Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Ересек пациенттерде / жасөспірімдерде тұмауды емдеудің клиникалық зерттеулері барысында жиірек жағымсыз реакциялар (ЖР) жүрек айну және құсу, ал профилактиканы зерттеу барысында жүрек айну болды. Аталған ЖР көпшілігі емнің бірінші немесе екінші күнінде бір рет тіркелді және келесі 1-2 күн ішінде өздігінен жойылды. Балаларда жиі ЖР құсу болды. Пациенттердің көпшілігінде ЖР деректері препаратпен емді тоқтатуға әкелген жоқ.
Төменде санамаланған күрделі ЖР тіркеуден кейінгі кезеңде сирек байқалды: анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар, бауыр тарапынан бұзылулар (фульминанттық гепатит, бауыр функциясының бұзылуы және сарғаю), ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалдық некролиз, асқазан-ішектен қан кету және жүйке жүйесі мен психика тарапынан бұзылулар.
Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жағымсыз реакциялардың жүйелік-ағзалық жіктелуіне және олардың пайда болу жиілігіне сәйкес жіктелуі (Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Жағымсыз реакцияларға тиісті санаты клиникалық зерттеулерді біріктірілген талдау негізінде беріледі. Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар ауырлықты азайту тәртібімен ұсынылады.
Ересектер мен жасөспірімдердегі тұмаудың емі және профилактикасы
1-кестеде ересектер мен жасөспірімдерде тұмаудың профилактикасы және емдеу бойынша зерттеулерде препараттың ұсынылған дозасын қабылдау кезінде бақыланған жиі кездесетін ЖР көрсетілген (емдеу үшін 5 күн ішінде тәулігіне 2 рет 75 мг және профилактика үшін 6 аптаға дейін тәулігіне 1 рет 75 мг).
Тұмаудың профилактикасы жөніндегі зерттеулерде Энфлувир препаратының ұсынылған дозасын (6 аптаға дейін тәулігіне 1 рет 75 мг) қабылдаған пациенттердегі қауіпсіздік бейіні препаратты неғұрлым ұзақ қабылдауға қарамастан, тұмауды емдеу жөніндегі зерттеулерден сапалық жағынан ерекшеленбеді.
1-кесте. Ересек пациенттер мен жасөспірімдерде немесе тіркеуден кейінгі кезеңде Энфлувир препаратымен тұмаудың профилактикасы және емдеуге арналған зерттеулердегі жағымсыз реакциялар
Ағзалар жүйелері класы — Анықталу жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялар
Өте жиі — Жиі — Жиі емес — Сирек
Инфекциялар және инвазиялар — Бронхит, қарапайым герпес, назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, синусит
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Тромбоцитопения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Аса жоғары сезімталдық реакциялары — Анафилаксиялық реакциялар, анафилоидты реакциялар
Психиканың бұзылуы — Ажитация, мінез-құлықтың ауытқуы, мазасыздық, сананың шатасуы, сандырақтау, елестеулер, шым-шытырық түс, өзін-өзі зақымдау
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Бас ауыру — Ұйқысыздық — Сананың өзгерген деңгейі, құрысулар
Көру ағзалары тарапынан бұзылулар — Көрудің бұзылуы
Жүрек тарапынан бұзылулар — Аритмия
Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар — Жөтел, тамақтың ауыруы, ринорея
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Жүрек айнуы — Құсу, іштің ауыруы (іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуды қоса), диспепсия — Асқазан-ішек қан кету, геморрагиялық колит
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — «Бауыр» ферменттерінің жоғары белсенділігі — Фульминантты гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатит
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Экзема, дерматит, бөртпе, есекжем — Ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар — Ауырсыну, бас айналу (вертигоны қоса), шаршау, қызба, аяқ-қолдың ауырсынуы
Балалардағы тұмауды емдеу және профилактикасы
Тұмауды емдеу үшін осельтамивирді қолданған клиникалық зерттеулерге 1473 бала қатысты (1 жастан 12 жасқа дейінгі қатарлас аурулары жоқ дені сау балаларды және 6 жастан 12 жасқа дейінгі демікпесі бар балаларды қоса). Оның ішінде 851 бала суспензия түріндегі осельтамивирмен ем алды. Жалпы алғанда 158 бала үй жағдайында қатынастан кейінгі алдын алу зерттеулерінде (n=99), 6 апталық маусымдық алдын алу зерттеулерінде (n=49) және иммунитеті әлсіз пациенттерде 12 апталық маусымдық алдын алу зерттеулерінде (n=10) Энфлувир препаратының ұсынылған дозасын тәулігіне 1 рет қабылдады.
2-кестеде балалардың қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында хабарланған ең жиі ЖР ұсынылған.
2-кесте. Энфлувир препаратымен балалардағы тұмаудың профилактикасы және емдеу бойынша клиникалық зерттеулер барысында анықталған жағымсыз реакциялар (жасына/салмағына байланысты 30 мг-дан 75 мг-ға дейінгі доза)
Ағзалар жүйелерінің класы (АЖК) — Анықтау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялар
Өте жиі — Жиі — Кейде — Сирек
Инфекциялар мен инвазиялар — Ортаңғы отит
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Бас ауыру
Көру ағзалары тарапынан бұзылулар — Конъюнктивит (көздің қызаруын, бөлінді және ауырсынуды қоса)
Есту ағзалары және лабиринт тарапынан бұзылулар — Құлақтың ауыруы — Дабыл жарғағы тарапынан бұзылулар
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — Жөтел, мұрынның бітелуі — Ринорея
Асқазан-ішектік бұзылулар — Құсу — Іштің ауыруы (іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуды қоса), диспепсия, жүрегі айну
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Дерматит (аллергиялық және атопиялық дерматитті қоса)
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жүйке жүйесі мен психика тарапынан бұзылулар
Тұмау әртүрлі неврологиялық симптомдармен және мінез-құлықтың өзгеруімен, соның ішінде елестеулер, делирий және аномальді мінез-құлық сияқты симптомдармен байланысты болуы мүмкін, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Бұл құбылыстар энцефалопатияның немесе энцефалиттің дамуы аясында да, айқын күрделі ауруы болмаса да пайда болуы мүмкін.
Тіркеуден кейінгі кезеңде тұмауды емдеуге арналған Энфлувир препаратын қабылдаған пациенттерде құрысулар мен делирий (сананың бұзылуын, сананың шатасуын, мінез-құлықтың ауытқуын, сандырақтауды, елестеулерді, мазасыздықты, үрейленуді, түнгі шым-шытырық түстерді қоса алғанда) байқалды. Сирек жағдайларда ЖР өзін-өзі жарақаттауға немесе өліммен аяқталуға әкелді. Бұл құбылыстар негізінен балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелді, көбінесе кенеттен басталып, тез аяқталды. Энфлувир препаратының осы құбылыстардың дамуындағы рөлі белгісіз. Көрсетілген психоневрологиялық бұзылулар Энфлувир препаратын алмаған тұмауы бар пациенттерде де тіркелген.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Гепатитті және «бауыр» ферменттерінің белсенділігін арттыруды қоса алғанда, бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар тұмауға ұқсас ауруы бар пациенттерде байқалды. Бұндай құбылыстар фульминантты гепатит / бауыр жеткіліксіздігінде де болды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар (1 жасқа дейінгі сәбилер)
Тұмаумен 1 жасқа дейінгі 135 бала қатысқан осельтамивирдің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы және қауіпсіздік бейіні бойынша екі зерттеуде препараттың қауіпсіздік бейіні әртүрлі жас топтарында салыстырмалы болды. Бұл ретте ең жиі хабарланатын жағымсыз құбылыстар құсу, диарея және жөргектік дерматит болды. Шала туған балалардағы деректер жеткіліксіз.
1 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезінде осельтамивирді қолдану қауіпсіздігі туралы деректер проспектілі және ретроспективті бақылау зерттеулерінің (осы жастағы 2400-ден астам баланы қамтыды), эпидемиологиялық дерекқорды зерделеу және тіркеуден кейінгі бақылау тәжірибесінің нәтижесінде алынды. 1 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздік бейінін 1 жас және одан асқан балалардағы белгілі қауіпсіздік бейінімен салыстыруға болады.
Иммунитеті әлсіреген пациенттер
Иммунитеті әлсіреген 475 пациентте (1-ден 12 жасқа дейінгі және одан үлкен 18 баланы қоса алғанда) тұмаудың профилактикасын 12 апталық зерттеу барысында осельтамивир тобындағы қауіпсіздік бейіні (238 пациент) профилактика бойынша басқа клиникалық зерттеулерде бұрын байқалған қауіпсіздік бейінімен салыстырарлық болды.
Бронх демікпесі бар балалар
Бронх демікпесі бар балалардағы жағымсыз реакциялардың бейінін қатар жүретін аурулары жоқ балалармен салыстыруға болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz