Аутоиммунды аурулары, қант диабеті, бауыр функциясының бұзылуы, аорта стенозының ауыр түрі, шығу тегі белгісіз субаортальді бұлшықет стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатиясы, сұйықтық пен тұздың жоғалуы бар пациенттерде ерекше сақтықпен қолданылады. Салуретиктермен алдыңғы емдеу жағдайында, атап айтқанда созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ортостаздық гипотензияның даму қаупі артады, сондықтан эналаприлмен емдеуді бастар алдында сұйықтық пен тұздың жоғалуының орнын толтыру қажет.
Арнайы ескертулер
Симптоматикалық гипотензия
Симптоматикалық гипотензия асқынбаған гипертензиясы бар пациенттерде сирек кездеседі. Егер пациентте гиповолемия байқалса, мысалы, диуретиктермен емдеу, рационда тұзды шектеу, диализ, диарея немесе құсу нәтижесінде Энам қабылдайтын гипертензиясы бар пациенттерде симптоматикалық гипотензия жиі туындайды. Жүрек жеткіліксіздігі, қатар жүретін бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе онсыз пациенттерде симптоматикалық гипотензия байқалды. Ол неғұрлым ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде пайда болуы аса ықтимал, оны ілмектік диуретиктердің жоғары дозаларын қолдану, гипонатриемия немесе бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі растайды. Мұндай пациенттерде емді дәрігердің бақылауымен бастаған жөн және Энам және/немесе диуретик дозасын әрбір түзету кезінде пациенттерді мұқият бақылаған жөн. Осындай талдауды жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге қолдануға болады, оларда артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе жедел церебральді қан айналымының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Егер гипотензия пайда болса, пациентті шалқасынан жатқызып, қажет болғанда натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінің вена ішіне инфузиясын жүргізу керек. Өтпелі гипотензиялық реакция одан әрі қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды, ол әдетте көлемі ұлғайғаннан кейін артериялық қысым жоғарылаған бойда қиындықсыз өтеді.
Артериялық қысымы қалыпты немесе төмен жүрек жеткіліксіздігі бар кейбір пациенттерде Энам қабылдаған кезде жүйелі артериялық қысымның қосымша төмендеуі байқалуы мүмкін. Бұл күтілетін әсер және әдетте емдеуді тоқтатуға себеп болмайды. Егер гипотензия симптоматикалық болса, дозаны төмендету және/немесе диуретик және/немесе Энам қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін.
Аортальді және митральді клапанның стенозы/ гипертрофиялық кардиомиопатия
Барлық вазодилататорлар сияқты, АӨФ тежегіштерін сол жақ қарыншаның шығару бөлігінің обструкциясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау және оларды кардиогенді шок және гемодинамикалық маңызды обструкция жағдайында қолданудан аулақ болу керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) эналаприлдің бастапқы дозасы пациенттің креатинин клиренсіне сәйкес, сосын пациенттің емге реакциясына байланысты түзетілуі тиіс. Калий мен креатинин деңгейінің дағдылы мониторингі мұндай пациенттер үшін әдеттегі медициналық тәжірибенің бөлігі болып табылады.
Эналаприлді қабылдауға байланысты бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары, негізінен жүректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек артериясының стенозын қоса, бүйректің негізгі ауруы бар пациенттерде хабарланды. Уақытылы анықтау және тиісті емдеу жағдайында эналаприл терапиясымен байланысты бүйрек жеткіліксіздігі әдетте қайтымды болады.
Гипертониялық ауруы бар кейбір пациенттерде алдыңғы бүйрек ауруы болмаса, эналаприлді диуретикпен бір мезгілде қабылдаған кезде қандағы мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалды. Эналаприл дозасын төмендету және/немесе диуретик қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бүйрек артерияларының стенозы қаупі артады.
Реноваскулярлық гипертензия
Екі жақты бүйрек артериясының стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы бар пациенттердің АӨФ тежегіштерімен емдеуде гипотония мен бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар. Бүйрек функциясының жоғалуы қан сарысуындағы креатининнің шамалы өзгеруінде орын алуы мүмкін. Мұндай пациенттерде терапия мұқият медициналық бақылаумен, төмен дозалармен, бүйрек функциясын мұқият титрлеумен және мұқият мониторингпен басталуы тиіс.
Бүйрек трансплантациясы
Жақында бүйрегі ауыстырып салынған пациенттерде Энам препаратын қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан мұндай пациенттерде Энам препаратымен емдеу ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштері холестаздық сарғаюдан немесе гепатиттен басталып, фульминантты бауыр некрозына және (кейде) өлімге әкелетін синдроммен байланысты. Бұл синдромның механизмі зерттелмеген. Сарғаю дамитын немесе бауыр ферменттерінің айқын жоғарылауы анықталатын АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттер АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатуы және тиісті медициналық бақылауда болуы тиіс.
Нейтропения/Агранулоцитоз
АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия жағдайлары байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты және басқа да асқынатын факторларсыз пациенттерде нейтропения сирек туындайды. Эналаприлді иммуносупрессиялық ем, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдайтын дәнекер тінінің диффузиялық зақымдануы бар пациенттерде немесе осы асқынатын факторлардың біріктірілімінде, әсіресе бұрын болған бүйрек функциясының бұзылуында ерекше сақтықпен қолдану керек. Бұл пациенттердің кейбірінде күрделі инфекциялар дамыды, олар бірнеше жағдайда қарқынды антибиотиктік терапияға жауап бермеді. Егер эналаприл осындай пациенттерде қолданылса, қандағы лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады, ал пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері туралы хабарлау ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну
Бет, қол-аяқ, ерін, тіл, жұтқыншақ және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі Энамды қоса, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін қабылдаған пациенттерде байқалды. Бұл емдеу кезінде кез-келген уақытта болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Энам қабылдауды дереу тоқтатып, пациентті шығарудан бұрын симптомдардың толық жойылғанына көз жеткізу үшін тиісті мониторингті бастау керек. Тыныс алудың бұзылуынсыз тек тілдің ісінуі байқалған жағдайда да пациенттерге ұзақ уақыт бақылау қажет болуы мүмкін, өйткені антигистаминдік препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Көмейдің ісінуімен немесе тілдің ісінуімен байланысты ангионевроздық ісінудің салдарынан өте сирек өлім туралы хабарланды. Тілге, көмейге немесе жұтқыншаққа зақым келген пациенттерде, әсіресе тыныс алу жолдарына операция жасалған адамдарда тыныс алу жолдарының обструкциясы байқалуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының обструкциясын тудыруы мүмкін тіл, көмей немесе жұтқыншақ зақымданған жағдайда дереу тиісті ем тағайындау керек, ол адреналин ерітіндісін 1:1000 (0,3-0,5 мл) тері астына енгізуді және/немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтуы мүмкін.
АӨФ тежегіштерін қабылдаған қара нәсілді пациенттерде қара нәсілді емес адамдарға қарағанда ангионевроздық ісінудің жиі кездесетіні хабарланды.
Анамнезінде АӨФ тежегіштерімен емге байланысты емес ангионевроздық ісінуі бар пациенттер АӨФ тежегішін қабылдау кезінде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
АӨФ тежегішін және mTOR тежегішін (сүтқоректілер жасушасындағы рапамицин нысанасын) (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус) бірге қабылдайтын пациенттерде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
АӨФ тежегішімен және неприлизин тежегішімен (мысалы, сакубитрил, рацекадотрил) бір мезгілде ем алатын пациенттерде ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Эналаприлдің сакубитрилмен/валсартанмен біріктірілімі ангионевроздық ісіну қаупінің жоғарылауына байланысты қарсы көрсетілген. Сакубитрилмен/валсартанмен емдеуді эналаприлдің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан өткенде ғана бастау керек. Егер сакубитрилмен/валсартанмен емдеу тоқтатылса, эналаприлмен емдеу сакубитрил/валсартанның соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте басталмауы тиіс.
Жарғақ қанатты жәндіктерімен десенсибилизация кезіндегі анафилактоидты реакциялар
Сирек жағдайларда жарғақ қанатты жәндіктерінің уымен десенсибилизация кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде өмірге қауіпті анафилактоидты реакциялар туындады. Бұл реакцияларды әр десенсибилизация алдында АӨФ тежегіштерімен емдеуді уақытша тоқтату арқылы жол бермеуге болады.
ТТЛП аферезін жүргізу кезіндегі анафилактоидты реакциялар
Сирек жағдайларда декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндердің (ЛПНП) аферезі кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде өмірге қауіпті анафилактоидты реакциялар туындады. Бұл реакцияларды әр аферез алдында АӨФ тежегішімен емдеуді уақытша тоқтату арқылы жол бермеуге болады.
Гемодиализдегі пациенттер
Жоғары гидравликалық өткізгіштігі бар жарғақшаларды (мысалы, AN 69) пайдалана отырып диализ жүргізілген және бір мезгілде АӨФ тежегішімен ем қабылдаған пациенттерде анафилактоидты реакциялар туралы хабарланды. Мұндай пациенттерде диализдік жарғақшаның басқа типін немесе гипертензияға қарсы препараттың басқа класын пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек.
Гипогликемия
Диабетке қарсы пероральді дәрілер немесе инсулин қабылдайтын және АӨФ тежегішін қабылдауды бастаған қант диабеті бар пациенттерді, әсіресе бірге қолданудың бірінші айы ішінде гипогликемияны мұқият бақылау қажеттігі туралы ескерту керек.
Жөтел
АӨФ тежегіштерін пайдалану кезінде жөтел туралы хабарланды. Жөтелдің қақырықсыз, тұрақты болатыны және терапияны тоқтатқаннан кейін өтетіні тән. АӨФ тежегіштерінен туындаған жөтелді жөтелдің дифференциалды диагнозының бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Операциялық араласу/анестезия
Күрделі хирургиялық операцияларға ұшыраған пациенттерде немесе гипотензияны туындататын дәрілерді қолдана отырып анестезия кезінде эналаприл рениннің компенсаторлық босап шығуына қатысты қайталама ангиотензин II түзілуін бөгейді. Егер гипотензия туындаса және ол осы механизмге байланысты деп есептелсе, оны көлемнің ұлғаюымен түзетуге болады.
Гиперкалиемия
Қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы эналаприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен ем қабылдаған кейбір пациенттерде байқалды. Гиперкалиемияның даму қауіп факторларына бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, бүйрек функциясының нашарлауы, жасы (> 70 жас), қант диабеті, қатарлас құбылыстар, атап айтқанда, сусыздану, жүректің жедел декомпенсациясы, метаболизмдік ацидоз және калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), құрамында калий бар қоспаларды немесе калий бар
тұз алмастырғыштарды бір мезгілде қолдану; немесе қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауымен байланысты басқа препараттарды қабылдайтын пациенттер (мысалы, гепарин, құрамында триметоприм бар препараттар, мысалы, котримоксазол). Калий қоспаларын, калий жинақтаушы диуретиктерді, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды немесе қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелетін басқа препараттарды қолдану, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, қан сарысуындағы калий деңгейінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия күрделі, кейде өлімге әкелетін аритмияны тудыруы мүмкін. Егер эналаприлді және жоғарыда аталған препараттардың кез келгенін бір мезгілде қолдану орынды деп саналса, оларды сақтықпен және қан сарысуындағы калий деңгейін жиі бақылау кезінде қолданған жөн.
Литий
Литий мен эналаприлдің біріктірілімі әдетте ұсынылмайды.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II немесе алискирен рецепторларының блокаторларын бір мезгілде қолдану гипотензияның, гиперкалиемияның даму және бүйрек функциясының (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) төмендеу қаупін арттыратыны туралы деректер бар. Сондықтан АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II немесе алискирен рецепторларының блокаторларын бірге қолдану жолымен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокадамен емдеу аса қажет деп саналса, оны тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясын, электролиттерді және артериялық қысымды жиі қадағалап отыру керек.
АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Педиатриялық популяция
> 6 жастағы гипертониясы бар балаларда препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша тәжірибе шектеулі, бірақ басқа көрсеткіштер бойынша тәжірибе жоқ. 2 айдан асқан балаларда қолдану бойынша шектеулі фармакокинетикалық деректер бар. Энам гипертониядан басқа көрсетілімдер кезінде балаларда қолдануға ұсынылмайды.
Энамды нәрестелерде және шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 30 мл/мин/1,73 м 2 болатын педиатриялық пациенттерде қолдану ұсынылмайды, өйткені мұндай пациенттерде препаратты қолдану деректері жоқ.
Жүктілік
АӨФ тежегіштерін жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. Егер АӨФ тежегіштерімен емді жалғастыру қажет деп есептелмесе, жүктілікті жоспарлаған пациенттер жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігінің бейіні анықталған альтернативті гипертензияға қарсы препараттарға ауысуы керек. Егер жүктілік диагнозы қойылса, АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болса альтернативті емді бастау керек.
Этникалық айырмашылықтар
Ангиотензин түрлендіруші ферменттің басқа тежегіштері сияқты, эналаприл қара нәсілді емес адамдарға қарағанда қара нәсілділерде артериялық қысымды төмендетуде тиімділігі аз, қара нәсілді гипертониктер популяциясында ренин мөлшері төмен аурулардың көбеюіне байланысты.
Лактоза
Галактоза жақпаушылығының, лактазаның толық тапшылығының немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.