Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Варикозды веналарды склероздау
Жергілікті, атап айтқанда, терінің және айналасындағы тіндердің (және сирек жағдайларда, жүйкелердің) жағымсыз реакциялары (мысалы, некроздар), Этоксисклерол препараты венаның айналасындағы тіндерге байқаусызда енгізілген (паравеноздық инъекция) жағдайда тіркелген. Аталған асқынулардың қаупі, енгізілген Этоксисклерол препаратының концентрациясы мен көлемінің артуына қарай жоғарылай түседі
Жиі
- неоваскуляризация, гематома
- терінің гиперпигментациясы, экхимоздар
- инъекция орнының ауыруы (қысқамерзімді), инъекция орнындағы тромбоз (орныққан интраварикоздық қан ұйындысы)
Жиі емес
- беткейлік тромбофлебит, флебит
- аллергиялық дерматит, жанаспалы есекжем, тері реакциясы, эритема
- некроз, тығыздану, ісіну
- жүйке зақымдануы
Сирек
- терең веналардың тромбозы (негізгі ауруға байланысты болуы мүмкін)
- аяқ-қолдардың ауыруы
Өте сирек
- анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, есекжем (жайылған), демікпе (демікпе ұстамасы)
- ми қан айналымының бұзылуы, бас ауыруы, бас сақинасы (көбікті склеротерапия кезінде жиілігі «сирек»), парестезиялар (жергілікті), естен тану, сананың шатасуы, бас айналуы, афазия, атаксия, гемипарез, оральді гипестезия
- көрудің бұзылулары (көру қабілетінің бұзылысы), (көбікті склеротерапия кезінде жиілігі «сирек»)
- жүректің тоқтап қалуы, стрестен болған кардиомиопатия, жүрек соғуының жиілеуі, жүрек ырғағының жүйесіздігі
- өкпе артериясының тромбоэмболиясы, синокаротидтік естен тану, қантамырлық коллапс, васкулит
- ентігу, кеуде қуысындағы жайсыздық сезімі (кеуде қуысының қысылу сезімі), жөтел
- дисгевзия, жүрек айнуы, құсу
- гипертрихоз (склеротерапия аймағында)
- температура жоғарылауы, «ысынулар», астения, дімкәстік
- артериялық қысымның ауытқулары
Геморроидальді түйіндерді склероздау
Геморроидальді түйіндердің склероздауда инъекция кезінде және одан кейін енгізілген орында ашыту, ауыру, жайсыздық және қысылу сезімі түріндегі жағымсыз реакциялар, әсіресе, ерлерде, Этоксисклерол препаратын 11 сағатта орналасқан (қуықасты безі аумағы) түйінге енгізгенде байқалуы мүмкін. Бұл реакциялар, әдетте, өтпелі және сирек жағдайларда 2-3 күн бойы сақталады. Геморроидальді түйіндердің склеротерапиясы әдістемесі сақталған жағдайда ауырсынусыз жүреді, өйткені инъекция аумағында сезімтал жүйке талшықтары жоқ.
Жиі
- шырышты қабықтардың шымылдатып ашыту сезімі, инъекция орнының ауыруы, жайсыздық, қысылу сезімі
Жиі емес
- проктит, анальді қышыну
- аллергиялық дерматит, жанаспалы есекжем, тері реакциясы
- тығыздану
Сирек
- некроз (жергілікті, сирек жағдайда айналасындағы тіндерге таралумен), инъекция орнындағы геморрагия, инъекция орнындағы тромбоз (интрагеморроидальді)
Өте сирек
- анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, есекжем (жайылған), демікпе (демікпе ұстамасы)
- естен тану, сананың шатасуы, бас айналуы
- жүрек соғуының жиілеуі
- синокаротидтік естен тану, қантамырлық коллапс
- жүрек айнуы
- эректильді дисфункция
- температура жоғарылауы
- артериялық қысымның ауытқулары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz