Қысқаша қауіпсіздік бейіні
Балалар
Клиникалық зерттеулерде 6 айдан 11 жасқа дейінгі 246 бала дезлоратадинді шәрбат түрінде қабылдады. 2 жастан 11 жасқа дейінгі пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігі дезлоратадин және плацебо емін алған топтарда бірдей болды. Жаңа туылған нәрестелерде және 6 айдан 23 айға дейінгі балаларда плацебо қолданған кездегіге қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар диарея (3,7%), дене температурасының жоғарылауы (2,3%) және ұйқысыздық (2,3%) болды. Басқа зерттеуде дезлоратадинді 2,5 мг бір реттік дозада ішуге арналған ерітінді түрінде қабылдаған 6-11 жас аралығындағы балаларда жағымсыз реакциялар тіркелмеген.
12 мен 17 жас аралығындағы 578 пациентті қамтитын клиникалық зерттеуде бас ауыруы ең көп таралған жағымсыз реакция ретінде байқалды; осы туралы дезлоратадин қабылдаған пациенттерде 5,9% және плацебо қабылдаған пациенттерде - 6,9% хабарланды.
Ересектер мен жасөспірімдер
Аллергиялық ринит пен созылмалы идиопатиялық есекжемді қамтитын көрсетілімдерге сәйкес ересектер мен жасөспірімдерде жүргізілген клиникалық зерттеулерде плацебо қолданған пациенттер тобымен салыстырғанда дезлоратадинді ұсынылған дозада қолданған кезде пациенттердің 3%-да жағымсыз реакциялар жиі байқалды. Плацебо тобына қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар қажу (1,2%), ауыздың құрғауы (0,8%) және бас ауыруы (0,6%) болды.
Клиникалық зерттеулерде (плацебо қабылдаған пациенттер тобына қарағанда препаратты қабылдаған пациенттер тобында жиі кездеседі), сондай-ақ постмаркетингтік кезеңде байқалған жағымсыз реакциялар MedDRA жүйелік-ағзалық кластарға сәйкес төменде келтірілген. Жағымсыз реакциялардың жиілік параметрлері келесідей анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес).
Зат алмасу және тамақтану тарапынан: жиілігі белгісіз – тәбеттің жоғарылауы.
Психиканың бұзылуы: өте сирек - елестеулер; жиілігі белгісіз - мінез-құлықтың бұзылуы, озбырлық, депрессия.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас ауыруы, ұйқысыздық (2 жасқа дейінгі балаларда); өте сирек - бас айналу, ұйқышылдық, ұйқысыздық, психомоторлық аса жоғары белсенділік, құрысулар.
Көру мүшелері тарапынан: жиілігі белгісіз - көздің құрғауы.
Жүрек тарапынан: өте сирек - тахикардия, пальпитация; жиілігі белгісіз - QT аралығының ұзаруы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - ауыздың құрғауы, диарея (2 жасқа дейінгі балаларда); өте сирек - іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, диарея.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: өте сирек - қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит; жиілігі белгісіз - сарғаю.
Тері және тері астындағы тіндер тарапынан: жиілігі белгісіз - фотосенсибилизация реакциялары.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: өте сирек - миалгия.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі - қажу, дене температурасының жоғарылауы (2 жасқа дейінгі балаларда); өте сирек - аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксия, ангионевроздық ісіну, ентігу, қышыну, бөртпе, есекжем); жиілігі белгісіз - астения.
Зертханалық және құралдар қолданып зерттеу нәтижелеріне әсері: жиілігі белгісіз - дене салмағының артуы.
Балалар
Балалардағы маркетингтен кейінгі кезеңде тіркелген және жиілігі белгісіз басқа жағымсыз реакцияларға мыналар жатады: QT аралығының ұзаруы, аритмия, брадикардия, мінез-құлықтың бұзылуы және озбырлық.
Қауіпсіздікті ретроспективті бақылаумен зерттеулер дезлоратадинмен емдеу жүргізілмеген кезеңдермен салыстырғанда дезлоратадин қабылдаған кезде 0 жастан 19 жасқа дейінгі пациенттерде алғаш рет пайда болатын құрысу жиілігінің жоғарылағанын көрсетті. 0-4 жас аралығындағы балалар арасында түзетілген абсолютті өсім 100000 адамға шаққанда 37,5 (95% сенім аралықты (СА) 10,5-64,5) құрады, жаңа ұстамалардың фондық жиілігі 100000 адам-жасына 80,3 құрады. 5-19 жастағы пациенттер арасында түзетілген абсолютті өсім 100000 адам жасына 11,3 (95% СА 2,3-20,2) құрады, ал жаңа ұстамалардың фондық деңгейінде 100000 адам жасына 36,4 болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz