Фармакодинамикалық әсерлері
Эноксапарин – бұл орташа молекулалық салмағы 4500 дальтонға жуық төмен молекулалы гепарин, онда стандартты гепариннің тромбозға қарсы және антикоагулянттық әсерлері өзара байланысты емес. Әсер етуші заты – натрий тұзы. Тазартылған жүйеде in vitro натрий эноксапарині анти-Xa белсенділігі жоғары (100 ХБ/мл жуық) және төмен анти-IIa немесе тромбинге қарсы белсенділікке (шамамен 28 ХБ/мл) 3,6 арақатынасында ие болады. Осы антикоагулянттық белсенділігі антитромбин III (АТ-III) арқылы әрекет етіп, адамдарда антикоагулянттық белсенділікті қамтамасыз етеді.
Анти-Ха/IIа белсенділіктен басқа, дені сау субъектілер мен пациенттерде де, эксперименттегі жануарларда да натрий эноксапаринінің қосымша тромбозға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері анықталды.
Бұл VIIа факторы сияқты басқа ұю факторларының АТ-III тәуелді тежелуін, тіндік фактор жолының эндогендік тежегішінің (ТФЖТ) босап шығу белсенділігін, сондай-ақ Виллебранд факторының тамырлар эндотелийінен қан ағымына босап шығу төмендеуін қамтиды. Бұл факторлар, жалпы алғанда, натрий эноксапаринінің антикоагулянттық әсерін қамтамасыз етеді.
Профилактикалық дозаларда натрий эноксапарині ішінара белсенділенген тромбопластин уақытына (ІБТУ) елеулі ықпалын тигізбейді. Емдік дозаларында ІБТУ белсенділігінің жоғарғы шегінде бақылану уақытынан 1,5-2,2 есе ұзаруы мүмкін.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Хирургиялық араласумен байланысты вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы
Ортопедиялық операциялардан кейінгі вена тромбоэмболиясының ұзартылған профилактикасы
Ұршық буынын эндопротездеу операциясы жасалған пациенттерде ұзартылған профилактиканың салыстырмалы жасырын зерттеуінде ауруханада жатқан уақытта бастапқыда тері астына 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапаринін қабылдаған вена тромбоэмболиясы жоқ 179 пациент ауруханадан шығарылған соң 3 апта бойы күніне бір рет тері астына (n=90) 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапаринін немесе плацебо (n=89) қабылдау режиміне рандомизацияланды. Ұзаққа созылатын профилактика кезіндегі терең веналар тромбозының жиілігі, плацебомен салыстырғанда, натрий эноксапарині үшін нақты төмен болды, өкпе артериясының тромбоэмболиясы туралы хабарланбады. Күрделі қан кетулер болмады.
Тиімділігі туралы деректер төмендегі кестеде берілген.
Тәулігіне бір рет тері астына (n=90) 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапарині n (%) — Күніне бір рет тері астына плацебо n (%)
Ұзартылған профилактикамен ем қабылдаған барлық пациенттер — 90 (100) — 89 (100)
Барлығы ВТЭ — 6 (6.6) — 18 (20.2)
- Жалпы ТВТ (%) — 6 (6.6) * — 18 (20.2)
- Проксимальді ТВТ (%) — 5 (5.6) # — 7 (8.8)
*плацебомен салыстырғанда р мәні = 0,008 # плацебомен салыстырғанда р мәні = 0,537
Ауруханада жатқан уақытта бастапқыда тері астына 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапаринін қабылдаған ұршық буынын эндопротездеу операциясы жасалған және вена тромбоэмболиясы жоқ 262 пациент екінші салыстырмалы жасырын зерттеуде ауруханадан шығарылған соң 3 апта бойы күніне бір рет тері астына (n=131) 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапарині немесе плацебо (n=131) режиміне рандомизацияланды. Бірінші зерттеудегі сияқты, ұзаққа созылатын профилактика кезіндегі вена тромбоэмболиясының жиілігі жалпы вена тромбоэмболиясына арналғанындай плацебомен салыстырғанда, вена тромбоэмболиясы үшін нақты төмен болды (натрий эноксапарині: 21 [16%] плацебоға қарсы: 45 [34,4%]; р=0,001), сондай-ақ проксимальді терең веналар тромбозы үшін де нақты төмен болды (вена тромбоэмболиясы: 8 [6,1%] плацебоға қарсы: 28 [21,4%]; р=<0,001). Натрий эноксапарині тобы мен плацебо тобы арасында ауқымды қан кетулер ерекшеліктері анықталмады.
Онкологиялық операциялардан кейінгі терең веналар тромбозының ұзартылған профилактикасы
Салыстырмалы жасырын көп орталықтық зерттеуде құрсақ қуысының немесе кіші жамбастың обыры себебімен жоспарлы операция жасалған 332 пациентте қауіпсіздігі мен тиімділігі тұрғысынан натрий эноксапаринімен профилактиканың төрт апталық және апталық режимі салыстырылды. Пациенттер 6-10 күн бойы күнделікті натрий эноксапаринін (4 000 ХБ (40 мг) тері астына қабылдады, ал одан кейін тағы 21 күн бойы кездейсоқ үлгіде натрий эноксапарині немесе плацебо тағайындалды. Егер вена тромбоэмболиясының симптомдары туындаса, екі жақты венография 25-ші және 31-ші күндер арасында жасалды. Пациенттер үш ай бойы қадағалауда болды. Құрсақ қуысының немесе кіші жамбастың обыры себебімен операциядан кейінгі төрт апта бойы натрий эноксапаринімен профилактика, бір апта бойы натрий эноксапаринімен жасалатын профилактикамен салыстырғанда, венографиямен анықталған тромбоздар жиілігін нақты төмендетті. Салыстырмалы жасырын фаза соңындағы вена тромбоэмболияларының жиілігі плацебо тобында 12,0% (n=20) және натрий эноксапарині тобында 4,8% (n=8) құрады; р=0,02. Бұл айырмашылық үш ай бойы сақталды [13,8% қарсы 5,5% (n=23 қарсы 9), р=0,01]. Салыстырмалы жасырын кезең немесе қадағалау кезеңінің бойына қан кетулер немесе басқа асқынулар жиілігінің қандай да бір айырмашылықтары болмады.
Қимыл-қозғалыс шектелісін тудыруы күтілетін жедел ауруы бар пациенттердегі вена тромбоэмболиясының профилактикасы
Салыстырмалы жасырын көп орталықтық қатарлас топтық зерттеуде күніне бір рет тері астына 2 000 ХБ (20 мг) немесе 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапарині жедел ауру кезінде қимыл-қозғалысы қатты шектелген (≤3 күн бойы <10 метр қашықтықты жүріп өтумен айқындалатын) терапиялық пациенттердегі терең веналар тромбозының профилактикасында плацебомен салыстырылды. Осы зерттеуге вена тромбоэмболиясының, ең болмаса, бір факторының (≥75 жас шамасы, обыр, осының алдындағы вена тромбоэмболиясы, семіздік, веналардың варикозды кеңеюі, гормональді ем, созылмалы жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігі) болуымен; жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III немесе IV класс), жедел тыныс алу жеткіліксіздігі немесе асқынып кеткен созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі, сондай-ақ жедел инфекция немесе жедел ревматизм бар пациенттер қамтылды.
Жалпы жиынтығы, зерттеуге 1102 пациент қосылды, ал 1073 пациент ем қабылдады. Емдеу 6-дан 14 күнге дейін жалғасты (орташа ұзақтығы 7 күн). Тәулігіне бір рет тері астына 4 000 ХБ (40 мг) дозада енгізілгенде натрий эноксапарині, плацебомен салыстырғанда, вена тромбоэмболияларының жиілігін нақты төмендетті. Тиімділігі туралы деректер төмендегі кестеде берілді.
Тәулігіне бір рет тері астына (n=90) 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапарині n (%) — Тәулігіне бір рет тері астына (n=90) 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапарині n (%) — Плацебо n (%)
Жедел ауру кезеңіндегі барлық емделіп жазылған терапиялық пациенттер — 287 (100) — 291(100) — 288 (100)
Барлығы ВТЭ (%) — 43 (15.0) — 16 (5.5) * — 43 (14.9)
- Жалпы ТВТ (%) — 43 (15.0) — 16 (5.5) — 40 (13.9)
- Проксимальді ТВТ (%) — 13 (4.5) — 5 (1.7) — 14 (4.9)
ВТЭ = Терең веналар тромбозын, өкпе артериясының тромбоэмболиясын және шығу тегі тромбоэмболиялық болып саналатын өлімді қамтитын вена тромбоэмболиясының құбылыстары. *плацебомен салыстырғанда р мәні 0,002
Пациенттерді қосудан кейін шамамен 3 айдан соң вена тромбоэмболияларының жиілігі, плацебомен емдеу тобымен салыстырғанда, 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапаринімен емдеу тобында нақты төмен күйде қалды.
Жалпы және ауқымды қан кету жиілігі, тиісінше, плацебо тобында 8,6% және 1,1%, 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапарині тобында 11,7% және 0,3%, ал 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапарині тобында 12,6% және 1,7% құрады.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясымен немесе онсыз терең веналар тромбозын (ӨАТЭ) емдеу
Көп орталықтық қатарлас топтық зерттеуде өкпе артериясының тромбоэмболиясымен немесе онсыз жедел терең веналар тромбозы бар 900 пациент күніне бір рет тері астына (i) 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг) натрий эноксапаринімен, әр 12 сағат сайын тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) натрий эноксапаринімен (ii) немесе үздіксіз инфузияға ұласатын (55-тен 85 секундқа дейінгі ІБТУ мәніне жету үшін енгізілді) венаішілік болюсті гепаринмен (5 000 ХБ) (iii) стационарлық (стационар) емдеуге рандомизацияланды. Жалпы жиынтығы, 900 пациент зерттеуде рандомизацияланды, әрі пациенттердің бәрі емделіп жазылды. Барлық пациент сонымен қатар натрий эноксапаринінің немесе гепаринмен стандартты емнің басталуынан кейін 72 сағат ішінде басталып, 90 күн бойы жалғасумен натрий варфаринін қабылдады (доза 2,0-ден 3,0-ге Халықаралық қалыптасқан қатынасқа жету үшін протромбин уақытына сәйкес түзетілді). Натрий эноксапарині немесе гепаринмен стандартты ем кемінде 5 күн және натрий варфаринінің нысаналы халықаралық қалыптасқан қатынасқа жетуіне дейін тағайындалды. Натрий эноксапаринінің екі режимі де вена тромбоэмболиясының (терең веналар тромбозы және/немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) қайталану қаупін төмендетуде гепаринмен стандартты емге баламалы болды. Тиімділігі туралы деректер төмендегі кестеде берілген.
Тәулігіне бір рет тері астына 150 ХБ (1,5 мг/кг) натрий эноксапарині n (%) — Күніне екі рет тері астына 1 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапарині n (%) — Гепарин (ІБТУ) венаішілік еммен реттелдіn (%)
ӨАТЭ-мен немесе ӨАТЭ-сыз ТВТ бар барлық емделіп жазылған пациенттер — 298 (100) — 312 (100) — 290 (100)
Барлығы ВТЭ (%) — 13 (4.4)* — 9 (2.9)* — 12 (4.1)
- Тек ТВТ (%) — 11 (3.7) — 7 (2.2) — 8 (2.8)
- Проксимальді ТВТ (%) — 9 (3.0) — 6 (1.9) — 7 (2.4)
- ӨАТЭ (%) — 2 (0.7) — 2 (0.6) — 4 (1.4)
ВТЭ = вена тромбоэмболиясы көрінісі (ТВТ және/немесе ӨАТЭ) * жалпы вена тромбоэмболиясын емдеудегі айырмашылықтар үшін 95% сенім аралықтары мынаны құрайды: - гепаринмен салыстырғанда, күніне бір рет натрий эноксапарині (-3,0-ден 3,5 дейін) - гепаринмен салыстырғанда, әр 12 сағат сайын натрий эноксапарині (-4,2-ден 1,7 дейін).
Ауқымды қан кетулер, тиісінше, күніне бір рет 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг) натрий эноксапарині тобында 1,7%, күніне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) натрий эноксапарині тобында 1,3% және гепарин тобында 2,1% құрады.
Тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу
Ауқымды көп орталықтық зерттеуде тұрақсыз стенокардияның және Q тісінсіз миокард инфарктісінің жедел фазасында қамтылған 3171 пациент әр 12 сағат сайын 100 ХБ/кг (1 мг/кг) натрий эноксапаринімен немесе ІБТУ түзетуі жасалатын венаішілік фракцияланбаған гепаринмен бірге ацетилсалицил қышқылын (100-ден 325 мг дейін күніне бір рет) қабылдау үшін рандомизацияланды. Пациенттер клиникалық тұрақтануға, реваскуляризация емшараларына немесе ауруханадан шығуға дейін стационарда кемінде 2 күн және көп дегенде 8 күн емделуі тиіс. Пациенттер 30 күнге дейін қадағалауда болуы тиіс. Гепаринмен салыстырғанда, натрий эноксапарині 14-ші тәулікке қарай (қауіптің 16,2% салыстырмалы төмендеуі) стенокардия, миокард инфарктісі және өлімнің 19,8-дан 16,6% дейін төмендеуімен біріккен даму жиілігін нақты төмендетті. Осы біріккен жиілік төмендеуі 30 күн өткен соң да сақталды ( 23,3-дан 19,8% дейін; қауіптің 15% салыстырмалы төмендеуі).
Тері астына инъекция салған жерде қан кету жиірек болса да, ауқымды қан кетулерге қатысты нақты өзгешеліктер көбірек боллы.
ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу
Ауқымды көп орталықтық зерттеуде фибринолиздік ем алуға сай келетін ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісі бар 20 479 пациент вена ішіне 3 000 ХБ (30 мг) бір реттік болюстік енгізілетін натрий эноксапаринін, оған қоса, кейіннен әр 12 сағат сайын 100 ХБ/кг (1 мг/кг) теріастылық инъекцияға ұласатын теріастылық 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозасын немесе 48 сағат бойы ІБТУ негізінде түзетілген венаішілік фракцияланбаған гепаринді алуға рандомизацияланды. Барлық пациент, кем дегенде, 30 күн бойы ацетилсалицил қышқылын да қабылдады. Натрий эноксапаринін дозалау стратегиясы бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер мен жасы 75 жастан кем емес егде жастағы адамдар үшін түзетілді. Натрий эноксапаринінің теріастылық инъекциялары ауруханадан шығарылғанша немесе көп бегенде сегіз күн бойы (ертерек басталуына қарай) енгізілді.
Жасырын зерттелетін препарат көмегімен тромбозға қарсы демеу көрсетілетін 4716 пациентке тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) жасалды. Осылайша, натрий эноксапаринін алған пациенттер үшін алдыңғы зерттеулерде белгіленген сызба бойынша натрий эноксапаринінде (ауысусыз) тері арқылы коронарлық араласу жасалуы тиіс, яғни, егер соңғы тері астына енгізу баллон үрлеуге дейінгі 8 сағаттан аз болса, қосымша дозалауы жоқ, ал егер соңғы тері астына енгізу баллон үрлеуге дейінгі 8 сағаттан көп болса, 30 ХБ/ кг (0,3 мг/кг) натрий эноксапаринін болюсті енгізу болмайды.
Натрий эноксапарині, фракцияланбаған гепаринмен салыстырғанда, бастапқы соңғы нүкте – кез келген себептен болатын өлім немесе рандомизациядан кейінгі алғашқы 30 күнде қайталанған миокард инфарктісінің бірігу жиілігін салыстырмалы қауіптің 17% төмендеуімен нақты азайтты [натрий эноксапарині тобында 9,9%, фракцияланбаған гепарин тобындағы 12,0%-бен салыстырғанда] (р < 0,001).
Бірқатар тиімділік нәтижелері үшін айқын натрий эноксапаринімен емдеу артықшылықтары, фракцияланбаған гепаринмен емдеумен салыстырғанда қайталанған миокард инфарктісінің салыстырмалы қаупінің 35% төмендеуі байқалған 48 сағат ішінде көрініс берді (р < 0,001).
Бастапқы соңғы нүктеге натрий эноксапаринінің жағымды әсері, жасын, жынысын, инфаркт орналасуын, диабет анамнезін, алдыңғы миокард инфарктісінің анамнезін, енгізілген фибринолитик типін және зерттелетін препаратпен емделу уақытын қоса, барлық шешуші қосалқы топтарда салыстырмалы болды.
Рандомизациядан кейін 30 күн ішінде тері арқылы коронарлық араласу жасалған (салыстырмалы қауіптің 23 пайыз төмендеуі) немесе дәрі-дәрмекпен ем алған (салыстырмалы қауіптің 15 пайыз төмендеуі, өзара әрекеттесу үшін р=0,27) пациенттерде фракцияланбаған гепаринмен салыстырғанда, емдеуде натрий эноксапаринінің едәуір артықшылығы аталды.
30-күндік біріккен соңғы нүкте - өлім, қайталанған миокард инфарктісінің немесе бассүйекішілік қан құйылу жиілігі (таза клиникалық пайда көрсеткіші (р < 0,0001) натрий эноксапарині тобында (10,1%), гепарин тобымен салыстырғанда (12,2), нақты төмен болды, бұл қауіптің натрий эноксапаринімен емдеу пайдасына 17% салыстырмалы төмендеуі түрінде болады.
Ауқымды қан кетулер жиілігі 30 күн өткен соң натрий эноксапарині тобында (2,1%), гепарин тобымен салыстырғанда (1,4%), нақты жоғары (р < 0,0001). Асқазан-ішектен қан кетулер жиілігі, гепарин тобымен салыстырғанда (0,1%), натрий эноксапарині тобында жоғары (0,5%) болды, ал бассүйекішілік қан кетулер жиілігі екі топта да бірдей болды (гепаринмен 0,7%-ға қарсы натрий эноксапаринімен 0,8%).
Натрий эноксапаринінің алғашқы 30 күн ішінде байқалған бастапқы соңғы нүктеге жағымды әсері 12 ай қадағалау барысында сақталды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Әдеби деректер негізінде бауыр циррозы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша В-С класы) 4 000 ХБ (40 мг) натрий эноксапаринін қолдану қақпа венасы тромбозының профилактикасында қауіпсіз әрі тиімді болып табылады. Әдебиет зерттеулеріне шектеу қойылуы мүмкін екенін атап өту керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, осы пациенттерде қан кетудің жоғары даму ықтималдығы бар екендіктен (4.4 бөлімін қараңыз), әрі бауыр циррозы (Чайлд-Пью бойынша А, В және С класы) бар пациенттерде дозаны белгілеу бойынша қандай да бір ресми зерттеулер жүргізілмегендіктен, сақ болу керек.