Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Энтобан
Әсер етуші зат
Прочие антидиарейные препараты
Мақсаты
Шығу тегі әр түрлі диарея
Өндіруші
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар:
Үлпек Холархена қабығының құрғақ экстрактісі 131.0 мг
Кәдімгі Мирт жемістерінің құрғақ экстрактісі 131.0 мг Қылқанды Бөріқарақат жемістерінің құрғақ экстрактісі 32.0 мг Бенгаль Айвасы жемістерінің құрғақ экстрактісі 32.0 мг
Бояулық емен жемістерінің құрғақ экстрактісі 32.0 мг
Әсем Бутея шайырларының құрғақ экстрактісі 42.0 мг,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, дикальций фосфаты, микрокристалды целлюлоза
капсула қабығының құрамы: желатин, азорубин (Е 122), FD&C Көк 1 бояғышы (Е133), D&C Сары 10 бояғышы (Е104), титанның қостотығы (Е 171)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы мен қақпақшасы жасыл түсті, «Entoban» жазуы бар № 0 қатты
желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән иісі бар қоңыр түсті ұнтақ.
- шығу тегі әр түрлі диарея
- дизентерия (оның ішінде жедел амебалық, бактериялық), ішек амебиазы
- жедел гастроэнтерит
- тағамдық токсикоинфекция (кешенді ем құрамында).
Энтобан - диареяға қарсы, бактерияға қарсы, протозойға қарсы әсер ететін біріктірілген фитопрепарат. Құрамындағы иіткіш заттар мөлшерінің жоғарылығы арқасында, препарат диареяға қарсы, тұтқырлық және антисептикалық қасиеттерге ие. Тегіс бұлшықеттеріне әсер етер отырып, ішек перистальтикасын төмендетеді, түйілулер кезіндегі жағдайды жеңілдетеді. Препарат құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешені E.histolitica STA штаммына (дизентерия амебасы) ДНҚ синтезінің бәсеңдеуімен және құрылымының бұзылуымен байланысты бактерицидтік әсер етеді. Энтобан бактерияға қарсы айқын (бактерицидтік және бактериостатикалық) әсер береді. Препарат компоненттерінің құрамына кіретін иіткіш заттар патогендік микроорганизмдердің протоплазмасын коагуляциялай отырып, бактерияға қарсы агенттер ретінде әсер етеді. Ас қорыту жолының шырышты қабығын қорғайды. Ішектің табиғи микрофлорасын бұзбайды. Ас қорыту бездерінің сөлінісін арттырады, ас қорытуды жақсартады.
Үлпек холархенаның құрамында конессин қатарының стероидты типті алкалоидтары бар. Микробтарға қарсы және амебаға қарсы белсенділігін білдіреді.
Кәдімгі мирт құрамында мирт майы, иіткіш заттар, ащы заттар бар. Бактерицидтік (әсіресе стафилококктарға және стрептококктарға қатысты), вирусқа қарсы, фунгицидтік және қабынуға қарсы әсер береді. Регенерация үдерісін көтермелейді. Ащы заттар - ас қорыту бездерінің секрециясын жоғарылатады, ас қорытуды жақсартады.
Қылқанды бөріқарақаттың құрамында алкалоидтар (берберин, бербамин), қант, иіткіш заттар, пектин, дәрумендер (С, К), органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон және т.б.), микроэлементтер (Р, К, Са, Мg, Fе) бар. Қабынуға қарсы, диареяға қарсы, тұтқыр және антисептикалық әсерлері бар. Берберин алкалоиды бактерияларға қарсы айқын белсенділікке ие.
Бенгаль айвасының құрамында мармелозин гликозиді, азулендер, иіткіш және пектиндік заттар, кумариндер, эфир майы, шайырлар, шырыштар, В2 дәрумені бар. Гипогликемиялық әсер береді, астың қорытылуына ықпал етеді.
Бояулық еменнің құрамында галлотанин, иіткіш заттар бар.
Тұтқыр, қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсерлерге ие.
Әсем бутеяның құрамында гликозидтер, глицин, бутин бар. Тұтқыр және ішек құрттарын айдайтын қасиеттері бар.
Дозалау режимі
Ересектерге
Бастапқы дозасы: 2 капсуладан
Содан кейін: әрбір 4 сағат сайын 1 капсуладан.
Препарат тамақтануға байланыссыз қабылданады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – диарея, гастроэнтерит, тағамнан улану – 2 – 5 күн;
амебиаз, дизентерия – 7 - 10 күн
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Сирек
- есекжем, терінің қышынуы және бөртулер түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Анықталмаған
Қатысты емес
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.