Әсер ету механизмі
Цетуксимаб эпидермальді өсу факторының рецепторына (EGFR) химерлі моноклональді IgG1 антидене болып табылады. EGFR сигнал беру жолдары жасушалардың өміршеңдігін, жасуша циклінің үдеуін, ангиогенезді, жасушалар жылжуын, сондай-ақ жасушалық инвазиялар мен метастаздарды бақылауға қатысады.
Цетуксимабтың EGFR-ге аффинділігі жоғары, ол эндогендік лигандтардан шамамен 5-10 есе жоғары.
Нәтижесінде цетуксимаб EGFR-дің эндогендік лигандтармен байланысуын бөгейді, бұл берілген рецептор функциясының тежелуіне әкеледі.
Бұл EGFR интернализациясын туындатады, бұл оның экспрессиясының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, цетуксимаб цитоуытты иммундық эффекторлық жасушаларды EGFR-экспрессиялайтын ісік жасушаларына (ADCC антиденеге тәуелді жасушамен байланысты цитоуыттылық) бағыттайды. Цетуксимаб HER тектес басқа рецепторларымен байланыспайды. RAS протоонкоген экспрессиясының өнімі болып табылатын ақуыз EGFR-ден сигнал беруде орталық рөл атқарады. EGFR арқылы RAS активациясымен сипатталатын ісіктерде жасушалар пролиферацияның, өміршеңдігінің және ангиогенді факторлар өндірілуінің жоғарылауы байқалады. RAS адамның ісіктеріндегі анағұрлым жиі белсендірілген онкогендер тектестігінің бірі болып табылады. RAS гендерінің мутациялары, атап айтқанда 2, 3 және 4 экзондарда, EGFR сигналдық жолына тәуелсіз, RAS ақуыздарының елеулі активациясына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
In vitro және in vivo эксперименттерінде цетуксимаб пролиферацияны тежеп, EGFR экспрессиялайтын адамның ісік жасушаларының апоптозын туындатқан. In vitro эксперименттерде цетуксимаб ісік жасушаларының ангиогенез факторларының өндірісін тежеп, эндотелий жасушаларының көшуін тежеді. In vivo эксперименттерінде цетуксимаб ісік жасушаларының ангиогендік факторлардың экспрессиясын тежеп, неоваскуляризацияның төмендеуін әрі ісіктің метастаздалуына әкелді.
Иммуногендігі
Адамның антихимерлі антиденелерінің (HACA) өндірісі осы фармакотерапиялық класқа тән моноклональді химерлі антиденелердің әсері болып табылады. Қазіргі уақытта HACA өнімі туралы деректер шектеулі. Жалпы алғанда, өлшенетін HACA титрлері зерттеуге енгізілген пациенттердің 3,4% - ында анықталды; препарат зерттеулерінде нысаналы көрсетілім бойынша қолданған кезде бұл мән 0% - дан 9,6% - ға дейін өзгеріп отырған. Қазіргі уақытта цетуксимабқа қатысты HACA бейтараптандыратын әсері туралы нақты деректер алынған жоқ. HACA өндірісі аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігімен, сондай-ақ цетуксимабтың кез келген басқа жағымсыз әсерлерімен байланысты емес.
Колоректальді обыр
Ісіктегі EGFR экспрессиясын иммуногистохимиялық диагностикалау үшін EGFR pharmDx диагностикалық тесті қолданылды. Егер боялған жасушалар анықталса, ісік EGFR экспрессиялайтын ретінде қарастырылды. Клиникалық зерттеулер шеңберінде скринингтен өткен метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттердің шамамен 75 %-ында EGFR экспрессиялайтын ісіктер тіркелген; осылайша, бұл пациенттер цетуксимабпен жүргізілетін ем үшін жарамды деп бағаланды. Ісіктері EGFR экспрессияланбаған пациенттерде цетуксимабтың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Зерттеу нәтижелері RAS мутациясымен метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттер цетуксимабпен жүргізілетін емнен немесе ауру үдеуінсіз өміршеңдікке (PFS) айтарлықтай теріс әсері кезінде цетуксимаб пен химиотерапия (атап айтқанда, FOLFOX4) біріктірілімінен болатын пайданың төмен ықтималдылығымен сипатталатынын көрсетеді.
Цетуксимаб монотерапияда және химиопрепараттармен біріктірілімде бес рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеулерде, сондай-ақ бірнеше қосалқы зерттеулерде қолданылды. Бес рандомизацияланған зерттеулерге EGFR экспрессиясы анықталған және ECOG жалпы жағдай индексі ≤2 болған метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан жалпы алғанда 3734 пациент енгізілді. Зерттеуге енгізілген пациенттердің көпшілігінде ECOG жалпы жағдай индексі ≤1 болған. Барлық зерттеулерде цетуксимаб 4.2-бөлімде сипатталғандай қолданылды.
KRAS статусы анықталғандай, цетуксимаб тиімділігінің болжамды факторы болып табылады. Тиісті деректер бес рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің төртеуінде алынды (EMR 62 202-013, EMR 62 202-047, CA225006 және CA225025). KRAS мутациялары туралы деректер 2072 пациентте болды. Қосымша талдаулар EMR 62 202-047 зерттеуінде жүргізілді, оның шеңберінде сонымен қатар экзон 2-дегі KRAS-тан басқа RAS (NRAS және KRAS) генінің мутациялары анықталған. Тек EMR 62 202-007 зерттеуінде бұл талдау мүмкін болмады.
Сонымен қатар, цетуксимаб химиотерапиямен біріктірілімде зерттеуші бастаған рандомизацияланған бақыланатын III фазалық зерттеудің (COIN (COntinuous chemotherapy plus cetuximab or INtermittent chemotherapy) - цетуксимабпен және интермиттерлейтін химиотерапиямен біріктірілімде үздіксіз химиотерапияны салыстырмалы бағалау) аясында қолданылды. Бұл зерттеуде EGFR экспрессиясы қосу критерийі болған жоқ. Пациенттердің шамамен 81 % - ында алынған ісік үлгілері KRAS экспрессиясы тұрғысынан ретроспективті түрде талданды.
Цетуксимаб химиотерапиямен біріктірілімде
• EMR 62 202-013: аурудың метастаздайтын сатысы бойынша бұрын ем қабылдаған метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттерді қамтитын, осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде цетуксимабпен, иринотеканмен, 5-фторурацилмен [тамшылатып] және фолиний қышқылымен (FOLFIRI) (599 пациент) біріктірілген емді FOLFIRI химиотерапия режимімен (599 пациент) салыстыру орындалды. Жабайы типті KRAS экспрессиялаған ісіктері байқалған пациенттердің үлесі KRAS статусы бағалауға болатын барлық пациенттер арасында 63 %-ды құрады.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төменде ұсынылған кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Жабайы типті RAS — RAS мутациялары
Цетуксимаб + FOLFIRI (N=178) — FOLFIRI (N=189) — Цетуксимаб + FOLFIRI (N=246) — FOLFIRI (N=214)
OS
Медиана, айлар — 28,4 — 20,2 — 16,4 — 17,7
(95% СА) — (24.7, 31.6) — (17.0, 24.5) — (14.9, 18.4) — (15.4, 19.6)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,69 (0.54, 0.88) — 1.05 (0.86, 1.28)
р-мәні — 0,0024 — 0.6355
PFS
Медиана, айлар — 11.4 — 8,4 — 7,4 — 7,5
(95% СА) — (10.0, 14.6) — (7.4, 9.4) — (6.4, 8.0) — (7.2, 8.5)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.56 (0.41, 0.76) — 1.10 (0.85, 1.42)
р-мәні — 0,0002 — 0.4696
ORR
% — 66.3 — 38.6 — 31.7 — 36.0
(95% СА) — (58.8, 73.2) — (31.7, 46.0) — (25.9, 37.9) — (29.6, 42.8)
Мүмкіндіктер қатынасы (95% СА) — 3.1145 (2.0279, 4.7835) — 0.8478 (0.5767, 1.2462)
р-мәні — <0,0001 — 0.3970
СА - сенімді аралық; FOLFIRI – иринотекан, 5-фторурацил (тамшылатып) мен фолий қышқылының біріктірілімі; ORR – объективті жауап жиілігі (толық немесе ішінара); OS – жалпы өміршеңдік; PFS – ауру үдеуінсіз өміршеңдік.
• EMR 62 202-047: аурудың метастазданатын сатысы бойынша бұрын ем қабылдамаған метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттерді қамтитын, осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде цетуксимабпен, оксалиплатинмен, 5-фторурацилмен [тамшылатып] және фолиний қышқылымен (FOLFOX4) (169 пациент) біріктірілген емді FOLFOX4 химиотерапия режимімен (168 пациент) салыстыру орындалды. Жабайы типті KRAS экспрессиялаған ісіктері байқалған пациенттердің үлесі KRAS статусы бағалауға болатын барлық пациенттер арасында 57 %-ды құрады. Бұл зерттеуде жабайы типті KRAS экспрессиялайтын ісіктердің барлық талдауға жарамды үлгілерінде RAS статусын мен экзон 2 осындай KRAS генінен өзгеше мутациялар бағаланды. RAS мутантты нұсқаларын экспрессиялаған пациенттердің популяциясы белгілі KRAS мутацияларын, сондай-ақ қосымша анықталған RAS мутацияларын экспрессиялаған пациенттер құрады.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төменде ұсынылған кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Жабайы типті RAS — RAS мутациялары
Цетуксимаб + FOLFOX4 (N=38) — FOLFOX4 (N=49) — Цетуксимаб + FOLFOX4 (N=92) — FOLFOX4 (N=75)
OS
Медиана, айлар — 19.8 — 17,8 — 13,5 — 17,8
(95% СА) — (16.6, 25.4) — (13.8, 23.9) — (12.1, 17.7) — (15.9, 23.6)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.94 (0.56, 1.56) — 1.29 (0.91, 1.84)
р-мәні — 0.8002 — 0.1573
PFS
Медиана, айлар — 12,0 — 5,8 — 5,6 — 7,8
(95% СА) — (5.8, NE) — (4.7, 7.9) — (4.4, 7.5) — (6.7, 9.3)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.53 (0.27, 1.04) — 1,54 (1.04, 2.29)
р-мәні — 0.0615 — 0.0309
ORR
% — 57.9 — 28.6 — 37.0 — 50.7
(95% СА) — (40.8, 73.7) — (16.6, 43.3) — (27.1, 47.7) — (38.9, 62.4)
Мүмкіндіктер қатынасы (95% СА) — 3.3302 (1.375, 8.172) — 0.580 (0.311, 1.080)
р-мәні — 0.0084 — 0.0865
СА - сенімді аралық; FOLFOX4 – оксалиплатин, 5-фторурацил (тамшылатып) мен фолий қышқылының біріктірілімі; ORR – объективті жауап жиілігі (толық немесе ішінара); OS – жалпы өміршеңдік; PFS – ауру үдеуінсіз өміршеңдік, NE - бағалау мүмкін емес.
Атап айтқанда, мутантты RAS нұсқаларын экспрессиялаған пациенттерде емдеу режиміне цетуксимабты қосудың теріс әсері байқалды.
• COIN: аурудың метастазданатын сатысына қатысты бұрын ем алмаған, операция жасауға болмайтын метастаздайтын немесе жергілікті таралған колоректальді обырға шалдыққан 2445 пациент қосылған, осы үш топтық ашық рандомизацияланған зерттеу шеңберінде сол химиотерапия режимінде салыстырғанда цетуксимабпен біріктірілімде оксалиплатиннің фторпиримидиндермен біріктірілімі (5 фторурацилмен [тамшылатып] және фолиний қышқылымен [OxMdG] немесе капецитабинмен [XELOX]) салыстырылды. Үшінші емдеу тобының өкілдері цетуксимабсыз OxMdG немесе XELOX интермиттерлейтін ем режимін алды. Үшінші емдеу тобында XELOX режимі бойынша деректер ұсынылмаған.
Пациенттердің шамамен 81% - ында ісік үлгілері ретроспективті түрде KRAS экспрессиясы тұрғысынан талданды, оның 55% - ы KRAS жабайы типін экспрессиялаған. Оның ішінде 362 пациент цетуксимабты оксалиплатинмен және фторпиримидиндермен (117 – OxMdG, және 245 – XELOX), ал 367–і тек фторпиримидиндермен (127 – OxMdG және 240 – XELOX) үйлесімде алған. KRAS мутациясын экспрессиялаған науқастардан 297 пациент оксалиплатинмен және фторпиримидиндермен (101 – OxMdG және 196 – XELOX) цетуксимаб алған және 268– фторпиримидиндермен (78 – OxMdG және 190 – XELOX) біріктірілімде тек оксалиплатин алған.
Осы зерттеуде алынған OxMdG режимінің тиімділігі бойынша деректер төмендегі кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Жабайы типті KRAS — KRAS мутациялары
Цетуксимаб + OxMdG (N=117) — OxMdG (N=127) — Цетуксимаб + OxMdG (N=101) — OxMdG (N=78)
OS
Медиана, айлар — 16,3 — 18,2 — 13,1 — 14,6
(95% СА) — (10,3 – 32,2) — (9,8 – 27,5) — (8,0; 23,9) — (9,5; 22,0)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,93 (0,72 – 1,19) — 0,99 (0,75 – 1,30)
р-мәні — 0,617 — 0,931
PFS
Медиана, айлар — 9,0 — 9,2 — 6,8 — 8,5
(95% СА) — (5,8 – 15,5) — (5,8 – 12,7) — (5,0; 10,7) — (3,4; 10,8)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,77 (0,59 – 1,01) — 1,05 (0,77 – 1,41)
р-мәні — 0,056 — 0,78
ORR
% — 68 — 59 — 47 — 51
(95% СА) — (58 – 76) — (50 – 68) — (37; 57) — (40; 63)
Мүмкіндіктер қатынасы (95% СА) — 1,44 (0,85 – 2,43) — 0,83 (0,46 – 1,49)
р-мәні — 0,171 — 0,529
СА - сенімді аралық; OxMdG – оксалиплатин + 5-фторурацил (тамшылатып)/фолий қышқылы; OS – жалпы өміршеңдік; PFS – ауру үдеуінсіз өміршеңдік.
Уақыт көрсеткіштеріне қатысты соңғы нүктелерді талдау кезінде цетуксимабты XELOX режимімен біріктірудің клиникалық пайдасы туралы айғақтайтын үрдістер байқалмады.
Сонымен қатар, цетуксимаб тобында капецитабин немесе оксалиплатин дозасын төмендетудің айтарлықтай жиілігі және диареяның жоғары жиілігіне байланысты циклдар арасындағы аралықтардың ұзаруы тіркелді. Сонымен қатар, цетуксимаб алған пациенттердің сенімді аз саны екінші желідегі ем алған.
FIRE-3 (FOLFIRI-мен бірінші желідегі цетуксимабтың біріктірілімі): FIRE-3 зерттеуі бұл экзон 2 KRAS жабайы типті метастаздық колоректальді обырға (мКРО) шалдыққан пациенттерде не цетуксимабпен не бевацизумабпен үйлесімде 5-ФУ, фолий қышқылы мен иринотеканның тікелей біріктірілімдері (FOLFIRI) зерттелген, III фазаның көп орталықты рандомизацияланған зерттеуі болып табылады. RAS статусын жабайы типті KRAS 2 экзоны бар 407 пациенттің ісік үлгілерінде бағалауға болатын, бұл жабайы типті KRAS 2 экзоны бар пациенттердің жалпы санының 69%-ын (592 пациент) құрайды. Оның ішінде 342 пациентте жабайы типті RAS ісіктері болды,
сол уақытта RAS мутациялары 65 пациентте анықталды. RAS мутанттарының популяциясы және зерттеуге алу KRAS 2 экзонымен жабайы типті мКРО-ға шалдыққан пациенттермен шектеулі болғанға дейін емдеген, KRAS 2 экзонының мутантты ісіктері бар 113 пациентпен осы 65 пациентті қамтыған.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төмендегі кестеде келтірілген:
Көрсеткіш — Жабайы типті RAS — RAS мутациялары
Цетуксимаб + FOLFIRI (N= 171) — Бевацизумаб+ FOLFIRI (N= 171) — Цетуксимаб + FOLFIRI (N=92) — Бевацизумаб+ FOLFIRI (N=86)
OS
Медиана, айлар — 33.1 — 25.6 — 20.3 — 20.6
(95% СА) — (24.5, 39.4) — (22.7, 28.6) — (16.4,23.4) — (17.0, 26.7)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.70 (0.53, 0.92) — 1.09 (0.78, 1.52)
р-мәні — 0.011 — 0.60
PFS
Медиана, айлар — 10.4 — 10.2 — 7.5 — 10.1
(95% СА) — (9.5, 12.2) — (9.3, 11.5) — (6.1, 9.0) — (8.9, 12.2)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.93 (0.74, 1.17) — 1.31 (0.96, 1.78)
р-мәні — 0.54 — 0.085
ORR
% — 65.5 — 59.6 — 38.0 — 51.2
(95% СА) — (57.9, 72.6) — (51.9, 67.1) — (28.1, 48.8) — (40.1, 62.1)
Мүмкіндіктер қатынасы (95% СА) — 1.28 (0.83, 1.99) — 0.59 (0.32, 1.06)
р-мәні — 0.32 — 0. 097
СА - сенімді аралық; FOLFIRI – иринотекан плюс инфузиялық 5-ФУ/ФА; ОЖЖ– объективті жауап жиілігі (толық немесе ішінара жауабы бар пациенттер); OS – жалпы өміршеңдік; АҮӨ– ауру үдеуінсіз өміршеңдік.
Жабайы типті KRAS популяциясында CALGB/SWOG 80405 (N=1137) зерттеуінде химиотерапиямен біріктірілімдегі цетуксимаб біріктірілімінің химиотерапиямен біріктірілімдегі бевацизумабтан артықшылығы аралық талдау негізінде көрсетілмеген. Бұл деректерді дұрыс бағалау үшін жабайы типті RAS популяциясын талдау қажет.
• CA225006: аурудың метастазданатын сатысына қатысты бастапқыда оксалиплатинмен және фторпиримидинмен біріктірілген ем алған, метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттер қосылған, осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде цетуксимабтың иринотеканмен (648 пациент) біріктірілімі және монотерапиядағы иринотеканға (650 пациент) салыстыру жүргізілді. Ауру үдегеннен кейін EGFR- таргеттік дәрілермен емдеу бастапқыда монотерапияда иринотекан қабылдаған пациенттердің 50%-ында басталды.
Жалпы популяцияда, KRAS статусына қарамастан, монотерапиядағы иринотеканмен салыстырғанда цетуксимаб пен иринотекан біріктірілімін (648 пациентте) қолданудың келесі нәтижелері алынды (650 пациентте): жалпы өміршеңдік медианасы (OS): 9,99 аймен салыстырғанда 10,71 (ҚҚ: 0,98); ауру үдеуінсіз өміршеңдік медианасы (PFS): 2,6 аймен салыстырғанда 4,0 (ҚҚ: 0,69); объективті жауап беру жиілігі (ORR): 4,2%-бен салыстырғанда 16,4 %.
Ісік үлгілері пациенттердің тек 23% - ында (1298-ден 300-і) KRAS статусын талдау үшін қол жетімді болды. KRAS статусы тұрғысынан талданған пациенттердің арасында 64%-ы (192) жабайы типті KRAS және 108 - KRAS мутациясын экспрессиялады. Осы деректердің негізінде, сондай-ақ сәулемен емдеу зерттеулер деректеріне тәуелсіз талдау жүргізілмегендіктен, мутациялық статусқа қатысты нәтижелер интерпретациялауға келмейтін ретінде бағаланды.
• EMR 62 202-007: зерттеуге қосар алдында емнің соңғы желісі ретінде қолданылған, аурудың метастазданатын сатысы бойынша иринотекан негізіндегі ем әсерінің жоқтығы анықталған метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттерді қамтитын осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде монотерапиядағы цетуксимабпен (111 пациент) цетуксимаб пен иринотеканның (218 пациентте) біріктірілімі салыстырылды.
Цетуксимабты иринотеканмен біріктіру цетуксимаб монотерапиясымен салыстырғанда ауру үдеуінсіз жалпы қауіптің 46% - ға төмендеуін қамтамасыз еткені және объективті жауап жиілігін сенімді түрде арттырғаны көрсетілді. Осы рандомизацияланған зерттеу аясында жалпы өміршеңдіктің жақсаруы статистикалық сенімділік деңгейіне жеткен жоқ; алайда бақылау процесінде цетуксимабпен монотерапия тобындағы пациенттердің шамамен 50 %-ы ауру үдегеннен кейін цетуксимаб пен иринотекан біріктірілімін алған, бұл жалпы өміршеңдікті бағалауға әсер етуі мүмкін.
Монотерапиядағы цетуксимаб
• CA225025: аурудың метастаданатын сатысы бойынша бұрын оксалиплатин препараттары, иринотекан немесе фторпиримидиндер негізінде ем қабылдаған метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттерді қамтитын, осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде монотерапияда және ең жақсы симптоматикалық емде цетуксимабты (BSC) (287 пациент) цетуксимабсыз ең жақсы симптоматикалық еммен (285 пациент) салыстыру жүргізілді Жабайы типті KRAS экспрессиялайтын ісіктері бар пациенттердің үлесі 58%-ды құрады.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төменде ұсынылған кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Жабайы типті KRAS — KRAS мутациялары
Цетуксимаб + BSC (N=117) — BSC (N=113) — Цетуксимаб + BSC (N=81) — BSC (N=83)
OS
Медиана, айлар — 9,5 — 4,8 — 4,5 — 4.6
(95% СА) — (7,7 – 10,3) — (4,2, 5,5) — (3,8; 5,6) — (3,6; 5,5)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,552 (0,408 – 0,748) — 0,990 (0,705, 1,389)
р-мәні — <0,0001 — 0,9522
PFS
Медиана, айлар — 3,7 — 1,9 — 1,8 — 1,8
(95% СА) — (3,1 – 5,1) — (1,8, 2,0) — (1,7; 1,8) — (1,7; 1,8)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,401 (0,299 – 0,536) — 1,002 (0,732, 1,371)
р-мәні — <0,0001 — 0,9895
ORR
% — 12,8 — 0 — 1,2 — 0
(95% СА) — (7,4 – 20,3) — (-) — (0,0; 6,7) — (-)
р-мәні — <0,001 — 0,314
BSC - ең жақсы симптоматикалық ем; СА - сенімді аралық; ORR – объективті жауап жиілігі (толық немесе ішінара); OS – жалпы өміршеңдік; PFS – ауру үдеуінсіз өміршеңдік.
Бас пен мойын мүшелерінің жалпақ жасушалы обыры
EGFR экспрессиясын иммуногистохимиялық бағалау орындалмады, себебі бас және мойын мүшелерінің жалпақ жасушалы обырының >90% жағдайы EGFR экспрессиясымен сипатталады.
Жергілікті таралған ісіктері кезінде сәулемен емдеумен біріктірілімдегі цетуксимаб
• EMR 62 202-006: осы рандомизацияланған зерттеу аясында бас және мойын мүшелерінің жергілікті таралған жалпақ жасушалы обырға шалдыққан науқастарда цетуксимабсыз сәулемен емдеумен (213 пациентте) салыстырғанда цетуксимабты сәулемен емдеу біріктіріліміне салыстырмалы бағалау жүргізілді. Цетуксимабпен жүргізілетін емді сәулемен емдеу басталғанға дейін 1 апта бұрын бастаған және сәулемен емдеу аяқталғанға дейін 4.2-бөлімде көрсетілген дозаларда жүргізілді.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төменде ұсынылған кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Сәулемен емдеу + цетуксимаб — Тек сәулемен емдеу
(N=211) — (N=213)
Локорегионарлық бақылау
Медиана, айлар (95% СА) — 24,4 — (15,7 – 45,1) — 14,9 — (11,8; 19,9)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,68 (0,52 – 0,89)
р-мәні — 0,005
OS
Медиана, айлар (95% СА) — 49,0 — (32,8 – 69,5+) — 29,3 — (20,6; 41,4)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,73 (0,56 – 0,95)
р-мәні — 0,018
Бақылау медианасы, айлар — 60,0 — 60,1
1 жылдық OS, % (95% СА) — 77,6 (71,4 – 82,7) — 73,8 (67,3 – 79,2)
2 жылдық OS, % (95% СА) — 62,2 (55,2 – 68,4) — 55,2 (48,2 – 61,7)
3 жылдық OS, % (95% СА) — 54,7 (47,7 – 61,2) — 45,2 (38,3 – 51,9)
5 жылдық OS, % (95% СА) — 45,6 (38,5 – 52,4) — 36,4 (29,7 – 43,1)
СА - сенімді аралық; OS - жалпы өміршеңдік; '+' – деректерді жинау аяқталған мезетте жоғарғы шегіне қол жеткізілмеді.
Ісік процесінің сатысына, Карновский жалпы жай-күй индексіне (KPS) және жас шамасына сәйкес салыстырмалы түрде қолайлы болжаммен сипатталатын пациенттерде цетуксимабты сәулемен емдеуге қосудың пайдасы анағұрлым айқын болды. ≥65 жастағы KPS ≤80 болған науқастарда мұндай емнің клиникалық пайдасы көрсетілмеген.
Цетуксимабты химиялық сәулемен емдеумен біріктіру осы уақытқа дейін жеткілікті түрде зерттелмеген. Осылайша, мұндай емдеудің әлеуетті пайдасы мен ықтимал қаупінің арақатынасы әлі анықталған жоқ.
Қайталанатын және/немесе метастаздайтын жаңа түзілімдер кезінде платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімдегі цетуксимаб
• EMR 62 202-002: осы ауруға байланысты бұрын химиотерапия алмаған, бас пен мойын мүшелерінің қайталанатын және/немесе метастазданатын жалпақ жасушалы обырға шалдыққан пациенттер қосылған, осы рандомизацияланған зерттеу шеңберінде цетуксимабсыз химиотерапияның сол режимімен (220 пациентте) салыстырғанда цетуксимаб мен цисплатинді немесе карбоплатинді 5-фторурацилмен (тамшылатып) (222 пациентте) біріктіруге бағалау жүргізілді. Цетуксимабпен жүргізілетін ем платина препараттары негізіндегі химиотерапияның 6 цикліне дейін жүргізілді, содан кейін цетуксимаб ауру үдегенге дейін демеуші ем ретінде қолданылды.
Осы зерттеуде алынған тиімділік бойынша деректер төменде ұсынылған кестеде жинақталған.
Көрсеткіш — Цетуксимаб + CTX — CTX
(N=222) — (N=220)
OS
Медиана, айлар (95% СА) — 10,1 (8,6 – 11,2) — 7,4 (6,4 – 8,3)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,797 (0,644 – 0,986)
р-мәні — 0,0362
PFS
Медиана, айлар (95% СА) — 5,6 (5,0 – 6,0) — 3,3 (2,9 – 4,3)
Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0,538 (0,431 – 0,672)
р-мәні — <0,0001
ORR
% (95% СА) — 35,6 (29,3 – 42,3) — 19,5 (14,5 – 25,4)
р-мәні — 0,0001
СА - сенімді аралық; CTX – платина препараттарына негізделген химиотерапия; ORR – объективті жауап жиілігі; OS – жалпы өміршеңдік; PFS – аурудың үдеуінсіз өміршеңдік.
Ісік процесінің сатысына, Карновский жалпы жай-күй индексіне (KPS) және жас шамасына сәйкес салыстырмалы түрде қолайлы болжаммен сипатталатын пациенттерде платина препараттары негізіндегі химиотерапияға цетуксимабты қосу пайдасы анағұрлым айқын болды. Ауру үдеуінсіз өміршеңдікті бағалау нәтижелеріне қарама-қайшы ретінде ≥65 жастағы KPS ≤80 болатын науқастардағы жалпы өміршеңдіктің жақсаруы тіркелмеген.
Балаларда қолданылуы
Еуропалық дәрілік заттарды бағалау жөніндегі агенттігі тоқ ішек пен тік ішектің аденокарциномасы, сондай-ақ ауыз-жұтқыншақ, көмей және мұрын қуысының обыры (мұрын-жұтқыншақ және лимфоэпителиома обырынан басқа - 4.2 бөлімін қараңыз) бар бала жасындағы пациенттердің барлық субпопуляцияларында цетуксимабты зерттеу нәтижелерін ұсынбауға рұқсат берді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Қатысы жоқ.