Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы басқа препараттар. Анидулафунгин.
АТХ коды J02AX06
Әсер ету механизмі
Анидулафунгин эхинокандиндер класына жататын жартылай синтетикалық зат; Aspergillus nidulans ферментация өнімінен синтезделген липопептид.
Анидулафунгин 1,3-β-D глюкансинтетазасын - зең жасушаларында болатын және сүтқоректілер жасушаларында болмайтын ферментті іріктеп тежейді. Бұл зеңдердің жасуша қабырғасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын 1,3-β-D-гликан түзілуінің тежелуіне әкеледі. Анидулафунгин Candida тектес зеңдерге қатысты фунгицидтік белсенділікті және Aspergillus fumigatusзеңі гифтері жасушаларының белсенді өсу учаскелеріндегі белсенділікті көрсетті.
in vitro белсенділігі
Анидулафунгин C. albicans, C. glabrata, C. parapsilosis, C. krusei және C. tropicalis қатысты in vitro белсенді. Бұл деректердің клиникалық мәні «Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі» бөлімінде сипатталған.
Ген-нысананың ыстық нүктелеріндегі мутациясы бар изоляттар емдеудің клиникалық тиімсіздігіне немесе серпінді инфекциялардың дамуына себеп болды. Көп жағдайда каспофунгинмен емдеу жүргізілді. Алайда, жануарлар модельдеріне жүргізілген тәжірибелерде бұл мутациялар барлық үш эхинокандинге айқаспалы төзімділікті қамтамасыз етеді, сондықтан анидулафунгинге қатысты одан әрі клиникалық тәжірибе алғанға дейін мұндай изоляттар эхинокандинге төзімді деп жіктеледі.
Candida зеңдерінің әртүрлі түрлеріне қатысты in vitro анидулафунгиннің белсенділігі бірдей емес. Атап айтқанда, C. parapsilosis үшін анидулафунгиннің ең аз тежеуші концентрациясы (ЕТК) Candida тұқымының басқа зеңдеріне қарағанда жоғары. Микроорганизмдердің бактерияға қарсы заттарға сезімталдығын анықтау жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) Candida түрлерінің анидулафунгинге сезімталдығын анықтаудың стандартталған техникасын және оны түсіндіру үшін сезімталдықтың тиісті шекараларын белгіледі (1-кесте).
1-кесте. EUCAST сәйкес сезімталдық шекаралары
Candida түрлері — ЕТК шектік мәндері (мг/л)
≤ С (сезімтал) — > Т (тұрақты)
Candida albicans — 0,03 — 0,03
Candida glabrata — 0,06 — 0,06
Candida tropicalis — 0,06 — 0,06
Candida krusei — 0,06 — 0,06
Candida parapsilosis — 4 — 4
Candida1 басқа түрлері — Деректер жеткіліксіз
1 Микроорганизмдердің нақты бір түрімен байланысты емес шекті мәндер негізінен ФК/ФД деректері негізінде анықталды және Candida нақты түрлерінің АТК таралуына байланысты емес.
In vivo белсенділігі
Анидулафунгин парентеральді енгізу кезінде иммунитеті қалыпты және әлсіреген тышқандар мен қояндардың жануарлар үлгілеріндегі Candida түрлеріне қатысты тиімділігін көрсетті. Анидулафунгинді енгізу Candida түрлерінің өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және ағзаларға жүктеменің төмендеуіне әкелді. Бұл көрсеткіштер препаратты соңғы енгізгеннен кейін 24-тен 96 сағатқа дейінгі аралықта анықталды.
Экспериментте үй қояндарында C. albicans тудырған нейтропения аясында пайда болған таралған инфекцияны, үй қояндарындағы C. albicans тудырған флуконазолға төзімді өңеш/ауыз қуысы кандидозын, сондай-ақ тышқандарда C. glabrata тудырған флуконазолға төзімді таралған инфекцияны модельдеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Кандидемия және инвазивті кандидоздың басқа түрлері
Анидулафунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі негізінен нейтропениясыз кандидемиясы бар пациенттерде, сондай-ақ Candida зеңінен туындаған терең тіндердің инфекциясы бар немесе абсцесс тудыратын ауруы бар пациенттердің шектеулі санында 3-рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, халықаралық зерттеуде бағаланды. Эндокардит, остеомиелит немесе Candida тудырған менингит немесе C. krusei тудырған инфекциясы бар пациенттер зерттеуден шығарылды. Пациенттер анидулафунгинді (жүктеме доза вена ішіне 200 мг, содан кейін вена ішіне күніне 100 мг) немесе флуконазолды (жүктеме доза вена ішіне 800 мг, содан кейін вена ішіне күніне 400 мг) алу үшін рандомизацияланған және APACHE II шкаласы бойынша (≤ 20 және > 20) балл және нейтропенияның болуы немесе болмауы негізінде стратификацияланған. Емдеу кем дегенде 14 күнге және 42 күннен аспайтын уақытқа созылды. Екі топтың пациенттері үшін пероральді дәрілік препараттарға төзімділік, дене температурасының кемінде 24 сағат бойы жоғарылауы және Candida қоздырғыштарына қан егіндісінің теріс нәтижесі болмаған жағдайда, флуконазолды вена ішіне кемінде 10 күн емнен кейін пероральді қабылдауға көшуге рұқсат етілді.
Зерттелетін дәрілік препараттардың кем дегенде бір дозасын алған және әдетте стерильді учаскелерден алынған үлгілерді егу зерттеу басталғанға дейін Candida түрлерінің қоздырғыштарына оң болған пациенттер ем тағайындалған пациенттердің модификацияланған популяциясына (MITT) енгізілді. Тиімділікті бастапқы талдау кезінде (вена ішілік терапия аяқталғаннан кейін MITT популяцияларындағы жаһандық жауапты талдау) анидулафунгин флуконазолмен алдын ала анықталған екі сатылы статистикалық салыстыруда салыстырылды (тиімділігі аз еместігін көрсету, содан кейін артықшылықты дәлелдеу). Табысты жаһандық жауап клиникалық жақсарту және микробиологиялық эрадикация ретінде анықталды. Пациенттердің жағдайы терапияның барлық түрлері аяқталғаннан кейін алты апта бойы бақыланды.
Емдеу үшін 16 жастан 91 жасқа дейінгі 256 пациент рандомизацияланды және олар зерттелетін препараттың кемінде бір дозасын алды. Бастапқы деңгейде ең көп бөлінетін түрлер C. albicans (анидулафунгин тобында 63,8%, флуконазол тобында 59,3%), содан кейін C. glabrata (15,7 %, 25,4 %), C. parapsilosis (10,2 %, 13,6 %) және C. tropicalis (11,8 %, 9,3 %), сәйкесінше соңғы 3 түрдің 20, 13 және 15 изоляттары анидулафунгин тобында бөлінді. Apache II шкаласы бойынша балл пациенттердің көпшілігінде ≤ 20 болды, ал нейтропения бірнеше пациентте ғана байқалды.
Тиімділік бойынша жалпы, қосалқы топтар бойынша да деректер төменде 2-кестеде берілген.
2-кесте. MITT популяциясындағы емдеудің ғаламдық жетістігі тиімділіктің бастапқы және қайталама көрсеткіштері
Анидулафунгин — Флуконазол — Топтар арасындағы айырмашылықа (95 % СА)
В/і терапияның аяқталуы (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) — 96/127 (75,6 %) — 71/118 (60,2 %) — 15,42 (3,9, 27,0)
Тек кандидемия — 88/116 (75,9 %) — 63/103 (61,2 %) — 14,7 (2,5, 26,9)
Басқа да стерильді учаскелерб — 8/11 (72,7 %) — 8/15 (53,3 %) — –
Перитонеальді сұйықтық / ІҚ абсцесів — 6/8 — 5/8
Басқа — 2/3 — 3/7
C. albicansг — 60/74 (81,1 %) — 38/61 (62,3 %) — –
Albicansг басқа түрлері — 32/45 (71,1 %) — 27/45 (60,0 %) — –
Apache II ≤ 20 межесі бойынша балл — 82/101 (81,2 %) — 60/98 (61,2 %) — –
Apache II 20 межесі бойынша балл — 14/26 (53,8 %) — 11/20 (55,0 %) — –
Нейтропениясыз (АКН, кл./мм3 500) — 94/124 (75,8 %) — 69/114 (60,5 %) — –
Нейтропениямен (АКН, кл./мм3 ≤ 500) — 2/3 — 2/4 — –
Тиімділіктің басқа көрсеткіштерін бағалау кезінде
Терапияның барлық түрлерінің аяқталуы — 94/127 (74,0 %) — 67/118 (56,8 %) — 17,24 (2,9, 31,6)д
2 аптадан кейін бақылау — 82/127 (64,6 %) — 58/118 (49,2 %) — 15,41 (0,4, 30,4)д
6 аптадан кейін бақылау — 71/127 (55,9 %) — 52/118 (44,1 %) — 11,84 (–3,4, 27,0)д
а Анидулафунгин минус флуконазол ретінде есептелген.
б Қатарлас кандидемиямен немесе онсыз.
в Іш қуысы.
г Бастапқы деңгейде бір патоген бар пациенттердің мәліметтері ұсынылған.
д 98,3% сенімділік аралықтары екінші реттік уақыт нүктелеріне сәйкес келетін көптеген деректерді салыстыру үшін нәтижелер алынғаннан кейін түзетіледі.
Анидулафунгин және флуконазол топтарындағы өлім көрсеткіштері төменде 3-кестеде берілген.
3-кесте. Өлім
Анидулафунгин — Флуконазол
Зерттеудегі өлімнің жалпы көрсеткіші — 29/127 (22,8 %) — 37/118 (31,4 %)
Зерттелетін ем жүргізу кезіндегі өлім — 10/127 (7,9 %) — 17/118 (14,4 %)
Candida түрлерінен туындаған инфекциялармен байланысты өлім — 2/127 (1,6 %) — 5/118 (4,2 %)
Нейтропениясы бар пациенттердің қосымша деректері
Микробиологиялық расталған инвазивті кандидозды емдеу кезінде нейтропениясы бар ересек пациенттерде (нейтрофилдердің абсолютті саны ≤ 500 жасуша/мм3, лейкоциттер саны ≤ 500 жасуша/мм3 немесе зерттеуші дәрігердің диагнозы бойынша анықталған) анидулафунгиннің тиімділігі (жүктеме доза вена ішіне 200 мг, содан кейін тәулігіне 100 мг) 5 проспективті зерттеуден алынған (каспофунгинмен 1 салыстырмалы және 4 ашық салыстырылмайтын) біріктірілген деректерді талдауда бағаланды. Пациенттерге препаратты кемінде 14 күн бойы енгізген. Клиникалық тұрақты жағдайы бар пациенттер үшін азолдарды пероральді қабылдауға ауысуға анидулафунгинмен кемінде 5-10 күн емдеуден кейін рұқсат етілді. Талдауға 46 пациенттің деректері енгізілді. Пациенттердің көпшілігінде тек кандидемия болды (84,8 %; 39/46). Бастапқы деңгейде жиі бөлінетін патогендер C. tropicalis (34,8%; 16/46), C. krusei (19,6%; 9/46), C. parapsilosis (17,4%; 8/46), C. albicans (15,2%; 7/46) және C. glabrata (15,2%; 7/46) болды. Венаішілік терапияны аяқтау сәтіндегі сәтті жаһандық жауаптың көрсеткіші (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) 26/46 (56,5 %), ал терапияның барлық түрлері аяқталған сәтте — 24/46 (52,2%) құрады. Барлық себептер бойынша өлім көрсеткіші зерттеу аяқталған сәтте (6 аптадан кейін бақылау сапары) 21/46 (45,7%) құрады.
Инвазивті кандидозды емдеу кезінде нейтропениясы бар ересек пациенттерде анидулафунгиннің тиімділігі (бастапқы жағдайды бағалау кезінде ≤ 500 жасуша/мм3 нейтрофилдердің абсолютті саны бойынша анықталған) проспективті, салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған бақыланатын зерттеуде бағаланды. Зерттеуге енгізілген пациенттер не анидулафунгин (жүктеме доза вена ішіне 200 мг, содан кейін вена ішіне тәулігіне 100 мг), не каспофунгин (жүктеме доза вена ішіне 70 мг, содан кейін вена ішіне тәулігіне 50 мг) (рандомизация 2 : 1 қатынасында) алды. Пациенттерге препаратты кемінде 14 күн бойы енгізген. Клиникалық тұрақты жағдайы бар пациенттер үшін азолдарды пероральді қабылдауға ауысуға сыналатын препаратпен кемінде 10 күн емделгеннен кейін рұқсат етілді. Зерттеуге енгізілген микробиологиялық расталған инвазивті кандидозы бар пациенттердің жалпы саны (MITT популяциясы) 14 адамды құрады (11 анидулафунгин және 3-каспофунгин алды). Пациенттердің көпшілігінде тек кандидемия болды. Бастапқы деңгейде жиі бөлінетін патогендер C. tropicalis (анидулафунгин үшін 4, каспофунгин үшін 0), C. parapsilosis (анидулафунгин үшін 2, каспофунгин үшін 1), C. krusei (анидулафунгин үшін 2, каспофунгин үшін 1) және C. ciferrii (анидулафунгин үшін 2, каспофунгин үшін 0). Венаішілік терапияны аяқтау сәтіндегі табысты жаһандық жауап көрсеткіші (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) анидулафунгин үшін 8/11 (72,7 %) және каспофунгин үшін 3/3 (100,0%) (айырмашылық -27,3, 95% СА -80,9, 40,3); терапияның барлық түрлері аяқталған сәтте табысты жаһандық жауап көрсеткіші анидулафунгин үшін 8/11 (72,7 %) және каспофунгин үшін 3/3 (100,0%) (айырмашылық -27,3, 95% СА -80,9, 40,3 -27,3, 95% ди -80,9, 40,3). 6 аптадан кейін бақылау сапарының барлық себептері бойынша өлім көрсеткіші анидулафунгин (MITT популяциясы) үшін 4/11 (36,4%) және каспофунгин үшін 2/3 (66,7 %) құрады.
Ұқсас дизайнмен біріктірілген 4 проспективті, ашық, салыстырылмайтын зерттеулердің деректерін талдау кезінде микробиологиялық расталған инвазивті кандидозы (MITT популяциясы) және нейтропениясы бар пациенттер идентификацияланды. Анидулафунгиннің тиімділігі (жүктеме доза вена ішіне 200 мг, содан кейін тәулігіне 100 мг) нейтропениясы бар 35 ересек пациентте бағаланды, ол нейтрофилдердің абсолютті саны ≤ 500 жасуша/мм3 немесе лейкоциттер саны ≤ 500 жасуша/мм3 (22 пациентте табылған) немесе бастапқы жағдайды бағалау кезінде зерттеуші дәрігер белгілеген нейтропения диагнозы бойынша (13 пациентте) анықталды. Барлық пациенттерге препаратты кем дегенде 14 күн бойы енгізді. Клиникалық тұрақты жағдайы бар пациенттер үшін азолдарды пероральді қабылдауға ауысуға анидулафунгинмен кемінде 5-10 күн емдеуден кейін рұқсат етілді. Пациенттердің көпшілігінде тек кандидемия болды (85,7 %). Бастапқы деңгейде жиі бөлінетін патогендер C. tropicalis (12 пациент), C. albicans (7 пациент), C. glabrata (7 пациент), C. krusei (7 пациент) және C. parapsilosis (6 пациент) болды. Венаішілік терапияны аяқтау сәтіндегі сәтті жаһандық жауаптың көрсеткіші (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) 18/35 (51,4 %), ал терапияның барлық түрлері аяқталған сәтте — 16/35 (45,7%) құрады. Барлық себептер бойынша өлім көрсеткіші 28-күні 10/35 (28,6%) құрады. Бастапқы деңгейде нейтропения диагнозы қойылған 13 пациентте венаішілік терапияны аяқтау сәтінде және терапияның барлық түрлерін аяқтау сәтінде сәтті жаһандық жауаптың көрсеткіштері 7/13 (53,8 %) тең болды.
Терең тіндердің инфекциясы бар пациенттердің қосымша мәліметтері
Анидулафунгиннің тиімділігі (жүктеме доза вена ішіне 200 мг, содан кейін вена ішіне тәулігіне 100 мг) терең тіндердің микробиологиялық расталған кандидозы бар ересек пациенттерде 5 проспективті зерттеулердің (1 салыстырмалы және 4 ашық) біріктірілген деректерін талдау барысында бағаланды. Пациенттерге препаратты кемінде 14 күн бойы енгізген. 4 ашық зерттеуде азолдарды пероральді қабылдауға анидулафунгинмен кемінде 5-10 күн емдеуден кейін рұқсат етілді. Талдауға 129 пациенттің деректері енгізілді. Жиырма бір пациентте (16,3 %) қатарлас кандидемия анықталған. APACHE II шкаласы бойынша орташа балл 14,9 (2-44 диапазон) болды. Инфекцияның жиі орналасқан жері іш қуысы (54,3 %; 129-дан 70), өт шығару жолдары (7,0 %; 129-дан 9), плевра қуысы (5,4 %; 129-дан 7) және бүйрек (3,1 %; 129-дан 4) болды. Бастапқы деңгейде терең тіндерден жиі бөлінетін патлогендер C. albicans (64,3 %; 129-дан 83), C. glabrata (31,0 %; 129-дан 40), C. tropicalis (11,6 %; 129-дан 15) және C. krusei(5,4 %; 129-дан 7) болды. 4-кестеде венаішілік емді аяқтау сәтіне (тиімділіктің негізгі көрсеткіші), терапияның барлық түрлерін аяқтау сәтіне сәтті жаһандық жауаптың көрсеткіштері және 6 аптадан кейін бақылау сапары сәтіндегі барлық себептер бойынша өлім көрсеткіші берілген.
4-кесте. Терең тіндердің кандидозы бар пациенттерде барлық себептер бойынша сәтті жаһандық жауапа пен өлім көрсеткіштері — жиынтық талдау
MITT популяциясы n/N (%)
ВТА кезіндегі сәтті жаһандық жауаптың көрсеткішіб
Кез келген орналасу — 102/129 (79,1)
Іш қуысы — 51/70 (72,9)
Өт шығару жолдары — 7/9 (77,8)
Плевра қуысы — 6/7 (85,7)
Бүйректер — 3/4 (75,0)
ТА сәтіндегі сәтті жаһандық жауаптың көрсеткішіб — 94/129 (72,9)
Барлық себептер бойынша өлім — 40/129 (31,0)
a Сәтті жаһандық жауап клиникалық белгілер мен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша емдеудің сәттілігі ретінде анықталды. б ВТА — венаішілік терапияны аяқтау, ТА — терапияның барлық түрлерін аяқтау.
Бала жасындағы пациенттер
• Кандидемияны (ИКК) қоса алғанда, инвазиялық кандидозы бар 1 айдан < 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы 68 пациентте анидулафунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау бойынша проспективті ашық салыстырылмайтын халықаралық зерттеу. Пациенттер жасы бойынша (1 айдан < 2 жасқа дейін, 2 жастан < 5 жасқа дейін және 5 жастан < 18 жасқа дейін) стратификацияланды және кейіннен флуконазолмен пероральді емге міндетті емес ауысумен (тәулігіне 612 мг/кг, ең жоғары доза 800 мг/тәулік) ұзақтығы 35 күнге дейінгі кезең ішінде вена ішіне тәулігіне бір рет анидулафунгин алды. Пациенттер ем аяқталғаннан кейін 2-ден 6 аптаға дейінгі кезең ішінде бақыланды.
Анидулафунгин қабылдаған 68 пациенттің ішінде 64 пациентте Candida тектес зеңдерден туындаған инфекция микробиологиялық зерттеулермен расталған және осы пациенттерде «ем тағайындалған пациенттер» (modified intent-to-treat — MITT) модификацияланған іріктеме шегінде препараттың тиімділігі бағаланды. Жалпы алғанда, Candida тектес зеңдер тек 61 пациенттің (92,2%) қанынан егілді. Көбінесе Candida albicans (пациенттердің 25 [39,1%]), Candida parapsilosis (пациенттердің 17 [26,6%]) және Candida tropicalis (пациенттердің 9 [14,1%]) сияқты патогендер егілді. Табысты жалпы жауап клиникалық жауаптың (емделу немесе жақсарту) және микробиологиялық жауаптың (эрадикация немесе болжамды эрадикация) болуы ретінде анықталды. MITT үлгісінде сәтті жалпы жауаптың жиілігі туралы мәліметтер 5-кестеде берілген.
5-кесте. Жас бойынша MITT үлгісінде сәтті жалпы жауап бойынша жиынтық деректер
Сәтті жалпы жауап, n (%)
Уақытша нүкте — Жалпы жауап — 1 айдан < 2 жасқа дейін (N = 16) n (n/N, %) — 2 жастан < 5 жасқа дейін (N = 18) n (n/N, %) — 5 жастан < 18 жасқа дейін(N = 30) n (n/N, %) — Барлығы (N = 64)n (n/N, %)
ВТА — Жетістік — 11 (68,8) — 14 (77,8) — 20 (66,7) — 45 (70,3)
95% СА — (41,3, 89,0) — (52,4, 93,6) — (47,2, 82,7) — (57,6, 81,1)
ТА — Жетістік — 11 (68,8) — 14 (77,8) — 21 (70,0) — 46 (71,9)
95% СА — (41,3, 89,0) — (52,4, 93,6) — (50,6, 85,3) — (59,2, 82,4)
КБ 2 апта ішінде — Жетістік — 11 (68,8) — 13 (72,2) — 22 (73,3) — 46 (71,9)
95% СА — (41,3, 89,0) — (46,5, 90,3) — (54,1, 87,7) — (59,2, 82,4)
КБ 6 апта ішінде — Жетістік — 11 (68,8) — 12 (66,7) — 20 (66,7) — 43 (67,2)
95% СА — (41,3, 89,0) — (41,0, 86,7) — (47,2, 82,7) — (54,3, 78,4)
• 95% СА — Клоппер — Пирсон әдісін пайдалана отырып, биноминальдық пропорциялар үшін дәл 95% сенімді аралық; ВТА - вена ішілік терапияның аяқталуы, ТА — терапияның аяқталуы.; КБ — кейінгі бақылау; MITT — «ем тағайындалған пациенттердің» модификацияланған іріктемесі (modified intent-to-treat); N — іріктемедегі пациенттердің саны; n — жауабы бар пациенттердің саны.