Әсер ету механизмі
Ромиплостим ТПО рецепторларымен (сондай-ақ cMpl сияқты белгілі) байланысу арқылы жасуша ішіндегі транскрипцияны белсендіруге және дабылды өткізуге қатысатын және тромбоциттердің көп түзілуін индукциялайтын Fc доменмен пептидті антидене (пептидене) түрінде болады. Пептидті антидене молекуласы адам IgG1 иммуноглобулинінің Fcфрагментінен тұрады, онда әрбір тізбекті суббірлік құрамында 2 ТПО рецептор-байланыстырушы фрагменті бар пептидті тізбекпен С ұшында ковалентті байланыспен біріккен.
Ромиплостимнің амин қышқылды бірізділігі эндогенді ТПО амин қышқылды бірізділігіне гомологиялы емес. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде эндогенді ТПО-мен ромиплостимге антиденелердің айқаспалы реакциясы болмады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ромиплостим тиімділігі мен қауіпсіздігі 3 жылға дейінгі емдеу ұзақтығында бағаланды. Клиникалық зерттеулерде ромиплостиммен емдеу тромбоциттер санының дозаға тәуелді көбеюіне әкелді. Тромбоциттер санына қатысты ең жоғары әсерге жету уақыты 10-14 күнге жуық құрады және дозаға тәуелді болмады. ИTП бар пациенттерде ромиплостимнің 1-ден 10 мкг/кг дейінгі бір реттік тері астылық дозасынан кейін тромбоциттердің жоғары шекті саны 2-ден 3 аптаға дейінгі кезең ішінде тромбоциттердің бастапқы санынан 1,3-тен 14,9 есе көп болды, әрі пациенттер арасындағы жауап әртүрлі болды. Апта сайын 1 немесе 3 мкг/кг ромиплостимнің 6 дозасын қабылдаған ИTП бар пациенттерде тромбоциттер саны 50-ден 450×109/л дейінгі диапазонда болды. ИTП клиникалық сынақтарда ромиплостим қабылдаған 271 пациенттің 55-і (20%) 65 және одан асқан жаста, ал 27-сі (10%) 75 және одан асқан жаста болды. Плацебо-бақыланатын зерттеулерде егде жастағы және жас пациенттер арасында қауіпсіздігі мен тиімділігінің ешқандай айырмашылықтары болмады.
Негізгі плацебо-бақыланатын зерттеулердің нәтижелері
Ромиплостимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттеудің басталуына дейін, кем дегенде, емнің бір желісін аяқтаған және ИTП бар пациенттердiң бүкіл ауқымы үшін репрезентативті болатын ИTП бар ересектердегі плацебо-бақыланатын екі салыстырмалы жасырын зерттеуде бағаланды.
S1 (20030212) зерттеуінде спленэктомияға ұшырамаған және жеткіліксіз жауап берген немесе алдыңғы терапияны көтере алмаған пациенттер бағаланды. Зерттеуге қатыспас бұрын пациенттерге ИТП диагнозы қойылған уақыттың медианасы 2,1 жасты құрады (диапазоны 0,1-ден 31,6-ға дейін). Пациенттер зерттеудің басталуына дейін ИTП емінің, орта есеппен, 3 желісін (1-ден 7-ге дейінгі диапазон) өтті. Алдыңғы емдеуде кортикостероидтар (барлық пациенттердің 90%-ы), иммуноглобулиндер (76%), ритуксимаб (29%), цитоуытты ем (21%), даназол (11%) және азатиоприн (5%) қамтылды. Пациенттерде зерттеуге енгізілген кезде тромбоциттердің орташа саны 19 × 109/ л болды.
S2 (20030105) зерттеуінде спленэктомия жасалған және әлі де тромбоцитопения байқалған пациенттер бағаланды. Зерттеуге қатыспас бұрын пациенттерге ИТП диагнозы қойылған уақыттың медианасы 8 жылды құрады (диапазоны 0,6-дан 44,8-ге дейін). Спленэктомиядан басқа пациенттер зерттеу басталғанға дейін орта есеппен 6 (3-тен 10-ға дейінгі диапазонда) ИТП емдеу желісінен өтті. Алдыңғы емдеуде кортикостероидтар (барлық пациенттердің 98%-ы), иммуноглобулиндер (97%), ритуксимаб (71%), даназол (37%), цитоуытты ем (68%) және азатиоприн (24%) қамтылды. Пациенттерде зерттеуге енгізілген кезде тромбоциттердің орташа саны 14 × 109/ л болды.
Екі зерттеу бірдей әзірленді. Ромиплостимнің 1 мкг/кг бастапқы дозасын немесе плацебо алу үшін пациенттер (≥ 18 жас) 2: 1 арақатынасында рандомизацияланды. Пациенттерге 24 апта ішінде апта сайын бір рет тері астына инъекциялар жасалды. Дозалар тромбоциттер санының (50-ден 200×109/л дейін) сақталуы үшін түзетілді. Екі зерттеуде де тиімділігі тромбоциттердің ұзаққа созылған жауабына жеткен пациенттер үлесінің артуымен анықталды. Спленэктомиясы бар пациенттер үшін апталық дозасының саны орта шамасы 3 мкг/кг, ал спленэктомиясыз пациенттер үшін 2 мкг/кг құрады.
Ромиплостим қабылдаған пациенттердің едәуір көп жоғары үлесі, екі зерттеуде де плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, тромбоциттердің ұзаққа созылатын жауабына қол жеткізді. Зерттеудің алғашқы 4 аптасынан кейін ромиплостим плацебо-бақыланатын зерттеулерде 6 айлық емдеу кезеңінің ішінде пациенттердің 50-70%-да ≥ 50 × 109/л тромбоциттер саны сақталды. Плацебо тобында пациенттердің 0-ден 7% дейіні 6 ай емделу кезінде тромбоцитарлық жауап алуға қол жеткізді. Төменде тиімділіктің шешуші соңғы нүктелерінің түйіндемесі берілген.
Плацебо-бақыланатын зерттеулердің негізгі тиімділік нәтижелерінің түйіндемесі
1-зерттеу спленэктомиясыз пациенттер — 2-зерттеу спленэктомиясы бар пациенттер — 1 және 2 біріктірілген зерттеулер
Ромиплос-тим (n = 41) — Плацебо (n = 21) — Ромиплос-тим (n = 42) — Плацебо (n = 21) — Ромиплос-тим (n = 83) — Плацебо (n = 42)
Ұзақ тромбоцитарлық жауабы бар пациенттердің № (%) a — 25 (61%) — 1 (5%) — 16 (38%) — 0 (0%) — 41 (50%) — 1 (2%)
(95% CI) — (45%, 76%) — (0%, 24%) — (24%, 54%) — (0%, 16%) — (38%, 61%) — (0%, 13%)
pмәні — < 0,0001 — 0,0013 — < 0,0001
Жалпы тромбоциттер реакциясы бар пациенттердің № (%) b — 36 (88%) — 3 (14%) — 33 (79%) — 0 (0%) — 69 (83%) — 3 (7%)
(95% CI) — (74%, 96%) — (3%, 36%) — (63%, 90%) — (0%, 16%) — (73%, 91%) — (2%, 20%)
pмәні — < 0,0001 — < 0,0001 — < 0,0001
Тромбоциттер жауабы болған апталардың орташа саны c — 15 — 1 — 12 — 0 — 14 — 1
(SD) — 3,5 — 7,5 — 7,9 — 0,5 — 7,8 — 2,5
pмәні — < 0,0001 — < 0,0001 — < 0,0001
Қосымша ем қажет болатын пациенттердің саны (%) d — 8 (20%) — 13 (62%) — 11 (26%) — 12 (57%) — 19 (23%) — 25 (60%)
(95% CI) — (9%, 35%) — (38%, 82%) — (14%, 42%) — (34%, 78%) — (14%, 33%) — (43%, 74%)
pмәні — 0,001 — 0,0175 — < 0,0001
Тұрақты дозада ұзаққа созылған тромбоцитарлық жауабы бар пациенттер саны (%) е — 21 (51%) — 0 (0%) — 13 (31%) — 0 (0%) — 34 (41%) — 0 (0%)
(95% CI) — (35%, 67%) — (0%, 16%) — (18%, 47%) — (0%, 16%) — (30%, 52%) — (0%, 8%)
pмәні — 0,0001 — 0,0046 — < 0,0001
a Тромбоциттердің ұзаққа созылатын жауабы емделу кезеңінің ішінде кез келген уақытта шұғыл ем жүргізілмегенде зерттеудің 18-ші аптасынан 5-ші аптасына дейін 6 немесе одан көп апта бойы ≥ 50 × 109/л апталық тромбоциттер саны ретінде анықталды.
b Жалпы тромбоциттер жауабы ұзақ мерзімді немесе транзиторлы тромбоцитарлық жауаптарға жету болып айқындалды. Транзиторлы тромбоциттер жауабы зерттеудің 2-ден 25-ші аптасына дейін 4 немесе одан көп апта ішінде тромбоциттердің ≥ 50 × 109/л апта сайынғы саны болып, бірақ тромбоциттердің ұзаққа созылатын жауабынсыз анықталды. Пациентте жедел ем алудан кейін 8 апта ішінде апта сайынғы жауап болмауы мүмкін.
c Тромбоциттер жауабы бар апталар саны 225 зерттеу апталарының ішінде тромбоциттер саны ≥ 50 × 109/л болатын апталар саны ретінде анықталады. Пациентте жедел ем алудан кейін 8 апта ішінде апта сайынғы жауап болмауы мүмкін.
d Жедел ем тромбоциттер санын көбейту үшін қолданылатын кез келген ем ретінде белгіленеді. Қосымша дәрілік заттар қажет болатын пациенттер тромбоциттердің ұзаққа созылған жауабы тұрғысынан қарастырылмады. Зерттеуде шұғыл ем әдістеріне: венаішілік иммуноглобулинге, тромбоциттер құюға, антиD иммуноглобулиніне және кортикостероидтарға рұқсат етілді.
е Тұрақты доза емдеудің соңғы 8 аптасы ішінде ± 1 мкг / кг шегінде сақталатын доза ретінде белгіленеді.
Алғаш рет диагностикаланған және созылмалы ИТП бар ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер нәтижелері
S3 (20080435) зерттеуі бірінші кезектегі терапияға жеткіліксіз жауабы бар ересек пациенттердің қатысуымен (тромбоциттер саны: ≤ 30 × 109/л) ашық салыстырмалы емес зерттеу болды. Зерттеуге 75 пациент кірді, олардың жас медианасы 39 жасты құрады (19-дан 85-ке дейін); пациенттердің 59%-ы әйелдер болды.
ИТП диагностикалаудан бастап зерттеуге енгізілгенге дейінгі уақыттың медианасы 2,2 айды құрады (диапазон 0,1-ден 6,6-ға дейін). Пациенттердің 60%-ында (n = 45) ИТП < 3 ай бойы, ал 40%-ында (n = 30) ≥ 3 ай бойы байқалған. Скрининг кезінде тромбоциттер санының медианасы 20 × 109/ л құрады. Алдыңғы ИТП емдеу әдістеріне кортикостероидтар, иммуноглобулиндер және анти-D иммуноглобулиндер кірді. Сол кезде тұрақты дозалау кестесі бойынша ИТП ем алған пациенттер осы емді зерттеу бойы жалғастыра алар еді. Шұғыл терапияны қолдануға рұқсат етілді (яғни кортикостероидтарды, анти-D иммуноглобулиндерді, дапсонды, даназолды және азатиопринді қолдану, сондай-ақ иммуноглобулиндерді вена ішіне енгізу және тромбоциттерді құю).
Пациенттер 12 ай бойы аптасына бір рет ромиплостимнің бір реттік тері астына инъекциясын алды; әрбір пациенттің дозасы тромбоциттердің қажетті санын ұстап тұру мақсатында түзетілді (50 × 109/л-ден 200 × 109/л-ге дейін). Ромиплостимнің апта сайынғы дозасының медианасын зерттеу барысында 3 мкг/кг құрады (25-тен 75 процентильге дейін: 2-4 мкг/кг).
12 айлық емдеу кезеңінде 20080435 зерттеуіне енгізілген 75 пациенттің 70-інде (93%) тромбоциттік жауап (≥ 50 × 109/л) байқалды. Пациенттерде тромбоциттік жауап байқалған айлардың орташа саны 12 айлық емдеу кезеңінде 9,2 айды (95% СА: 8,3–10,1), ал медиана — 11 айды (95% СА: 10-11) құрады. Каплан-Мейердің бағалауы бойынша тромбоциттік жауаптың бірінші жағдайына дейінгі уақыттың медианасы 2,1 аптаны құрады (95% СА: 1,1–3,0). 24 пациентте (32 %) емсіз тұрақты ремиссия байқалды, ол ромиплостиммен және ИТП-ға қарсы қандай да бір препаратпен (қатарлас немесе шұғыл) емсіз кемінде 6 ай бойы тромбоциттер санын ≥ 50 × 10 9 /л деңгейінде ұстап тұрумен анықталды. Мұндай ремиссия басталғанға дейінгі уақыттың медианасы (кемінде 6 ай бойы ≥ 50 × 10 9 /л деңгейінде тромбоциттер санын ұстап тұру) 27 аптаны құрады (диапазоны 6-дан 57-ге дейін).
9 ИТП зерттеулерінің (S3 зерттеуді қоса) тиімділігін кешенді талдауға ұзақтығы ≤ 12 ай ИТП бар, ромиплостимнің кемінде бір дозасын алған 277 ересек пациенттің деректері енгізілді. Ромиплостим қабылдаған 277 пациенттің 140 пациентте ИТП алғаш рет диагноз қойылған (ұзақтығы < 3 ай ИТП), ал 137 пациентте созылмалы ИТП (ұзақтығы ≥ 3 айдан ≤ 12 айға дейін ИТП). Емнің 18-25 кезеңінің апталарында кемінде 6 апта ішінде тромбоциттер санын ≥ 50 × 109/л деңгейінде ұстап тұрумен айқындалған тұрақты тромбоциттік жауап байқалған пациенттердің үлесі ИТП алғаш рет диагнозы қойылған 140 пациент арасында 50 % (95% СА: 41,4–58,6 %) және созылмалы ИТП диагнозы қойылған 137 пациент арасында 55 % (95% СА: 46,7–64,0 %) құрады. Тромбоциттік жауап байқалған уақыт медианасы (Q1, Q3) (пайызбен) (тромбоциттер саны ≥ 50 × 109/л) алғаш рет диагноз қойылған ИТП бар пациенттер арасында 100,0% (70,3–100,0%) және созылмалы ИТП бар пациенттер арасында 93,5% (72,2–100,0%) құрады. Бұдан басқа, шұғыл терапияны қажет ететін пациенттердің үлесі алғаш рет ИТП диагнозы қойылған пациенттер арасында 47,4%-ды және созылмалы ИТП бар пациенттер арасында 44,9%-ды құрады.
Сақталған көкбауыры бар пациенттерде ромиплостимді және стандартты емді (SOC) қолдануды салыстырмалы зерттеу нәтижелері
52 аптаға созылған S4 (20060131) ашық рандомизацияланған зерттеуде ромиплостим немесе стандартты терапия (SOC) алған ересек пациенттер бағаланды. Зерттеуге қатыспас бұрын пациенттерде ИТП диагнозы қойылған уақыттың медианасы 2 жылды құрады (диапазоны 0,01-ден 44,2-ге дейін). Бұл зерттеуде спленэктомиясыз ИТП және тромбоциттер саны < 50 × 109/л болатын пациенттер бағаланды. Ромиплостим 157 пациентке аптасына бір рет 3 мкг/кг дозасынан бастап тері астына (т/а) инъекция түрінде енгізілді, әрі бүкіл зерттеу барысында 110 мкг/кг диапазонда 50 және 200 х-109/л арасындағы тромбоциттер санының сақталуы үшін түзетілді, 77 пациент стандартты институттық практикаға немесе емдік нұсқауларға сәйкес SOC емін алды.
Спленэктомияға көрсетілімдердің жалпы пайызы, стандартты ем тобындағы 36,4%-бен (77 пациенттен 28) салыстырғанда, 0,17 мүмкіндіктер қатынасымен (стандартты еммен салыстырғанда ромиплостим) ромиплостим тобында 8,9% (157 пациенттен 14) құрады (95% СА: 0,08; 0,35).
Емдеу тиімсіздігінің жалпы жиілігі, SOC тобындағы 29,9%-бен (77 пациенттен 23) салыстырғанда, ромиплостим тобында 11,5% (157 пациенттен 18-і), мүмкіндіктер қатынасымен (SOC қарсы ромиплостим) 0,31 құрады (95% СА: 0,15; 0,61).
Ромиплостим тобына рандомизацияланған 157 пациенттен үш пациент ромиплостим қабылдамаған. Ромиплостим қабылдаған 154 пациент арасында ромиплостимнің жалпы орташа әсер етуі 52,0 аптаға созылды және 2-ден 53 аптаға дейін құбылды. Ең көп жиі пайдаланылатын апталық доза 35 мкг/кг құрады (25-75 пайыз, тиісінше; медиана 3 мкг/кг).
SOC тобына рандомизацияланған 77 пациенттен екі пациент ешқандай SOC қабылдамады. Кем дегенде, бір SOC дозасын қабылдаған 75 пациент арасында SOC орташа әсер ету уақыты 51 апта болды және 0,4-тен 52 аптаға дейін құбылды.
ИТП емдеу үшін рұқсат етілген бәсекелес препараттар қолдануды қысқарту
Плацебо-бақыланатын салыстырмалы жасырын зерттеулерде белгіленген сызба бойынша ИTП себебімен ем алып жүрген ересек пациенттер зерттеудің бүкіл кезеңі бойына осы препараттарды (кортикостероидтар, даназол және/немесе азатиоприн) қолдануды жалғастырды. Спленэктомиясыз 21 пациент және спленэктомиямен 18 пациент зерттеу басталған сәттен бастап зерттеу уақытында ИTП емін (негізінен кортикостероидтар) алды. Ромиплостим қабылдаған спленэктомиясы бар пациенттердің бәрінде (100%) дозаны 25%-дан көп азайтуға немесе плацебо алған пациенттердің 17%-мен салыстырғанда, емдеу кезеңінің соңында бір мезгілдегі ИTП емін тоқтату мүмкіндігі болды. Ромиплостим қабылдаған спленэктомиясыз пациенттердің 73%-да, плацебо алған пациенттердің 50%-мен салыстырғанда, дозаны 25%-дан көп төмендету немесе зерттеу соңына қарай бір мезгілдегі ИTП емін тоқтату мүмкіндігі болды (4.5 бөлімді қараңыз).
Қан кету жағдайлары
ИTП клиникалық бағдарламасының бүкіл кезеңінде ересектерде қан кету мен тромбоциттер саны арасында кері тәуелділік байқалды. Барлық клиникалық мәнді (≥ 3 дәреже) қан кетулер < 30 × 109/л тромбоциттер саны тұсында орын алды. Барлық ≥ 2 дәрежедегі қан кетулер < 50 × 109/л тромбоциттер саны тұсында болды. Ромиплостим мен плацебо қабылдаған пациенттер арасында қан кету жағдайларының жалпы жиілігінде статистикалық мәнді айырмашылықтар байқалмады.
Ересектерде жүргізілген плацебо-бақыланатын екі зерттеуде 9 пациентте күрделі болып саналған қан кету туралы хабарланды (5 [6.0%] ромиплостим, 4 [9.8%]; плацебо; ықтималдық коэффициенті [ромиплостим / плацебо] = 0,59; 95% СА = (0,15, 2.31)). Қан кетудің 2 немесе одан жоғары дәрежедегі жағдайлары ромиплостим қабылдаған пациенттердің 15%-да, ал плацебо алған пациенттердің 34%-да тіркелді (ықтималдық коэффициенті; [ромиплостим / плацебо] = 0,35; 95% CА = (0.14, 0,85).
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі 1 жасқа толмаған балалар үшін деректер беру міндеттемесін кері қайтарып алды.
Ромиплостимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі плацебо-бақыланатын салыстырмалы жасырын екі зерттеуде бағаланды. S5 (20080279) зерттеуі ромиплостиммен 24 апталық емдеу жүргізілетін 3 фаза зерттеуі болды, ал S5 зерттеуі (195) ромиплостиммен 12 апталық емдеу жүргізілетін 1/2 фаза зерттеуі болды (4 апталық фармакокинетикалық бағалау кезеңіне ауысатын респонденттер критерийлеріне жауап беретіндер үшін 16 аптаға дейін).
Екі зерттеуде де, спленэктомия жүргізілуіне қарамастан, тромбоцитопениясы (≥ 1 жастан < 18 жасқа дейін) (тромбоциттердің екі бағалау деңгейінің ортаңғысы ≤ 30 × 109/л болып белгіленеді, осы орайда зерттеулердің бірде-бірінде > 35 × 109/л болмады) және ИТП бар педиатриялық пациенттер қамтылды.
S5 зерттеуінде 62 пациент ромиплостим (n=42) немесе плацебо (n=20) алу үшін 2:1 арақатынасында рандомизацияланды және 3 жас топтарының 1-не бөлінді. Ромиплостимнің бастапқы дозасы 1 мкг/кг және дозалар тромбоциттер санын (50-ден 200 × 109/л дейін) сақтап тұру үшін түзетілді. Ең жиі пайдаланылатын апталық доза 3-10 мкг/кг болды, ал зерттеуде ең жоғары рұқсатты доза 10 мкг/кг құрады. Пациенттерге 24 апта ішінде апта сайын бір рет тері астына инъекциялар жасалды. Осы 62 пациенттен 48 пациентте > 12 ай ИТП болды (32 пациент ромиплостим және 16 пациент плацебо алды).
Бастапқы соңғы нүкте ол емделудің 18-25 аптасы ішінде, кем дегенде, 6 апта сайын тромбоциттердің ≥ 50 × 109/л жауабына жету болып белгіленетін ұзақ мерзімді жауап жиілігі болды. Жалпы, ромиплостим тобындағы пациенттердің айтарлықтай көп бөлігі, плацебо тобындағы пациенттермен салыстырғанда, бастапқы соңғы нүктеге жетті (p=0.0018). Жалпы жиынтығы, 22 пациентте (52%), плацебо қабылдаған топтағы 2 пациентпен (10%) салыстырғанда, ромиплостим қабылдаған топта ұзаққа созылған тромбоцитарлық жауап болды: ≥ 1-ден < 6 жасқа дейін, 25%-ға қарсы 38%; ≥ 6-ден < 12 жасқа дейін, 11%-ға қарсы 56%; ≥ 12-ден < 18 жасқа дейін, 0-ге қарсы 56%.
12 айдан көп уақытқа созылған ИТП бар пациенттердiң қосалқы тобында ұзаққа созылатын жауап жиілігі де, плацебо алған топпен салыстырғанда, ромиплостим қабылдаған топта едәуір жоғары болды (p=0.0022). Жалпы жиынтығы, 17 пациентте (53,1%), плацебо алған топтағы 1 пациентпен (6,3%) салыстырғанда, ромиплостим қабылдаған топта тромбоцитарлық жауап ұзаққа созылды: ≥ 1-ден < 6 жасқа дейін, 25%-ға қарсы 28,6%; ≥ 6-дан < 12 жасқа дейін, 0%-ға қарсы 63,6%; ≥ 12- ден < 18 жасқа дейін, 0%-ға қарсы 57,1%.
Күрделі қан кету көріністері 2-25 апта емделу кезеңінің ішінде клиникалық мәнді қан кетулер немесе клиникалық мәнді қан кетудің алдын алу үшін қосымша дәрілерді пайдалану ретінде анықталды. Клиникалық мәнді қан кету, Жағымсыз оқиғаларға арналған жалпы терминологиялық критерийлердің (CTCAE) 3,0 нұсқасы бойынша, ауырлығы ≥ 2 дәрежедегі қан кету болып белгіленді. Күрделі қан кетулердің орташа (SD) саны ромиплостим қабылдаған топ үшін 1,9 (4.2), ал плацебо алған топ үшін 4,0 (6.9) болды, қан кетудің орташа (Q1, Q3) саны) ромиплостим қабылдаған топ үшін 0,0 (0, 2 және плацебо алған топ үшін 0,5 (0, 4.5) тең болды. 12 айдан көп уақытқа созылатын ИТП бар пациенттердiң қосалқы тобында күрделі қан кетудің орташа (SD) саны ромиплостим қабылдаған топ үшін 2,1 (4,7) және плацебо қабылдаған топ үшін 4,2 (7,5), орташа (Q1, Q3) қан кету саны ромиплостим қабылдаған топ үшін 0,0 (0,2), ал плацебо алған топ үшін 0,0 (0,4) болды. Қосымша дәрілерді пайдалану жиілігін статистикалық тестілеу мәнді болмағандықтан, қан кету көріністерінің соңғы нүктелерінің санын анықтау үшін статистикалық тест өткізілмеді.
S5 зерттеуінде 22 пациент ромиплостим (n=17) немесе плацебо (n=5) алу үшін 3:1 арақатынасында рандомизацияланды. Дозалар 2 апта сайын 2 мкг/кг қадаммен арттырылды, ал тромбоциттердің нысаналы саны ≥ 50 × 109/л болды. Ромиплостиммен емдеу, плацебомен салыстырғанда, тромбоциттер жауабының статистикалық мәнді көбірек жиілігіне әкелді (p=0.0008). 22 пациенттен 17 пациентте > 12 ай ИТП диагностикаланды (14 пациент ромиплостим алды және 3 пациент плацебо алды). Ромиплостиммен емдеу, плацебомен салыстырғанда, тромбоциттер жауабының статистикалық мәнді көбірек жиілігіне әкелді (p=0.0147).
Ромиплостиммен алдын ала жүргізілген зерттеуді аяқтаған педиатриялық пациенттер (S5 зерттеуді қоса), ИТП-мен тромбоцитопениясы бар балаларда ромиплостимді ұзақ мерзімді пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланатын ашық кеңейтілген зерттеуге, S7 (20090340) зерттеуіне қатысуға жіберілді.
Осы зерттеуге барлығы 66 адам қатысты, оның ішінде 54 адам (82%) S5 зерттеуін аяқтады. Олардың ішінде 65 пациент (98,5%), кем дегенде, ромиплостимнің 1 дозасын қабылдады. Емдеу ұзақтығының медианасы (Q1, Q3) 135,0 апта (95,0 апта, 184,0 апта) құрады. Апталық дозаның орташа шамасы (Q1, Q3) 4,82 мкг/кг (1,88 мкг/кг, 8,79 мкг/кг) құрады. Емдеу кезеңі бойына пациенттер қабылдаған ең жиі дозаның медианасы (Q1, Q3) 5,0 мкг/кг (1,0 мкг/кг, 10,0 мкг/кг) құрады. Зерттеуге қосылған 66 пациенттен 63 пациентте > 12 ай ИТП диагностикаланды. Барлық 63 пациент, кем дегенде, ромиплостимнің 1 дозасын қабылдады. Емдеу ұзақтығының медианасы (Q1, Q3) 138,0 апта (91,1 апта, 186,0 апта) құрады. Орташа (Q1, Q3) апталық доза 4,82 мкг/кг (1,88 мкг/кг, 8,79 мкг/кг) құрады. Емдеу кезеңі бойына пациенттер қабылдаған ең жиі дозаның медианасы (Q1, Q3) 5,0 мкг/кг (1,0 мкг/кг, 10,0 мкг/кг) құрады.
Зерттеу барысында тромбоциттік жауаптың жалпы жиілігі (тромбоциттер саны ≥ 50×109/л шұғыл ем қолдану болмаған кезде 1 рет және одан көп тіркелген) 93,8% (n=61) құрады және жас топтарында бірдей болды. Сынақтан өткендердің бәрінде тромбоцитарлық жауап берілген айлардың орташа пайызы (Q1, Q3) 30,0 ай (13,0 ай, 43,0 ай), ал зерттеудiң орташа уақыты (Q1, Q3) 34,0 ай (24,0 ай, 46,0 ай) болды. Пациенттердің бәрінде тромбоцитарлық жауап берілген айлардың орташа пайызы (Q1, Q3) 93,33% (67,57%, 100.00%) құрады және барлық жас топтары үшін бірдей болды.
12 айдан көп уақытқа созылатын ИТП бар пациенттердiң қосалқы тобында тромбоциттер жауабының жалпы жиілігі 93,7% құрады (n=59) және әртүрлі жас топтарында бірдей болды. Сынақтан өткендердің бәрінде тромбоциттарлық жауап берілген айлардың орташа саны (Q1, Q3) 30,0 ай (13,0 ай, 43,0 ай), ал зерттеудiң орташа уақыты (Q1, Q3) 35,0 ай (23,0 ай, 47,0 ай) құрады. Пациенттердiң бәрінде тромбоциттерге жауап берілген айлардың орташа (Q1, Q3) пайызы 93,33% (67,57%, 100.00%) құрады және барлық жас топтары үшін бірдей болды.
Жалпы жиынтығы, 31 пациент (47,7%) зерттеу кезінде қатарлас ИТП емін, оларға қоса, шұғыл ем пайдаланылған 23 пациент (35,4%) және зерттеудің басында қатарлас ИТП емін пайдаланған 5 пациент (7,7%) пайдаланды. ИТП еміне арналған препараттарды бір мезгілде қолданудың таралымы зерттеу барысында төмендеу үрдісін көрсетті: 30,8%-дан (1-12 апта) < 20.0% дейін (13-240 апталар), ал одан кейін зерттеудің соңына дейін 240 аптадан 0%.
12 айдан көп уақытқа созылған ИTП бар пациенттердің қосалқы тобында зерттеу кезінде 29 пациент (46,0%) қатарлас ИТП емін, оның ішінде шұғыл ем пайдаланған 21 адам (33,3%) және зерттеудің басында қатарлас ИTП емін пайдаланған 5 пациент (7,9%) пайдаланды. ИТП еміне арналған препараттарды бір мезгілде қолданудың таралымы зерттеу кезінде төмендеу үрдісін көрсетті: 31,7%-дан (1-12 апта) < 20.0% дейін (13-240 апталар), одан кейін 240 аптадан зерттеудің соңына дейін 0%.
Жедел емді қолданудың таралымы зерттеу кезінде төмендеу үрдісін көріністеді: 24.6% -дан (1-12 апта) < 13.0% дейін (13-26 апталар), одан кейін зерттеудің соңына дейін 216 аптадан кейін 0%. Зерттеу кезінде шұғыл ем қолдану таралымының осылай төмендеуі > 12 ай диагностикаланған ИTП бар пациенттердің қосалқы тобында байқалды: 25,4%-дан (1-ден 12 дейін апталар) ≤ 13,1% дейін (13-тен 216 аптаға дейін), одан кейін зерттеудің соңына дейін 216 аптадан кейін 0%.
S8 (20101221) зерттеуі кемінде 6 ай бойы диагностикаланған, бұрын ИТП емдеудің кемінде 1 курсынан өткен (ромиплостим терапиясын қоспағанда) немесе ИТП емдеудің басқа әдістерінің критерийлеріне сәйкес келмеген ИТП бар 203 баланың қатысуымен 3 фазадағы ұзақ мерзімді салыстырмалы емес ашық көп орталықты зерттеуі болып табылады. Ромиплостим аптасына бір рет 1 мкг/кг дозадан бастап, тромбоциттер санын 50 × 10 9/л-ден 200 × 10 9 /л-ге дейін жеткізу мақсатында апта сайын жоғарылаған (ең жоғары доза: 10 мкг /кг) тері астына инъекция түрінде енгізілді. Пациенттердің медианасы 10 жасты құрады (диапазоны 1-ден 17-ге дейін), ал емдеу ұзақтығының медианасы — 155,9 апта (диапазоны 8,0-ден 163,0-ге дейін).
Ромиплостимді қолдану басталғаннан кейінгі алғашқы 6 айда шұғыл ем болмаған кезде соңғы 4 аптада тромбоциттік жауап (тромбоциттер саны ≥ 50 × 109/л) байқалған орташа (SD) мән және уақыт медианасы (пайызбен) тиісінше 50,57 % (37,01) және 50,0%-ды құрады. Жалпы 60 пациент (29,6 %) шұғыл ем алды. Шұғыл ем жүргізуге (яғни кортикостероидтарды, азатиопринді, анти-D иммуноглобулиндерді және даназолды қолдануға, сондай-ақ тромбоциттерді құюға және иммуноглобулиндерді вена ішіне енгізуге) жол берілді.
Ромиплостим алған ИТП бар балаларда S8 зерттеуінде сүйек кемігін ретикулин мен коллаген шөгінділеріне және ауытқулардың болуына бағалау жүргізілді. Ретикулин мен коллагенді бағалау үшін өзгертілген Bauermeister шкаласы қолданылды, ал сүйек кемігінде ауытқулардың болуы цитогенетикалық зерттеулер мен флуоресцентті будандастыру арқылы анықталды in situ (FISH). Зерттеуге енгізілген кезде пациенттер бөлінген когортқа байланысты олардың сүйек кемігіндегі ретикулин мен коллагенді бағалау бір жылдан кейін (когорта 1) немесе екі жылдан кейін (когорта 2) жүргізілді және зерттеу басында алынған сүйек кемігінің бастапқы мәндерімен салыстырылды. 2 когортқа енгізілген 79 пациенттің ішінен 1 когорттан 30 пациенттің 27-сінде (90 %) және 2 когорттан 49 пациенттің 36-сында (73,5 %) зерттеу барысында бағалауға болатын сүйек кемігінің биоптаттары алынды. 1 когорттан пациенттердің 18,5% (27-ден 5) және 2 когорттан пациенттердің 47,2% (36-дан 17) ретикулин шөгінділерінің жоғары деңгейі тіркелді. Екі когорттың пациенттерінің ешқайсысында коллаген фиброзы да, сүйек кемігінде де ИТП көрінісіне сәйкес келмейтін ауытқулар анықталған жоқ.