Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного введения
Дозасы
24 мг/мл
Саудалық атауы
Эуфиллин
Әсер етуші зат
Аминофиллин
Мақсаты
Бронх демікпесі, бронхит, өкпенің эмфиземасы, жүрек демікпесі кезінде бронх обструкциялық синдромда (негізінен ұстамаларды басу үшін)
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - аминофиллин (эуфиллин) (сусыз затқа шаққанда) - 120 мг.
қосымша заттар: инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық
- бронх демікпесі, бронхит, өкпенің эмфиземасы, жүрек демікпесі кезінде бронх обструкциялық синдромда (негізінен ұстамаларды басу үшін)
• демікпелік статуста (қосымша емде)
Бронхты кеңейтетін, тамырды кеңейтетін, түйілуді басатын, токолитикалық және диурездік әсер береді.
Әсер ету механизмі тегіс бұлшықетті жасушалардың пуринді рецепторларының А2 типіне бөгеуші әсер етуімен байланысты. Эуфиллин бронхтардың тегіс бұлшықетінің, коронарлық, церебральді және өкпе қантамырларының, асқазан-ішек жолы мен өт айдайтын жолдардың бұлшықеттерінің босаңсуын тудырады. Эуфиллин тыныс жолдарына аллергендердің келіп түсуіне жауап ретінде оның гипереактивтілігін төмендетеді.
Эуфиллин қаңқа бұлшықеттерінің (соның ішінде тыныс алу бұлшықеттерінің – диафрагманың, қабырғааралық бұлшықеттердің) жиырылуын арттырып, олардың қажуының дамуын баяулатады. Жүрек бұлшықетінің жиырылу күшін ұлғайта отырып, оған стимуляциялайтын әсер (оң инотропты әсер) береді. Бүйрек шумақтары қантамырларының кеңеюі бүйректердегі қанның сүзілуінің ұлғаюымен және диурездің қысқа мерзімдік ұлғаюымен қатар жүреді. Сопақша мидың тыныс алу орталығын стимуляциялайды, альвеолярлық желдетуді жақсартады, түнгі апноэ көріністерінің жиілігі мен ауырлығының төмендеуін тудырады. Эуфиллин жүкті жатырдың ырғақты жиырылысын басады, асқазандағы тұз қышқылының сөлінісін ұлғайтады, тромбоциттердің адгезия мен агрегацияға қабілеттілігін болмашы төмендетеді.
Дозалау режимі, енгізу әдісі және жолы
Ересектерге: алдын ала натрий хлоридінің 10-20 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтып, вена ішіне 24 мг/мл ерітіндіні (0,12-0,24 г) 5-10 мл-ден баяу (4-6 минут ішінде) енгізеді. Жүрек қағысы, бас айналу, жүрек айну байқалған кезде енгізу жылдамдығын баяулатады немесе тамшылатып енгізуге көшеді, ол үшін 24 мг/мл ерітіндінің (0,24-0,48 г) 10-20 мл натрий хлоридінің 100-150 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтады; минутына 30-50 тамшы жылдамдықпен енгізеді. Эуфиллинді тәулігіне 3 ретке дейін, 14 күннен асырмай парентеральді енгізеді. Эуфиллиннің ересектерге арналған жоғары дозалары: бір реттік - 0,25 г, тәуліктік - 0,5 г. Жедел жағдайларда ересектерге вена ішіне 6 мг/кг дозада енгізеді, NаСI-дың 0,9%-дық ерітіндісінің 10-20 мл-де сұйылтып, кемінде 5 минут ішінде баяу енгізеді. Демікпелік статуста вена ішіне 720-750 мг тамшылатып енгізу көрсетілген.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жағымсыз әсерлеріне орай препаратты 14 жасқа дейінгі балаларға пайдалану ұсынылмайды.
Вена ішіне енгізу үшін балаларға арналған жоғары дозалары: бір реттік – 3 мг/кг, тәуліктік – 0,25-0,5 г.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (оның ішінде метилксантиндерге)
• миокард инфарктісінің жедел фазасы, ауыр коронарлық жеткіліксіздік
• гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
• айқын артериялық гипотензия және гипертензия
• пароксизмальді тахикардия, экстрасистолия
• геморрагиялық инсульт
• көз торқабығына қан құйылу
• бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
• эпилепсия
• тиреотоксикоз, өкпенің ісінуі
• 14 жасқа дейінгі балалар
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- бас ауыруы, ашушаңдық, мазасыздық, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық, тремор, клоникалық және тоникалық жайылған құрысулар, қызба
- жүрек қағысын сезіну, тахикардия, экстрасистолия, қан кернеулері, гипертония, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, қарыншалар аритмиясы
- артериялық қысымның коллапсқа дейін төмендеуі (вена ішіне тез енгізгенде)
- экзантема, антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы, қан сарысуындағы электролиттер деңгейінің өзгеруі, әсіресе гипокалиемия, қан сарысуындағы кальций мен креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипергликемия және гиперурикемия
- диурездің күшеюі, альбуминурия, гематурия
- қышыну, қатты терлеу
- тығыздау, гиперемия, ауыру (енгізу орнында)
- кеуденің ауыруы, тахипноэ
Жағымсыз әсерлер, әдетте, артық дозаланғанда пайда болады. Жағмсыз әсерлердің жиілігін бағалау үшін мәліметтер жеткіліксіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың плазмада 20 мкг/мл-ден аса концентрациясында туындайды. Ұзақ құсу, диарея, беттің гиперемиясы, аритмия, қозу, көз қарығуы, тремор және құрысу, гипервентиляция, артериялық қысымның кенеттен төмендеуі тән болып келеді. Қанның 40 мкг/мл-ден аса деңгейінде кома дамиды.
Емі: көмектесу шарасына препаратты қолданудан бас тарту, ілмекті диуретиктерді: фуросемидті, тросемидті, 50 мкг/мл-ден жоғары деңгейде - гемосорбцияны, плазмаферезді пайдалана отырып, қарқынды диурез кіреді. Гемодиализ немесе перитонеальді диализдің әсері аз. Құрысу синдромында - диазепамды бұлшықет ішіне енгізеді (барбитураттарды қолдануға болмайды!) Аритмияны басу үшін, лидокаин немесе верапамилді вена ішіне енгізу пайдаланылады. Құсу кезінде метоклопрамидті немесе ондансетронды вена ішіне енгізу пайдаланылады. Құсуға қарсы дәрілер ретінде этаперазин немесе басқа да нейролептиктерді пайдалануға болмайды! Эуфиллинмен уланған кезде спецификалық антидот ретінде натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіндегі рибоксинді (инозитолды) вена ішіне сорғалатып енгізуді пайдаланады (сұйылту үшін глюкоза немесе декстроза ерітіндісін пайдаланбаған жөн).
Сақтықпен: дәрігердің тұрақты қадағалауымен: бауыр мен бүйрек функциясының айқын бұзылулары (бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі); анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы; анамнездегі асқазан-ішек жолынан қан кету; ауыр коронарлық жеткіліксіздік; қантамырлардың кең таралған атеросклерозы; жиі қарыншалық экстрасистолия; жоғары құрысу дайындығы; бақыланбайтын гипотиреоз (кумуляция мүмкіндігі) немесе тиреотоксикоз; сепсис, ұзақ гипертермия; гастроэзофагеальды рефлюкс; қуық асты безінің гипертрофиясы.
Арнайы ескертулер
Эуфиллинді жасы 55-тен асқан тұлғаларға қолдану препараттардың төмен дозаларымен жүргізілуі тиіс.
Эуфиллин ксантиннің басқа туындыларымен бір мезгілде қолданылмайды.
Емделу барысында құрамында ксантиннің туындылары бар тамақ өнімдері мен сусындар (қою шай, кофе, шоколад, какао, мате) пайдалануды болдырмау керек.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, емделу кезеңінде автокөлікті жүргізуден және ерекше назар аудару мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тартқан жөн.
Эуфиллинді жүктілік кезінде қолдану жаңа туылған сәби мен шарананың организмінде теофиллин мен кофеиннің зор қауіпті концентрацияларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Аналары жүктілік кезінде (әсіресе, III триместрде) эуфиллин қабылдаған жаңа туылған сәбилер метилксантиндерден улану симптомдарының болу мүмкіндігін бақылау үшін медициналық бақылауды қажет етеді. Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тағайындау сәбиге төнетін зор қауіп-қатерді бағалауды қажет етіп, экстремальді өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Препаратты қабылдағанда, емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Эфедрин, β-адреностимуляторлар, кофеин және фуросемид препараттың әсерін күшейтеді.
Фенобарбиталмен, фенитоинмен, рифампицинмен, изониазидпен, карбамазепинмен және сульфинпиразонмен біріктірімде эуфиллиннің метаболизмінің жеделдеуі байқалады, бұл оның әсерінің төмендеуімен қатар жүріп, препараттың қолданылатын дозаларын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін.
Темекі шегетін адамдарда (күніне 20-40 темекі) сондай-ақ эуфиллин метаболизмінің жеделдеуі байқалады.
Макролидтер тобындағы антибиотиктермен, линкомицинмен, аллопуринолмен, циметидинмен, изопреналинмен, біріктірілген ішке қабылдайтын контрацептивтермен, дисульфираммен, флувоксаминмен, вилоксазинмен, тұмауға қарсы вакциналармен және β-адреноблокаторлармен біріктірімде тағайындаған кезде препараттың шығарылуы баяулайды, бұл оның плазмадағы концентрациясының ұлғаюымен қатар жүріп, дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.
Эуфиллинді фторхинолондармен бірге пайдаланған жағдайда, эуфиллиннің дозасын кәдімгі ұсынылатын дозаның 1/4-не дейін азайтады.
Ксантиндерді бензилпенициллинмен бірге енгізгенде, оның химиялық белсенділігі жойыла бастайды.
Эуфиллин литий тұздарының, пиридоксин және β-адреноблокаторлар емдік әсерлерін әлсіретеді. Өз кезегінде, β- адреноблокаторларды тағайындау эуфиллиннің бронхты кеңейтетін әсерін әлсіретеді. Эуфиллинді β-адреномиметиктермен, глюкокортикостероидтармен және диуретиктермен бірге қабылдағанда, гипогликемияның даму қаупі ұлғаяды.
Эуфиллин минералокортикостероидтардың (гипернатриемия), наркозға арналған фторланған туынды дәрілердің (қарыншалық аритмия), ОЖЖ қоздыратын дәрілердің (нейроуытты) жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығын арттырады.
Ксантиндерді жүрек гликозидтерімен бірге тағайындау соңғылармен уыттанудың дамуымен қауіпті.
Спазмолитиктермен үйлеседі, ксантиннің басқа туындыларымен бірге қабылдамайды. Этанолдың шағын дозаларымен, дисульфираммен, фторхинолонмен, альфа рекомбинантты интерферонымен, метотрексатпен, мексилетинмен, пропафенонмен, тибеабендазолмен, тиклопидинмен, верапамилдермен бір мезгілде қабылдағанда және тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде аминофиллиннің әсерінің қарқындылығы ұлғаюы мүмкін, бұл оның дозасын төмендетуді қажет етуі мүмкін.
Фармацевтикалық тұрғыдан қышқыл ерітінділерімен, глюкоза, фруктоза және левулоза ерітінділерімен үйлеспейді. Инфузияға дайындау кезінде пайдаланылатын ерітінділердің рН-ын ескеру қажет.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.