабин
Төзімді штамдар (M184V/I) ламивудин мен зальцитабинге айқаспалы төзімді болды, бірақ жасушалар өсіріндісінде диданозин, ставудин, тенофовир, зидовудин және КТНТ кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштеріне (делавирдин, эфавиренц және невирапин) сезімталдығын сақтады. Құрамында in vivo абакавир, диданозин, тенофовир және зальцитабин туғызған K65R мутациясы бар АИТВ-1 штамдары эмтрицитабинмен тежеліске сезімталдығының азаюын көрсетті. Құрамында ставудин мен зидовудинге (M41L, D67N, K70R, L210W, T215Y/F, K219Q/E) немесе диданозинге (L74V) сезімталдықтың төмендеуін туындататын мутациялар бар вирустардың эмтрицитабинге сезімталдығы сақталады. Құрамында КТНТ-не төзімділікпен астасқан K103N мутациясы бар АИТВ-1 эмтрицитабинге сезімтал болды.
Тенофовир дизопроксил фумараты
Орта есеппен 3 зидовудин-астасқан амин қышқылды КТ мутациялары (M41L, D67N, K70R, L210W, T215Y/F немесе K219Q/E/N) болатын АИТВ-1 бар 20 пациенттен бөлінген АИВ-1 штамдары тенофовирге сезімталдықтың 3,1 есе азаюын көрсетті. КТ-де T69S қосарлы ендірмесі бар мультинуклеозидтерге төзімді АИТВ-1 тенофовирге сезімталдықтың азаюын көрсетті.