Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Эргоферон
Әсер етуші зат
Иммуностимуляторы другие
Мақсаты
Ересектерде және 6 айдан асқан балаларда кешенді ем құрамында грипп, парагрипп вирусы, аденовирус, респираторлық-синцитиальді вирус, коронавирус туындатқан жедел респираторлық…
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:адам гамма интерферонына аффинді тазартылған
антиденелер 0,006 г*,
гистаминге аффинді тазартылған антиденелер 0,006 г*,
CD4-ке аффинді тазартылған антиденелер 0,006 г*.
* лактоза моногидратына 10012, 10030, 10050 есеге сәйкес сұйылтылған субстанцияның үш белсенді сулы-спиртті сұйылтулары қоспасы түрінде жағылады.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар жалпақ жағында MATERIA MEDICA жазуы бар, басқа жалпақ жағында ERGOFERON жазуы салынған.
• ересектерде және 6 айдан асқан балаларда кешенді ем құрамында грипп, парагрипп вирусы, аденовирус, респираторлық-синцитиальді вирус, коронавирус туындатқан жедел респираторлық вирусты инфекциялар профилактикасы және емдеу.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Бір қабылдауға – 1 таблетка. Эргоферон препараты 6 айдан асқан балаларда ересектердегі дозалау режимінде қолданылады.
ЖРВИ кешенді емі құрамында
Емдеуді жедел инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ бастау қажет. Емдеудің 1-ші күні келесі сызба бойынша 8 таблетканы қабылдайды: алғашқы 2 сағатта әрбір 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблетка), содан кейін осы күн ішінде тең уақыт аралығында тағы 1 таблеткадан 3 рет қабылдайды. 2-ші тәуліктен бастап және одан әрі 1 таблеткадан күніне 3 рет толық жазылғанша қабылдайды.
ЖРВИ профилактикасы.
Күніне 1-2 таблеткадан. Профилактикалық курстың ұсынылатын ұзақтығы жекелей анықталады және 1 - 6 айды құрауы мүмкін.
Қажет болғанда препаратты басқа да вирусқа қарсы және симптоматикалық дәрілермен үйлестіруге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, шамамен тамақтанудан 15 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 15 минут өткен соң. Таблетканы жұтпай, толық ерігенше, ауызда ұстау керек.
Препаратты жасы кіші балаларға тағайындағанда (6 айлықтан 6 жасқа дейін) таблетканы қайнаған бөлме температурасындағы судың аз мөлшерінде (1 ас қасық) еріту ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда ол дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және препаратты қабылдау курсын басталған схема бойынша жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 айлықтан кіші балалар
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза лопарей тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес):
• препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлері) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Артық дозаланғанда диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) препараттың құрамына кіретін қосалқы заттарға негізделген. Емдеу препаратты тоқтату және симптоматикалық ем, мысалы, пероральді регидратация (көп ішу) тағайындау болып табылады.
Қатысы жоқ.
Арнайы ескертулер
Айрықша нұсқаулар
Құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі кезінде тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Эргоферон препараты 6 айдан асқан балаларда қолданылады.
Эргоферон препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Эргоферон препаратын ана үшін пайдасы мен шаранаға немесе балаға төнетін ықтимал қауіптің арақатынасын бағалаудан кейін, аса қажетті болғанда қолдану ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Эргоферон көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қазіргі кезге дейін басқа дәрілік заттармен сәйкессіздік жағдайлары тіркелмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.