Әсер ету механизмі
Қуық асты безінің обыры андрогендердің болуына тәуелденеді және андрогендік рецепторлар белсенділігінің бәсеңдеуіне жауап береді. Қан плазмасында андрогендердің төмен немесе тіпті анықталмайтын деңгейлеріне қарамастан, ісік жасушаларындағы андрогендік рецепторлар белсенділігі аурудың үдеуіне ықпал етуін жалғастырады. Андрогендік рецепторлар көмегімен ісік жасушаларының көбеюін көтермелей отырып, олардың жасуша ядросына транслокациялануын және ДНҚ-мен байланысуын қажет етеді. Энзалутамид – андрогендік рецепторлардың дабыл жолының бірнеше сатысын бөгейтін тежегіш. Энзалутамид андрогендердің андрогендік рецепторлармен байланысуын бәсекелі тежейді, белсенділенген рецепторлардың ядролық транслокациясын бәсеңдетеді, ал тіпті андрогендік рецепторлардың шамадан тыс экспрессиялану жағдайларында және антиандрогендерге төзімді ісік жасушаларында андрогендердің белсенділенген рецепторларының ДНҚ-мен байланысуын тежейді. Негізгі метаболит, N-десметил энзалутамид in vitro энзалутамидтің осынысына ұқсас белсенділігін көріністеді. Энзалутамидпен емдеу in vitro қуық асты безінің ісік жасушасының өсуін бәсеңдетеді және жасушалардың қырылуын және ісік регрессиясын индукциялауы мүмкін. Энзалутамидтің андрогендік рецепторларға қатысты агонистік белсенділігі жоқ.
Фармакодинамикалық әсерлері
Доцетакселмен алдыңғы емі тиімсіз болған пациенттердің қатысуымен III фазаның (AFFIRM) клиникалық зерттеуінде энзалутамидпен ем қабылдаған пациенттердің 54%-да, әрі плацебо алған пациенттердің тек 1,5 %-да ПСА деңгейінің, бастапқы мәнімен салыстырғанда, кем дегенде, 50% төмендеуі білінді.
III фазаның (PREVAIL) басқа клиникалық зерттеуінде бұрын химиялық емнен өтпеген, энзалутамид қабылдап жүрген пациенттерде, плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, жалпы ПСА деңгейі бойынша жауаптың (бастапқы мәнімен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген), тиісінше, 78,0% және 3,5% едәуір жоғарырақ жиілігі көріністелді (айырма = 74,5 %, р < 0,0001).
Бұрын химиялық емнен өтпеген пациенттердің қатысуымен II фазаның (TERRAIN) клиникалық зерттеуінде энзалутамидпен ем қабылдаған пациенттерде жалпы ПСА деңгейі бойынша жауаптың (бастапқы мәнімен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген), бикалутамид алған пациенттермен салыстырғанда, тиісінше, 82,1% және 20,9% едәуір жоғарырақ жиілігі көріністелді (айырма = 61,2 %, р < 0,0001).
Бұрын, кем дегенде, 24 апта бойы абиратеронмен (әрі преднизонмен) ем қабылдаған пациенттердің қатысуымен салыстырмалы (9785CL0410) зерттеуде 22,4%-да ПСА деңгейінің, бастапқы мәнімен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі білінді. Анамнезінде химиялық ем болуына қарай, ПСА деңгейінің ≥ 50% төмендеуі бар пациенттер үлесі анамнезінде химиялық ем болмаған және анамнезінде химиялық ем болған пациенттердің топтарында, тиісінше, 22,1% және 23,2% құрады.
Қуық асты безінің кастрациялауға төзімді метастаздық емес және метастаздық обырына (ҚБКТО) шалдыққан пациенттердің қатысуымен MDV3100-09 (STRIVE) клиникалық зерттеуінде энзалутамидпен ем қабылдаған пациенттерде жалпы ПСА деңгейі бойынша расталған жауаптың (бастапқы мәнімен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген), бикалутамид алған пациенттермен салыстырғанда, тиісінше, 82,3% және 31,3% нақты өте жоғары жиілігі көріністелді (айырма = 50,0 %, р < 0,0001).
Метастаздық емес ҚБКТО бар пациенттердің қатысуымен MDV3100-14 (PROSPER) клиникалық зерттеуінде энзалутамид қабылдаған пациенттерде жалпы ПСА деңгейі бойынша расталған жауаптың (бастапқы мәнімен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген), плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, тиісінше, 76,3% және 2,4% нақты өте жоғары жиілігі көріністелді (айырма = 73,9 %, р < 0,0001).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Энзалутамид тиімділігі антиандрогендік ем әсері болмаған [РФЛГ аналогтарымен немесе екі жақты орхиэктомиядан кейін] қуық асты безінің үдемелі обырына шалдыққан пациенттер қатысқан III фазаның рандомизацияланған плацебо-бақыланатын көп орталықтық үш клиникалық [MDV3100-14 (PROSPER), CRPC2 (AFFIRM), MDV3100-03 (PREVAIL)] зерттеуінде анықталды. PREVAIL зерттеуінде бұрын химиялық емнен өтпеген метастаздық ҚБКТО бар пациенттер қамтылды, ал AFFIRM зерттеуінде бұрын доцетаксел қабылдаған метастаздық ҚБКТО бар пациенттер қамтылды; PROSPER зерттеуінде метастаздық емес ҚБКТО бар пациенттер қамтылды. Бұдан бөлек, 3 фазаның [9785-CL-0335 (ARCHES)] рандомизацияланған плацебо-бақыланатын көп орталықтық бір клиникалық зерттеуінде простатаның гормонға сезімтал метастаздық обыры (ПГСмО) бар пациенттердегі тиімділігі анықталды. Пациенттердің бәріне РФЛГ аналогымен ем жалғастырылды немесе бұрын екі жақты орхиэктомия жасалған. Белсенді ем тобында пациенттер энзалутамидті тәулігіне бір рет 160 мг дозада ішке қабылдады. Төрт клиникалық зерттеуде (ARCHES, PROSPER, AFFIRM және PREVAIL) пациенттер бақылау тобында плацебо алды, әрі пациенттерге преднизолон қолдануға рұқсат етілді (ең жоғары тәуліктік доза 10 мг преднизолон немесе баламасын құрады), бірақ талап етілмеді.
Ол өз алдына, ПСА сарысулық концентрациясының өзгерістері үнемі клиникалық тиімділігінің болжамды факторы бола алмайды. Сондықтан төрт зерттеуде пациенттерге төменде әрбір зерттеу үшін көрсетілген емдеуді тоқтату критерийлерінің пайда болуына дейін зерттелетін емді жалғастыруға кеңес берілді.
9785-CL-0335 (ARCHES) зерттеуі (метастаздық HSPC бар пациенттер)
ARCHES зерттеуінде энзалутамидке қоса ADT немесе плацебоға қоса ADT (ADT LHRH аналогы немесе екі жақты орхиэктомия ретінде белгіленеді) емдеуі үшін 1:1 арақатынасында рандомизацияланған простатаның гормонға сезімтал метастаздық обырына (ПГСмО) шалдыққан 1150 пациент қамтылды. Пациенттер тәулігіне бір рет 160 мг дозада энзалутамид (N = 574) немесе плацебо (N = 576) қабылдады.
Сүйектерді сканерлеудің оң нәтижесімен (сүйек ауруы үшін) немесе компьютерлік томография немесе МРТ (жұмсақ тіндер үшін) арқылы метастаздық зақымдануларымен расталған простатаның метастаздық обыры бар пациенттер қаралды. Ауруы жамбастың аймақтық лимфа түйіндерімен шектелген пациенттер зерттеуге қосылмады. Пациенттерге доцетакселмен емнің 6 циклына дейін өтуге рұқсат етілді, 1-ші күннен бастап 2 ай ішінде аяқталған емдеу соңғы рет енгізілді және доцетакселмен ем кезінде немесе ол аяқталған соң аурудың үдеу белгілері болмады. Белгілі немесе болжамды ми метастаздары немесе белсенді лептоменингит ауруы бар немесе анамнезінде ұстамалары немесе ұстамаға ықпал ететін кез келген факторлары болған пациенттер зерттеуден шығарылды.
Демографиялық және бастапқы сипаттамалар екі емдеу тобының арасында жақсы теңестірілді. Рандомизация кезіндегі орта жас екі емдеу тобында да 70 жас болды. Жалпы қауымдағы пациенттердің көпшілігі еуропалық нәсілден (80,5%); 13,5%-ы азиялықтар, ал 1,4%-ы қара нәсілді болды. Зерттеуге қосылу сәтінде Шығыс кооперативтік онкологиялық тобының тиімділік статусын бағалауы (ECOG PS) пациенттердің 78%-ы үшін 0 және пациенттердің 22%-ы үшін 1 құрады. Пациенттер осының алдында простата обыры себебімен доцетакселмен ем жүргізілетін ауру деңгейі төмен және жоғары топтарға бөлінді. Пациенттердің отыз жеті пайызында ауру деңгейі төмен болды, ал пациенттердің 63%-да ауру деңгейі жоғары болды. Пациенттердің 82%-ы бұрын доцетакселмен ем қабылдамады, 2%-ы 1-5 цикл алды, ал 16%-ы алдыңғы 6 циклды алды. Доцетакселмен бір мезгілде емдеуге рұқсат етілмеді.
Тәуелсіз орталық шолуға негізделген рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті (rPFS) рандомизациядан бастап аурудың радиографиялық үдеуінің немесе өлімнің, ертерек орын алуына қарамастан, препаратты қабылдауды тоқтатудың бірінші объективті айғақталуына дейінгі (рандомизация сәтінен бастап кез келген себеп бойынша рандомизация сәтінен бастап 24 аптаға дейін) зерттелетін уақыт болып белгіленген бірінші соңғы нүкте болды.
Энзалутамид, плацебомен салыстырғанда, rPFS оқиғасы қаупінің 61% статистикалық мәнді төмендеуін көріністеді [HR = 0,39 (95% СА: 0,30, 0,50); р < 0,0001]. Тұрақты rPFS нәтижелері ауру деңгейі жоғары немесе төмен пациенттерде, сондай-ақ осының алдында доцетакселмен емделген және емделмеген пациенттерде байқалды. rPFS оқиғасына дейінгі орташа уақытқа энзалутамид тобында қол жеткізілмеді, ал плацебо тобында 19,0 айға созылды (95% СА: 16,6, 22,2).
1 кесте. ARCHES зерттеуінде энзалутамид немесе плацебо қабылдаған пациенттердегі тиімділігі туралы жиынтық ақпарат (емдеу ниетін талдау)
Энзалутамидке қоса АДТ (N = 574) — Плацебоға қоса АДТ(N = 576)
Үдеусіз рентгенологиялық тіршілік қабілеті
Құбылыстар саны (%) — 91 (15.9) — 201 (34.9)
Медиана, айлармен (95% СА)1 — NR — 19.0 (16,6, 22,2)
Қауіптер қатынасы (95% СА) 2 — 0.39 (0.30, 0.50)
P мәні2 — р > 0.0001
NR = қол жеткізілмеді
1. Брукмейер және Кроули әдісін пайдаланумен есептелген.
2. Ауру көлемі (төмен немесе жоғары) және оның алдында доцетакселді қолдану (иә немесе жоқ) бойынша стратификациялау
1 сурет. ARCHES зерттеуіндегі rPFS Каплан-Мейер қисығы (емдеуді талдау)
Зерттеуде бағаланған тиімділігінің шешуші екінші соңғы нүктелері ПСА үдеуіне дейінгі уақыт, ісікке қарсы жаңа емнің басталуына дейінгі уақыт, анықталмайтын ПСА деңгейі (< 0,2 мкг/л дейінгі төмендеуі) және объективті жауап жиілігі болды (тәуелсіз шолу негізіндегі RECIST 1.1). Энзалутамид қабылдаған пациенттердің бәрінде осы екінші соңғы нүктелердің, плацебомен салыстырғанда, статистикалық маңызды жақсаруы көріністелді.
Зерттеуде бағаланған екіншілік тиімділігінің басқа шешуші соңғы нүктесі жалпы тіршілік қабілеті болды. 356 өлім оқиғасын қадағалаумен жүргізіліп, алдын ала белгіленген түпкілікті талдауда, плацебо қабылдау үшін рандомизацияланған топпен салыстырғанда, энзалутамид плацебо қабылдау үшін рандомизацияланған топта өлім қаупінің 34% статистикалық маңызды төмендеуі көріністелді [HR = 0,66 (95% СА: 0,53, 0,81), p < 0,0001]. Бір де бір емдеу тобында жалпы тіршілік қабілетінің орташа уақытына қол жеткізілмеді. Барлық пациенттер үшін қадағалау уақытын есептеу медианасы 44,6 айға созылды (2 суретті қараңыз).
2 сурет. ARCHES зерттеуіндегі жалпы тіршілік қабілетінің Каплан-Мейер қисығы (емдеуді талдау)
MDV3100-14 (PROSPER) зерттеуі (метастаздық емес ҚБКТО бар пациенттер)
PROSPER зерттеуінде антиандрогендік емді жалғастырған (ААТ; РФЛГ аналогын қолдану немесе оның алдындағы екі жақты орхиэктомия) симптомсыз ағыммен үдеу қаупі жоғары метастаздық емес ҚБКТО бар 1401 пациент қамтылды. Пациенттердің зерттеуге қатысуы үшін ПСА ≤ 10 айлық деңгейінің екі еселену уақыты, ПСА ≥ 2 нг/мл деңгейі және орталықтан жүргізілген тәуелсіз жасырын бағалау (ОТЖБ) кезінде метастаздық емес аурудың расталуы қажет болды.
Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (NYHA бойынша I немесе II класс) және құрысу шегінің төмендеуін туындататын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге зерттеуге қатысуға рұқсат етілді. Анамнезінде құрысулар болған немесе құрысулардың дамуына ықпал етуі мүмкін жай-күйде жүрген немесе бұрын қуық асты безінің обыры себебімен кейбір препараттарды (яғни, химиялық ем, кетоконазол, абиратерон ацетаты, аминоглутетимид және/немесе энзалутамид) қабылдаған пациенттер зерттеуден шығарылды.
Пациенттер энзалутамидті тәулігіне бір рет 160 мг дозада (N = 933) немесе плацебоны (N = 468) ішке қабылдауға 2:1 арақатынасында рандомизацияланды. Пациенттер простата-спецификалық антиген (ПСА) деңгейінің екі еселену уақытына (ПСАЕУ) (< 6 ай немесе ≥ 6 ай) және сүйекке әсер ететін препараттардың қолданылуына (иә немесе жоқ) қарай стратификацияланды.
Демографиялық және бастапқы сипаттамалары екі топта да теңестірілді. Рандомизация кезіндегі жас медианасы энзалутамид тобында 74 жас, ал плацебо тобында 73 жас болды. Зерттеудегі пациенттердің көпшілігі (71% жуық) еуропалық нәсілден; 16%-ы монғол нәсілінен, 2%-ы қара нәсілді болды. Пациенттердің сексен бір пайызында (81%) Шығыс бірлескен онкологиялық тобының (ECOG) шкаласы бойынша жалпы жай-күй бағасы 0 құрады, ал пациенттердің 19%-да ECOG шкаласы бойынша жалпы жай-күй бағасы 1 құрады.
Метастазданусыз тіршілік қабілеті (МТҚ), қандай оқиғаның бірінші орын алуына қарай, рентгенографиялық үдеу белгілерінсіз емдеуді тоқтатудан кейін 112 күн ішінде рандомизациядан бастап рентгенографиялық үдеуге немесе өлімге дейінгі уақыт болып белгіленген бірінші соңғы нүкте болды. Зерттеуде бағаланатын негізгі екінші соңғы нүктелерде ПСА деңгейі бойынша үдеуге дейінгі уақыт, ісікке қарсы жаңа емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыт (ІЕҚУ), жалпы тіршілік қабілеті (ЖҚ) қамтылды. Қосымша екінші соңғы нүктелерде цитоуытты химиялық емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыт және химиялық ем қолданылмайтын тіршілік қабілеті қамтылды. Нәтижелерін төменнен қараңыз (2 кесте).
Энзалутамид қолдану кезінде рентгенографиялық үдеу немесе өліммен аяқталудың салыстырмалы қаупінің, плацебомен салыстырғанда, 71% статистикалық маңызды төмендеуі көріністелді [ҚҚ = 0,29 (95 % СА: 0,24 - 0,35), p < 0,0001]. МТҚ медианасы энзалутамид тобында 36,6 айға (95% СА: 33,1 - ҚЖ) және плацебо тобында 14,7 айға (95% СА: 14,2 - 15,0) созылды. МТҚ бойынша салыстырмалы нәтижелер, сонымен қатар, ПСАЕУ (< 6 ай немесе ≥ 6 ай), демографиялық аймақ (Солтүстік Америка, Еуропа, қалған аймақтар), жас шамасы (< 75 жас немесе ≥ 75 жас), оның алдында сүйекке әсер ететін препараттарды қолдану (иә немесе жоқ) қамтылған пациенттердің барлық алдын ала көзделген қосалқы топтарында білінді (3 суретті қараңыз).
2 кесте: PROSPER зерттеуінде тиімділігін бағалау қорытындыларының қысқаша сипаттамасы (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Энзалутамид (N = 933) — Плацебо (N = 468)
Бірінші соңғы нүкте
Метастазданусыз тіршілік қабілеті
Құбылыстар саны (%) — 219 (23,5) — 228 (48,7)
Медиана, айлар (95% СА)1 — 36,6 (33,1 - ҚЖ) — 14,7 (14,2 - 15,0)
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,29 (0,24 - 0,35)
Р мәні3 — p < 0,0001
Тиімділігін бағалаудың негізгі екінші соңғы нүктелері
Жалпы тіршілік қабілеті4
Құбылыстар саны (%) — 288 (30.9) — 178 (38.0)
Медиана, айлармен (95 % СА)1 — 67.0 (64.0, NR) — 56.3 (54.4, 63.0)
Қауіптер арақатынасы (95% СА)2 0.734 (0.608, 0.885)
Р мәні3 p = 0,0011
ПСА деңгейі бойынша үдеуге дейінгі уақыт
Құбылыстар саны (%) — 208 (22,3) — 324 (69,2)
Медиана, айлар (95% СА)1 — 37,2 (33,1 - ҚЖ) — 3,9 (3,8 - 4,0)
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,07 (0,05 - 0,08)
Р мәні3 — p < 0,0001
Ісікке қарсы жаңа емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыт
Құбылыстар саны (%) — 142 (15,2) — 226 (48,3)
Медиана, айлар (95% СА)1 — 39,6 (37,7 - ҚЖ) — 17,7 (16,2 - 19,7)
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,21 (0,17 - 0,26)
Р мәні3 — p < 0,0001
ҚЖ = қол жеткізілмеген.
• Каплан-Мейер қисықтары бойынша есептеулер негізінде.
• ҚҚ мәні ПСА екі еселену уақыты және сүйекке әсер ететін препараттарды алдыңғы немесе қатарлас қолдану бойынша стратификацияланған Кокс регрессиялық моделіне (бірден бір ковариата ретінде емдеумен) негізделген. ҚҚ, плацебомен салыстырғанда, энзалутамид пайдасына < 1.
• Р мәні ПСА екі еселену уақыты (< 6 ай, ≥ 6 ай) және сүйекке әсер ететін препараттарды алдыңғы немесе қатарлас қолдану (иә, жоқ) бойынша стратификацияланған лог-ранг критерийіне негізделген.
4. Деректер жинау тоқтатылған күн 2019 ж. 15 қазан болып алдын ала белгіленген аралық талдау негізінде.
Медиана 36,6 айМедиана 14,7 айМедиана 36,6 айМедиана 14,7 айЭнзалутамид (N = 933)Плацебо (N = 468)Энзалутамид (N = 933)Плацебо (N = 468)Қауіптер қатынасы= 0,2995% СА (0,24 - 0,35), p < 0,0001Қауіптер қатынасы= 0,2995% СА (0,24 - 0,35), p < 0,0001АйларАйларМетастаздаиусыз тіршілік қабілеті (%)елітенірования (%)Метастаздаиусыз тіршілік қабілеті (%)елітенірования (%)Қауіп тобының пациенттеріЭнзалутамидПлацебоҚауіп тобының пациенттеріЭнзалутамидПлацебо
3 сурет: PROSPER зерттеуінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған метастазданусыз тіршілік қабілетінің қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Өлімнің 466 жағдайында жалпы тіршілік қабілетіне өткізілген түпкілікті талдауда энзалутамид қабылдау үшін рандомизацияланған пациенттерде, плацебо қабылдауға рандомизацияланған пациенттермен салыстырғанда, өлім қаупінің 26,6% төмендеуімен жалпы тіршілік қабілетінің статистикалық маңызды жақсаруы көріністелді [Қауіптер арақатынасы (HR) = 0,734, (95% СА: 0,608; 0,885), p = 0,0011] (4 суретті қараңыз). Орташа қадағалау уақыты энзалутамид пен плацебо топтары үшін, тиісінше, 48,6 және 47,2 айға созылды. Энзалутамид қабылдаған пациенттердің отыз үш пайызы, әрі плацебо алған пациенттердің 65%-ы келесі жолы жалпы тіршілік қабілетін ұзарта алатын, кем дегенде, бір ісікке қарсы ем қабылдады.
4 сурет: PROSPER зерттеуіндегі жалпы тіршілік қабілетінің Каплан-Мейер қисықтары (емдеуді талдау)
Энзалутамид ПСА деңгейінің салыстырмалы үдеу қаупінің, плацебомен салыстырғанда, 93% статистикалық мәнді төмендеуін көріністеді [ҚҚ = 0,07 (95% СА: 0,05 - 0,08), p < 0,0001]. ПСА деңгейі бойынша үдеуге дейінгі уақыт медианасы энзалутамид тобында 37,2 айға (95% СА: 33,1 - ҚЖ), ал плацебо тобында 3,9 айға (95% СА: 3,8, 4,0) созылды.
Энзалутамид ісікке қарсы жаңа емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыттың, плацебомен салыстырғанда, статистикалық мәнді баяулауын көріністеді [ҚҚ = 0,21 (95% СА: 0,17 - 0,26), p < 0,0001]. Ісікке қарсы жаңа емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыт медианасы энзалутамид тобында 39,6 айға (95% СА: 37,7 - ҚЖ), ал плацебо тобында 17,7 айға (95% СА: 16,2 - 19,7) созылды (5 суретті қараңыз).
Қауіптер қатынасы = 0,2195% СА (0,17 - 0,26), p <0,0001Қауіптер қатынасы = 0,2195% СА (0,17 - 0,26), p <0,0001Медиана 39,6 айМедиана 17,7 айМедиана 39,6 айМедиана 17,7 айЭнзалутамид (N = 933)Плацебо (N = 468)Энзалутамид (N = 933)Плацебо (N = 468)Айлар Айлар Қауіп тобындағы пациенттерЭнзалутамидПлацебоҚауіп тобындағы пациенттерЭнзалутамидПлацебоІсікке қарсы ем (%)Ісікке қарсы ем (%)
5 сурет: PROSPER зерттеуінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған ісікке қарсы жаңа емнің алғашқы қолданылуына дейінгі уақыт қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
MDV3100-09 (STRIVE) зерттеуі (бұрын химиялық емнен өтпеген метастаздық емес/метастаздық ҚБКТО бар пациенттер)
STRIVE зерттеуінде, тәулігіне бір рет 160 мг энзалутамид (N = 198) немесе тәулігіне бір рет 50 мг бикалутамид тобына (N = 198) ауру үдеуінің серологиялық немесе рентгенографиялық белгілерімен метастаздық емес немесе метастаздық ҚБКТО бар 396 пациент қамтылды, зерттеу кезіндегі рандомизациядан бастап рентгенографиялық үдеудің, ПСА деңгейі бойынша үдеудің немесе өліммен аяқталудың алғашқы объективті көрінісіне дейінгі уақыт болып белгіленген бірінші соңғы нүкте болып табылған ҮТҚ тобына рандомизацияланған бастапқы антиандрогендік емге қарамастан. ҮТҚ медианасы энзалутамид тобында 19,4 айға (95% СА: 16,5 - қол жеткізілмеді) және бикалутамид тобында 5,7 айға (95% СА: 5,6 - 8,1) созылды [ҚҚ = 0,24 (95% СА: 0,18 - 0,32), p < 0,0001]. Пациенттердің алдын ала көзделген топтарының бәрінде ҮТҚ тұрғысынан энзалутамидтің бикалутамидтен өзгеріссіз артықшылығы білінді. Метастаздық емес аурудың қосалқы тобында (N = 139) энзалутамид қабылдаған 70 пациенттің небәрі 19-да (27,1%), ал бикалутамид қабылдаған 69 пациенттің 49-да (71,0%) ҮТҚ оқиғасы (жалпы жиынтығы, 68 оқиға) болды. Қауіптер қатынасы 0,24 (95% СА: 0,14 - 0,42), ал ҮТҚ құбылыстарына дейінгі уақыт медианасына, бикалутамид тобындағы 8,6 аймен салыстырғанда, энзалутамид тобында қол жеткізілмеді (6 суретті қараңыз).
АйларАйларҚауіп тобындағы пациенттер ЭнзалутамидБикалутамидҚауіп тобындағы пациенттер ЭнзалутамидБикалутамидҚауіптер қатынасы = 0,2495% СА (0,18 - 0,32), p <0,0001Қауіптер қатынасы = 0,2495% СА (0,18 - 0,32), p <0,0001Медиана 19,4 айМедиана 5,7 айМедиана 19,4 айМедиана 5,7 айЭнзалутамид (N = 198)Бикалутамид (N = 198)Энзалутамид (N = 198)Бикалутамид (N = 198)Үдейсіз тіршілік қабілеті(%)Үдейсіз тіршілік қабілеті(%)
6 сурет: STRIVE зерттеуінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған үдеусіз тіршілік қабілетінің қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
9785-CL-0222 (TERRAIN) зерттеуі (бұрын химиялық емнен өтпеген метастаздық ҚБКТО бар пациенттер)
TERRAIN зерттеуінде тәулігіне бір рет 160 мг дозада энзалутамид (N = 184) немесе тәулігіне бір рет 50 мг дозада бикалутамид (N = 191) қабылдауға рандомизацияланған, бұрын антиандрогендік ем және химиялық ем алмаған 375 пациент қамтылды. ҮТҚ медианасы, бикалутамид қабылдаған пациенттердегі 5,8 аймен салыстырғанда, энзалутамид қабылдаған пациенттерде 15,7 айға созылды [ҚҚ = 0,44 (95% СА: 0,34 - 0,57), р < 0,0001]. Үдеусіз тіршілік қабілеті қаңқамен байланысты оқиғалардың орталықтан жүргізілген тәуелсіз бағалауы бойынша аурудың рентгенографиялық үдеуінің объективті белгілерінің пайда болуына, ісікке қарсы жаңа емнің басталуына немесе оның ертерек болғанына қарамастан, кез келген себеппен өліммен аяқталуға дейінгі тіршілік қабілеті болып белгіленді. Пациенттердің алдын ала белгіленген қосалқы топтарының бәрінде ҮТҚ тұрғысынан тұрақты оң әсері білінді.
MDV310003 (PREVAIL) зерттеуі (бұрын химиялық емнен өтпеген метастаздық емес/метастаздық ҚБКТО бар пациенттер)
Ауруының симптомсыз ағымы немесе ауырлығы жеңіл дәрежедегі симптомдары бар, бұрын химиялық емнен өтпеген, жалпы жиынтығы, 1717 пациент тәулігіне бір рет ішке 160 мг дозада энзалутамид (N = 872) немесе тәулігіне бір рет ішке плацебо (N = 845) алуға 1:1 арақатынасында рандомизацияланды. Ішкі ағзаларының ауруы бар пациенттерге, ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша I немесе II класс) бар пациенттерге және құрысу шегінің төмендеуін тудыратын препараттар қабылдап жүрген пациенттерге зерттеуге қатысуға рұқсат етілді. Анамнезінде құрысу ұстамалары немесе құрысу дамуына ықпал етуі мүмкін жай-күйлері бар пациенттер және орташа немесе ауыр дәрежедегі қуық асты безінің обыры аясында ауырсыну синдромы болатын пациенттер зерттеуден шығарылды. Зерттелетін ем аурудың үдеуіне (рентгенографиялық үдеу белгілері, қаңқамен байланысты оқиға немесе клиникалық үдеу) және цитоуытты химиялық ем немесе зерттелетін препаратпен емнің басталуына дейін немесе қолайсыз уыттылық дамуына дейін жалғасты.
Емдеу топтарында пациенттердің демографиялық сипаттамалары және аурудың бастапқы сипаттамалары салыстырмалы болды. Жас медианасы 71 жаста болды (диапазон 42 – 93 жас), ал нәсілдік тегі келесі үлгіде белгіленді: еуропалық нәсіл - 77%, монғол нәсілі - 10 %, қара нәсіл - 2 % және 11 % - басқа немесе белгісіз нәсіл. Шығыс бірлескен онкологиялық тобының (ECOG) шкаласы бойынша жалпы жағдай бағасы пациенттердің алпыс сегіз пайызында (68%) 0 құрады, ал пациенттердің 32%-да ECOG шкаласы бойынша жалпы жай-күйдің бағалануы 1 құрады. Ауыру синдромының айқындылығын бағалаудың қысқаша сауалнамасы көмегімен анықтағанда (0-ден 10 дейінгі шкала бойынша соңғы 24 сағат ішіндегі ең қатты ауыруы) ауырудың бастапқы бағасы пациенттердің 67%-да 0-1 (симптомсыз ағым) және 32%-да 2-3 (жеңіл дәрежедегі симптомдар) құрады. Зерттеуге қосылу сәтінде шамамен пациенттердің 45%-да жұмсақ тіндердің зақымдануымен өлшеуге болатын ауру, ал пациенттердің 12%-да ішкі ағзалардағы метастаздар (өкпеде және/немесе бауырда) болды.
Тиімділігін бағалаудың біріктірілген бастапқы соңғы нүктелері жалпы тіршілік қабілеті және рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті (рҮТҚ) болды. Біріктірілген соңғы нүктелерге қосымша ретінде артықшылығы цитоуытты химиялық емнің басталуына, жұмсақ тіндер тарапынан емге жалпы үздік жауап берілуіне дейінгі уақытты, қаңқамен байланысты алғашқы оқиғаға ПСА бойынша жауапқа (бастапқы мәнмен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі) дейінгі уақытты, ПСА деңгейі бойынша үдеуге дейінгі уақытты және қуық асты безі обырының ісікке қарсы емінің жалпы функционалдық бағасының нашарлауына дейінгі уақытты (FACT-P) пайдаланумен де бағаланды.
Рентгенографиялық үдеу Қуық асты безі обырының клиникалық зерттеулері бойынша 2-ші жұмыс тобының (PCWG2) критерийлеріне (сүйек зақымдары үшін) және/немесе Ауқымды ісіктер кезіндегі жауапты бағалау (RECIST 1.1 нұсқа) критерийлеріне (жұмсақ тіндер зақымдануы үшін) сәйкес бірізді жүргізілген көріністік зерттеулерді пайдаланумен бағаланды. рҮТҚ талдауында рентгенографиялық зерттеулер нәтижелері бойынша үдеуге орталықтан жүргізілген бағалау пайдаланылды.
Жалпы тіршілік қабілетінің аралық талдауында энзалутамидпен емдеу тобындағы 540 өлім жағдайынан кейін, плацебо тобымен салыстырғанда, өлім қаупінің 29,4% төмендеуімен жалпы тіршілік қабілетінің статистикалық мәнді жақсаруы көріністелді [ҚҚ = 0,706 (95% СА: 0,60 - 0,84), p < 0,0001]. Жаңартылған деректер бойынша тіршілік қабілетін талдау 784 өлім жағдайынан кейін өткізілді. Осы талдау қорытындылары аралық талдау нәтижелеріне сәйкес болды (4 кесте , 7 сурет). Жаңартылған деректер бойынша талдау жасалған сәтте энзалутамид қабылдаған пациенттердің 52%-ы және плацебо алған пациенттердің 81%-ы келесі емді метастаздық ҚБКТО себебімен қабылдап, жалпы тіршілік қабілетін арттыру мүмкін болды.
PREVAIL 5-жылдық деректерін түпкілікті талдау, пациенттердің 28%-ның плацебодан энзалутамидке ауысқанына қарамастан, плацебомен салыстырғанда, энзалутамид қабылдаған пациенттерде жалпы тіршілік қабілетінің статистикалық маңызды артуы сақталғанын көрсетті [HR = 0,835, (95% СА: 0,75, 0,93); p-value = 0,0008]. Бес жылдық тіршілік қабілеті, плацебо тобындағы 21%-бен салыстырғанда, энзалутамид тобында 26% құрады.
4 кесте: PREVAIL зерттеуінде энзалутамид немесе плацебо қабылдаған пациенттердің жалпы тіршілік қабілеті (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Энзалутамид (N = 872) — Плацебо (N = 845)
Алдын ала көзделген аралық талдау
Өлім жағдайларының саны (%) — 241 (27,6%) — 299 (35,4%)
Тіршілік қабілеті медианасы, айлар (95% СА) — 32,4 (30,1 - ҚЖ) — 30,2 (28,0 - ҚЖ)
Р мәні1 — p < 0,0001
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,71 (0,60 - 0,84)
Жаңартылған деректер бойынша тіршілік қабілетін талдау
Өлім жағдайларының саны (%) — 368 (42,2%) — 416 (49,2%)
Тіршілік қабілеті медианасы, айлар (95% СА) — 35,3 (32,2 - ҚЖ) — 31,3 (28,8 - 34,2)
Р мәні1 — p = 0,0002
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,77 (0,67 - 0,88)
5-жылдық тіршілік қабілетін талдау
Өлім саны (%) — 689 (79) — 693 (82)
Орташа тіршілік қабілеті, айлар (95% СА) — 35.5 (33.5, 38.0) — 31.4 (28.9, 33.8)
Р мәні1 — р = 0.0008
Қауіптілік коэффициенті (95% СА)2 — 0.835 (0.75, 0.93)
ҚЖ = қол жеткізілмеді.
• Р мәні стратификацияланбаған логранг критерийі көмегімен алынды.
• Қауіптер қатынасы пропорционалды қауіптердің стратификацияланбаған моделі арқылы алынды.
Қауіптер қатынасы энзалутамидтің < 1 көбірек тиімділігін айғақтайды.
Қауіп тобындағы пациенттер ЭнзалутамидПлацебоҚауіп тобындағы пациенттер ЭнзалутамидПлацебоМедиана 35,3 айМедиана 31,3 айМедиана 35,3 айМедиана 31,3 айАйларАйларҚауіптер қатынасы = 0,7795% СА (0,67 - 0,88), p = 0,0002Қауіптер қатынасы = 0,7795% СА (0,67 - 0,88), p = 0,0002Энзалутамид (N = 872)Плацебо (N = 845)Энзалутамид (N = 872)Плацебо (N = 845)Тіршілік қабілеті (%)Тіршілік қабілеті (%)
7 сурет: PREVAIL зерттеуінде 5-жылдық деректерді талдау қорытындылары негізінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған жалпы тіршілік қабілетінің қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Қосалқы топ — Пациенттер саны Энзалутамид/ Плацебо — Өліммен аяқталуға тән қауіптер қатынасы (95% СА)
Барлық пациенттер — 872/845 — 0,77 (0,67 - 0,88)
ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдай бағасы = 0 — 584/585 — 0,80 (0,67 - 0,96)
ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдай бағасы = 1 — 288/260 — 0,68 (0,54 - 0,86)
Жасы < 75 жас — 555/553 — 0,87 (0,72 - 1,04)
Жасы ≥75 жас — 317/292 — 0,62 (0,50 - 0,78)
Географиялық аймақ - Солтүстік Америка — 218/208 — 0,88 (0,66 - 1,17)
Географиялық аймақ - Еуропа — 465/446 — 0,74 (0,61 - 0,90)
Географиялық аймақ - әлемнің қалған елдері — 189/191 — 0,71 (0,52 - 0,97)
Ішкі ағзалардың зақымдануы (өкпе және/немесе бауыр) - Иә — 98/106 — 0,69 (0,48 - 1,01)
Ішкі ағзалардың зақымдануы (өкпе және/немесе бауыр) - Жоқ — 774/739 — 0,78 (0,67 - 0,91)
Энзалутамид пайдасына — Плацебо пайдасына
8 сурет: Қосалқы топтардағы 5-жылдық деректер бойынша жалпы тіршілік қабілеті: PREVAIL зерттеуіндегі қауіптер қатынасы және 95% сенім аралығы (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Алдын ала көзделген рҮТҚ талдауында емдеу топтары арасында статистикалық маңызды жақсару және рентгенографиялық үдеу немесе өлім қаупінің 81,4% төмендеуі көріністелді [ҚҚ = 0,19 (95% СА: 0,15 - 0,23), p < 0,0001]. Энзалутамид қабылдаған жүз он сегіз пациентте (14%) және плацебо алған 321 (40%) пациентте оқиғаның болуы аталды. Энзалутамид тобында рҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді (95% СА: 13,8 - қол жеткізілмеді), ал плацебо тобында 3,9 ай (95% СА: 3,7 - 5,4) құрады (9 сурет). Пациенттердің алдын ала белгіленген қосалқы топтарында (мысалы, жас шамасы, ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдайдың бастапқы бағалануы, ПСА және ЛДГ бастапқы мәні, диагноз қойылған сәттегі Глисон индексі және скрининг бойынша ішкі ағзалар зақымдануының болуына қарай) рҮТҚ тұрғысынан тұрақты оң әсері білінді. Одан кейін алдын ала көзделген рҮТҚ талдауында зерттеушінің рентгенографиялық үдеуді бағалауы негізінде емдеу топтары арасында рентгенографиялық үдеу немесе өлім қаупінің 69,3% төмендеуімен статистикалық маңызды жақсаруы болды [ҚҚ = 0,31 (95% СА: 0,27 - 0,35), p < 0,0001]. рҮТҚ медианасы энзалутамид тобында 19,7 ай және плацебо тобында 19,7 ай және плацебо тобында 5,4 ай құрады.
Бастапқы талдау жасалған сәтте 1633 пациент рандомизацияланды.
9 сурет: PREVAIL зерттеуінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілетінің қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Тиімділігін бағалаудың біріктірілген бастапқы соңғы нүктелеріне қосымша ретінде келесі проспектілі белгіленген соңғы нүктелеріне қатысты статистикалық маңызды жақсаруы да көріністелді.
Цитоуытты химиялық емнің басталуына дейінгі уақыт медианасы энзалутамид қабылдаған пациенттерде 28,0 айға, ал плацебо алған пациенттерде 10,8 айға созылды [ҚҚ = 0,35 (95% СА: 0,30 - 0,40), p < 0,0001].
Бастапқы өлшеуге берілетін ауруы бар энзалутамид қабылдаған пациенттер арасында жұмсақ тіндер тарапынан емге объективті жауап беретін пациенттер үлесі 58,8% (95% СА: 53,8 - 63,7), ал плацебо алған пациенттер арасындағы үлесі 5,0% (95% СА: 3,0 - 7,7) құрады. Энзалутамид пен плацебо арасында жұмсақ тіндер тарапынан емге объективті жауаптың абсолютті айырмасы 53,9% құрады [(95% СА: 48,5 - 59,1), р < 0,0001]. Толық жауаптар энзалутамид қабылдаған пациенттердің 19,7%-да, ал плацебо алған пациенттердің 1,0%-да болды, ал жартылай жауаптар энзалутамид қабылдаған пациенттердің 39,1%-да, ал плацебо алған пациенттердің 3,9%-да болды.
Энзалутамид қаңқамен байланысты алғашқы оқиғаның басталу қаупін 28% едәуір төмендетті [ҚҚ = 0,718 (95% СА: 0,61 - 0,84), p < 0,0001]. Қаңқамен байланысты оқиға қуық асты безінің обырымен байланысты сүйектерге сәулемен ем немесе хирургиялық араласу, патологиялық сүйек сынуы, жұлынды компрессиялау немесе сүйек ауыруын емдеу үшін ісікке қарсы емнің өзгеруі болып белгіленді. Талдауда қаңқамен байланысты 587 оқиға қамтылды, оның ішінде 389 оқиға (66,3%) сүйек зақымдануын сәулемен емдеу түрінде болды, 79 оқиға (13,5%) жұлынды компрессиялау түрінде болды, 70 оқиға (11,9%) патологиялық сүйек сынуы түрінде болды, 45 оқиға (7,6%) сүйек ауыруын емдеу үшін ісікке қарсы емнің өзгеруі болып түрінде болды, ал 22 оқиға (3,7%) сүйектерге хирургиялық араласу түрінде болды.
Энзалутамид қабылдаған пациенттерде, плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, жалпы ПСА деңгейі бойынша берілген жауаптың (бастапқы мәнмен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген), тиісінше, 78,0% және 3,5% едәуір жоғарырақ жиілігі көріністелді (айырма = 74,5 %, р < 0,0001).
PCWG2 критерийлеріне сәйкес ПСА бойынша үдеуге дейінгі уақыт медианасы энзалутамид қабылдаған пациенттерде 11,2 айға, ал плацебо алған пациенттерде 2,8 айға созылды [ҚҚ = 0,17, (95% СА: 0,15 - 0,20), p < 0,0001].
Энзалутамидпен ем FACT-P бағасының нашарлау қаупін, плацебомен салыстырғанда, 37,5% төмендетті (р < 0,0001). FACT-P бағасының нашарлауына дейінгі уақыт медианасы энзалутамид тобында 11,3 айға, ал плацебо тобында 5,6 айға созылды.
CRPC2 (AFFIRM) зерттеуі (бұрын химиялық емнен өткен метастаздық ҚБКТО бар пациенттер)
Доцетаксел мен РФЛГ аналогын қабылдаған немесе орхиэктомия жасалған метастаздық ҚБКТО бар пациенттердің қатысуымен III фазаның рандомизацияланған плацебо-бақыланатын көп орталықтық зерттеуінде энзалутамид тиімділігі мен қауіпсіздігіне бағалау жүргізілді. Жалпы жиынтығы, 1199 пациент тәулігіне бір рет ішке 160 мг дозада энзалутамид (N = 800) немесе тәулігіне бір рет плацебо (N = 399) қабылдауға 2:1 арақатынасында рандомизацияланды. Пациенттерге преднизон қолдануға рұқсат етілді (ең жоғары рұқсат етілген тәуліктік доза 10 мг преднизон немесе оның баламасы), бірақ қажет болмады. Емдеудің кез келген тобына рандомизацияланған пациенттер аурудың үдеуіне (расталған рентгенографиялық үдеу немесе қаңқамен байланысты оқиғаның басталуы болып белгіленген) және ісікке қарсы жаңа жүйелі емнің басталуына дейін, қолайсыз уыттылықтың дамуына немесе зерттеуден шығарылуға дейін емді жалғастыруы тиіс.
Пациенттердің келесі демографиялық сипаттамалары және аурудың бастапқы сипаттамалары емдеу топтарында салыстырмалы болды. Жас медианасы 69 жасты құрады (диапазон 4192 жас ), ал нәсілдік тегі келесі үлгіде белгіленді: еуропалық нәсіл - 93%, қара нәсіл - 4%, монғол нәсілі - 1%, ал 2% - басқа нәсіл. Пациенттердің 91,5%-да ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдай бағасы 0 1, ал пациенттердің 8,5%-да – 2; Ауыру синдромының айқындылығын бағалаудың қысқаша сауалнамасы көмегімен анықтағанда ауырудың орташа бағалануы пациенттердің 28%-да ≥ 4 құрады (рандомизацияға дейінгі жеті күн бойы есептелген соңғы 24 сағат ішіндегі ең көп қатты ауырудың орташа бағасы). Пациенттердің көпшілігінде (91%) сүйек метастаздары болды, ал 23%-да бауырдың және/немесе өкпенің зақымдануы білінді. Зерттеуге қосылу сәтінде рандомизацияланған пациенттердің 41%-да тек ПСА деңгейі бойынша үдеу болды, ал 59%-да рентгенографиялық үдеу аталды. Пациенттердің елу бір пайызы (51%) бастапқы қаралу сәтінде бисфосфонаттар қабылдады.
AFFIRM зерттеулерінен құрысулардың дамуына ықпал етуі мүмкін медициналық жағдайлары бар пациенттер (4.8 бөлімін қараңыз) және құрысу шегін азайтатыны белгілі болған препараттарды қабылдап жүрген пациенттер, сондай-ақ бақыланбайтын артериялық гипертензия, таяуда өткерілген миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия, Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығының жіктеуі бойынша III немесе IV класс жүрек жеткіліксіздігі (лықсыту фракциясы ≥ 45% пациенттерді қоспағанда), клиникалық мәнді қарыншалық аритмиялар немесе атриовентрикулярлық блокада (тұрақты кардиостимулятор орнатылмайтын) сияқты клиникалық мәнді жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер шығарылды.
Хаттамада алдын ала жоспарланған аралық талдауда энзалутамид қабылдаған пациенттерде 520 өлім жағдайынан кейін, плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, жалпы тіршілік қабілетінің статистикалық маңызды үздік болуы көріністелді (5 кесте мен 10 және 11 суреттер).
5 кесте: AFFIRM зерттеуінде энзалутамид немесе плацебомен ем қабылдаған пациенттердің жалпы тіршілік қабілеті (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Энзалутамид (N = 800) — Плацебо (N = 399)
Өлім жағдайы (%) — 308 (38,5%) — 212 (53,1%)
Тіршілік қабілетінің медианасы (айлар) (95% СА) — 18,4 (17,3 - ҚЖ) — 13,6 (11,3 - 15,8)
Р мәні1 — p < 0,0001
Қауіптер қатынасы (95% СА)2 — 0,63 (0,53 - 0,75)
ҚЖ = қол жеткізілмеді.
• Р мәні ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдайды бағалау бойынша стратификацияланған логранг критерийі көмегімен алынды.
• Қауіптер қатынасы пропорционалды қауіптердің стратификацияланған моделінде алынды.
Қауіптер қатынасы энзалутамидтің < 1көбірек тиімділігін айғақтайды.
10 сурет: AFFIRM зерттеуінде Каплан-Мейер әдісі бойынша құрылған жалпы тіршілік қабілетінің қисықтары (тағайындалған емдеуге сәйкес талдау)
Қосалқы топ — Пациенттер саны Энзалутамид / Плацебо — Өліммен аяқталуға тән қауіптер қатынасы (95% СА) — Жалпы тіршілік қабілетінің медианасы (айлар) Энзалутамид/ Плацебо
Барлық пациенттер — 800/399 — 063 (0,53-0,75) — 18,4/13,6
Жас шамасы
< 65 жас — 232/130 — 0,63 (0,46-0,87) — -/12,4
≥ 65 жас — 568/269 — 0,63 (0,51-0,78) — 18,4/13,9
ECOG шкаласы бойынша жалпы жағдайды бастапқы бағалау
0-1 — 730/367 — 0,62 (0,52-0,75) — -/14,2
2 — 70/32 — 0,65 (0,39-1,07) — 10,5/7,2
BPI-SF бойынша ауыруды бастапқы орташа бағалау (№3 сұрақ)
< 4 — 574/284 — 0,59 (0,47-0,74) — -/16,2
≥ 4 — 226/115 — 0,71 (0,54-0,94) — 12,4/9,1
Бұрын жүргізілген химиялық ем режимдерінің саны
1 — 579/296 — 0,59 (0,48-0,73) — -/14,2
≥ 2 — 221/103 — 0,74 (0,54-1,03) — 15,9/12,3
Зерттеуге қосылу сәтіндегі үдеу типі
Тек ПСА деңгейі бойынша үдеу — 326/164 — 0,62 (0,46-0,83) — —/19,5
Рентгенографиялық үдеу ± ПСА деңгейі бойынша үдеу — 470/234 — 0,64 (0,52-0,80) — 17,3/13,0
ПСА бастапқы мәні
≤ медиана (111,2 мкг/л) — 412/188 — 0,67 (0,50-0,89) — —/19,2
> медиана (111,2 мкг/л) — 389/211 — 0,62 (0,50-0,78) — 15,3/10,3
ЛДГ бастапқы мәні
≤ медиана (211 мкг/л) — 411/192 — 0,63 (0,46-0,86) — -/19,2
> медиана (211 мкг/л) — 389/205 — 0,61 (0,50-0,76) — 12,4/8,5
Диагноз қойылған сәттегі Глисон индексінің жалпы көрсеткіші
≤ 7 — 360/175 — 0,67 (0,51-0,88) — 18,4/14,8
≥ 8 — 366/193 — 0,60 (0,47-0,76) — 18,2/11,3
Скрининг кезіндегі өкпенің және/немесе бауырдың зақымдануы
Иә — 196/82 — 0,78 (0,56-1,09) — 13,4/9,5
Жоқ — 604/317 — 0,56 (0,46-0,69) — -/14,2
Энзалутамид пайдасына — Плацебо пайдасына
ECOG: Шығыс бірлескен онкологиялық тобы; BPI-SF: Ауыру синдромының айқындылығын бағалаудың қысқаша сауалнамасы; ПСА: Простата-спецификалық антиген
11 сурет: AFFIRM зерттеуіндегі қосалқы топтардағы жалпы тіршілік қабілеті – Қауіптер қатынасы және 95% сенім аралығы
Жалпы тіршілік қабілетінің қадағаланатын жақсаруына қосымша энзалутамид тобында шешуші екінші соңғы нүктелер (ПСА бойынша үдеуі, рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті және қаңқамен байланысты алғашқы оқиғаға дейінгі уақыт) бойынша көптеген салыстыруларға түзетуден кейін статистикалық маңызды болған жақсаруы білінді.
Остеосцинтиграфия жасау кезіндегі 2 немесе одан көп сүйек метастаздарының пайда болуы мен жұмсақ тіндер зақымдануы үшін RECIST 1.1 нұсқасының критерийлерін есепке ала отырып, зерттеушінің бағалауы бойынша рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті энзалутамид қабылдаған пациенттерде 8,3 ай және плацебо алған пациенттерде 2,9 ай құрады (ҚҚ = 0,40; 95% СА: 0,35 - 0,47), p < 0,0001]. Талдауда құжат жүзінде расталған үдеусіз 216 өлім жағдайы және құжат жүзінде расталған үдеумен 645 жағдай анықталды, оның ішінде 303-не (47%) жұмсақ тіндер зақымдануымен үдеуі себеп болды, 268-і (42%) сүйек метастаздарының пайда болуымен үдеу себебінен болды, ал 74-і (11%) жұмсақ тіндер зақымдануымен және сүйек метастаздарының пайда болуымен бірге үдеумен жүзеге асты.
ПСА деңгейінің расталған 50% немесе 90% төмендеуі энзалутамид қабылдаған пациенттердің, тиісінше, 54,0% және 24,8%-да, ал плацебо алған пациенттердің, тиісінше, 1,5% және 0,9-да білінді (р < 0,0001). ПСА деңгейі бойынша үдеуге дейінгі уақыт медианасы энзалутамид тобында 8,3 ай, ал плацебо тобында 3,0 ай құрады [ҚҚ = 0,25; 95% СА: 0,20 - 0,30), p < 0,0001].
Қаңқамен байланысты алғашқы оқиғаның пайда болуына дейінгі уақыт медианасы энзалутамид қабылдаған пациенттер тобында 16,7 ай, ал плацебо алған пациенттер тобында 13,3 ай құрады [ҚҚ = 0,69; 95% СА: 0,57 - 0,84), p < 0,0001]. Қаңқамен байланысты оқиға сүйектерге сәулемен ем немесе хирургиялық араласу, патологиялық сүйек сынуы, жұлынды компрессиялау немесе сүйек ауыруын емдеу үшін ісікке қарсы емнің өзгеруі болып белгіленді. Талдауда қаңқамен байланысты 448 оқиға қамтылды, оның ішінде 277 оқиға (62%) сүйек зақымдануын сәулемен емдеу түрінде болды, 95 оқиға (21%) жұлынды компрессиялау түрінде болды, 47 оқиға (10%) патологиялық сүйек сынуы түрінде болды, 36 оқиға (8%) сүйек ауыруын емдеу үшін ісікке қарсы емнің өзгеруі түрінде болды, ал 7 оқиға (2%) сүйектерге жасалатын хирургиялық араласу түрінде болды.
9785-CL-0410 зерттеуі (метастаздық ҚБКТО бар пациенттерде абиратероннан кейін энзалутамидді қолдану)
Зерттеу, кем дегенде, 24 апта бойы абиратерон ацетатымен және преднизонмен емделуден кейін энзалутамид (тәулігіне бір рет 160 мг) қабылдаған үдемелі метастаздық ҚБКТО бар 214 пациенттің қатысуымен салыстырмалы зерттеу түрінде болды. рҮТҚ медианасы (рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті, зерттеудің бірінші соңғы нүктесі) 8,1 ай құрады (95% СА: 6,1 - 8,3). ТҚ медианасына қол жеткізілмеді. ПСА деңгейі бойынша жауап (бастапқы мәнмен салыстырғанда, ≥ 50% төмендеуі болып белгіленген) 22,4%-да болды (95% СА: 17,0 - 28,6). Бұрын химиялық емнен өткен 69 пациентте рҮТҚ медианасы 7,9 ай болды (95% СА: 5,5 - 10,8). ПСА деңгейі бойынша жауап 23,2%-да болды (95% СА: 13,9 - 34,9). Бұрын химиялық емнен өтпеген 145 пациентте рҮТҚ медианасы 8,1 ай болды (95% СА: 5,7 - 8,3). ПСА деңгейі бойынша жауап 22,1%-да болды (95% СА: 15,6 - 29,7).
Кейбір пациенттерде абиратерон қолданудан кейін энзалутамидпен ем жүргізу кезінде шектеулі жауап берілсе де, қазіргі уақытта аталған нәтиженің себебі белгісіз. Зерттеу дизайны емнің оң әсері ықтималды болатын пациенттерді және энзалутамид пен абиратеронды оңтайлы қолдану бірізділігін анықтауға мүмкіндік бермеді.
Егде жастағы тұлғалар
Бақыланатын клиникалық зерттеулердегі эннзалутамид қабылдаған 4403 пациенттен 3451 пациент (78%) 65 жаста және одан асқан, ал 1540 пациент (35%) 75 жаста және одан асқан шамада болды. Осы егде жастағы пациенттер мен олардан жас пациенттер арасында қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты ерекшеліктер білінбеді.
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі балалар мен жасөспірімдер қауымының барлық қосалқы топтарындағы қуық асты безінің обыры кезінде энзалутамид зерттеулерінің қорытындыларын ұсыну міндеттемесінен бас тартуға рұқсат етті (қолдану жөніндегі ақпаратты 4.2 бөлімінен қараңыз).