Эфавиренц in vivo CYP3A4, CYP2B6 және UGT1A1 индукторы болып табылады. Эфавирензбен бірге қолданған кезде аталған ферменттердің субстраттары болып табылатын қосылыстардың қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. In vitro эфавиренз CYP3A4 тежегіші де болып табылады. Теориялық тұрғыдан эфавиренз бастапқыда CYP3A4 субстраттарының экспозициясын арттыруы мүмкін, сондықтан емдік индексінің аясы тар CYP3A4 субстраттары үшін сақтық таныту керек. Эфавиренз CYP2C19 бен CYP2C9 индукторы болуы мүмкін; алайда, in vitro тежеуі де байқалған, және аталған ферменттердің субстраттарымен бірге қолданылуының жалпы әсері түбегейлі анық емес.
Эфавиренздің экспозициясы оны CYP3A4 немесе CYP2B6 белсенділігін тежейтін дәрілік заттармен (мысалы, ритонавирмен) немесе тағамдық өнімдермен (мысалы, грейпфрут шырынымен) бірге қабылдағанда жоғарылауы мүмкін. Аталған ферменттерді индукциялайтын өсімдік компоненттері немесе өсімдіктен алынған препараттар (мысалы, гинкго билоба мен шайқурай экстрактілері), эфавиренздің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Шайқурайды бірге қолдануға болмайды. Гинкго билоба экстрактілерін бірге қолдану ұсынылмайды
QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттар
Эфавирензді келесі дәрілік препараттармен (QTc аралығының ұзаруы мен пируэттік қарыншалық тахикардияны туғызуға қабілетті): аритмияға қарсы IA және III класты препараттар, нейролептиктер және антидепрессанттар, антибиотиктердің келесі кластарын: макролидтерді, фторхинолондарды қоса кейбір антибиотиктер, зеңге қарсы препараттар имидазол және триазол, кейбір седативтік емес антигистаминдік дәрілер (терфенадин, астемизол), цизаприд, флекаинид, безгекке қарсы кейбір дәрілер және метадонды бірге қолдануға болмайды.
Балалар
Дәрілік өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.
Бірге қолдануға болмайтын жағдайлар
Эфавиренцті терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилергоновин) бірге қолдануға болмайды, өйткені аталған дәрілік препараттар метаболизмінің тежелуі ауыр және өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алып келуі мүмкін.
Элбасвир мен гразопревирдің қан плазмасындағы концентрацияларының күтілетін елеулі, және дәрілік заттарды метаболиздейтін ферменттердің және/немесе тасымалдағыш ақуыздардың индукциясынан туындайтын төмендеуі себепті, эфавирензді элбасвирмен/гразопревирмен бірге қолдануға болмайды, олар күтілгеніндей, элбасвирді/гразопревирді қабылдауға вирусологиялық жауаптың жоғалтылуына әкеледі.
Шайқурай (Шілтер жапырақты шайқурай)
Эфавиренз бен шайқурайды немесе шайқурай негізіндегі дәрілік препараттарды бірге қолдануға болмайды. Шайқурай дәрілік затты метаболиздейтін ферменттерді, және/немесе тасымалдағыш ақуыздарды индукциялайтындығы себепті, шайқурайды бірге қолданғанда эфавиренздің плазмалық деңгейлері төмендеуі мүмкін. Егер пациент шайқурайды бұрыннан қабылдап жүрсе ол оны қабылдауды тоқтатуы қажет, содан кейін вирус деңгейлерін және, егер мүмкін болса, эфавиренздің деңгейлерін тексеру керек. Шайқурайды қабылдауды тоқтатқаннан кейін эфавиренздің деңгейлері жоғарылауы мүмкін, сондықтан, эфавиренцзтің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Шайқурайдың индуциялайтын әсері емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.
Басқа өзара әрекеттесулер
Эфавиренз бен протеазалар тежегіштері, протеазалар тежегіштерінен өзге антиретровирустық агенттер және антиретровирустық емес басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер, төменде 2 кестеде атап келтірілген (жоғарылауы «↑» ретінде, төмендеуі «↓» ретінде, өзгерістерсіз болса «↔», және әр 8 немесе 12 сағат сайын бір рет болса, сәйкесінше «q8h» немесе «q12h» ретінде белгіленген). Егер қолжетімді болса, 90% немесе 95% сенімді аралықтар жақшада көрсетіледі. Егер басқаша көрсетілмесе, зерттеулер дені сау субъектілерге жүргізілген.
2 кесте: Ересектерде эфавиренздің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Дәрілік препараттар (дозалар) — AUC, Cmax, Cmin (%) динамикасы және егер қатысты болса, сенімді аралықтар а (механизм) — Эфавирензбен бір мезгілде қабылдау мүмкіндігіне қатысты нұсқаулар
Вирусқа қарсы [АИТВ] дәрілер
АИТВ протеаза тежегіштері
Атазанавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг/тәулігіне 1 рет 200 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг), барлық препараттар тамақтану кезінде қабылданды) — Атазанавир: AUC: ↔ * (9-дан ↑10-ға дейін), Cmax: ↑17% (↑8-ден ↑27-ге дейін), Cmin: ↓42% (↓31-ден↓51-ге дейін) — Эфавирензді атазанавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер атазанавирді КТНЕТ-мен бірге тағайындау қажет болса, мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ете отырып, атазанавир мен ритонавирдің дозасын тиісінше 400 мг және 200 мг-ға дейін арттырудың орындылығын қарастыру қажет.
Атазанавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг/тәулігіне 1 рет 200 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг), барлық препараттар тамақтану кезінде қабылданды) — Атазанавир: AUC: ↔ * / * *(10- ↑26 дейін), Cmax: ↔ * / **(5 ↑26 дейін), Cmin: ↑12 %*/** (16 ↑49 дейін) (CYP3A4 индукциясы). * Атазанавирмен 300 мг/ритонавирмен 100 мг тәулігіне 1 рет эфавирензсіз салыстырған кезде. Атазанавирдің Cmin деңгейінің төмендеуі атазанавирдің тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. ** Тарихи салыстыруға негізделген.
Дарунавир/ритонавир/эфавиренз (300 мг тәулігіне 2 рет*/100 мг тәулігіне 2 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) * ұсынылған дозадан төмен. Мұндай нәтижелер ұсынылған дозаларда қолданылған кезде де күтіледі. — Дарунавир: AUC: ↓13 %, Cmin: ↓31 %, Cmax: ↓15% (CYP3A4 индукциясы) Эфавиренз: AUC: ↑21 %, Cmin: ↑17 %, Cmax: ↑15% (CYP3A4 тежелуі) — Эфавиренз бен дарунавир/ритонавирді (тәулігіне 1 рет 800 мг/100 мг) бір мезгілде қабылдау дарунавир Cmin жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Егер эфавирензді дарунавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану қажет болса, дарунавир/ритонавир біріктірілімін тәулігіне 2 рет 600 мг/100 мг режимінде қолдану керек. Алайда, бұл біріктірілімді сақтықпен тағайындау керек. Төменде ритонавир туралы ақпаратты қараңыз.
Фосампренавир/ритонавир/ Эфавиренз (700 мг тәулігіне 2 рет/100 мг тәулігіне 2 рет / 600 мг тәулігіне 1 рет) — Клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Дозалау режимін түзету қажет емес. Төменде ритонавир туралы ақпаратты қараңыз.
Фосампренавир/нелфинавир/ эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Фосампренавир/саквинавир/ эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. — Мұндай біріктірілімді қолдану ұсынылмайды, өйткені АИТВ протеазасы тежегіштерінің концентрациясының айтарлықтай төмендеу күтіледі.
Индинавир/эфавиренз (8 сағат сайын 800 мг/тәулігіне 1 рет 200 мг) — Индинавир: AUC: ↓31% (8-ден 47% дейін), Cmin: ↓40 %. Индинавирдің Сmin ұқсас төмендеуі индинавирді тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензбен бірге 8 сағат сайын 1000 мг дозада тағайындаған кезде байқалды. (CYP3A4 индукциясы) Эфавиренз: клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмады. — Индинавир концентрациясы төмендеуінің клиникалық тұрғыдан маңыздылығы анықталмаса да, фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің байқалған шамасы құрамында эфавиренз де, индинавир де бар емдеу кестесін таңдаған кезде ескерілуі тиіс. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес, егер ол индинавирмен немесе индинавирмен/ритонавирмен тағайындалса Төменде ритонавир туралы ақпаратты қараңыз.
Индинавир/ритонавир/эфавиренз (800 мг тәулігіне 2 рет/100 мг тәулігіне 2 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) — Индинавир: AUC: ↓25% (↓16-дан↓32 дейін)b, Cmax: ↓17% (↓6-дан ↓26 дейін)b, Cmin: ↓50% (↓40-дан ↓59 дейін)b Эфавиренз: клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмады. — Жоғарыдан қараңыз.
Лопинавир/ритонавир жұмсақ капсулаларда немесе ішуге арналған ерітіндіде/эфавиренз — Лопинавир экспозициясының айтарлықтай төмендеуі. — Эфавирензбен бір мезгілде тағайындаған кезде лопинавир мен ритонавирдің дозаларын жұмсақ капсулаларда немесе ішуге арналған ерітіндіде 33% (3 капсула/5 мл орнына тәулігіне 2 рет 4 капсула/~6,5 мл) ұлғайту орындылығын қарастыру қажет. Дегенмен, сақ болу керек, өйткені кейбір пациенттер үшін мұндай дозаны түзету жеткіліксіз болуы мүмкін. Таблеткалардағы лопинавир мен ритонавирдің дозасы тәулігіне 2 рет 500/125 мг дейін ұлғайтылуы тиіс, эфавирензбен бір мезгілде тәулігіне 1 рет 600 мг қолданылуы тиіс. Төменде ритонавир туралы ақпаратты қараңыз.
Таблетка түріндегі лопинавир/ритонавир + эфавиренз (400/100 мг тәулігіне 2 рет +600 мг тәулігіне 1 рет 500/125 мг тәулігіне 2 рет + 600 мг тәулігіне 1 рет) — Лопинавирдің концентрациясы: ↓30-40 % Лопинавирдің тәулігіне 2 рет 500/125 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг қабылдағаннан кейінгі концентрациясы эфавирензсіз тәулігіне 2 рет 400/100 мг лопинавирді/ритонавирді қабылдағаннан кейінгі концентрацияға ұқсас.
Нелфинавир/эфавиренз (8 сағат сайын 750 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Нелфинавир: AUC: ↑20% (↑8-ден ↑34 дейін), Cmax: ↑21% (↑10-дан ↑33 дейін) Бұл біріктірілім әдетте жақсы төзімді. — Препараттардың дозалау режимін түзету қажет емес.
Ритонавир/эфавиренз (500 мг тәулігіне 2 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) — Ритонавир: AUC таңертең: ↑18% (↑6-дан ↑33 дейін). AUC кешке:↔. Сmax таңертең: ↑24% (↑12-ден ↑38 дейін). Сmax кешке:↔. Cmin таңертең: ↑42% (↑9-дан ↑86 дейін)b. Сmin кешке: ↑24% (↑3-тен ↑50 дейін) b. Эфавиренз: AUC: ↑21% (↑10-дан ↑34 дейін), Cmax: ↑14% (↑4-тен ↑26 дейін), Cmin: ↑25% (↑7-ден ↑46 дейін)b (CYP-шартты метаболизмнің тежелуі). Эфавирензді 500 мг немесе 600 мг ритонавирмен бірге қабылдағанда күніне 2 рет төзімділік нашар болды (мысалы, бас айналу, жүрек айну, парестезия, «бауыр» ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы байқалды). Төмен дозада (тәулігіне 1 немесе 2 рет 100 мг) ритонавирмен біріктірілгенде эфавиренздің жағымдылығы туралы жеткілікті деректер жоқ. — Төмен дозада ритонавирмен эфавирензді тағайындау кезінде ықтимал фармакодинамикалық өзара әрекеттесу салдарынан эфавирензбен байланысты жағымсыз құбылыстардың жиілігін арттыру мүмкіндігін ескеру қажет.
Саквинавир/ритонавир/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген — Мәліметтердің болмауына байланысты дозалау режимін өзгерту бойынша ұсыныстар беру мүмкін емес. Эфавирензді АИТВ протеазасының жалғыз тежегіші ретінде қолданылатын саквинавирмен бірге қолдану ұсынылмайды.
Хемокиндік рецепторлардың антагонистері CCR5
Маравирок/эфавиренз (Тәулігіне 2 рет 100 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Маравирок: AUC12: ↓45 % (38-ден 51 дейін), Cmax: ↓51% (↓37-ден ↓62 дейін) Эфавиренздің концентрациясы өлшенбеді, өзара әрекеттесу күтілмейді. — Құрамында маравирок бар дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
АИТВ интегразасының тежегіші
Ралтегравир/эфавиренз (400 мг бір реттік доза/ -) — Ралтегравир: AUC: ↓36 % C12: ↓21 %, Cmax: ↓36 % (UGT1A1 индукциясы) — Ралтегравирдің дозасын түзету қажет емес.
Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері (КТНТ) және кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері (КТНЕТ)
КТНТ/эфавиренз — Ламивудинмен, зидовудинмен және тенофовир дизопроксил фумаратпен өзара әрекеттесуді қоспағанда, эфавиренздің және КТНТ тобындағы препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер болжанбайды, өйткені КТНТ тобындағы препараттардың метаболизмі эфавирензден басқа жолдармен жүреді және олардың бірдей метаболизденетін ферменттер мен шығарылу жолдары үшін бәсекелесуі екіталай. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
КТНЕТ/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген — Екі КТНЕТ қолдану тиімділік пен қауіпсіздік тұрғысынан артықшылық бермейтіндіктен, КТНЕТ тобындағы эфавирензді және басқа препаратты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар
Боцепревир/эфавиренз (Тәулігіне 3 рет 800 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Боцепревир: AUC: ↔ 19%, Cmax: ↔ 8%, Cmin: ↓44% (CYP3A индукциясы) Эфавиренз: AUC: ↔ 20%, Cmax: ↔ 11% — Боцепревир концентрациясының клиникалық маңызды төмендеуі анықталмаған.
Телапревир/эфавиренз (8 сағат сайын 1125 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Телапревир (8 сағат сайын 750 мг қатысты): AUC: ↓18% (↓8-ден ↓27 дейін), Cmax: ↓14% (↓3-тен ↓24 дейін), Cmin: 25% 4-тен 34 дейін) % Эфавиренз: AUC: ↓18% (↓10-дан ↓26 дейін), Cmax: ↓24% (↓15-тен ↓32 дейін), Cmin: ↓10% (↑1-ден ↓19 дейін) % (эфавирензді қабылдау аясындағы CYP3A индукциясы) — Эфавирензді және телапревирді бір мезгілде қабылдаған кезде соңғысының дозасын 8 сағат сайын 750 мг-ден 1125 мг дейін арттыру керек.
Антибиотиктер
Азитромицин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 600 мг/тәулігіне 1 рет 400 мг) — Клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Дозалау режимін түзету қажет емес
Кларитромицин/эфавиренз (Тәулігіне 2 рет 500 мг/тәулігіне 1 рет 400 мг) — Кларитромицин: AUC: ↓39% (↓30-дан ↓46 дейін), Cmax: ↓26 % (↓15--тен ↓35) Кларитромицин 14-гидроксиметаболит: AUC: ↑34% (↑18-ден ↑53 дейін), Cmax: ↑49% (↑32-ден ↑69 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↑11% (↑3-тен ↑19 дейін) (CYP3A4 индукциясы) Тері бөртпесі эфавиренз мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған инфекция жұқтырмаған еріктілердің 46%-да байқалды. — Қан плазмасындағы кларитромицин концентрациясы өзгеруінің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Кларитромициннің орнына азитромицин сияқты басқа антибиотикті қарастырған жөн. Эфавиренздің дозалау режимін түзету қажет емес.
Макролидтер тобындағы басқа антибиотиктер (мысалы, эритромицин)/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. — Дозалау режимі бойынша нұсқаулар жасауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.
Туберкулезге қарсы дәрілік заттар
Рифабутин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 300 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Рифабутин: AUC: ↓38% (↓28-ден ↓47 дейін), Cmax: ↓32% (↓15-тен ↓46 дейін), Cmin: ↓45 % (↓31-ден ↓56 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↔, Cmin: ↓12% (24-тен↑1 дейін) (CYP3A4 индукциясы) — Егер эфавирензбен бір мезгілде қолдану жоспарланса, рифабутиннің тәуліктік дозасы 50% ұлғайтылуы тиіс. Сондай-ақ, рифабутинді аптасына 2 немесе 3 рет эфавирензбен бірге қолданғанда рифабутин дозасын екі есе көбейтудің орындылығын ескеру қажет.
Рифампицин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 600 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Эфавиренз: AUC: ↓26% (15-тен 36 дейін), Cmax: ↓20% (↓11-ден ↓28 дейін), Cmin: ↓32% (15-тен ↓46 дейін) (CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы) — Егер эфавиренз дене салмағы 50 кг және одан жоғары пациенттерде рифампицинмен бір мезгілде қолданылса, эфавиренздің тәуліктік дозасын рифампицинсіз 600 мг тәуліктік дозада эфавирензге ұқсас экспозицияны қамтамасыз ету үшін эфавиренздің тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыру керек. Эфавиренздің дозалау режимін мұндай түзетудің клиникалық әсері толық түсінілмеген. Дозаны түзету кезінде жеке көтере алмаушылық пен вирусологиялық реакцияны да ескеру қажет. Рифампициннің дозалау режимін түзету қажет емес.
Зеңге қарсы дәрілік заттар
Итраконазол/эфавиренз 12 сағат сайын 200 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Итраконазол: AUC: ↓39% (↓21-ден↓53 дейін), Cmax: ↓37% (↓20-дан ↓51 дейін), Cmin:↓44 % (27-ден 58 дейін) (итраконазол концентрациясының төмендеуі эфавирензді қабылдау аясында CYP3A4 индукциясына байланысты) Гидроксиитраконазол: AUC: ↓37% (↓14-тен ↓55 дейін), Cmax: ↓35% (↓12-ден ↓52 дейін), Cmin: ↓43% (↓18-ден ↓60 дейін) Эфавиренз: Клиникалық маңызды өзгерістер анықталған жоқ. — Итраконазолдың дозалау режимін өзгерту бойынша нұсқаулар беру мүмкін болмағандықтан, альтернативті зеңге қарсы препараттарды қолдануды қарастырған жөн.
Позаконазол/эфавиренз --/400 мг тәулігіне 1 рет — Позаконазол: AUC: ↓50%, Cmax: ↓45 % (УДФ-глюкурондау индукциясы). — Егер пациент үшін күтілетін пайда ықтимал қауіптен аспаса, позаконазол мен эфавирензді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Вориконазол/эфавиренз (Тәулігіне 2 рет 200 мг/тәулігіне 1 рет 400 мг) Вориконазол/эфавиренз (Тәулігіне 2 рет 400 мг/тәулігіне 1 рет 300 мг) — Вориконазол: AUC: ↓77 %, Cmax: ↓61 % Эфавиренз: AUC: ↑44 %, Cmax: ↑38 % Вориконазол: AUC: ↓7% (23-тен ↑13 дейін) *, Cmax: ↑23% (1-ден 53 дейін) * Эфавиренз: AUC: ↑17% (↑6-дан ↑29 дейін)**, Cmax: ↔ * Монотерапияда қолданған кезде тәулігіне 2 рет 200 мг-мен салыстырғанда ** Монотерапияда қолданған кезде тәулігіне 1 рет 600 мг-мен салыстырғанда (тотығу метаболизмінің бәсекеге қабілетті тежелуі) — Эфавирензді вориконазолмен бір мезгілде қолданған кезде вориконазолдың демеуші дозасы тәулігіне 2 рет 400 мг дейін, ал эфавиренздің дозасы 50%, яғни тәулігіне 1 рет 300 мг дейін төмендетілуі тиіс. Егер вориконазолды қолдану тоқтатылса, онда эфавиренздің дозасын бастапқы дозаға дейін қалпына келтіру керек.
Флуконазол/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 200 мг/тәулігіне 1 рет 400 мг) — Клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Дозалау режимін түзету қажет емес
Кетоконазол және басқа зеңге қарсы дәрілер имидазол туындылары болып табылады — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. — Дозалау режимі бойынша нұсқаулар жасауға мүмкіндік беретін деректер жоқ.
Безгекке қарсы дәрілік заттар
Артеметер/люмефантрин + эфавиренз (20/120 мг, тәулігіне 1 рет 3 күн/600 мг 4 таблеткадан 6 қабылдау) — Артеметер: AUC: ↓51%, Cmax: ↓21% Дигидроартемизинин: AUC: ↓46%, Cmax: ↓38% Люмефантрин: AUC: ↓21%, Cmax: ↔ Эфавиренз: AUC: ↓17%, Cmax: ↔ (CYP3A4 индукциясы) — Эфавирензбен бір мезгілде қолданғанда артеметер мен люмефантрин концентрациясының төмендеуіне байланысты безгекке қарсы әсердің төмендеуі мүмкін. Эфавирензді артеметермен және люмефантринмен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек.
Атовахон/прогуанил/эфавиренз (бір рет 250/100 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Атовахон: AUC: ↓75% (↓62-ден↓84 дейін), Cmax: ↓44% (20-дан 61 дейін) Прогуанил: AUC: ↓43% (↓7-ден↓65 дейін), Cmax: ↔ — Мүмкіндігінше атовахон/прогуанилді эфавирензбен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Антацидтік дәрілік заттар
Құрамында алюминий гидроксиді - магний гидроксиді-симетикон /эфавиренз бар антацидтер (30 мл бір реттік доза/400 мг бір реттік доза) Фаматидин/эфавиренз (40 мг бір реттік доза /400 мг бір реттік доза) — Антацидтер де, фамотидин де эфавиренздің сіңуіне кері әсер етпейді. — Эфавирензді асқазанның құрамындағы рН-ға әсер ететін дәрілік заттармен қолданғанда эфавиренздің сіңу қабілетінің өзгеруі екіталай.
Анксиолитиктер
Лоразепам/эфавиренз (2 мг бір реттік доза/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Лоразепам: AUC: ↑7% (↑1-ден ↑14 дейін), Cmax: ↑16% (↑2-ден ↑32 дейін) Бұл өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды деп саналмайды. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Антикоагулянттар
Варфарин/эфавиренз Аценокумарол/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Эфавиренздің әсерінен варфарин немесе аценокумарол концентрациясы мен әсерінің жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін. — Эфавирензбен бірге қабылдау аясында варфарин немесе аценокумарол дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін.
Құрысуға қарсы дәрілік заттар
Карбамазепин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 400 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Карбамазепин: AUC: 27 % (20-дан 33 дейін), Cmax: 20 % (15-тен 24 дейін), Сmin: 35% (24-тен 44 дейін) Эфавиренз: AUC: ↓36% (↓32-ден ↓40 дейін), Cmax: ↓21% (↓15-тен ↓26 дейін), Cmin: ↓47% (↓41-ден ↓53 дейін) (CYP3A4 индукциясына байланысты карбамазепин концентрациясының төмендеуі; CYP3A4 және CYP2B6 индукциясына байланысты эфавиренз концентрациясының төмендеуі). Карбамазепин эпоксидінің фармакологиялық белсенді метаболитінің CSS, AUC, Cmax және Сmin өзгеріссіз қалады. Эфавиренз бен карбамазепиннің жоғары дозаларын қабылдаудың фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі зерттелмеген — Деректер жоқ, соның негізінде дозалау режимі бойынша нұсқаулар жасауға болады. Басқа құрысуға қарсы дәріні қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн. Қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясын мерзімді бақылау ұсынылады.
Фенитоин, фенобарбитал және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын басқа да құрысуға қарсы дәрілік заттар — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Егер жоғарыда аталған препараттар эфавирензбен бір мезгілде қолданылса, қан плазмасында фенитоин, фенобарбитал және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын басқа да құрысуға қарсы дәрілік заттар концентрациясының төмендеуі де, ұлғаюы да мүмкін. — Егер эфавиренз CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын құрысуға қарсы препараттармен бір мезгілде қолданылса, қандағы құрысуға қарсы препараттардың концентрациясына мерзімді мониторинг жүргізу қажет.
Вальпрой қышқылы/эфавиренз (Тәулігіне 2 рет 250 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Эфавиренздің фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер анықталған жоқ. Шектеулі дәлелдер вальпрой қышқылының фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер етпейтінін көрсетеді. — Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. Пациенттер құрысу ұстамаларын бақылау үшін бақылауда болуы тиіс.
Вигабатрин/эфавиренз Габапентин/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулердің болуы екіталай, өйткені вигабатрин мен габапентин тек бүйрек арқылы өзгеріссіз шығарылады және метаболизденетін ферменттермен және эфавирензді шығару жолдарымен бәсекелесуі екіталай. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Антидепрессанттар
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері
Сертралин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 50 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Сертралин: AUC: ↓39% (↓27-ден ↓50 дейін), Cmax: ↓29% (↓15-тен ↓40 дейін), Cmin: ↓46 % (↓31-ден ↓58 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↑11% (↑6-дан ↑16 дейін), Cmin: ↔ (CYP3A4 индукциясы) — Сертралин дозасын жоғарылату клиникалық реакцияны ескере отырып жүргізілуі керек. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Пароксетин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 20 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Флуоксетин/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Флуоксетин пароксетинмен бірдей метаболизмдік бейінмен сипатталатындықтан, яғни ол күшті CYP2D6 тежегіші болғандықтан, флуоксетин де эфавирензбен әрекеттеспейді деп күтуге болады. — Дозалау режимін түзету қажет емес
Катехоламиндерді (норадреналин, допамин) кері қармайтын селективті тежегіштер
Бупропион/эфавиренз (150 мг бір реттік доза (ұзартылған әсер)/600 мг тәулігіне 1 рет) — Бупропион: AUC: ↓55% (↓48-ден ↓62 дейін), Cmax: ↓34% (↓21-ден ↓47 дейін) Гидроксибупропион: AUC: ↔, Cmax: ↑50% (↑20-дан ↑80 дейін) (CYP2B6 индукциясы) — Бупропион дозасын ұлғайту клиникалық жауапты ескере отырып жүргізілуі тиіс, алайда доза ұсынылатын ең жоғары дозадан аспауы тиіс. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Н1-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары
Цетиризин/эфавиренз (10 мг бір рет/600 мг тәулігіне 1 рет) — Цетиризин: AUC: ↔ Cmax: ↓24% (↓18%-дан ↓30% дейін) Бұл өзгерістер клиникалық маңызды деп есептелмейді. Эфавиренз: клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Жүрек-қантамыр препараттары
"Баяу" кальций өзекшелерінің блокаторлары (БКӨБ)
Дилтиазем/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 240 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Дилтиазем: AUC: ↓69 % (↓55-тен ↓79 дейін), Cmax: ↓60% (↓50-ден ↓68 дейін), Cmin: ↓63 % (↓44-тен ↓75 дейін) Дезацетилдилтиазем: AUC: ↓75 % (↓59-дан ↓84 дейін), Cmax: ↓64 % (↓57-ден ↓69 дейін), Cmin: ↓62 % (↓44-тен ↓75 дейін) N-монодесметилдилтиазем: AUC: ↓37% (↓17-ден ↓52 дейін), Cmax: ↓28% (↓7-ден ↓44 дейін), Cmin: ↓37 % (17-ден 52 дейін) Эфавиренз: AUC: ↑11% (↑5-тен ↑18 дейін), Cmax: ↑16% (↑6-дан ↑26 дейін), Сmin: ↑13 % (↑1-↑26) (СYР3А4 индукциясы) Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлерінің жоғарылауы клиникалық маңызды деп саналмады. — Дилтиазем дозасын түзету қажеттілігі туралы мәселе клиникалық жауапты ескере отырып шешіледі (дилтиаземді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Верапамил, нифедипин, никардипин және фелодипин, — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Егер эфавиренз SUR3A4 изоферментінің субстраттары болып табылатын «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары тобындағы кез келген препаратпен бір мезгілде қолданылса, қан плазмасындағы «баяу» кальций өзекшелері блокаторы концентрациясының төмендеуі мүмкін. — «Баяу» кальций өзекшелері блокаторларының дозаларын түзету қажеттілігі туралы мәселе клиникалық жауапты ескере отырып шешіледі («баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Гиполипидемиялық дәрілік заттар
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері
Аторвастатин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 10 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Аторвастатин: AUC: ↓43% (↓34-тен ↓50 дейін) Cmax: ↓12% (↓1-ден ↓26 дейін) 2гидроксиаторвастатин: AUC: ↓35% (↓13-тен ↓40 дейін) Cmax: ↓13% (↓0-ден ↓23 дейін) 4гидроксиаторвастатин: AUC: ↓4% (↓0-ден ↓31 дейін) Cmax: ↓ 47% (↓9-дан ↓ 51 дейін) ГМГ КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі: AUC: ↓34% (↓21-ден ↓41 дейін) Cmax: ↓20% (↓2-ден ↓26 дейін) — Қандағы холестерин концентрациясының мерзімді мониторингін жүргізу керек. Аторвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (аторвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Правастатин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 40 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Правастатин: AUC: ↓40% (↓26-дан ↓57 дейін) Cmax: ↓18% (↓59-дан ↑12 дейін) — Қандағы холестерин концентрациясының мерзімді мониторингін жүргізу керек. Правастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (правастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Симвастатин/эфавиренз (Тәулігіне 1 рет 40 мг/тәулігіне 1 рет 600 мг) — Симвастатин: AUC: ↓69% (↓62-ден ↓73 дейін) Cmax: ↓76% (↓63-тен ↓79 дейін) Симвастатин қышқылы: AUC: ↓58% (↓39-дан ↓68 дейін) Cmax: ↓51% (↓32-ден ↓58 дейін) ГМГ КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі: AUC: ↓60% (↓52-ден ↓68 дейін) Cmax: ↓62% (↓55-тен ↓78 дейін) (СYР3А4 индукциясы) Эфавирензді аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолданғанда эфавиренздің AUC және Cmax мәндері өзгермейді. — Қандағы холестерин концентрациясының мерзімді мониторингін жүргізу керек. Симвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін (симвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.
Розувастатин/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Розувастатин негізінен өтпен асқазан-ішек жолдары арқылы өзгермеген түрде шығарылады, сондықтан эфавирензбен өзара әрекеттесу күтілмейді. — Дозалау режимін түзету қажет емес.
Гормональді контрацептивтер
Пероральді қолдану үшін: Этинилэстрадиол + норгестимат/эфавиренз (0,035 мг + 0,25 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) — Этинилэстрадиол: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↓8% (↑14-тен ↓25 дейін) Норелгестромин (белсенді метаболит): AUC: ↓64% (↓62-ден ↓67 дейін) Cmax: ↓46% (↓39-дан ↓52 дейін) Cmin: ↓82% (↓79-дан ↓85 дейін) Левоноргестрел (белсенді метаболит): AUC: ↓83% (↓79-дан ↓87 дейін) Cmax: ↓80% (↓77-ден ↓83 дейін) Cmin: ↓86% (↓80-нен ↓90 дейін) (метаболизм индукциясы) Эфавиренз: клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ. Бұл әсерлердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. — Гормональді контрацептивтердге қосымша, бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі қолданылуы тиіс.
Бұлшықет ішіне енгізу үшін ұзартылған әсер: Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА)/ эфавиренз (Бір рет б/і 150 мг ДМПА) — Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуін зерттеудің 3 айында эфавирензді қамтитын АРВТ қабылдаған еріктілер мен АРВТ қабылдамаған еріктілер арасында медроксипрогестеронның фармакокинетикалық параметрлеріне қатысты айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жоқ. Ұқсас нәтижелерді басқа зерттеушілер де жасады, дегенмен екінші зерттеуде қан плазмасындағы медроксипрогестерон концентрациясы әр түрлі болды. Екі зерттеуде де эфавиренз + депо-медроксипрогестерон ацетатын қабылдаған еріктілердегі қан плазмасындағы прогестерон концентрациясы төмен болып қалды, бұл овуляцияны басуға сәйкес келді. — Гормональді контрацептивтердге қосымша, бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі қолданылуы тиіс.
Имплант: Этоногестрел/эфавиренз — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Этоногестрел экспозициясының төмендеуін күтуге болады (СYР3А4 индукциясы). Эфавиренз қабылдаған пациенттерде этоногестрелді қолданғанда контрацептивтік әсердің жоқтығы туралы жеке есептер алынды. — Гормональді контрацептивтердге қосымша, бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі қолданылуы тиіс.
Иммуносупрессанттар
CYP3A4 (мысалы, циклоспорин, такролимус, сиролимус)/эфавиренз қатысуымен метаболизденетін иммуносупрессанттар — Өзара әрекеттесу зерттелмеген. Иммуносупрессант әсерінің төмендеуін күтуге болады (СYР3А4 индукциясы). Аталған иммуносупрессанттар эфавиренздің әсеріне әсер етеді деп күтуге болмайды. — Иммуносупрессант дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавирензбен емдеу басталған сәттен бастап немесе ол тоқтатылған сәттен бастап кемінде 2 апта бойы (тұрақты концентрациялар белгіленгенге дейін) қандағы иммуносупрессант концентрациясын мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Апиындар
Метадон/эфавиренз (тұрақты демеуші доза, тәулігіне 1 рет 35-100 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) — Метадон: AUC: ↓52% (↓33-тен ↓66 дейін) Cmax: ↓45% (25-тен ↓59 дейін) (СYР3А4 индукциясы) Өздеріне вена ішіне есірткі енгізген АИТВ жұқтырған пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде эфавиренз бен метадонды бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы метадон концентрациясының төмендеуіне және апиыннан бас тарту симптомдарының пайда болуына әкелетіні анықталды. Тоқтату симптомдарының ауырлығын азайту үшін метадон дозасы орта есеппен 22% өсті. — Тоқтату симптомдарын уақтылы анықтау үшін пациенттер бақылауда болуы тиіс. Қажет болса, тоқтату симптомдарының ауырлығын азайту үшін метадон дозасын арттыру керек.
Бупренорфин/налоксон/эфавиренз — Бупренорфин: AUC: ↓50% Норбупренорфин: AUC: ↓ 71% Эфавиренз: Клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ. — Бупренорфин экспозициясының төмендеуіне қарамастан, пациенттерде тоқтату симптомдарының көріністері байқалмады. Бупренорфин мен эфавирензді бір мезгілде тағайындаған кезде бірде-бір дәрілік заттың дозасын түзету талап етілмейді.
a 90% сенімді аралықтар, егер басқасы көрсетілмесе.
b 95% сенімді аралықтар.
УДФ - уридиндифосфат.
ГМГКоА-редуктаза — 3гидрокси-3метилглутарил-коэнзим А редуктаза
Басқа дәрілік өзара әрекеттесулер: эфавиренз каннабиноидты рецепторлармен байланыспайды. Эфавиренз қабылдайтын кейбір инфекцияланбаған және АИТВ жұқтырған адамдарда кейбір скринингтік зерттеулермен жүргізілетін каннабиноидтарға несепті талдаудың жалған оң нәтижелері туралы хабарланды. Мұндай жағдайларда газды хроматография/масс-спектрометрия сияқты анағұрлым нақты әдісті қолдана отырып, растайтын тестілеу ұсынылады.