Әсер ету механизмі
Эторикоксиб, пероральді түрде қолдануға арналған препарат, дозаның клиникалық ауқымы шегінде қолданғанда ЦОГ-2 іріктелген тежегіші болып табылады.
Тәулігіне 150 мг дейінгі дозаларда қолданғанда препараттың ЦОГ-1-ді тежемей, ЦОГ-2-ні дозаға тәуелді тежейтіні анықталды. Эторикоксиб асқазан простагландиндерінің синтезін тежемейді және тромбоциттер функциясына әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Циклооксигеназа простагландиндердің түзілуіне жауап береді. Изоформалардың екі түрі – ЦОГ-1 және ЦОГ-2 сәйкестендірілген. ЦОГ-2 қабынуға қарсы импульстармен индукцияланатын фермент изоформасы болып табылады және ауырудың, қабынудың және қызбаның простаноидты медиаторларының синтезіне жауап беретін негізгі фактор ретінде қарастырылады. Сондай-ақ ЦОГ-2 овуляция, имплантация және артериялық түтіктің жабылуы, бүйректің және орталық жүйке жүйесінің функциясын реттеу (қызбаны, ауыру сезінуді индукциялау, когнитивті функция) үдерісінде әрекет етеді; сондай-ақ ойық жараның жазылуы үдерісіне қатысуы мүмкін. ЦОГ-2 адамның асқазандағы ойық жарасы төңірегіндегі тіндерде сәйкестендірілген, бірақ оның ойық жараның жазылуы үшін маңызы анықталмаған.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Тиімділігі
Остеоартрозы (ОА) бар пациенттерде эторикоксиб күніне бір рет 60 мг дозада қолданған кезде ауырудың сенімді түрде азаюын және пациенттердің өз жағдайларына баға беруінің жақсаруын қамтамасыз етті. Осы қолайлы әсерлері емдеудің екінші күнінде-ақ байқалды және 52 апта бойы сақталды. Эторикоксибті зерттеу күніне бір рет 30 мг дозада қолданған кезде 12 апталық емдеу кезеңі бойында (бағалаудың ұқсас әдістерін пайдаланғанда) плацебомен салыстырғанда тиімділігі жоғарырақ екенін көрсетті. Оңтайлы дозасын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеуде, эторикоксиб 60 мг дозада қолданған кезде 30 мг-ге қарағанда 6 апта емдеуден кейін барлық 3 бастапқы ақырғы нүктелер үшін сенімді түрде айқынырақ жақсаруды көрсетті. 30 мг дозасы білезік буындарының остеоартрозы кезінде зерттелген жоқ.
Ревматоидты артриті (РА) бар пациенттерде эторикоксиб күніне бір рет 60 мг және 90 мг дозада қолданған кезде ауыру мен қабынудың сенімді түрде азаюын, сондай-ақ қимыл-қозғалыстың жақсаруын қамтамасыз етті. 60 мг және 90 мг дозаларына баға берілген зерттеулерде, осы пайдалы әсерлері 12 аптаға созылған емдеу кезеңі бойы сақталды. 60 мг дозасын 90 мг дозасымен салыстыра баға берген зерттеулерде, күніне бір рет 60 мг және күніне бір рет 90 мг эторикоксиб пациенттің ауыруына жалпы баға беру үшін (визуальді аналогтық шкала 0-100 мм) плацебоға қарағанда орташа жақсарумен -2,71 мм (95% СА: -4,98 мм, -0,45 мм) тиімдірек болды.
Жедел подагралық артрит ұстамалары бар пациенттерде, эторикоксиб күніне бір рет 120 мг дозада қолданғанда 8 күнге созылған бүкіл емдеу кезеңі бойында буындардағы орташа және күшті ауыруды және қабынуды азайтты. Тиімділігі күніне үш рет 50 мг дозада қолданған кездегі индометациннің тиімділігімен салыстырымды болды. Ауырудың азаюы емдеу басталғаннан кейін төрт сағаттан кейін-ақ байқалды.
Шорбуындаған спондилиті бар пациенттерде эторикоксиб күніне бір рет 90 мг дозада қолданған кезде арқадағы ауырудың, қабынудың, сіресудің сенімді түрде азаюын, сондай-ақ функцияның жақсаруын қамтамасыз етті. Эторикоксибтің клиникалық тиімділігі емдеудің екінші күнінде-ақ байқалды және 52 аптаға созылған бүкіл емдеу кезеңі бойы сақталды. Эторикоксибтің 60 мг дозасын және 90 мг дозасын салыстырған екінші зерттеуде, күніне бір рет 60 мг дозада және 90 мг дозада эторикоксиб күн сайын 1000 мг напроксенмен салыстырғанда ұқсас тиімділік көрсетті. 6 апта бойы күніне 60 мг қабылдаған талапқа сай емес респонденттер арасында дозаны тәулігіне 90 мг дейін арттыру арқадағы ауырудың қарқындылық көрсеткішін (визуальді-аналогтық шкала 0-100 мм) күніне 60 мг-ден қабылдауды жалғастырумен салыстырғанда орташа жақсарумен -2,70 мм (95%). СА: -4,88 мм, -0,52 мм) жақсарта түсті.
Стоматологиялық операциядан кейін ауыруды зерттеп-білу жөніндегі клиникалық зерттеуде эторикоксиб күніне бір рет 90 мг дозада үш күн бойы тағайындалды. Бастапқы бағалауда орташа ауыру болған пациенттердің қосалқы тобында алғашқы 6 сағ ішінде ауырудың азаюына жалпы баға беру бойынша (TOPAR6) эторикоксиб 90 мг дозада қолданған кезде 600 мг дозадағы ибупрофен сияқты ауырғанды басатын әсерін көрсетті (16.39-бен салыстырғанда 16.11; P=0.722), және 600 мг/60 мг дозадағы парацетамол/кодеин біріктірілімінен (11.00, P<0.001) және плацебодан (6.84, P<0.001) тиімділігі жағынан басым түсті. Зерттелуші препараттарды қабылдағаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде ауырғанды басатын жылдам әсер ететін препараттар қажет болған пациенттердің үлесі плацебо тобындағы 76.2%-бен салыстырғанда эторикоксибті 90 мг дозада қолданғанда 40.8%, ибупрофенді 600 мг дозада 6 сағат сайын қолданғанда 25.5% және парацетамол/кодеин біріктірілімін 600 мг/60 мг дозада 6 сағат сайын қолданғанда 46.7% құрады. Бұл зерттеуде препаратты қабылдағаннан кейін әсер етуінің басталу медианасы (ауырудың азайғаны сезілуі) эторикоксибті 90 мг дозада қолданған кезде 28 мин құрады.
Қауіпсіздігі
Эторикоксибті және Диклофенакты Артриттер кезінде Ұзақ мерзімдік Таағйындауға баға берудің Көпұлттық бағдарламасы (MEDAL)
MEDAL бағдарламасы үш рандомизацияланған салыстырмалы жасырын белсенді бақыланатын зерттеулердің: MEDAL, EDGE II және EDGE бірікккен деректері бойынша жүрек-қантамырлық (ЖҚ) құбылыстар негізінде қауіпсіздікке баға берудің проспективті бағдарламасы болды.
MEDAL зерттеуі ұзақтығы ақырғы нүктелерге (ЖҚ құбылыстардың) жетуімен анықталатын зерттеу болды, эторикоксибті 60 мг дозада (ОА) немесе 90 мг (ОА және РА) дозада немесе диклофенакты тәулігіне 150 мг дозада орта есеппен 20.3 ай бойы (ең ұзағы 42.3 ай, медианасы 21.3 ай) қабылдаған ОА бар 17804 пациентті және РА бар 5700 пациентті қамтыды. Бұл зерттеуде күрделі жағымсыз құбылыстар ғана және кез келген жағымсыз құбылыстардың салдарынан зерттеуден шығып қалу жағдайлары тіркелді.
EDGE және EDGE II зерттеулерінде эторикоксибтің және диклофенактың асқазан-ішекке жағымдылығы салыстырылды. EDGE зерттеуі эторикоксибті тәулігіне 90 мг (ОА кезінде ұсынылатын дозадан 1.5 есе көп) дозада немесе диклофенакты тәулігіне 150 мг дозада орта есеппен 9.1 ай бойы (ең ұзағы 16.6 ай, медианасы 11.4 ай) қабылдаған ОА бар 7111 пациентті қамтыды. EDGE II зерттеуі эторикоксибті тәулігіне 90 мг дозада немесе диклофенакты тәулігіне 150 мг дозада орта есеппен 19.2 ай бойы (ең ұзағы 33.1 ай, медианасы 24 ай) қабылдаған РА бар 4086 пациентті қамтыды.
MEDAL біріккен Бағдарламасында ОА немесе РА бар 34 701 пациент орта есеппен 17.9 ай бойы (ең ұзағы 42.3 ай, медианасы 16.3 ай) ем алды, 12 800-ге жуық пациент 24 айдан астам уақыт бойы ем алды. MEDAL Бағдарламасына қосылған пациенттерде бастапқы бағалау кезінде ЖҚ және асқазан-ішектік қауіп факторларының кең ауқымы тіркелді. Жақында бастан өткерген миокард инфарктісі бар, сондай-ақ зерттеуге қосылар алдындағы 6 ай ішінде аортокоронарлық шунттау немесе тері арқылы коронарлық араласым жүргізілген пациенттер қатыстырылған жоқ. Зерттеулерде гастропротекторларды және аспириннің төмен дозаларын қолдануға рұқсат етілді.
Жалпы қауіпсіздік
Эторикоксиб пен диклофенактың арасында тромбоздық жүрек-қантамырлық құбылыстар жиілігіне қатысты сенімді айырмашылықтар болған жоқ. Кардиоренальді жағымсыз құбылыстар эторикоксибті тағайындаған кезде диклофенакты тағайындаған кездегімен салыстырғанда жиірек байқалды; бұл әсер дозаға тәуелді болды (жекелеген нәтижелері төменде көрсетілген). АІЖ және бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар эторикоксибті тағайындаған кездегіге қарағанда диклофенакты тағайындаған кезде сенімді түрде жиірек байқалды. EDGE және EDGE II зерттеулеріндегі жағымсыз құбылыстар жиілігі, сондай-ақ MEDAL зерттеуінде күрделі деп танылған немесе емдеуді тоқтатуды талап еткен жағымсыз құбылыстар жиілігі эторикоксибті тағайындаған кезде диклофенакты тағайындаған кездегіден жоғары болды.
Жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты қауіпсіздікке баға беру нәтижелері
Расталған күрделі тромбоздық жүрек-қантамырлық жағымсыз құбылыстардың (жүрек, цереброваскулярлық және шеткері тамырлық құбылыстарды қамтитын) жиілігі эторикоксиб немесе диклофенак қабылдаған топтар арасында салыстырымды болды (деректер төмендегі кестеде келтірілген). Бастапқы жүрек-қантамырлық қауіп диапазонындағы пациенттер санатын қоса, барлық талданған қосалқы топтарда эторикоксиб пен диклофенактың арасында тромбоздық құбылыстар жиілігі бойынша статистикалық мәні бар айырмашылықтар анықталған жоқ. Расталған күрделі тромбоздық жүрек-қантамырлық жағымсыз құбылыстар үшін салыстырмалы қауіп эторикоксиб (60 мг немесе 90 мг дозада қабылдағанда) және диклофенак үшін (150 мг дозада қабылдағанда) ұқсас болды.
Кесте 2. «Расталған тромбоздық жүрек-қантамырлық құбылыстар жиілігі (MEDAL бағдарламасы)» кестесі.
Эторикоксиб(N=16 819)25 836 пациент-жыл — Диклофенак(N=16 483)24 766 пациент-жыл — Емдеу түрлерін салыстыру
Жиілігі1 (95% СА) — Жиілігі1 (95% СА) — Салыстырмалы қауіп (95% СА)
Расталған тромбоздық жүрек-қантамырлық күрделі жағымсыз құбылыстар
Хаттама талаптарын орындаған кезде — 1.24 (1.11, 1.38) — 1.30 (1.17, 1.45) — 0.95 (0.81, 1.11)
Тағайындалған емге байланысты — 1.25 (1.14, 1.36) — 1.19 (1.08, 1.30) — 1.05 (0.93, 1.19)
Расталған жүрек құбылыстары
Хаттама талаптарын орындаған кезде — 0.71 (0.61, 0.82) — 0.78 (0.68, 0.90) — 0.90 (0.74, 1.10)
Тағайындалған емге байланысты — 0.69 (0.61, 0.78) — 0.70 (0.62, 0.79) — 0.99 (0.84, 1.17)
Расталған цереброваскулярлық құбылыстар
Хаттама талаптарын орындаған кезде — 0.34 (0.28, 0.42) — 0.32 (0.25, 0.40) — 1.08 (0.80, 1.46)
Тағайындалған емге байланысты — 0.33 (0.28, 0.39) — 0.29 (0.24, 0.35) — 1.12 (0.87, 1.44)
Расталған шеткері қантамырлық құбылыстар
Хаттама талаптарын орындаған кезде — 0.20 (0.15, 0.27) — 0.22 (0.17, 0.29) — 0.92 (0.63, 1.35)
Тағайындалған емге байланысты — 0.24 (0.20, 0.30) — 0.23 (0.18, 0.28) — 1.08 (0.81, 1.44)
1 Құбылыстар саны 100 пациент-жылға; СА=сенімді аралық; N=хаттама талаптарын орындаған пациенттер популяциясына қосылған пациенттердің жалпы саны. Хаттама талаптарын орындаған кезде – зерттелген ем аясында немесе оны тоқтатқан сәттен бастап 14 күннің ішінде дамыған барлық құбылыстар (зерттелген препараттың <75% алған пациенттер, және зерттеуге қосылмаған ҚҚСП >10% уақыт қабылдаған пациенттер шығарылды). Тағайындалған емге байланысты – зерттеу аяқталғанға дейін дамыған барлық расталған құбылыстар (зерттелген препаратты қабылдау тоқтатылғаннан кейін зерттеуде қамтылмаған араласымға ұшыраған болуы мүмкін пациенттер қосылды). Рандомизацияланған пациенттердің жалпы саны: n=17 412 эторикоксиб үшін және n=17 289 диклофенак үшін.
Эторикоксибпен және диклофенакпен емдеу топтары арасында жүрек-қантамырлық аурулардан болған өлім жағдайлары да, жалпы өлім жағдайлары да салыстырымды болды.
Кардиоренальді құбылыстар
MEDAL зерттеуіне қосылған шамамен 50% пациенттерде, бастапқы бағалау кезінде анамнезіндегі артериялық гипертензия тіркелді. Артериялық гипертензияға байланысты жағымсыз құбылыстар салдарынан шығып қалу жиілігі диклофенакқа қарағанда эторикоксиб үшін статистикалық мәні бар жоғары болды. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне байланысты жағымсыз құбылыстар жиілігі (зерттеуден шығып қалу оқиғалары және күрделі құбылыстар) 150 мг дозадағы диклофенакпен салыстырғанда 60 мг дозадағы эторикоксиб және 150 мг дозадағы диклофенак үшін ұқсас, бірақ 90 мг дозадағы эторикоксиб үшін жоғары (және MEDAL зерттеуінде ОА тобында 150 мг дозадағы диклофенакпен салыстырғанда 90 мг дозадағы эторикоксиб үшін статистикалық мәні бар жоғары) болды. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне байланысты расталған жағымсыз құбылыстар жиілігі (күрделі болған және ауруханаға жатқызуға немесе шұғыл көмек бөліміне баруға әкеліп соққан құбылыстар) 150 мг дозадағы диклофенакпен салыстырғанда эторикоксиб үшін сәл ғана жоғары болды; бұл әсер дозаға тәуелді болды. Ісінулерге байланысты жағымсыз құбылыстар салдарынан зерттеуден шығып қалу оқиғаларының жиілігі 150 мг дозадағы диклофенакпен салыстырғанда эторикоксиб үшін жоғарырақ болды; бұл әсер дозаға тәуелді болды (90 мг дозадағы эторикоксиб үшін статистикалық мәні бар, бірақ 60 мг дозадағы эторикоксиб үшін емес).
EDGE және EDGE II зерттеулеріндегі кардиоренальді қауіпсіздікке баға беру нәтижелері MEDAL зерттеуінің нәтижелерімен үйлеседі
MEDAL Бағдарламасының жеке зерттеулерінде зерттеуден шығып қалудың абсолюттік жиілігі кез келген емдеу тобында эторикоксиб үшін (60 мг немесе 90 мг) артериялық гипертензияға байланысты 2.6% дейін, ісінулерге байланысты 1.9% дейін және жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне байланысты 1.1% дейін болды. Эторикоксибті 90 мг дозада қабылдаған пациенттерде зерттеуден шығып қалу жиілігі эторикоксибті 60 мг дозада қабылдаған пациенттерге қарағанда жоғарырақ болды.
MEDAL Бағдарламасында асқазан-ішекке жағымдылығына баға беру нәтижелері
MEDAL Бағдарламасына кіретін үш зерттеудің әрқайсысында, АІЖ тарапынан кез келген клиникалық жағымсыз құбылыс үшін (мысалы, диспепсия, іштің ауыруы, ойық жара) зерттеуден шығып қалу жиілігі диклофенакпен салыстырғанда эторикоксиб үшін сенімді түрде төмен болды. АІЖ тарапынан клиникалық жағымсыз құбылыстар салдарынан зерттеуден шығып қалу жиілігі бүкіл зерттеу барысында 100 пациент-жылға шаққанда мынадай болды: MEDAL зерттеуінде эторикоксиб үшін 3.23 және диклофенак үшін 4.96; EDGE зерттеуінде эторикоксиб үшін 9.12 және диклофенак үшін 12.28; және EDGE II зерттеуінде эторикоксиб үшін 3.71 және диклофенак үшін 4.81.
MEDAL Бағдарламасында АІЖ қатысты қауіпсіздікке баға беру нәтижелері
Жалпы алғанда АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан жағымсыз құбылыстар тесілулер, ойық жаралар және қан кетулер ретінде анықталды. АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан асқынған жағымсыз құбылыстар тесілулерді, бітелуді және асқынған қан кетулерді қамтыды; АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан асқынбаған жағымсыз құбылыстар асқынбаған қан кетулерді және асқынбаған ойық жараларды қамтыды. АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігі диклофенакпен салыстырғанда эторикоксиб үшін сенімді түрде төмен болды. Асқынған құбылыстардың жиілігі бойынша эторикоксиб пен диклофенактың арасында сенімді айырмашылықтар анықталған жоқ. АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан геморрагиялық жағымсыз құбылыстар үшін (асқынғаны мен асқынбағандарын қоса алғанда) эторикоксиб пен диклофенактың арасында сенімді айырмашылықтар анықталған жоқ. Аспиринді төмен дозаларда бір мезгілде қабылдаған пациенттерде (33%-ға жуық пациент) эторикоксибтің диклофенакпен салыстырғандағы АІЖ жоғарғы бөліктеріне қатысты артықшылығы статистикалық маңызды болған жоқ.
АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан асқынған және асқынбаған клиникалық жағымсыз құбылыстар жиілігі (тесілулер, ойық жаралар және қан кетулер) 100 пациент-жылға эторикоксиб үшін 0.67 (95% СА 0.57, 0.77) және диклофенак үшін 0.97 (95% СА 0.85, 1.10) құрады, соның негізінде салыстырмалы қауіп 0.69 құрады (95% СА 0.57, 0.83).
АІЖ жоғарғы бөліктері тарапынан расталған жағымсыз құбылыстар жиілігі егде жастағы пациенттерде зерттелді; жиіліктің ең көп төмендеуі ≥75 жастағы пациенттерде байқалды, сәйкесінше эторикоксиб және диклофенак үшін 100 пациент-жылға 1.35 (95% СА 0.94, 1.87) және 2.78 (95% СА 2.14, 3.56) құбылыс.
АІЖ төменгі бөліктері тарапынан расталған жағымсыз құбылыстар жиілігінің (жіңішке немесе жуан ішектің тесілуі, бітелу немесе қан кету) эторикоксиб пен диклофенак үшін сенімді айырмашылығы болған жоқ.
MEDAL Бағдарламасында бауырға қатысты қауіпсіздікке баға беру нәтижелері
Эторикоксиб диклофенакпен салыстырғанда бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар салдарынан зерттеуден шығып қалудың статистикалық сенімді түрде төменірек жиілігімен сипатталған. MEDAL біріккен Бағдарламасында эторикоксиб алған 0.3% пациент және диклофенак алған 2.7% пациент бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар салдарынан зерттеуден шығып қалды. Жағымсыз құбылыстар жиілігі 100 пациент-жылға эторикоксиб үшін 0.22 және диклофенак үшін 1.84 құрады (диклофенакпен салыстырғанда эторикоксиб үшін р<0.001). MEDAL Бағдарламасында бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстардың көпшілігі күрделі болған жоқ.
Тромбоздық ЖҚ құбылыстарға байланысты қауіпсіздіктің қосымша деректері
Клиникалық зерттеулерде, MEDAL Бағдарламасын қоспағанда, шамамен 3100 пациент эторикоксибті тәулігіне ≥60 мг дозада 12 апта бойы немесе ұзағырақ қабылдады. Эторикоксибті ≥60 мг дозада, плацебо немесе құрамында напроксен жоқ ҚҚСП қабылдаған пациенттерде расталған күрделі тромбоздық ЖҚ құбылыстар жиілігінде айқын айырмашылықтар байқалған жоқ. Алайда напроксенді тәулігіне 2 рет 500 мг дозада қабылдаған пациенттермен салыстырғанда эторикоксиб алған пациенттерде бұл құбылыстардың жиілігі жоғарырақ болды. Тромбоэмболиялық құбылыстардың даму қаупі бар топтағы пациенттерде ЦОГ-1 тежейтін кейбір ҚҚСП, және ЦОГ-2 іріктелген тежегіштері арасындағы антиагреганттық белсенділік айырмашылығының клиникалық мәні бар болуы мүмкін. ЦОГ-2 іріктелген тежегіштері жүйелі (және бәлкім, эндотелийлік) простациклиннің түзілуін, тромбоцитарлық тромбоксанға ықпал етпестен басады. Бұл бақылаулардың клиникалық маңыздылығы анықталмаған.
АІЖ қатысты қауіпсіздіктің қосымша деректері
12 аптаға созылған екі салыстырмалы жасырын эндоскопиялық зерттеуде гастродуоденальді ойық жаралардың дамуының кумулятивтік жиілігі напроксенді тәулігіне 2 рет 500 мг дозада немесе ибупрофенді тәулігіне 3 рет 800 мг дозада қабылдаған пациенттерге қарағанда эторикоксибті тәулігіне 1 рет 120 мг дозада қабылдаған пациенттерде едәуір төмен болды. Эторикоксибті тағайындаған кезде ойық жаралардың даму жиілігі плацебомен салыстырғанда жоғары болды.
Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясын зерттеу
Параллель топтардағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде құрамында 200 мэкв/тәулік натрий бар рационды алған 60-тан 85 жасқа дейінгі пациенттерде эторикоксибпен (90 мг), целекоксибпен (тәулігіне 2 рет 200 мг), напроксенмен (тәулігіне 2 рет 500 мг) және плацебомен 15 күндік емнің натрийдің бүйрекпен шығарылуына, АҚ-ға және бүйрек функциясының басқа да көрсеткіштеріне әсер етуіне баға берілді. Эторикоксиб, целекоксиб және напроксен 2 апталық емдеуден кейін натрийдің бүйрекпен шығарылуына ұқсас әсерлерін көрсетті. Салыстырылған барлық белсенді препараттар плацебоға қатысты алғанда систолалық АҚ ұлғаюына әкелді, алайда целекоксибпен және напроксенмен салыстырғанда эторикоксибпен емдеу систолалық АҚ 14-ші күні статистикалық мәні бар ұлғаюына әкелді (бастапқы мәнімен салыстырғанда систолалық АҚ орташа өзгеруі: эторикоксиб - 7.7 мм сын.бағ., целекоксиб - 2.4 мм сын.бағ., напроксен - 3.6 мм сын.бағ.).