Энап®-HЛ қабылдауды тоқтату және егер келесі симптомдар көрініс бере бастаса, дереу медициналық жәрдемге жүгіну аса зор маңызды:
- аллергиялық реакция - сізде қышыну, ентігу немесе ысқырықты дем алу, сондай-ақ қол, ауыз, тамақ, бет немесе көздің ісінуі пайда болуы мүмкін. Егер сіз қара нәсілге жатсаңыз, сіз ондай пациенттерде осындай реакциялар жиірек байқалатынын білуге тиіссіз.
Энап®-НЛ қабылдауды дереу тоқтату, ал егер келесі жағымсыз реакциялар пайда болса, дәрігерге қаралу керек:
• қатты бас айналу, естен тану алдындағы күй, әсіресе, емдеудің басында немесе дозаны арттырғанда немесе тұрғанда.
Басқа болжамды жағымсыз әсерлер
Өте жиі (10 адамның 1-нен көбінде туындауы мүмкін)
- анық көрмеу, жөтел, нашар хал-ахуал (жүрек айну), әлсіздік
Жиі (10 адамның көп дегенде 1-де туындауы мүмкін)
• бас ауыру, депрессия, төмен артериялық қысым, естен тану (синкопе)
• стенокардия немесе кеуденің ауыруы, жүрек ырғағының өзгеруі, жүректің жиілеп немесе жүйесіз соғуы (пальпитация), ентігу
• диарея, асқазан аумағының ауыруы (құрсақ қуысы), дәм сезудің өзгеруі, сұйықтық іркілуі (ісіну), шаршау сезімі
• бөртпе, аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну: бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі хабарланды
• қанда калий деңгейінің жоғарылауы, сарысуда креатинин деңгейінің жоғарылауы (екі құбылыс та, әдетте, тест көмегімен анықталады); қандағы калий деңгейінің төмендеуі, холестерин деңгейінің жоғарылауы, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
• бұлшықеттер түйілуі
Жиі емес (100 адамның, көп дегенде, 1-де туындауы мүмкін)
- анемия (оның ішінде аплазиялық және гемолиздік), үрейлену, жоғары саналылық немесе тұрақсыздық сезімі (қандағы төмен қант деңгейінен болатын), сананың шатасуы, ұйқышылдық, ұйқымен байланысты қиындықтар, күйгелектік, шаншып кету немесе ұйып қалу сезімі, бас айналуын сезіну (вертиго)
- төмен артериялық қысым (орыннан тұрған кезде бас айналуды тудыруы мүмкін), жүректің жиілеп немесе жүйесіз соғуы, жүрек ұстамасы немесе инсульт (жоғары қауіп бар пациенттерде)
- тұмаурату, тамақ ауыруы және дауыс қарлығуы, тыныстың тарылуы немесе бронх демікпесі
- ішектің бітелуі немесе оның бойымен тамақтың баяу жылжуы (ішек бітелісі), панкреатит, жүрек айну, асқазан бұзылысы, іш қату, тәбет болмауы (анорексия), асқазан тітіркенуі, ауыз кеберсуі, метеоризм, подагра
- бостық және аштық сезінумен күйдіріп, сыздап ауыруы, әсіресе, асқазан бос болғанда (пептидті ойық жарадан болатын), қатты терлеп кету, қышыну, есекжем (есекжем), шаштың түсуі, несептегі ақуыз (әдетте, тест көмегімен анықталады)
- импотенция, либидо төмендеуі, бетке қан тебу, құлақтағы шыңыл, сылбырлық сезімі, жоғары температура
- қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы және қанда натрий деңгейінің төмендеуі (әдетте, тест көмегімен анықталады), әлсіздік (дімкәстану)
- қандағы төмен магний деңгейі (гипомагниемия)
- бүйрек кінәраттары
- буындар ауыруы
Сирек (1 000 адамның, көп дегенде, 1-де туындауы мүмкін)
• қалыптан тыс түстер көру, ұйқы кінәраттары
• лейкоциттер, эритроциттер, гемоглобин, тромбоциттер деңгейінің төмендеуі, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі (оның бәрі, әдетте, талдаулар көмегімен анықталады)
• мойын, қолтық немесе шап бездерінің ұлғаюы, аутоиммундық аурулар, қызару мен ауыруды туындататын қол және аяқ саусақтарына қан ағып келуінің төмендеуі (Рейно ауруы), өкпедегі сұйықтық, тұмаурату немесе мұрынның ауыруы
• эозинофилиялық пневмония (белгілері жөтел, жоғары температура және тыныстың тарылуы болуы мүмкін)
• ауыздың ауыруы, ісінуі немесе ойық жаралары, тілдің инфекциясы немесе ауыруы мен ісінуі, белдің ауруы және бөлінетін несеп көлемінің төмендеуі сияқты бүйрек кінәраттары
• мұрынның қабынуы, өкпеде сұйықтықтың немесе басқа заттардың жиналуы (рентгенограммада көрсетілгендей), тыныстың тарылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі
• бауыр жеткіліксіздігі немесе гепатит, бұл терінің сарғайып кетуін (сарғаю) тудыруы мүмкін, өт қалтасының кінәраттары
• жоғары температурамен аса жоғары сезімталдық реакциясы, нысанаға ұқсас тері бөртпесі (мультиформалы эритема), Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермиялық некролиз (қызару, қабыршақтану және сулы бөртпелер түзілуімен болатын терінің ауыр аурулары), терінің және шаштың қабыршақтануымен терінің ауыр бөртпесі (эксфолиативті дерматит), терінің қызыл жегісі (иммундық ауру), қабыршақтанатын қызыл бөртпе (эритродермия), сұйықтық толып кеткен терідегі шағын көпіршіктер (сулы бөртпе), терідегі қоңыр қызыл немесе қызыл дақтар (пурпура), ерлерде сүт бездерінің ұлғаюы
• бауыр ферменттерінің немесе қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы (әдетте, қан талдауымен анықталады), қандағы қант деңгейінің жоғарылауы
• бұлшықет әлсіздігі, кейде калийдің төмен мөлшері салдарынан (парездер)
Өте сирек (10 000 адамның, көп дегенде, 1-де туындауы мүмкін)
- ішек ісінуі (ішектің ангионевроздық ісінуі). Белгілер іштің ауыруын, жүрек айну мен құсу, қандағы кальций деңгейінің жоғарылауын қамтуы мүмкін
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- терінің меланомалы емес обыры (негіздік-жасушалы карцинома және жалпақ жасушалы карцинома)
Келесі белгілердің кейбірін немесе бәрін қамтуы мүмкін күрделі жағымсыз әсері туралы да хабарланды:
• қызба, қан тамырларының қабынуы, бұлшықеттердің немесе буындардың ауыруы және қабынуы
• сіздің қаныңыздың компоненттеріне әсер ететін қан аурулары (әдетте, қан талдауы көмегімен анықталатын)
• бөртпе, күн сәулесіне жоғары сезімталдық және теріге басқа да әсерлер.
• сұйықтық іркілуін тудыратын диурезге қарсы гормонның жоғары секрециялануы, бұл әлсіздікке, қажуға немесе сананың шатасуына әкеледі.
• жоғары қысым салдарынан көрудің төмендеуі немесе көздің ауыруы (көздің тамырлы қабығында сұйықтықтың болжамды жиналу белгілері (хориоидты жалқық)).
Егер осы жағымсыз әсерлердің қандай да бірі күрделі сипат алса немесе егер сіз осы қосымша парақта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, бұл жөнінде өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке мәлімдеңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz