Ересектер (18 жастан асқан)
Жиі
- бас ауыру
- инфузиядан кейінгі венадағы асқынулар, флебит/тромбофлебит
- диарея, жүрек айну, құсу
- бөртпе, қышыну
- АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
- тромбоциттер санының көбеюі
Жиі емес
- ауыз қуысының кандидозы, кандидоз, зеңдік инфекция, жалған жарғақшалы энтероколит, вагинит
- анорексия
- ұйқысыздық, сананың шатасуы
- бас айналу, ұйқышылдық, дәм сезудің бұрмалануы, құрысулар
- синустық брадикардия
- гипотензия
- диспноэ, фарингеальдық жайсыздық
- іш қату, қышқылдық регургитация, ауыздың құрғауы, диспепсия, іштің ауыруы
- эритема, есекжем
- қанталау, астения/ әлсіздік, қызба, ісіну/ісіңкілік, кеуде ауыруы
- сарысудағы жалпы билирубин, сарысудағы тікелей билирубин, сарысудағы тікелей емес билирубин, сарысу креатинині, сарысудағы мочевина, сарысу глюкозасы деңгейлерінің жоғарылауы
- лейкоциттер, тромбоциттер, сегментядролы нейтрофилдер санының, гемоглобин мен гематокрит деңгейлерінің азаюы; эозинофилдер санының артуы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының, протромбин уақытының, сегментядролы нейтрофилдер мен лейкоциттер санының артуы
- несептегі бактериялардың, несептегі лейкоциттердің, несептегі эпителий жасушаларының және несептегі эритроциттердің көбеюі; несепте ашытқы зеңдерінің болуы
- Clostridium difficile токсиніне тестің оң болуы
Сирек
- пневмония, дерматомикоз, операциядан кейінгі жарақат инфекциясы, несеп жолдарының инфекциясы
- нейтропения, тромбоцитопения
- аллергия
- гипогликемия
- ажитация, мазасыздық, депрессия
- тремор, естен тану
- аққабық патологиясы
- қан кету, жоғары артериялық қысым
- мұрынның бітелуі, жөтел, мұрыннан қан кету, сырылдар/құрғақ сырылдар, ысқырып дем алу
- дисфагия, нәжісті ұстай алмау, перитонит
- холецистит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы
- дерматит, десквамация, аса жоғары сезімтал васкулит
- бұлшықеттердің құрысуы, иықтың ауыруы
- бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел жеткіліксіздігі
- аборттар
- гениталийден қан кету
- инъекция орнының қатаюы, дімкәстік
- сарысудағы бикарбонат, сарысу креатинині және сарысудағы калий деңгейлерінің төмендеуі; сарысулық ЛДГ, сарысулық фосфор, сарысулық калий деңгейлерінің жоғарылауы
- лимфоциттер санының азаюы; таяқшаядролы нейтрофилдер, лимфоциттер, метамиелоциттер, моноциттер, миелоциттер; атипиялық лимфоциттер санының артуы
- уробилиноген деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- анафилактоидты реакцияларды қоса, анафилаксия
- психикалық статустың өзгеруі (озбырлықты, делирийді, бағдардан адасуды, ментальдік жай-күйдің өзгеруін қоса)
елестеулер, сананың төмен деңгейі, дискинезия, миоклонус, жүрістің бұзылуы, энцефалопатия
- тістердің боялуы
- жедел жайылған экзантематозды пустулез( AGEP), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен байқалатын дәрілік бөртпе (DRESS синдром)
- бұлшықет әлсіздігі
Балалар мен жасөспірімдер (3 айдан 17 жасқа дейін)
Жиі
- диарея
- жөргектік дерматит
- инфузия орнының ауыруы
- AЛT және AСT белсенділігінің артуы
- нейтрофилдер санының азаюы
Жиі емес
- бас ауыру
- ысыну, гипертензия
- түссіз нәжіс, мелена
- эритема, бөртпе, петехиялар
- инфузия орнының ашуы, инфузия орнының қышуы, инфузия орнының қызаруы, инфузия орнының ысығандай болуы, инъекция орнының қызаруы
- тромбоциттер санының артуы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының, протромбин уақытының артуы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі
Белгісіз
- психикалық статустың өзгеруі (озбырлықты қоса)
- елестеулер
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz