Этодолакты қолдану әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуына алып келуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерде пайдалануға болмайды. Бала көтеруде қиындықтары бар және бедеулік мәселесі бойынша тексеруден өтіп жүрген әйелдерде этодолакты қолдануды тоқтату туралы мәселе қарастырылуы тиіс.
Этова препаратын қабылдаған кезде алкоголь пайдаланбаңыз. Егер сіз бұл дәрімен емдеу кезінде алкогольдік сусындарды тұтынсаңыз, асқазанға қатысты қиындықтардың туындау ықтималдығы зор болады.
Арнайы ескертулер
Жағымсыз әсерлерді симптомдарын бақылауда ұстау үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төменгі тиімді дозасын пайдалану жолымен азайтуға болады.
Этова препаратын қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілермен (ҚҚСД) қолданбау керек.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдарда ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе, өлімге соқтыруы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер мен перфорациялардың жиілігі жоғары болады.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлері
Анамнезінде гипертония болған және/немесе жүректің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін сәйкесінше мониторинг жүргізу және нұсқау беру қажет, өйткені, сұйықтықтың іркілуі мен ісіну ҚҚСП еміне байланысты тіркелген.
Клиникалық деректер, кейбір ҚҚСП (әсіресе, жоғары дозаларында және ұзақ уақыт емдеуде) пайдалану артериялық тромбоз құбылыстарының (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың ауруы және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттер сақтықпен ем қабылдауы тиіс.
Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) және олардың даму мүмкіндігі бар пациенттерді ұзақ уақыт емдеудің алдында қауіптерін ескеру керек.
Респираторлық бұзылыстар
Егер этодолак бронх демікпесінен зардап шегіп жүрген немесе бұрын анамнезінде болған пациенттерге тағайындалса, сақтық таныту қажет, өйткені, хабарланғанындай, ҚҚСП ондай пациенттерде бронх түйілуініңң дамуын жеделдетеді.
Жүрек-қантамырлық, бүйрек және бауыр бұзылулары
Бүйрек, жүрек және немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, әсіресе, диуретиктерді қабылдап жүргендер мен егде жастағы адамдарда, бүйрек функциясын бақылау керек. Сақтық таныту қажет, өйткені ҚҚСП пайдалану простагландин түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуіне және бүйрек жеткіліксіздігінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Қолданылатын дозасы аса төмен болуы тиіс. Алайда, басқа себептерге байланысты бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы басқа дәрілік заттардың метаболизмін өзгертуі мүмкін, ұзаққа созылатын қатарлас емді қабылдап жүрген пациенттер, әсіресе, егде жастағы адамдар, жағымсыз әсерлерінің ықтималдығына қатысты қадағалауда болуы тиіс, ал оларда препараттың дозалары қажеттілігіне қарай түзетілуі немесе тоқтатылуы тиіс.
Асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралар және тесілу
Асқазан-ішек жолы тарапынан, қан кету, ойық жара және перфорация сияқты ауыр жағымсыз әсерлер туралы хабарланған, олар өлімге соқтыруы мүмкін және ҚҚСП қабылдаған немесе анамнезінде асқазан-ішек жолының ауыр құбылыстары болған пациенттерде ескертпе симптомдарымен немесе оларсыз кез келген уақытта орын алады. Асқазан-ішектен қан кетудің қандай-да бір белгілері пайда болған жағдайда, этодолакты қабылдауды дереу тоқтату керек.
Тромбоциттер
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тромбоциттерге аспирин сияқты тікелей әсер бермегенімен, простагландиндер биосинтезін тежейтін препараттардың барлығы, тромбоциттер функциясын біршама дәрежеде бұзуы мүмкін. Этодолакты қабылдап жүрген пациенттерде тұрақты мониторинг жүргізу және қадағалау қажет.
Этодолакпен ұзақ уақыт емделіп жүрген пациенттер бүйрек функциясының, гематологиялық параметрлердің және бауыр функциясының өзгерістеріне қатысты жүйелі түрде тексеріліп отыруы тиіс.
Анамнезінде ойық жара болған пациенттерде ҚҚСП дозасын арттырған кезде, әсіресе, егер олар егде жастағы адамдарда қан кетумен немесе перфорациямен асқынған болса, асқазан-ішек жолынан қан кету, ойық жара немесе перфорациясы қаупі жоғарылайды. Аталған пациенттер емделуді ең аз қолжетімді дозасынан бастауы тиіс.
Басқа дәрілік заттармен (мысалы, мизопростолмен немесе протондық помпа тежегіштерімен) біріктіріп емдеу асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе перфорациясы қаупін арттырады.
Анамнезінде асқазан-ішек жолының аурулары болған, әсіресе, егде жастағы пациенттер, әдеттен тыс кез келген, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларындағы абдоминальді симптомдар (әсіресе, асқазан-ішек жолынан қан кету) туралы хабарлап отыруы тиіс.
Ойық жара немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін оральді кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері сияқты) немесе аспирин сияқты қатарлас препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтық таныту керек.
Этодолакты қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішек жолынан қан кету немесе ойық жарасы пайда болған жағдайда, емдеу тоқтатылуы тиіс.
Этодолакты анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) болған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені олар өршіп кетуі мүмкін.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аурулары
Жүйелі қызыл жегісі (SLE) және дәнекер тіннің аурулары бар пациенттерде асептикалық менингит қаупі жоғары болуы мүмкін.
Дерматологиялық
Терінің ауыр реакциялары, олардың ішінен эксфолиативтік дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса кейбіреулері өліммен аяқталған, өте сирек жағдайда ҚҚСП қолданумен байланысты хабарланған. Пациенттер аталған реакциялардың көбірек қаупіне емдеу курсының басында ұшырауы ықтимал: көпшілік жағдайларда реакцияның басталуы, емнің алғашқы айы ішінде туындайды. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымданулары немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болған жағдайда, Этова препаратын тоқтату керек.
Лактоза
Этова дәрілік препаратының қосымша заты құрамында 58,45 мг мөлшердегі лактоза моногидраты бар және осының салдарынан, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Натрий
Этова дәрілік препаратының бір реттік дозасы құрамында 1 ммольден кем (23мг) натрий бар және натрийсіз препарат болып есептеледі.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Этодолакты қолдану бас айналуын, ұйқышылдықты, шаршауды немесе көрудің бұзылуын туғызуы мүмкін. Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын басқарғанда және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақтық таныту керек.