Дозалану режимі
Эпоэтин альфа Сандоз® дәрілік затымен емдеу жоғарыда аталған көрсетілімдері бар пациенттерді емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің бақылауымен тағайындалуы тиіс.
Эпоэтин альфа қолданылатын емді бастамас бұрын және дозаны арттырар алдында анемияның басқа себептерінің бәрін (темір тапшылығы, В12 дәруменінің немесе фолий қышқылының тапшылығы, алюминиймен уыттану, қабыну немесе жарақаттану жағдайлары, қан жоғалту, шығу тегі кез келген сүйек кемігі тіндерінің гемолизі немесе фиброзы) бағалау және емдеу керек.
Эпоэтин альфа Сандоз® емге ұтымды емдік жауапқа жету үшін темір мөлшерін талапқа сай толықтыру қамтамасыз етілуі тиіс және, қажет болса, темір препараттары тағайындалуы тиіс.
Ересек пациенттер
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) бар ересектерде симптоматикалық анемияны емдеу
Анемия симптомдары мен асқынулары жас шамасына, жыныс ерекшелігіне және аурудың жалпы ауырлығына қарай құбылуы мүмкін; пациенттің жай-күйін және аурудың жекеше клиникалық ағымын бағалауды дәрігер жүргізуі қажет.
Гемоглобин концентрациясының ұсынылатын диапазоны 10 г/дл-ден 12 г/дл дейінгі (6.2-ден 7.5 ммоль/л дейін) аралықта болады.
Эпоэтин альфа Сандоз® гемоглобин деңгейін 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) асырмай арттыру үшін енгізілуі тиіс.
Гемоглобин деңгейін төрт апта ішінде 2 г/дл-ден (1.25 ммоль/л) көп арттырмау керек. Егер бұл байқалса, дозаға тиісті түзету жасалуы тиіс. Пациенттер арасындағы өзгергіштік салдарынан ара-арасында пациенттегі гемоглобин мәндерінің қажетті гемоглобин деңгейінен жоғары немесе төмен жекеше ауытқуын байқауға болады. Гемоглобин деңгейлерінің ауытқуын 10 г/дл-ден (6.2 ммоль/л) 12 г/дл (7.5 ммоль/л) дейінгі гемоглобиннің қажетті диапазонын ескере отырып, дозасын түзету арқылы реттеп отыру керек.
Гемоглобиннің 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) жоғары тұрақты деңгейінен сақтану керек. Егер гемоглобин айына 2 г/дл-ден (1.25 ммоль/л) көп жоғарыласа немесе егер гемоглобиннің тұрақты деңгейі 12 г/дл-ден (75 ммоль/л) көп құраса, Эпоэтин альфа Сандоз® дозасын 25% азайту керек. Егер гемоглобин деңгейі 13 г/дл-ден (8.1 ммоль/л) асып кетсе, гемоглобин 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) төмен түскенше емді тоқтатып, ал артынан Эпоэтин альфа Сандоз® емді алдыңғы дозасынан 25% төмен дозада жаңғыртқан жөн.
Гемоглобин концентрациясының 12 г/дл (7.45 ммоль/л) немесе одан төмен деңгейде сақталуымен анемияның және оның симптомдарының талапқа сай бақылануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Эпоэтин альфа Сандоз® бекітілген дозалар диапазонынан ең төмен дозаның қолданылатыны кепілді болу үшін пациенттерге мұқият бақылау қажет.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эритропоэзді (erythropoiesis stimulating agents, ESA) стимуляциялайтын дәрілік заттар дозалары эскалациясы кезінде сақ болған жөн. Эритропоэзді стимуляциялайтын дәрілік заттармен емге гемоглобиннің жеткіліксіз жауабы болған пациенттерде басқа ықтимал себептерге қатысты зерттеуді қарастыру және жүргізу керек.
Гемодиализ қабылдайтын ересек пациенттер
Эпоэтин альфа Сандоз® вена ішіне инъекциялар түрінде енгізген дұрыс.
Емдеу екі фазаға бөлінеді – түзету фазасы және демеуші фаза.
1) Түзету фазасы
Вена ішіне аптасына 3 рет 50 ХБ/кг. Дозаны түзету қажет болса, оны дозаны өзгертулер арасындағы кемінде төрт апта аралықпен сатылап жүргізген жөн. Әр сатыда дозаны арттыру немесе азайту гемоглобиннің оңтайлы деңгейіне жеткенге дейін 10 г/дл бастап 12 г/дл дейін (6.2 ммоль/л - 7.5 ммоль / л) аптасына 3 рет 25 ХБ/кг құрауы тиіс.
2) Демеуші фаза
Гемоглобиннің 10-нан 12 г/дл (6.2-7.5 ммоль/л) дейінгі қажетті деңгейде сақталуы үшін дозаны түзету.
Ұсынылатын жалпы апталық дозасы 75-тен 300 ХБ/кг дейін құрайды және вена ішіне енгізіледі.
Гемоглобиннің бастапқы деңгейі өте төмен (<6 г/дл немесе <3.75 ммоль/л) болған пациенттерге бастапқы анемияның ауырлығы аз дәрежесіндегі (Нb > 8 г/дл немесе > 5 ммоль/л) пациенттердегіден жоғарырақ демеуші дозалар қажет болуы мүмкін.
Диализ қабылдамайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер
Эпоэтин альфа Сандоз® теріастылық инъекциялар түрінде енгізген дұрыс.
Емдеу екі сатыдан тұрады:
1) Түзету фазасы
Бастапқы доза аптасына 3 рет 50 ХБ/кг құрайды, ал артынан қажет болса, гемоглобиннің оңтайлы деңгейіне жеткенше дозаны 25 ХБ/кг арттыру қадамымен (аптасына 3 рет) дозаны көбейтеді (дозаны түзетуді төрт аптадан кем емес аралықпен сатылап жүргізген жөн).
2) Демеуші фаза
Вена ішіне инъекция түрінде аптасына 3 рет енгізіледі.
Тері астына инъекция түрінде аптасына 1 рет немесе екі аптада 1 рет енгізіледі.
Гемоглобин концентрациясын 10-нан 12 г/дл дейінгі (6.2-7.5 ммоль/л) қажетті диапазонда сақтап тұру үшін доза тиісінше түзетілуі тиіс. Дозалау аралықтарын кеңейту дозаны арттыруды талап етуі мүмкін.
Ең жоғары доза аптасына 3 рет 150 ХБ/кг немесе аптасына 1 рет 240 ХБ/кг (20000 ХБ-дан көп емес) немесе екі аптада 1 рет 480 ХБ/кг-ден (40000 ХБ-дан көп емес) аспауы тиіс.
Перитонеальді диализ қабылдайтын ересек пациенттер
Венаға енгізу мүмкін болмаған жағдайда Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына енгізуге болады.
Емдеу екі сатыдан тұрады:
1) Түзету фазасы
Бастапқы доза аптасына 2 рет 50 ХБ/кг құрайды.
2) Демеуші фаза
Демеуші доза тең екі инъекция түріндегі дозаны енгізу арқылы аптасына 2 рет 25-тен 50 ХБ/кг дейін құрайды.
Гемоглобин концентрациясын 10-нан 12 г/дл дейінгі (6.2-7.5 ммоль/л) қажетті диапазонда сақтап тұру үшін дозаны түзету.
Химиялық емнен болатын анемиясы бар ересек пациенттерді емдеу
Анемия симптомдары мен асқынулары жас шамасына, жыныс ерекшелігіне және аурудың жалпы ауырлығына қарай құбылуы мүмкін; дәрігер пациенттің жай-күйіне және аурудың жекеше клиникалық ағымына бағалау жүргізуі қажет.
Анемиясы бар пациенттерге (гемоглобин концентрациясы ≤ 10 г/дл (6.2 ммоль/л)) Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына инъекциялар түрінде енгізу керек.
Бастапқы доза аптасына 3 рет тері астына инъекциялар түрінде 150 ХБ/кг құрайды. Балама ретінде, Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына инъекциялар түрінде аптасына бір рет 450 ХБ/кг бастапқы дозада енгізуге болады.
Қажет болса, гемоглобинді 10-нан 12 г/дл дейінгі (6.2-7.5 ммоль /л) қажетті деңгейде ұстап тұру үшін дозаны түзету керек.
Пациенттер арасындағы өзгергіштік салдарынан ара-арасында пациентке тән гемоглобин мәндерінің гемоглобиннің қажетті деңгейінен жоғары немесе төмен жекеше ауытқуын байқауға болады. Гемоглобин деңгейлерінің ауытқуын гемоглобиннің 10 г/дл-ден (6.2 ммоль/л) 12 г/дл (7.5 ммоль/л) дейінгі мақсатты диапазонын ескерумен дозаны түзету арқылы реттеу керек. Гемоглобиннің 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) асып кететін тұрақты деңгейінен сақтану керек; гемоглобиннің 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) асып кететін деңгейлерінде дозаны тиісінше түзету жөніндегі нұсқау төменде берілген:
● Егер гемоглобин деңгейі, кем дегенде, 1 г/дл (> 0.62 ммоль /л) жоғарыласа немесе ретикулоциттер саны төрт апта емделуден соң бастапқы деңгейден ≥ 40000 жасуша/мкл жоғары көбейсе, доза аптасына 3 рет 150 ХБ/кг немесе 450 ХБ/кг деңгейінде қалуы тиіс.
● Егер гемоглобин деңгейінің жоғарылауы < 1 г/дл (< 0.62 ммоль/л) құраса және ретикулоциттер саны бастапқы деңгеймен салыстырғанда < 40000 жасуша/мкл көбейсе, дозаны аптасына 3 рет 300 ХБ/кг дейін арттыру керек. Егер қосымша төрт апта емделуден соң аптасына 3 рет 300 ХБ/кг енгізілгенде гемоглобин ≥ 1 г/дл (≥ 0.62 ммоль/л) жоғарыласа немесе ретикулоциттер саны ≥ 40 000 жасуша/мкл көбейсе, доза аптасына 3 рет 300 ХБ/кг деңгейінде қалуы тиіс.
● Алайда, егер гемоглобин деңгейі < 1 г/дл (< 0.62 ммоль/л) жоғарыласа және ретикулоциттер саны бастапқы деңгеймен салыстырғанда < 40 000 жасуша/мкл көбейсе, ондай пациенттерде Эпоэтин альфа Сандоз® қабылдаудан емдік әсер болу ықтималдығы аз және емдеу тоқтатылуы тиіс.
Темір тапшылығы жоқ (гемоглобин деңгейі 10-13 г/дл немесе 6.2-8.1 ммоль/л) ересек пациенттерде айқындылығы орташа анемияны емдеу
Гемоглобин концентрациясын 10 г/дл-12 г/дл (6.2-7.5 ммоль/л) аралығында сақтап тұру үшін дозаны түзету
Егер гемоглобин деңгейі айына 2 г/дл-ден (1.25 ммоль/л) артық жоғарыласа немесе егер гемоглобин деңгейі 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) көп құраса, Эпоэтин альфа Сандоз® дозасы шамамен 25-50% азайтылуы тиіс. Егер гемоглобин деңгейі 13 г/дл-ден (8.1 ммоль/л) асып кетсе, ол 12 г/дл-ден (7.5 ммоль/л) төмен түскенше емдеуді тоқтатып, одан кейін Эпоэтин альфа Сандоз® емдеуді алдыңғысынан 25% төмен дозада жаңғыртқан жөн.
Пациенттерге анемия симптомдарының талапқа сай бақылануын қамтамасыз етуге Эпоэтин альфа Сандоз® рұқсат етілген ең төмен дозасы қолданылғанына көз жеткізу үшін мұқият мониторинг өткізілуі тиіс. Эпоэтин альфа Сандоз® емдеу химиялық ем аяқталған соң бір ай ішінде жалғастырылуы тиіс.
Аутологиялық қанның алдын ала донорлық бағдарламасында (депозит алдындағы аутологиялық қан дайындау бағдарламасы) жүрген жоспарлы хирургиялық операция жасалатын ересек пациенттерді емдеу
Анемияның орташа дәрежесіндегі (гематокрит 33%-дан 39% дейін), ≥ 4 қан көлемімен депозит алдындағы бағдарлама қажет болатын пациенттерге жоспарлы операциядан үш апта бұрын аптасына екі рет вена ішіне инъекциялар түрінде 600 ХБ/кг Эпоэтин альфа Сандоз® енгізіледі. Эпоэтин альфа Сандоз® қанның донорлық шарасы аяқталған соң енгізіледі.
Жоспарлы ортопедиялық операция алдында ересек пациенттерді емдеу
Ұсынылатын Эпоэтин альфа Сандоз® дозалау режимі операция алдындағы 3 апта ішінде (операциядан 21, 14 және 7 күн бұрын) аптасына бір рет, сондай-ақ операция күнінде (0 күн) тері астына инъекциялар түрінде 600 ХБ/кг құрайды. Операцияға дайындық уақытын үш аптадан аз мерзімге дейін қысқартуға медициналық қажеттілік болған жағдайларда 300 ХБ/кг Эпоэтин альфа Сандоз® дозасын операцияға дейін бірізді 10 күн ішінде күн сайын, операция күні және операция жасалған соң тікелей төрт күн бойы тері астына енгізу керек. Операция алдындағы кезеңде гематологиялық көрсеткіштерге бағалау жүргізілгенде, егер гемоглобин деңгейі 15 г/дл (9.38 ммоль/л) жетсе немесе осы деңгейден асып кетсе, Эпоэтин альфа Сандоз® енгізу тоқтатылуы тиіс және әріқарай дозаларын енгізуге болмайды.
Қауіптің төменгі немесе аралық-1 деңгейімен миелодисплазия синдромдары (МДС) бар ересек пациенттерді емдеу
Эпоэтин альфа Сандоз® симптоматикалық анемиясы бар (мысалы, гемоглобин деңгейі ≤10 г/дл (6.2 ммоль/л)) пациенттерге енгізу керек.
Ұсынылатын Эпоэтин альфа Сандоз® бастапқы дозасы аптасына бір рет тері астына инъекциялар түрінде, дозалар арасындағы кемінде 5 күн аралықпен, 450 ХБ/кг құрайды (ең жоғары жиынтық дозасы 40 000 ХБ).
Қажет болса, гемоглобинді қажетті 10 г/дл-ден 12 г/дл дейінгі (6.2 - 7.5 ммоль/л) деңгейде ұстап тұру үшін дозасына түзету жүргізген жөн. Бастапқы эритроидтық жауапты емдеудің басталуынан кейін 8-12 апта өткен соң бағалау ұсынылады. Дозасын арттыру мен төмендетуді дозалау сызбасы бойынша сатылы жүргізген жөн (төмендегі диаграмманы қараңыз). Гемоглобиннің 12 г/дл асатын (7.5 ммоль/л) деңгейінің тұрақтануын болдырмау керек.
Дозаны арттыру: аптасына 1050 ХБ/кг дейінгі ең жоғары дозасынан (жиынтық дозасы 80,000 ХБ) асыруға болмайды. Егер дозасы азайтылғанда пациентте жауап жоғалып немесе гемоглобин деңгейі 1 г/дл төмендеп кетсе, онда дозалау сызбасы бойынша дозасын бір қадам арттыру керек. Дозаларын арттыру аралығы - кемінде 4 апта.
Дозасын сақтау және азайту: гемоглобин деңгейі 12 г/дл асып кетсе (7.5 ммоль/л), эпоэтин альфаны тоқтату керек. Гемоглобин деңгейі <11 г/дл мәніне жеткен бойда, препаратты тура сол деңгейде жаңғыртуға немесе дәрігер шешімімен, дозалау сызбасы бойынша бір қадам төмендетуге болады. Гемоглобин деңгейі жылдам жоғарылағанда (4 апта ішінде >2 г/дл), дозаны бір қадамға төмендету керек.
Балалар
Гемодиализ қабылдайтын бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) бар 1 жастан бастап және одан үлкен балаларда симптоматикалық анемияны емдеу
Анемия симптомдары мен асқынулары жас шамасына, жыныс ерекшелігіне және аурудың жалпы ауырлығына қарай құбылуы мүмкін; пациенттің жай-күйін және аурудың жекеше клиникалық ағымын бағалауды дәрігер жүргізуі қажет.
Гемоглобин концентрациясының ұсынылатын диапазоны 9.5 г/дл-ден 11 г/дл дейінгі (5.9-дан 6.8 ммоль/л дейін) аралықта болады. Эпоэтин альфа Сандоз® гемоглобин деңгейін 11 г/дл-ден (6.8 ммоль/л) асырмай арттыру үшін енгізілуі тиіс. Гемоглобин деңгейін төрт апта ішінде 2 г/дл-ден (1.25 ммоль/л) көп арттырмау керек. Егер бұл байқалса, дозаға тиісті түзету жасалуы тиіс.
Пациенттерге анемия симптомдарының талапқа сай бақылануын қамтамасыз етуге Эпоэтин альфа Сандоз® рұқсат етілген ең төмен дозасы қолданылғанына көз жеткізу үшін мұқият мониторинг өткізілуі тиіс. Эпоэтин альфа Сандоз® вена ішіне инъекция түрінде енгізген дұрыс.
Емдеу екі сатыдан тұрады:
1) Түзету фазасы
Вена ішіне инъекция түрінде аптасына 3 рет 50 ХБ/кг. Дозаны түзету қажет болса, оны көзделген мақсатқа, атап айтқанда, 9.5 г/дл-ден 11 гд/л дейінгі (5.9-дан 6.8 ммоль/л дейін) қажетті диапазонда гемоглобин концентрациясына жеткенше дозаны өзгертулер арасындағы кемінде төрт апта аралықтармен дозаны әр сатыда аптасына 3 рет 25 ХБ/кг арттырумен немесе азайтумен сатылап жүргізген жөн.
2) Демеуші фаза
Гемоглобин концентрациясын 9.5 г/дл-ден 11 г/дл дейінгі (5.9-дан 6.8 ммоль/л дейін) қажетті диапазонда сақтап тұру үшін дозаны түзету керек.
Әдетте, дене салмағы 30 кг дейінгі балаларға, салмағы 30 кг-ден көп балалар және ересектермен салыстырғанда, өте жоғары демеуші дозалар қажет болады.
Гемоглобиннің бастапқы деңгейі өте төмен (<6.8 г/дл немесе <4.25 ммоль/л) балаларға бастапқы анемияның ауырлығы аз дәрежесіндегілерге (>6.8 г/дл немесе >4.25 ммоль/л) қарағанда, өте жоғары демеуші дозалар қажет болуы мүмкін.
Диализ тағайындалуына дейінгі немесе перитонеальді диализде жүрген бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде анемияны емдеу
Перитонеальді диализде жүрген анемиямен жүретін бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эпоэтин альфа Сандоз® қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қазіргі сәтте аталған қауымдарда Эпоэтин альфа Сандоз® венаішілік инъекциялар түрінде енгізу үшін қолжетімді деректер дәрілік препараттың жалпы сипаттамасында «Фармакодинамикасы» бөлімінде сипатталған, бірақ Эпоэтин альфа Сандоз® дозалануына қатысты ұсынымдар жоқ.
Химиялық емнен болатын анемиясы бар балаларды емдеу
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.
Операция алдында қан дайындау бағдарламасына қатысатын балаларды емдеу
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.
Ауқымды жоспарлы ортопедиялық операция алдында балаларды емдеу
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Әр шприцтен бір дозадан ғана қолданыңыз. Егер инъекциядан кейін шприцте ерітінді қалса, шприцті бәрібір тастап, оны қайта пайдаланбау қажет.
Дәрілік затпен жұмыс жасағанда немесе енгізу кезінде сақтық шараларын сақтау керек.
Қолданар алдында Эпоэтин альфа Сандоз® шприцті бөлме температурасына жеткенше қоя тұрыңыз. Бұл әдетте 15-тен 30 минутқа дейін созылады.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде симптоматикалық анемияны емдеу
Венаға енгізу орны үнемі ашық болатын СБЖ бар пациенттерде (гемодиализдегі пациенттер) вена ішіне енгізген жөн.
Венаға енгізу орын болмаған жағдайда (гемодиализді әлі қабылдамаған пациенттер, сондай-ақ перитонеальді диализдегі пациенттер) Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына енгізуге болады.
Химиотерапиядан туындаған анемиясы бар ересек пациенттерді емдеу
Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына инъекция түрінде енгізу керек.
Операция алдындағы аутологиялық қан дайындау бағдарламасы аясында ересек пациенттерді емдеу
Эпоэтин альфа Сандоз® вена ішіне енгізу керек.
Ауқымды ортопедиялық операция тағайындалған ересек пациенттерді емдеу
Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына инъекция түрінде енгізу керек.
Қауіптің төмен немесе аралық-1 деңгейіндегі миелодисплазиялық синдромдары (МДС) бар ересек пациенттерді емдеу
Эпоэтин альфа Сандоз® тері астына инъекция түрінде енгізу керек.
Гемодиализдегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар жасындағы пациенттерде симптоматикалық анемияны емдеу
Гемодиализде жүрген, венаға енгізу орны үнемі ашық болатын бала жастағы пациенттерде Эпоэтин альфа Сандоз® препаратын вена ішіне енгізген дұрыс.
Вена ішіне енгізу
Вена ішіне инъекцияның ұзақтығы жалпы дозаға байланысты кемінде 1-5 минутты құрайды. Гемодиализдегі пациенттерге препараттың болюсті инъекциясы диализ желісіндегі ыңғайлы веналық порт арқылы диализ емшарасы кезінде жүргізіледі. Баламалы түрде, инъекцияны диализ емшарасы соңында фистулалық ине арқылы жасауға болады, одан кейін инені тазарту және препараттың қан арнасына қанағаттанарлық түрде енгізілуін қамтамасыз ету үшін 10 мл изотониялық тұзды ерітінді енгізіледі. Тұмауға ұқсас синдром байқалатын пациенттерге препаратты баяуырақ енгізген дұрыс.
Препаратты вена ішіне инфузия түрінде енгізуге немесе оны басқа дәрілік заттармен араластыруға тыйым салынады.
Тері астына енгізу
Эпоэтин альфа Сандоз® препаратын тері астына енгізген кезде енгізілетін препараттың мөлшері бір реттік инъекцияға 1 мл-ден аспауы тиіс. Үлкен көлемді енгізген жағдайда инъекцияны бірнеше жерге жасау керек. Инъекцияны аяқ-қолға немесе іштің алдыңғы жақтауына жасау керек.
Егер дәрігер пациент немесе қамқоршы адам Эпоэтин альфа Сандоз® препаратын өздігінен тері астына қауіпсіз және тиімді енгізе алады деп шешсе, онда ол барлық нұсқауларды беріп, дұрыс дозаны тағайындап, енгізуді үйретуі керек.
Басқа да инъекциялық препараттарды қолданғандағыдай, ерітіндіні қолданар алдында ішінде көрінетін бөлшектердің бар-жоғына немесе түсінің өзгеруіне мұқият қарау керек.
Бөліктерге бөлу белгілері
Дозаның бір бөлігін енгізуді қамтамасыз ету үшін шприцте нөмірленген бөліктер бар. Алайда, препарат тек бір рет қолдануға арналған. Әр шприцтен Эпоэтин альфа Сандоз® препаратының тек бір дозасын енгізу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәріні қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге қаралыңыз.