Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
12,5 %
Саудалық атауы
Этамзилат
Әсер етуші зат
Этамзилат
Мақсаты
Этиологиясы және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетудің профилактикасы және емдеуде: хирургиялық операцияға дейін, операция кезінде және одан кейін, сондай-ақ отоларингология…
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 250.0 мг этамзилат,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
• этиологиясы және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетудің профилактикасы және емдеуде: хирургиялық операцияға дейін, операция кезінде және одан кейін, сондай-ақ отоларингология, гинекология, акушерия, урология, стоматология, офтальмология, пластикалық және қалпына келтіру хирургиясында барлық жақсы васкуляризацияланған тіндерде
• антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде хирургиялық араласу кезінде қан жоғалтуды азайту үшін
Этамзилат – бұл эндотелий мен тромбоциттер арасындағы өзара әрекеттесудің күшеюімен жүзеге асырылатын, қан тоқтатудың бастапқы дәрісі ретінде қолданылатын қан тоқтататын және ангиопротекторлық синтетикалық препарат, бұл тромбоциттердің адгезиясына және агрегациясына мүмкіндік береді, ақырында, қан кетудің тоқтауына немесе азайтуына әкеледі. Этамзилаттың гемостатикалық әсері вена ішіне енгізген кезде 5-15 минуттан кейін дамиды, ең жоғарғы әсері 1-2 сағаттан кейін басталады, әсері 4-6 сағат және одан да ұзаққа созылады. Бұлшықет ішіне енгізгенде әсері біршама баяу басталады. Ішке қабылдаған кезде ең жоғарғы әсері 3 сағаттан соң байқалады. Этамзилат тромбоциттердің түзілуін және олардың сүйек кемігінен шығуын стимуляциялайды, тіндік тромбопластиннің түзілуін жылдамдатады, зақымданған жерде алғашқы тромбтың түзілу жылдамдығын арттыруға және оның ретракциясын күшейтуге ықпалын тигізеді. Этамзилат молекулалық массасы үлкен мукополисахаридтердің капиллярлар қабырғасында түзілуін күшейтеді, капиллярлардың резистенттілігін арттырады, патологиялық үдерістерде олардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді және микроайналымды жақсартады. Этамзилатпен емдеу аясында гемостаздың патологиялық тұрғыдан өзгерген көрсеткіші қайта қалпына келеді. Этамзилаттың тамырды тарылтатын әсері жоқ, фибринолизге ықпал етпейді және плазма коагуляциясының факторларын өзгертпейді.
Дозалану режимі
Ересектер
Операцияға дейін: операциядан 1 сағат бұрын 1-2 ампуладан (250 - 500 мг) вена ішіне немесе бұлшықет ішіне.
Операция кезінде (қажет болған жағдайда): вена ішіне 1-2 ампуладан (250 - 500 мг).
Операциядан кейін (профилактикалық тұрғыда): егер қан кету қаупі бар болса, операциядан кейін 1-2 ампуладан (250 - 500 мг) профилактикалық тұрғыда вена ішіне немесе бұлшықет ішіне әрбір 4-6 сағат сайын енгізу керек.
Шұғыл оқиғаларда, жағдайдың ауырлығына сәйкес: қан кету қаупі әлі де бар болып тұрған уақыт ішінде 1-2 ампуланы әрбір 4-6 сағат сайын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне.
Жергілікті ем: тампонды ампуланың ішіндегімен сулап алады және қан аққан жерге немесе тісті жұлғаннан кейін тістің шұңқырына салады. Қажет болған жағдайда, ампуланың ішіндегімен сулап алынған тампонды салуды қайталауға немесе препаратты оральді немесе парентеральді қабылдаумен үйлестіруге болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар: тәуліктік доза 3-4 қабылдауға бөлінген, дене салмағына 10-15 мг/кг құрайды.
Тұрғындардың ерекше топтары:
Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты инъекцияға арналған ерітінді түрінде қолдануды дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізген жөн.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне
Тоқтату симптомдарының қаупі бар екенін көрсету
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жедел порфирия
- бронх демікпесі
- балалардағы гемобластоз (лимфобласты және миелобласты лейкоз, остеосаркома)
- тромбоз, тромбоэмболия
- сульфиттерге расталған аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
- жүрек айнуы, іштің ауруы, іштегі жайсыздық, диарея, құсу
- тері бөртпесі
- бас ауыру, қантамырлық бұзылыстар
-астения
Сирек
- артралгия
Өте сирек
- тромбоэмболия, гипотензия
- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық шок, өмірге қауіп тудыратын демікпе ұстамалары , есекжем)
- қызба
Бұл жағымсыз әсерлер, әдетте, қайтымды және емдеуден кейін жойылады.
Тері тарапынан жағымсыз реакциялар немесе қызба пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату және бұны өз дәрігеріне айту керек, өйткені бұл аса жоғары сезімталдық реакциясының алғашқы белгілері болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған. Артық дозалану жағдайында симптоматикалық емдеу керек.
Анамнезінде тромбоздары немесе тромбоэмболиялары бар пациенттерге Этамзилат препаратын тағайындағанда (тромбтың түзілу индукциясының жоқтығына қарамастан) сақ болу қажет.
Антикоагулянттардың артық дозалануына байланысты геморрагиялық асқынуларда спецификалық антидоттарды пайдалану ұсынылады. Этамзилат препаратын қан ұю жүйесінің көрсеткіштері бұзылған пациенттерге қолдануға болады, бірақ ол байқалған тапшылықты немесе ұю жүйесі факторларының ақауын жоятын дәрілік заттарды енгізу арқылы толықтырылуы тиіс.
Емдеуді бастар алдында тромбоцитопениясы бар пациенттерге препараттың әсері болмайтынын ескеру қажет.
Этамзилат препаратын парентеральді енгізу артериялық қысымды төмендетуі мүмкін болғандықтан, артериялық қысымның қатты түсіп кетуінен немесе гипотензиядан зардап шегіп жүрген пациенттерді мұқият бақылаған жөн.
Этамзилат препаратының құрамында сульфиттер бар, ол ауыр аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуін туындатуы мүмкін, сол себепті аллергиясы бар пациенттерге енгізгенде сақтық таныту қажет болады.
Аллергиялық реакция туындаған жағдайда препаратпен емдеуді дереу тоқтату керек.
• Этамзилатпен емдеуді қайта бастаған кезде қайталанған оқшауланған қызбаның бірнеше жағдайлары хабарланды. Қызба пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату және қайта бастамау керек.
• Жедел порфирия ауруы бар пациенттерде этамзилатты қолдану қауіпсіздігі туралы ақпарат болмаған кезде мұндай пациенттерге бұл препарат ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын және зейін қоюды қажет ететін басқа механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпалы жөнінде деректер жоқ.
Жүктілік кезінде анасы үшін емнің әлеуетті пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қаупінен артық болған жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешкен жөн.
Декстрандарды енгізуден 1 сағ. бұрын дене салмағына 10 мг/кг дозада енгізу (орташа молекулалық массасы 30-40 мың Да) олардың антиагреганттық әсеріне жол бермейді. Декстрандарды енгізгеннен кейін Этамзилат препаратын енгізу гемостаздық әсер бермейді.
Аминокапрон қышқылымен және менадион натрий бисульфитімен біріктірілуі мүмкін.
Басқа дәрілік заттармен (бір шприцте) фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз
Тиаминмен (В1 дәрумені) бір мезгілде енгізу ұсынылмайды, өйткені ол препараттың осы дәрілік түрінің (инъекцияға арналған ерітінді) құрамында болатын сульфитпен белсенділігін жояды.
Декстранмен бір мезгілде енгізу қажет болған кезде ең алдымен Этамзилат препаратын енгізген жөн.
Зерттеулерге сәйкес, Этамзилат препаратын вена ішіне енгізген кезде 12 сағаттық мерзімге дейін ферменттік жолмен анықталатын қандағы креатининнің, лактаттың, триглицеридтердің, несеп қышқылының және холестериннің мөлшеріне ықпалын тигізуі мүмкін. Этамзилат препаратымен емдеу кезінде, зертханалық зерттеулерге ықпалын барынша азайту үшін, препаратты алғаш енгізер алдында сынамалар (мысалы, қан) алу ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.