Барлық препараттар сияқты, аталған дәрілік препарат пациенттердің бәрінде бірдей дами бермейтін жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін.
Өте жиі (10 адамның 1-ден көбінде болуы мүмкін)
• анық көрмеу (бұлыңғыр көру),
• бас айналу,
• жөтел,
• жүрек айну,
• әлсіздік (астения)
Жиі (10 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)
• бас ауыру, депрессия,
• артериялық қысымның төмендеуі, естен тану (ентігу), кеуденің ауыруы, ырғақ бұзылулары, стенокардия, жүректің жиі соғуы,
• тыныстың тарылуы (ентігу),
• диарея, іштің ауыруы, дәм сезудің өзгеруі,
• терінің бөртуі, бет, аяқ-қол, ерін, тілдің және/немесе жұтынудың немесе дем алудың қиындауымен көмей ісінуімен болатын аллергиялық реакциялар,
• шаршау,
• қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, сарысуда креатинин деңгейінің артуы
Жиі емес (100 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)
• анемия,
• қандағы төмен қант деңгейі,
• сананың шатасуы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, күйгелектік, қолдың немесе аяқтың шаншуы (парестезия), вертиго (айналуды сезіну),
• тұрған немесе жатқан қалыптан тез көтерілгенде артериялық қысымның төмендеуі, жүректің жиі және қатты соғуы, жүрек ұстамасы немесе инсульт, жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары пациенттерде өте төмен артериялық қысым салдарынан болуы мүмкін,
• тұмаурату (ринорея), тамақтың ауыруы, қарлығу, демікпе,
• ішек бітелісі (ішек өтімсіздігі), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), жүрек айну (құсу), асқазан-ішек бұзылыстары (диспепсия), іш қату, асқазанның тітіркенуі, ауыз кеберсуі, тәбет жоғалту (анорексия), асқазанның ойық жарасы,
• тершеңдік, қышыну, есекжем, шаштың түсуі,
• бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, несепте ақуыз болуы (протеинурия),
• ерлердегі cексуалдық дисфункциялар (импотенция),
• бұлшықеттердің түйілуі, қан тебу, құлақтың шыңылдауы (тиннитус), қызба, жалпы хал-ахуал нашарлауы (дімкәстану),
• сарысудағы жоғары мочевина деңгейі, қандағы төмен натрий деңгейі
Сирек (1000 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)
• қан көрсеткіштерінің өзгеруі (лейкоциттер мен эритроциттер, гемоглобин, тромбоциттер санының төмендеуі), аутоиммундық аурулар,
• аномальді түстер көру, ұйқының бұзылуы,
• қол мен аяқ саусақтарының ара-тұра бозаруы (Рейно синдромы),
• өкпе инфильтраттары, мұрын шырышты қабығының қабынуы, пневмония,
• ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуі немесе ойық жаралары, тілдің қабыну аурулары,
• бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың қабынуы, терінің сарғайып кетуіне (сары ауру) әкелуі мүмкін өт жолдарының обструкциясы,
• терінің қызаруы, теріде күлбіреуіктер түзілуі және терінің, әсіресе, қол мен аяқтағы, ауыз қуысындағы немесе оның айналасындағы тері жабындарының ісінуге бейімділігі және температураның көтерілуі (Стивенс-Джонсон синдромы), терінің қабыршақтануы,
• несеп мөлшерінің азаюы,
• ерлерде кеуде бездерінің үлкеюі (гинекомастия),
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек (10000 адамның 1-не дейін болуы мүмкін)
• ішек шырышты қабығының ісінуі
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• диурезге қарсы гормонның талапқа сай емес секреция синдромы (ДҚГТС)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz