Дәрігерге немесе фармацевтке Сіз рецептісіз алынған кез келген дәрілерді қоса, басқа қандай да бір басқа дәрілерді қабылдап жүргеніңізді, жақында қабылдағаныңызды немесе қабылдауыңыз мүмкін екенін хабарлаңыз.
Эритромицинмен бір мезгілде қолданғанда Р450 цитохромы ферменттерінің жүйесімен метаболизденетін препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы байқалуы мүмкін: аценокумарол, альфентанил, астемизол, бромокриптин, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дигоксин, дигидроэрготамин, дизопирамид, эрготамин, гексобарбитал, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, фенитоин, хинидин, рифабутин, силденафил, такролимус, терфенадин, домперидон, теофиллин, толтеродин, триазолам, вальпроат, винбластин және зеңге қарсы препараттар (мысалы, флуконазол, кетоконазол және итраконазол). Эритромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде Р 450 цитохромының қатысуымен метаболизденетін препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын мұқият бақылау керек. Тиісті мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда дозаны түзету қажет.
ЭКГ-да QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарға ерекше назар аудару керек.
CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шілтер жапырақты шайқурай) эритромициннің метаболизмін индукциялауы мүмкін, бұл эритромициннің субтерапиялық деңгейіне және оның әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Эритромицинді CYP3A4 индукторларымен емдеу кезінде және одан кейін екі апта ішінде қолдануға болмайды, өйткені осы кезеңде индукцияның біртіндеп төмендеуі жүреді.
HMG-CoA-редуктаза тежегіштері (ГМК-КоА редуктаза тежегіштері)
Эритромицин HMG-CoA-редуктаза тежегіштерінің (мысалы, ловастатин мен симвастатин) концентрациясын жоғарылататыны хабарланды. Эритромицинді рабдомиолизді қоса, миопатия қаупінің жоғарылауына байланысты HMG-CoA-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолданбаған жөн. Осы препараттарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің сирек жағдайлары байқалды.
Егер Сіз қазіргі уақытта ломитапид (холестерин мен триглицеридтер сияқты қандағы май құрамының жоғарылауын азайту үшін қолданылады) деп аталатын дәріні қабылдап жүрсеңіз, эритромицинді қабылдамаңыз. Бұл препаратты эритромицинмен бір мезгілде қабылдау бауыр (трансаминазалар) жасушалары өндіретін ферменттер деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл бауырдың жүктеме жай-күйінде және бауырмен проблемаларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Контрацептивтер
Кейбір антибиотиктер сирек жағдайларда ішектегі стероидты конъюгаттардың бактериялық гидролизіне және осылайша байланыспаған стероидтардың реабсорбциясына кедергі жасай отырып, ұрықтануға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Нәтижесінде қан плазмасындағы белсенді стероидтың деңгейі төмендеуі мүмкін.
Гистаминді H1-рецепторлардың блокаторлары
Эритромицин метаболизмінің өзгеруіне байланысты терфенадин, астемизол, домперидон және мизоластин сияқты эритромицин мен Н1-антагонистерін бір мезгілде қабылдауды сақтықпен тағайындау керек.
Эритромицин бір мезгілде қабылдағанда терфенадин, астемизол және пимозидтің метаболизмін елеулі өзгертеді. Сирек жағдайларда жүректің тоқтап қалуы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) және басқа да вентрикулярлық аритмиялар сияқты күрделі, потенциалды өліммен аяқталатын жүрек-қантамыр бұзылулары туралы хабарланды.
Бактерияға қарсы дәрілер
In vitro жағдайында эритромицин мен бактерицидті бета-лактамды антибиотиктер (мысалы, пенициллин, цефалоспорин) арасында антагонизм бар. Эритромицин клиндамицин, линкомицин және хлорамфениколдың әсеріне кедергі келтіреді. Стрептомицинге, тетрациклиндерге және колистинге де қатысты.
Протеаза тежегіштері
Эритромицин мен протеаза тежегіштерін бір мезгілде тағайындағанда эритромициннің ыдырауының тежелуі байқалды.
Пероральді антикоагулянттар
Эритромицин мен пероральді антикоагулянттарды (мысалы, варфарин, ривароксабан) қатарлас қабылдаған кезде коагуляцияға қарсы әсердің күшеюі туралы хабарламалар бар.
Триазолбензодиазепиндер (мысалы, триазолам және апразолам) және онымен байланысты бензодиазепиндер
Эритромицин триазоламның, мидазоламның және онымен байланысты бензодиазепиндердің клиренсін төмендетеді және осылайша осы бензодиазепиндердің фармакологиялық әсерін арттыруы мүмкін.
Эрготамин
Маркетингтен кейінгі бақылаулар эритромицинді эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен бірге қолдану орталық жүйке жүйесінде, аяқ-қолдарда және басқа тіндерде тамырлар түйілуімен және ишемиямен сипатталатын қастауыштың жедел уыттылығымен байланысты екенін көрсетеді.
Цизаприд
Эритромицинмен бір мезгілде қолдану аясында пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмияның пайда болуына әкелуі мүмкін, соның ішінде қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes). Ұқсас әсерлер пимозид пен кларитромицинді, басқа макролидті антибиотикті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды.
Теофиллин
Эритромицинді жоғары дозада теофиллин қабылдаған пациенттерде қолдану қан сарысуындағы теофиллин концентрациясының жоғарылауына және теофиллиннің потенциалды уыттылығына әкелуі мүмкін. Теофиллиннің уыттылығы және/немесе сарысудағы теофиллин концентрациясының жоғарылауы белгілері пайда болған жағдайда, эритромицинмен емдеу кезінде теофиллин дозасын азайту керек. Эритромицин мен теофиллинді бір мезгілде пероральді қолданғанда қан сарысуындағы эритромицин концентрациясы айтарлықтай төмендейтінін көрсететін хабарламалар жарияланды. Бұл эритромициннің субтерапиялық концентрациясына әкелуі мүмкін.
Колхицин
Препарат нарыққа шыққаннан кейін колхициннің эритромицинмен бірге қолданылғандағы уыттылығы туралы хабарламалар келіп түсті.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары
Кальций өзекшелерінің блокаторы верапамилді бір мезгілде қолданғанда артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.
Циметидин
Циметидинді бір мезгілде қолдану эритромицин метаболизмін тежеуі мүмкін, бұл плазмадағы концентрацияның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Зопиклон
Эритромицин зопиклон клиренсін төмендетіп, сол арқылы осы препараттың фармакодинамикалық әсерін күшейте алады.
Обсервациялық деректер ревматоидты артриті бар пациенттерде азитромицин мен гидроксихлорохинді бірлесіп қолдану жүрек-қантамыр оқиғалары қаупінің жоғарылауымен және жүрек-қантамыр бұзылуларынан болатын өліммен байланысты екенін көрсетті. Гидроксихлорохинмен және хлорохинмен бірге қолданғанда басқа макролидтер үшін ұқсас қауіп ықтималдығы болғандықтан, гидроксихлорохин немесе хлорохин қабылдаған кез келген пациенттерге эритромицин тағайындамас бұрын пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият талдау қажет.
Кортикостероидтар
Эритромицинді жүйелік және ингаляциялық кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда, негізінен CYP3A метаболизденетін, кортикостероидтардың жүйелік әсерін күшейту мүмкіндігіне байланысты сақ болу керек. Препараттарды бір мезгілде қолданғанда пациенттер жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерін мұқият бақылауда ұстауы тиіс.
Гидроксихлорохин және хлорохинин
Эритромицинді жүрек аритмиясын және күрделі қолайсыз жүрек-қантамыр құбылыстарын туындатуы потенциалды мүмкін болғандықтан QT аралығын ұзартатын осы препараттарды қабылдаған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Арнаулы ескертулер
Эритромицин туа біткен мерездің алдын алу үшін жеткілікті концентрацияда шаранаға дейін жетпейді деп хабарланды. Жүктілік кезінде мерезді ерте сатыда емдеу үшін эритромицинді пероральді қабылдаған әйелдерден туған нәрестелерге пенициллинмен тиісті емдеуді тағайындау керек.
Эритромицин миастениясы бар пациенттерде әлсіздік симптомдарын күшейтуі мүмкін деген хабарламалар бар.
Эритромицин несептегі катехоламиндердің флюорометриялық анықтамасына кедергі келтіреді. Статиндермен бір мезгілде эритромицин қабылдаған ауыр пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған немесе онсыз рабдомиолиз (қаңқа бұлшықетінің жедел некрозы) туралы хабарланды.
Нәрестелерде эритромицинмен емдеуден кейін пайда болатын нәрестелік гипертрофиялық қақпалық стеноздың (IHPS) дамуы туралы хабарланды. Мета-талдау деректерін қоса, эпидемиологиялық зерттеу деректері нәрестелердегі эритромициннің әсерінен кейін IHPS қаупінің 2-3 есе артуын болжауға мүмкіндік береді. Бұл қауіп өмірдің алғашқы 14 күнінде эритромицин әсерінен кейін едәуір жоғары болады. Қолда бар деректер осы уақыт аралығында эритромицин әсерінен кейін қауіп 2,6 % (95% СА: 1,5–4,2 %) екенін көрсетеді. Жалпы қауымдағы IHPS қаупі 0,1-0,2% құрайды. Эритромицинді нәрестелердегі осындай ауруларды емдеуде пайдалануға болатындықтан, олар елеулі аурушаңдық пен өлім-жітіммен байланысты (мысалы, көкжөтел, хламидиоз), ІНРS дамуының потенциалды қаупіне қатысты эритромицинмен емдеуден пайданы бағалау қажет. Баланы тамақтандыру кезінде құсу немесе мазасыздық пайда болған жағдайда ата-аналарға дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы ескерту керек.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды (осы дәрілік түрі үшін).